Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Жеткіншектің әлеуметтік даму жағдайында қарым-қатынас ерекшеліктері

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №5 - 2009

Авторы: Койшиев Калдан Елеуович, Малдыбаева Ардак Орынбековна

Жеткіншектің онтогенездегі психи-калық дамуы – қоғамның әлеу-меттік өмір жағдайында көкейкесті мәселелердің бірі болып есептеледі. Осыған орай, жеткін-шектік кезеңде қарым-қатынастың және қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің маңызды-лығы ерекше деп қарастыруымызға болады.

Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімінің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынасын, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұны-ның қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.

Жеткіншектің жеке басының дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі-бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақы-рында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға бағытталады.

Бұл кезеңде жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады, бұл көптеген жағдайларға байланысты болады. Мұның өзі бір жағынан, жеткіншекке «балалық пен ересектіктің» қатар болуы-мен, ал екінші жағынан, сол бір ғана жаста-ғы жеткіншектерде ересектіктің түрлі жақ-тарының даму дәрежесіндегі елеулі айыр-машылықтары болуымен анықталады. Бұл қазіргі мектеп оқушыларының өміріндегі жағдайларда екі түрлі жай сәттерінің болуымен байланысты. Олар: 1) Ересек-тіктің дамуын тежейтін жағдайлар: бала-лардың көбінде тұрақты және байыпты міндеттер болмай, тек оқумен ғана шұғыл-дануы, көптеген ата-аналардың балаларды тұрмыстағы еңбектен, қиыншылықтар мен қынжылыстардан қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы. 2) Ересек-тендіретін жағдайлар: мазмұны жағынан сан алуан ақпараттардың орасан зор тасқы-ны, көптеген ата-аналардың бос уақыты-ның аздығы, осының мүмкін салдары ретінде балалардың дербестікке ерте жетуі, жолдастарымен қарым-қатынастың жедел дамуы, дене күші дамуы мен жыныстық толысудың акселерациясы.

Осының бәрі ересектіктің дамуын анықтайтын алуан түрлі жағдайлар жасай-ды, осыдан келіп оның белгілі бір жақтары дамуының алуан түрлі көріністері мен елеулі айырмашылықтары келіп шығады. Мәселен, VII класта бет пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар, сонымен қатар ересектер өмірінің қайсыбір жағына ортақтасқан өте ересек балалар да бар, өздігінен білім алып жүрген интеллектуалдар да бар, бірақ сонымен қа-тар оқу материалының өзін өздігінен игере білмейтін жеткіншектер де бар, болашаққа деген жоспары айқын емес, мектеп оқушы-лары бар, ал болашақ мамандығына саналы түрде дайындала бастағандар да бар, кейбір қыз балалардың бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар ғана, басқалары бұған онша мән бермейді, кейбір балалар үйінде нағыз қолғанат-жәрдемші болса, енді біреулері әбден ерке болып кеткен, тіпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға ебі жоқ.

Әлеуметтік ересектіктің дамуы де-геніміз баланың ересектер қоғамында оның толық та тең құқылы мүшесі болып өмір сүруге деген даярлығының қалыптасуы. Бұл процесс объективтік қана емес, субъек-тивтік даярлықтың да дамуын көздейді, ол іс- әрекетке, ересектердің мінез-құлқына деген көзқарастарға қойылатын қоғамдық талаптарды меңгеру үшін қажет, өйткені әлеуметтік ересектіктің өзі осы талаптарды игеру процесінде дамиды.

