Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АЙМАҒЫНА ТƏЖІРИБЕНІ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ҚОЛҒА АЛДЫ

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №4 - 2009

Автор: Абдрахманова А.К.

Қазіргі кездегі әлем назарын өздеріне аударып отырған Батыс Еуропадағы инте-грациялық процестер үлкен маңызды кезеңге айналды.

Интеграция – бұл объективті экономикалық процесс, яғни халықаралық еңбек бөлінісінің қажеттіліктерін қамта-масыз ете отырып, елдердің бірігуі шеңберінде бір тұтас шаруашылық кешенін құрау. Мемлекеттер ортақ заңдарға бағыну арқылы өздерінің қызметтерінің бөлігін орталықтан бақылайтын органдарға береді.

Еуропалық Одақ қазір интегра-циялық процесс дамуының аймағы болып табылады. Еуропалық Одақтың интеграция нәтижесінде жеткен жетістіктеріне көз жүгіртсек. Ол Еуропалық қауымдастық 1992 жылы Маастрихт (Нидерланды) қаласында өткізілген қауымдастыққа мүше мемлекет-терінің бас қосуының нәтижесінде қол қойылған келісім негізінде Еуропалық Одақ өмірге келді. Бұл келісім негізінен өз күшіне 1993 жылы 1 қарашада енді. Осы уақыттан бастап, Еуропалық Одақ (ары қарай ЕО) елдері арасында қарым – қатынастар 1957 жылғы Рим келісіміне емес, Маастрихт келісіміне негізделе бастады. Осы келісім барысында ортақ экономика, ортақ саясат, ортақ ынтымақ-тастық пен қауіпсіздік жүргізу мәселеле-ріне байланысты үлкен саяси және экономикалық маңызы үлкен шешімге қол жеткізілді. Яғни, Батыс Еуропалық елдер барлық мүдделері жағынан тек ортақ шешім қабылдау арқылы іс жүргізу туралы шешім қабылдайды. Осы келісімге сүйене отырып, ортақ еуропа азаматтығын енгізді. ЕО органдарының қызмет мүдделері және өкілеттері кеңейтіледі. ЕО еуропалық экономикалық және саяси интеграциялық жоғарғы дәрежелі көрінісі болып табылады [1, 7].

Қазіргі жүріп жатқан жаһандану процесі және әлемдік тәртіп ЕО елдерінің алдын да көптеген мәселелерді тартып отыр. Осы тұрғыдан Еуропа өз ішіндегі тәртіпті және қауіпсіздікті реттеу үшін өзінің бірнеше мақсаттарын көтеріп, әре-кеттер жасап, келісімдер қабылдауда. Осы уақытқа дейін Еуропа елдері арасында қауіпті және қауіпсіз аймақтар, тұрақты және тұрақсыз аймақтар болып бөлініп отыр. Оның себебі, бірнеше Еуропалық елдер әртүрлі ішкі мәселелермен күресу үстінде.

ЕО екі жыл көлемінде Еуропадағы қауіпсіздікпен тұрақтылықтың аймақтарын құру үшін, бірнеше істер жүргізіп отыр. Енді, ЕО үшін маңызды қадамның бірі тиімді саяси даму «қосалқы күш» болып табылатын – ортақ сыртқы саясат және қауіпсіздік саясатын құру. Оның ұйым-шылдық және құқықтық базасын қамтамасыз ету.

Ортақ экономикалық саясат, ортақ сыртқы саясат және ішкі қауіпсіздік мәселесін жүргізіп отырған ЕО елдеріне бірқатар мемлекеттер мүше болғысы келетіндіктерін де білдіруде. Бірқатар мемлекеттер саяси және экономикалық жағынан үлкен әріптес және ынты-мақтастыққа қол жеткізуде. Бұл ЕО-тың жүргізіп отырған саясатының үлкен жемісі болып табылады.

ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың тоғысуы – өзінің беделі мен қуатының арқасында бүкіл әлемді өзіне қаратып дүрліктірген Кеңес Одағы ғұмырының тәмәмдануына байланысты Орталық Азия территориясында бұрынғы кеңестік рес-публикалардың орнына бес егеменді мемлекеттер пайда болды – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан. Сондықтан Орталық Азия салыстырмалы түрде айтатын болсақ жуық арада ғана қалыптасқан халықаралық аймақ. Орталық Азия мемлекеттері көпте-ген әр-түрлі аймақтық халықаралық ұйым-дарымен тығыз ықпалдастық қарым-қатынаста:

- Ресей және посткеңестік кеңістік (ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік келісімінің ұйымы, ЕврАзЭС);

- Еуропа (ЕҚЫҰ, ЕО);

- Мұсылман әлемі (ЭКО, ИКҰ);

- Қытай және Шығыс Азия мемлекеттері [2, 75].