Жеткіншектік шақтың басында бала-лар сырт пішіні жағынан да, мінез-құлқы жағынан да ересектерге ұқсамайды: олар әлі де көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып, тентектіктер жасайды, өз деген-дерін істеп, байыз таппайды, қызу да шамданғыш, әр түрлі салада белсенді, көбінесе ұшқалақ, ынта білдіріп, ден қоюы да, біреуді жақсы көруі, қарым-қатынасы да тұрақсыз, басқаның ықпалына оңай көнгіш болады. Алайда балалығы қаз- қалпында болып көрінетін сырт көрініс алдамшы болады да, оның сыртында жаңа-ның қалыптасуының маңызды прцестері жүріп жатады: жеткіншектер көп жағынан әлі бала болып жүріп, елеусіз есейеді. Ересектіктің қалыптасу процесі көзге бірден түспейді. Оның көріністері мен нышандары әр сипатты және сан алуан. Ересектіктің алғашқы өркендері оның дамыған формаларынан өте-мөте айрықша болып, кейде жеткіншектің мінез-құлқында ересек адамға жағымсыз жаңа сәттерде көрінуі мүмкін. Кіші жастағы мектеп оқушысымен салыстырғанда жеткіншекте жаңаның көп болуының нақ өзі оның балалықтан арыла бастағанын көрсетеді. Бұл жаңаның өзі болашаққа бағдарланған, нақ осыған сүйену қажет.

Жеткіншектік шаққа аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімінің дамуын-дағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы бұрынғы қатынас бұзылады. Жеткіншектің жеке басындағы басты және өзіне тән жаңа құрылым оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы болады, ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады. Ересектік сезімі деп аталған бұл ерекше-ліктің өзіне тән белгісі жеткіншек өзін балалар қатарынан шықтым деп санайды, бірақ төңірегіндегілер менің ересек болға-нымды таныса, деген қажетсіну бар болға-нымен, онда шынайы, толық ересектікті сезіну әлі болмайды.

Ересектік сезім дене дамуы мен жыныстық толысудағы ілгерілеушіліктерді ұғынып, бағалаудың нәтижесінде шығуы мүмкін; бұларды жеткіншек анық сезінеді және оны өз ұғымында да объективті түрде неғұрлым ересек етіп көрсетеді. Ересектік сезімі баланы өзіне тең ұстайтын неғұрлым ересек жолдастарымен қарым-қатынаста да қалыптасады. Жеткіншек өзін айналасын-дағылармен ғана емес, мұның алдында өзінің қандай болғанымен де салыстырады, әрине, белгілі бір бейнелерді бағдарға алып, өзіндегі сапалы дамуды, өзгерістерді бөліп көрсетеді.

Ересектік сезімі сана-сезімнің өзіне тән жаңа құрылымы ретінде жеке адамның өзекті ерекшелігі, оның құрылымдық ортасы болады, өйткені ол жеткіншектің өзіне, жұртқа және дүниеге деген жаңа өмірлік позициясын білдіреді, оның әлеуметтік белсенділігінің өзіне тән бағыты мен мазмұнын, жаңаша талпыныстарының, толғаныстары мен аффективтік ықпал-дардың жүйесін анықтайды. Жеткіншектің өзіне тән әлеуметтік белсенділігі ересектер дүниесіндегі және олардың қарым-қатынас-тарындағы бар нормаларды, құндылықтар мен мінез-құлық тәсілдерін меңгеру алғыр-лығы болып табылады. Мұның ұзаққа со-зылатын салдары болады, өйткені ересек-тер мен балалар әр түрлі екі топты көрсе-теді және олардың міндеттері. Балаларға арналған көптеген нормаларда, ережелерде, талаптарда, шектеулерде олардың ересек-тер дүниесіндегі дербессіздігі, тең құқылы мен тәуелді жағдайы бейнеленген.

Жеткіншектің ересектерге теңелмек-тігі, оларға сырттай ұқсауға, олардың өмірі мен іс-әрекетінің кейбір жақтарына ортақ-тасуға, олардың қасиеттері мен іскер-ліктеріне, құқықтары мен артықшылық-тарына жетуге ұмтылуынан, осының өзінде бұлардың ішінде алдымен балалармен салыстырғанда ересектердің ерекшелігі мен артықшылықтары көзге анық көріне-тіндеріне жетуге ұмтылуынан көрінеді.

Жеткіншектік кезең – биологиялық жағынан алғанда өтпелі дәуір, ал әлеу-меттік жағынан алғанда кіші жас балалар-дан аз ғана ажыратылады.

Барлық жеткіншектер - оқушылар, олар ата-аналарының қарамағында болады. Негізгі әрекеті – оқу. Негізгі психоло-гиялық ерекшелігі – ересектік сезімнің пайда болуы.

Жеткіншек үшін оқу басты мәселе болғанымен, оның психикасындағы негізгі жаңа құрылымдар қоғамдық пайдалы әрекеттермен байланысты. Бұл әрекеттер жеткіншектің өсіп келе жатқан қажетті-ліктерін қанағаттандырады, яғни өз құрдас-тарымен қарым-қатынас жасауға қажет-тілігі және өзінің дұрыстығын дәлелдеуге деген қажеттілігі. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру жеткіншектің қоғам мен табиғаттың түрлі жағдайларына, әлеуметтік құндылықтарға, қоғамның адамгершілік моралына, мінез-құлық ережелеріне көзқа-растардың қалыптасуына ықпал етеді.

Қоғамдық пайдалы әрекеттер жеткін-шекті азамат ретінде тәрбиелеуге резервті фактор болып саналады. Жеткіншектер қоғамдық пайдалы әрекеттердің түрлі формаларына қосыла бастайды. Осы әре-кеттер жеткіншектердің әлеуметтік құнды-лықтарды игеру мүмкіншіліктерін, жеке тұлғаның өнегелі қасиеттерін қалып-тастырады.

Қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің түр-лері: оқу, еңбек, спорт, өнер. Қоғамдық пайдалы іс-әрекет жеткіншекті «жеке адам» болуға, қоғамнан өзінің орнын табуға, жауапкершілігін сезінуге құлшын-дырады. Қоғамдық пайдалы іс-әрекет нәти-жесінде ішкі қарама-қайшылықтар пайда болады. Осы қарама-қайшылықтарды жет-кіншектер өз бетінше шеше алмайды. Міне, осыдан қиыншылық туады. Зерттеулерге қарағанда, жеткіншектер қандай да бол-масын қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерді орындауға ынтасымен кіріседі. Негізгісі – ол осы іс-әрекеттердің маңызын және нәти-жесін білуі.

Қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің даму-ының ерекше жолы бар. Баланың жасына қарай оның мазмұны, рөлі және бала-лардың жеке басын қалыптастыру ықпа-лының дәрежесі өзгеріп, күрделенеді.

Қоғамдық пайдалы іс-әрекетке ерте бастан баулу баланың тіпті ең қарапайым еңбегін әдейі ұйымдастыруда, оның қоғам пайдасына бағыттылығы «тек өзім үшін»-ді «барлығымен бірге, бәріміз үшін»-ге айналдыратын оқуға дейінгі шақта қалыптастырады.

Кішкентай шәкірттердің қоғамдық пайдалы іс-әрекетке қатысы қоғам баға-лайтын және міндетті оқу жұмысының процесінде де, көркемөнерпаз шығарма-шылығының, шефтік жұмыстың, тұрмыс-тық еңбектің және т.б. сан алуан форма-ларында жетіледі.

Бала өз жолдастарымен және ересек-термен арасындағы қарым-қатынасты белгілі-бір дәрежеде құруға, әлеу-меттік болмыстың түрлі жақтарымен таны-суға, белсене ұмтылатын жеткіншектік шақта дамыған қоғамдық пайдалы қызметті қалыптастыруға жағдай жасайды.

Жеткіншектердің қоғамдық пайдалы іс-әрекеті бойынша психологиялық қызмет көрсету жолдарын В.Г. Гильбух, И.В. Дубровина, З.А. Малькова, А.С. Овчин-ников, М.Р. Битянова, Л.И. Прихожан, Р.С. Немов, Е.И. Рогов, Р. Римский, С. Римская т.б. ғалымдар өз еңбектерінде көрсеткен.

Жеткіншектермен қарым-қатынас жасауда кездесетін қиыншылықтар осы жастың психологиялық ерекшеліктерімен байланысты: қозудың жоғары болуы, нерв жүйесінің тұрақсыздығы, организмде болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы, талап дәрежесінің, өзін-өзі бағалауының жоғары болуы, өзіне сенімділігін т.б.