Осылайша Орталық Азиядағы күш-тердің ара салмағын параллелограмм бей-несінде көрсетуге болады: бірінші жағын Ресей құраса, екінші жағы Қытай, үшіншісі Мұсылман әлемі, ал төртінші жағы Батыс еншісіне тиеді.

Орталық Азия - әлденеше уақыт алдында саяси және экономикалық тұрақ-сыздықтың тұғырында тұрған аймаққа, бүгінгі таңда ірі державалардың мемле-кеттік құрылымдарының және ірі кәсіпкер-лерінің қызығушылықтары артып қана қоймай, әлемдік экономикада өзінің ерекше беделіне ие болуға елеулі қадамдар жасап, талпыныстар білдіруде. Сонымен қатар Орталық Азияны геосаяси тұрғысынан алып қарастырғанда, бұл аймақ еуразиялық көлік жол тораптарының қиылысында орналасқан және кең көлемдегі көлік-коммуникация жүйесіне ие болып отыр.

Біздің тарихи еліміз Қазақстан өзінің ұлттық тәуелсіздігін жариялағаннан кейін тарихи Отанымыздың жерінде «қазақи мемлекеттілікті» дамытуға бет алды. Қазақ ұлты қай уақыттада салыстырғанда мемлекеттікке лайық екендігін тарих пайымдауы анық дәлелдейді. Осы орайда Қазақстан Республикасының ел басы Н.Ә.Назарбаевтың нақыл сөзін келтіргім келеді: «Ғасырлап күтіп, әзер қол жеткен азаттықтан айырылып қалмау үшін ішкі татулықты да, сыртқы татулықты да көздің қарашығындай сақтай білу керек» деген еді [3, 17]. Әсіресе халықаралық қауымдас-тығының басқа алып мемлекеттерінің алдында өзімізді тәуелсіз, егеменді терезесі тең мемлекет ретінде көрсету қажеттілігі туындады. Біздің еліміз Еуразия айма-ғындағы тоғыз жолдың түйіскен торабында орналасқан геосаяси жағынан өте маңызды территорияда орналасқан. Бұл жағдай қазақ халқына көптеген жеңіл-діктермен қатар бірқатар жауап-кершіліктерді де мойнына асады. Орталық Азия құрлығында бейбітшілік пен тату көршілік және өзара сенім қарым-қатынастарын орнықтыру – табысты дамудың қажетті шарты, тіпті кепілі десе де болады. Сондықтан аймақтық сыртқы саясаттың дұрыс оңды стратегиялық жолын таңдау – бірінші кезекте тұрған маңызды мәселелердің бірі.

Көптеген мамандардың пікірі бойынша осы «Азия қақпасының кілті» ретінде Қазақстан Республикасын қарастыруға болады. Қазақстан Республи-касының Орталық Азиядағы ұстанып отыр-ған сыртқы саясатының тиімділігінің көрсеткіші ретінде Шанхай бестігі, ЕврАзЭс, Ұжымдық қауіпсіздік келісімінің ұйымы (ОДКБ) сияқты аймақтың ірі халықаралық ұйымдарының қызметі Қазақстанның қатысуынсыз жүзеге аспайтынын айтуға болады.

ЕО интеграциясының өзектілігі – оның саяси және экономикалық-әлеуметтік дамуын көрсетуде болып отыр.

Батыс Еуропа елдерінде жүргізіліп жатқан интеграциялық процесстер әр уақытта да Орталық Азия елдерін саясаткерлерінің, экономистерінің, әлеуметтанушылар мен саясатта-нушыларының назарында болып отыр.

Еуропалық интеграцияға деген қызығушылықтың артуы Кеңес Одағы ыдырап, пайда болған тәуелсіз мемлекеттердің ТМД-ны құрудан бастау алады. Сондықтан, қазіргі кезде Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық, саяси-әлеуметтік жағдайының дамуы үшін Еуропалық Одақтың қандай тәжірибелерін пайдалану керек деген сұрақтар да туындайды.