Жеткіншектердің бір-бірімен қарым-қатынасында мына жағдайлар дамиды:

- идентификация (ұқсату);

- бір-бірін түсіну қабілеті;

- бір-біріне қажет екендігін сезіну.

Бір-бірімен қарым-қатынас орнату келесі қажеттіліктерді жүзеге асыруға ықпал етеді:

- өзін таныта білу (ересектер өміріне қатынасып сезіну, өзіне сенімділігі);

- өзімен-өзі қатынас орнату (нақты «мен» және қиялдағы «мен»);

- жауапкершілік;

- сезімді қорғаныс.

Жеткіншектердің өз құрдастарымен қарым-қатынас жасау мотивтері де өзгереді:

- 4 сыныпта өз құрдастарымен бірге болу ықыласы пайда болады (мысалы, бірге ойнау, бірге бір нәрсені орындау, жасау...);

- 5-6 сыныптарда қарым-қатынас мотиві - өз құрдастарының арасында ар-найы орын табу болып табылады;

- 7-8 сыныптарда негізгі мотив жеткіншектің құрдастарының тобында дер-бес болуға ұмтылуы (өзінің бағалы екен-дігін мойындауға ұмтылыс).

Жеткіншектер мына жағдайларды меңгереді:

- 5-6 сыныптағы жеткіншектер – ересектерді сыйлау ептілігі, бағыну ептілігі (айтқанды орындау);

- 7-8 сыныптағы жеткіншектер - кішілерге қамқорлық жасау, ілтипаттылық, лидер болуға ұмтылыс.

Жеткіншектер сенімді қарым-қатынасты мұқтажданады, содан кейбір қыздар күнделік арнай бастайды. Зертеу-лерге қарағанда, күнделік жазу стрессті түсіруге ықпал етеді, эмоциялық дис-комфорттан құтылуға көмектеседі.

Жеткіншек жасындағы жаңа құры-лым бұл өзін-өзі бағалауы. Адамның өз дене күшін, ақыл-ой қабілетін, іс-әрекет мотивтері мен мақсатын, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын сезінуі өзін-дік бағалау арқылы жүзеге асырылады. Өзіндік бағалаудың ерекшелігі көптеген сезімдердің ерекшеліктеріне, жеке тұлғаны тәрбиелеу қарым-қатынасы мен талаптану деңгейіне тәуелді.

Адамның өзін-өзі бағалауы не тым жоғары, не тым төмен болуы екенін еске-ретін болсақ, бұл екеуі де адам өмірін ауырлатады. Адекватты емес өзін-өзі баға-лау (тым төмен) сол адамның өзіне ғана емес онымен өндірістік, тұрмыстық және т.б. қатынастардағы адамдар өміріне де жа-ғымсыз әсер етеді.

Жеткіншектің мінез-құлқы мен іс-әрекеті көпшілік жағдайда өзін-өзі бағалау жағдайда өзін-өзі бағалау ерекшелігімен анықталады. Өзін-өзі бағалау баланың талап дәрежесіне байланысты. Егер де өзін-өзі бағалау төмен болса, жеткіншек оңай тапсырманы таңдайды, ал егер де өзін-өзі жоғары болса, ол қиын тапсырманы таңдайды. Осы екеуі де тек іс-әрекетте ғана емес, жалпы жеке адамның қалыптасуына кері әсер етеді. Жеке адамның дұрыс қалыптасуы үшін жеткіншектің өзін-өзі бағалауы дұрыс болуы қажет.

Өзін-өзі бағалаудың пайда болуы және оның қалыптасуы жеткіншектің басқа адамдармен қарым-қатынасында көрініс береді. Басқа адамдармен қатынас жасауда жеткіншек өзін басқалармен салыстырады, осының негізінде өзін таниды. Басқалармен қатынаста жеткіншек бағаланады. Басқа-лардың бағалауы, өзін-өзі бағалауды қалыптастырады.

Жеткіншектің өзін-өзі бағалауы құрдастарының пікірінің, олармен қарым-қатынас қасиеттерінің негізінде қалып-тасады. Жеткіншектердің өзін-өзі бағалау-ының дамуы былайша көрініс береді:

- өзін тану - өзінің ішкі дүниесіне деген қызығушылықтың нәтижесі;

- өзіне анализ жасау (ол кім, кім болғым келеді);

- өзін тануға жақын адамдардың көмектесуі (жолдастары, жақын туыстары);

- жеткіншектік рефлексия («мен» бейнесінің пайда болуы – сыртқы пішіні, қабілеті, ақыл, мінезі, қарым-қатынас деңгейі).

Осының бәрі ақиқат түрінде «мен» бейнесін қалыптастырады. Жеткіншектерде көрініс беретін ерік сапалары туралы Л.С. Выготский былайша пікір айтады: еріктің әлсіздігі туралы емес, алға қойған мақсаттың әлсіздігі туралы айту керек. Мақсат жоқ - қиыншылықты жеңуге деген ықылас та жоқ. Мақсат бар – ерікте пайда болады (мысалы, спорттық ойында ұту).

Ересектер жеткіншектерді мына жағдайларға үйретулері қажет:

- өзін-өзі тәрбиелеу мақсатына байла-нысты міндеттерді қою;

- өзбетінше мақсатты тұжырымдап, оны шешу жолын елестету;

- нақты жағдайларда мақсатты түсі-ніп, сезе білу;

- перспективті мақсаттардың жүйелі-лігін анықтау: жақын, орташа, ұзақ;

- мақсат қойғанда оған жету дәре-жесін ескеру;

- мақсатты жүзеге асыруда, тәсілдер мен жолдарды таңдай білу;

- мақсатқа жетуде кездесетін қиын-шылықтарды жеңудің жолдарын анықтай білу;

Мақсатты қоюдағы осындай епті-ліктер жеткіншектердің ерікті әрекетін дұрыс бағытта дамытады.

Өте жиі ата-аналар жеткіншектер тарапынан дөрекілікті көреді. Дөрекілік ата-аналардың ойланбай қойған талап-тарынан шығады:

а) жеткіншектің қызығуы мен ынтасы ескерілмейді (мысалы, бала бір нәрсені құрастырып жасады, ол балаға өте маңыз-ды. Ал, ата-ана жасалған іс-әрекетті ақыл-сыздық деп, балаға маңызды, қажетті іс-әрекетпен айналысуды ұсынады).

ә) ата-ананың жеткіншектен тез арада іс-әрекетті орындауын талап етуі (қандай да болмасын іс-әрекетті орындау үшін адам соған алдын-ала икемделуі қажет. Ең дұ-рысы, жеткіншектің қай тапсырманы бас-тап орындау қажет екендігін өзі анықтап алуы).

б) құрбы-құрдастарының көзінше нұсқаудың берілуі (мысалы, шарфты байла, әйтпесе ауырып қаласың!).

в) баланы мазақтау, келеке ету.

г) ата-ананың баладан үзілді-кесілді тапсырманы орындауын талап етуі (оның есейіп қалағанын ескермеу).

д) баланың намысына тисетін сөздерді қолдану, жеткіншекте қорғаныс реакциясы пайда болады (баланың дөрекі түрде сөз қайтаруы).

Қорыта айтқанда, баланың өсіп жетілуінде жеткіншек жасының алатын орны ерекше. Осы жас кезеңінде балаларға арнайы көңіл бөлу қажет. Өйткені осы жеткіншек жас шағында бала ағзасында жүретін күрделі өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, қарым-қатынастарын, өмірге деген көзқарасын түбірінен өзгертеді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Волков Б.С., Волкова Н.В. Возрастная психология. - М., 2005.

2. Волков Б.С. Психология подростка. - М., 2001.

3. Общая психология. - М., 2005.

4. Абрамова Г.С. Возрастная психология. - М., 1997.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №5 - 2009


 © 2024 - Вестник КАСУ