Тәуелсіздіктерін енді ғана алып, бір-бірімен қарым-қатынасты көп жақты тұрғыда енді дамытып жатқан Орталық Азия елдері үшін ЕО-тың үлгілері дәл келе қоймайды. Оған көптеген уақыт қажет. Орындауға қажетті кейбір тәжірибелері:

1) ұзақ уақытқа белгіленген мемлекеттер арасындағы интеграциялық дамудың нақты басым мақсаттары (яғни, ең маңызды мүдделері). ЕО көмір мен болатты бірігіп, пайдалану идеясын ұсынған болатын. Осы арқылы ортақ мүддені тапты;

2) ЕО-тың дамуының кезеңдері. Интеграция еркін сауда аймақтарын құрудан, кедендік одақ құруға, одан соң 1985 жылы біріккен ішкі рынокқа жетті. 1992 жылы Маастрихт келісімінде ортақ саясат пен қауіпсіздік одағынын құры-луына қол қойылды. Ал, 1997 жыл пайда болған Амстердам келісім-шарты Еуро-палық Одақтың мүше мемлекеттерін демо-кратиясын және адам құқығын сақтауды міндеттеп, «еркіндік, қауіпсіздік және құқық тәртіп кеңістігін» құрды. Әрбір жаңа саты – келесісіне бастау болып отырады. Біріккен ішкі рыноктың пайда болуы, ортақ еуроның енгізілуіне негіз болды;

3) ЕО тәжірибелерін ала отырып, Орталық Азия мемлекеттері мынаны есте сақтау қажет. Яғни, біріге отырып, экономикалық және әлеуметтік хал-жағдайды дамытқысы келе, бір-бірінің мүдделеріне қарсы келмеу керек. Бір-бірімен осы аймақта лидер болуға талас-пауы қажет. Алдымен, бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ортақ жағдайларды тауып және халықпен сұқбат жүргізе отырып, интеграцияны дамыту керек. Яғни, бұл жерде басқарушы элитаның саяси көзқарастары осы аймақта деген беделдері жоғары болуы керек [4, 55].

Сонымен бірге, Еуропалық Одақтың Орталық Азияға берер тағы бір үлкен үлгісі – интеграциялық саясатта компромиске келу.

Осы тәжірибелерді қолдана отырып, Орталық Азия мемлекеттері өз баптарын белгілесе, бір-бірімен ала ауыздықта болмаса, болашақта сәл де болса эконо-микалық-әлеуметтік жағдай алға басып, қауіпсіздігіне қауіп қысқарар еді.

Қазіргі кездегі ЕО-тың таңдап алған стратегиясының бір бағыты КСРО ыдырағаннан кейін қалыптасқан постке-ңістік кеңістіктегі Орталық Азия мемлекет-терімен, оның ішіндегі Қазақстан Респуб-ликасымен жақсы қарым-қатынастар орнату болып отыр.

Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы «Серіктестік және ынтымақтастық» келісіміне сәйкес мәде-ниет саласындағы ынтымақтастықтың дамуы екі жақты экономикалық және саяси реформаларды табысты іске асыру үшін қажет және оның маңызы өте зор.

ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап Орталық Азия аймағында болып жатқан интеграциялық үрдістердің көшбасшысы ретінде өзінің абыройын қалыптастырып алған еді. Оған дәлел келтірсек:

1) Қазақстан Рсепубликасы халықа-ралық қатынастарды екі жақты ұстанымды негізге алып отыр, яғни қазақ елі өзінің ұлттық рухының ерекшеліктерімен, діни нанымдарымен және тарихи түп тамы-рымен мұсылман әлемінің түркі тілдес халықтарына тікелей туыстық қатысы бола тұра, сонымен қатар Қазақстан демогра-фиялық сипаты, сыртқы қатынастардағы ұстанған саяси бағыттарымен және мемлекетті құру қағидаларымен Батысқа да қатысы барын көрсетеді;

2) Қазақстанның ішкі өнімінің жалпы мөлшері бойынша аймақтың басқа мемлекеттерінің осы көрсеткіштерін бірақ қосып алғандағы мөлшерінен екі есе асып түседі;

3) Стихиялы түрде ғұмырын тоқтатқан Кеңес Одағының қамқорысыз қалған мемлекеттерге Тәуелсіз Мемле-кеттер Достастығын құру идеясын құтқару шеңбері ретінде ұсынуда Қазақстан Рсепубликасының идеяларының бірі еді;

4) Сонымен қатар 1994 жылы Орталық Азия аймағында «Шығыстың философиясы мен батыстың прагмматизмі ұштасқан жаңа заман адамын тәрбиелеу мақсатымен Еуразиялық Одағын құру» идеясы да Қазақстан тарапынан ұсынылып, жүзеге асырылуда [5, 319];

5) Еліміздің халықаралық қауым-дастық алдында беделінің артуының маңызды себебі ретінде Қазақстан Республикасы аймақта бірінші болып ядролық қарудан бас тартты;

6) Назарбаевтың Азиядағы өзара іс-әрекет және сенім шаралары жөніндегі Кеңесін (СВМДА) шақыру жөніндегі бастамасының жүзеге асырылуы да ауыз толтырып айтатын жағдай.

Кеңесті шақыру жөніндегі идеяны алғаш рет ҚР Президенті Назарбаев 1992 жылы қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында ұсынды [6, 30].

1990 жылдың басында бұл идея жаңа үн алды. Қазақстанның осы бастамасының негізгі мазмұны оның кез келген қатысушыларын қорғау шарасында қауіп-сіздігін әскери қауіп-қатерлер деңгейінің шынайы төмендеуіне бағытталған халык-қаралық құқықтық сипаттағы бірқатар шаралар кешенімен кепілдік берілетін Азиядағы қауіпсіздік жүйесін құруынан тұрады.

СВМДА идеясы бірқатар азиялық мемлекеттер мен халықаралық ұйым-дардың қолдауын тапты. Бірнеше жылдар бойы СВМДА үрдісіне Оңтүстік-Азия елдері мен араб мемлекеттерін қоспағанда Азия мемлекеттерінің көптеген елдері тартылды.

Қазақстан Республикасының аймақ-тық сыртқы саясаттағы ұстанған қағида-лары бойынша Орталық Азия ең алдымен өркениетті және экономикалық түсінік ретінде қалыптасуы тиіс. Қазақстан басты назарын аймақтық интеграция үрдістерінің жан-жақты дамуына аудара отырып,оны жақтаушы және қолдаушы ретінде таны-лады. Еліміздің ұстанған көз-қарасы бойынша аймақ мемлекеттері көкейде мазалап жүрген мәселелерді шешуіне және еркін сауда аймағы мен ортақ рынокты құруына бағытталған біркелкі бағыттар ұстануы қажет.

Жалпы қарастырғанда аймақтағы жағдай тұрақты сипатқа ие. Тек «адам мен адамды, халық пен халықты, ел мен елді жақындастырар ең берік дәннекер мүдде бірлігі» демекші мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың түсінушілігі мен әр елдің ұлттық мүдделеріне қайшы келмеуі маңызды:

- Бұл аймақтың маңызының өсуі көптеген факторларға байланысты;

- Құрлықта орналасуына байланысты Еуразиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысынан қарағанда;

- Дүниежүзілік маңыз бар табиғи ресурстардың әсіресе – көмірсутекті шикізаттың Орталық Азия террито-риясында шоғырлануы;

- Орталық Азияның маңызды жол тораптарының қиылысында орналасып, кең көлемдегі байланыс мүмкіндіктеріне ие: Иран арқылы Парсы шығанағына, Ауған-стан мен Пәкістан арқылы Үнді мұхитына, Қытай арқылы Азия Тынық мұхит аймағына шыға алады.

Жоғарыда көрсетілген факторлар Орталық Азия аймағының артық-шылықтарын ашып көрсетсе, Қазақстан Республикасының дипломаттарының пікі-рінше келесі мәселелерді аймақтағы даму-ды тежеуші факторлары ретінде қарасты-рады:

- Халықаралық ланкестік және экстремистік топтардан төнетін қауіп. Өкінішке орай аймақтағы әлеуметтік-экономикалық мәселелер қоғамда радикал-дық идеялар мен көз қарастардың таралуын туғызып отыр;

- Заңсыз үлкен мөлшердегі есірткі заттарының айналымда болуы және транс-ұлттық қылмыс топтарының қызметтері;

- Сонымен қатар су қорларын қолданудағы өзара тиімді, үнемі қызмет ететін аймақтық механизмнің болмауы [7, 88].

Бұл мәселелермен күрес ретінде Қазақстан жанжалдың алдын алу мен превентивті дипломатияны дамытумен айналысатын БҰҰ аймақтық орталығын және ХХІ ғасырда кең тараған мәселелерге байланысты Орталық Азия аймақтық ақпараттық-координаторлық орталықты құруды аймақтық қауымдастыққа ұсынуда. Сонымен қатар БҰҰ, ЕҚЫҰ сияқты беделді халықаралық ұйымдармен тығыз әріптестік ықпалдастық қарым-қатынас орнату.

Каспий аймағын өзінше тұрғыдан қарайтын бірнеше нұсқалы пайымдаулар бар: 1. Каспий – планетамыздағы айрықша экожүйе болып қалыптасқан энергиялық және биологиялық ресурстардың «алтын сандық» қойнауы. Әлемнің геоэконо-микалық, экологиялық және биоша-руашылық мүдделерін тоғыстырып отырған Каспий өз алдына әлдебір қауымдастық түзілдіру мүмкіндігі бар дара сипатты геосаяси аймақ ретінде бой көрсете бастады. Бұған оны жағалай орналасқан шектес елдердің теңіз су алабын бірлесіп пайдалану жөніндегі көзқарастары да ықпал-әсерін тигізе бастағандай. Осының өзінен-ақ Каспий аймағы Орталық Еуразиядағы геосаяси жағдайдың маңызды буыны ретінде стратегиялық берік қимылға айналып отыр. 2. Каспий аймағы Алжирден Оңтүстік - Шығыс Азияға дейін Балқан, Таяу Шығыс және Кавказ,Ауғанстан, Кашмир арқылы созылып жатқан жаһандық «тұрақсыздық иіні» деп аталатын Солтүстік ареалдың бір бөлшегі. 3. Каспий бойы - Кавказ, Орта Шығыс, Ресей және Орталық Азия ірге түйістіретін шекаралық аймақ. Осыған сәйкес ол христиан, ислам, буддалық өркениеттердің шекарасы болып табылмақ.

Каспий аймағы қазіргі кезде тұрақсыздыққа шырпы тастауға дайын тұрған алапқа айналғандықтан, Каспий жағалауы – бұл нағыз Таяу Шығыс тақылеттес геосаясаттың « қара үңгірінің» нақ өзі.

Қазіргі кездегі білім беру саласын-дағы өзекті мәселелердің бірі білімді өзара мойындау, ашық еуропалық білім кеңіс-тігін құру және оқытудың нәтижелері бо-лып табылады.

1999 жылы 18-19 мауысымда Болонда қол қойылған еуропалық білім министрінің бірігіп жасаған мәлім-демелерінде, еуропалық жоғары білім беру аймағын құру үшін мәні бірінші және салыстырмалы дәрежеде жеңіл түсінуге болатын жүйе құру қажеттілігі туралы айтылды. Соның ішінде осы мақсатты іске асыру үшін ең қолайлы жүйенің бірі – ECTS (еуропалық кредитті аудару жүйесі) кредиттік жүйе болып табылады [8, 34].

Қазақстан – Американдық Еркін университеті биылғы оқу жылынан бастап толық қанды кредиттік жүйеге көшу толық қамтамасыз етілді. Айта кететін керек, аталмыш университетте бұл жүйеге тек ішкі бөлім студенттері ғана емес, сырт бөлім студенттеріне де енгізілген. Университеттің ерекшелігі еуропалық бағыт бойынша дамып келе жатқан Қазақстанның жалғыз университеті десе де болады. Сондықтан жаңа оқу жылында аккредитациялық шара барысында амери-кандық әріптестермен бірлесе универси-теттің нағыз кредиттік жүйесін ұйымдастыру қолға алынған. Біз қабыл-даған бұл еуропалық кредит аудару жүйесін 1997 жылы Еуропалық Комиссия зерттеп дайындаған. Бұл оқу жүйесінің артықшылығы, студент те, оқытушы да жауапкершілікті жете сезінеді. Еуропаның жоғары оқу орындарындағы студенттердің оқу жүктемелері көп еңбек сіңіруді талап етеді. Қазіргі кездегі Еуропаның көп жоғары оқу орындарындағы кредиттік жүйе механизмді салыстыру және білім алушылардың жүктемесі көлемінің сандық бағасын өзара мойындау ретінде қолда-нылады. Бұл жүйе өлшеу тәсілі және білім алушылардың жетістіктерін салыстыру, академиялық тұтастық және еуропа елдеріндегі жоғары оқу орындары арасында студенттермен алмасу шеңбе-ріндегі оқыту нәтижелерін мойындау мәселелерін шешуде бірыңғай саясатты қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Соңғы мәліметтерге қарағанда ECTS еуропалық кредит жүйесін Еуропаның Франция, Испания, Германия, Италия және Ұлыбритания сияқты бес мемлекеттінде толығымен қолданылады. Чехия Республи-касында ECTS – еуропалық кредит жүйесін бірнеше жоғары оқу орындары ғана қолданылады. Бұл мемлекетте жоғары оқу орындарының көп сатылы академиялық дәрежедегі құрылыммен қатар арнайы 5 жылдық жоғары білім жүйесі де сақталған.

ҚАЕУ-де сапалы білім беруге және сапалы маман даярлауда әрдайым көңіл бөлініп келген, қазір де ерекше көңіл бөлінеді. Осыған байланысты университет төңірегінде жыл сайын шет елдерден мамандар шақырылып халықаралық, аймақтық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады.

Еуропалық Одақ Орталық Азия мемлекеттеріне соның ішінде Қазақстан Республикасына білім беру саласы бойынша жақсы көмектер көрсетуде. Бұл мәдени саладағы өзара ынтымақтастық болашақта жалғасын тауып, еліміздің өркендеуіне үлес қосады деген сенімдеміз.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Назарбаев Н.Ә. Туған елім – тірегім. -Алматы, 2001.-125б.

2. Европейский союз и Центральная Азия - Алматы, 2000.

3. Проблемы международных отношений. / Под ред. Е.А. Кузнецова. - Алматы., 1999. - С. 95

4. Елбасы: эсселер, ой-толғамдар, өлең-жырлар, сұхбаттар. –Алматы: “Ана тілі”, 1996.-544 бет.

5. Дипломатическая служба Республики Казахстан. / Под общей редакцией К.К. Токаева.- А., 2004.

6. Нұрсұлтан Назарбаевтың "он қадамы": "Российская газета" оқырмандарының сұрақтарына жауапты ұйымдастырған В. Дымарский // Егемен Қазақстан. - Алматы, 2003. -№ 43, 22 ақпан.

7. Абдрахманов С.Н. Назарбаев: Қауымдастықтың қауқары қандай? Бұл сауалға ЕурАзЭҚ-тың Мәскеу форумы жауап іздеуде.// Егемен Қазақстан. -Алматы, 2003. - № 40, -20 ақпан.

8. Сұлтанов Қ. Толғақты ой, толымды тұжырым. Н.Ә. Назарбаевтың "Сындар-лы он жыл" кітабын оқығанда // Егемен Қазақстан. - Алматы, 2003. - № 44, 25 ақпан. - Б. 2.

9. Нұрсұлтан Назарбаев: Түсінісу, үн қатысу жолын табайық // Егемен Қазақстан. -2003.- 25 сәуір. – Б.2.

10. Назарбаев Н. Қазақстан жолы: тұрақтылық, жаңару және өркендеу. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республи-касы Парламенті 2-ші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі// Егемен Қазақстан. -Алматы, 2005. -№202, 2 қыркүйек. - Б. 1, 2.

11. Назарбаев Н. Бағдар айқын болса - даму жолы даңғыл. Елбасының Қарағанды облысындағы жұмыс сапары Теміртау, Шахтинск қалаларының металлург-терімен және кеншілерімен кездесулерге жалғасты// Егемен Қазақстан. -Алматы, 2005. – 17 маусым. - Б.1,2.

12. Тоқаев Қ. Феномен. Саясаттың суырылған саңлағы. Дүние дегдарлары дара тұлға туралы// Егемен Қазақстан. –Алматы, 2005. -№154, 9 шілде. - Б.2., №155, 12 шілде. - Б. 2.

13. Саясаттың суырылған саңлағы. Дүние дегдарлары дара тұлға туралы // Егемен Қазақстан. - Алматы, 2005. - № 155, 12 шілде. - Б.2.

14. Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстан қазір әлем санасатын, әлем сыйлайтын елге айналды. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Дүниежүзі қазақтарының үшінші құрылтайында сөйлеген сөзі// Дидар. - Өскемен, 2005. - №98-99, 8 қазан. - Б. 1-2.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №4 - 2009


 © 2024 - Вестник КАСУ