Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ƏЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №4 - 2009

Авторы: Кобеев Еркен Киноятович, Базарова Гулмира Сеиловна

Экономикадағы қайта құрулар көптеген жағдайларда мемлекеттін эконо-микалық саясатының ғылыми тұғырна-масына байланысты болып келеді. Қазіргі таңда ғылыми негізделеген экономикалық саясаттың қажеттілігі мемлекет және әр түрлі нарық институттарының, заң шы-ғарушы органдар мен атқарушы органдар-дын қызметтерінде маңызды орын алып отыр. Мемлекеттің әлеуметтік-экономи-калық саясаты мемлекеттілік институты-ның пайда болуымен бірге әрекет етіп келеді. Қазіргі заманда әлеуметтік-экономикалық саясаттың мемлекеттің өміріндегі маңыздылығы қоғамның дамуы-ның жаңа кезендеріне өтуіне байланысты және қоғамдық өмірдің күрделенуі жаңа міндеттерді тудыртып отырғандықтан тұрақты түрде өсіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық талдау арқылы әлеуметтік-экономикалық және саяси процестердегі белгісіздік пен экологиялық сілкіністер қауіпін алдын алуға көмектеседі. Мемлекеттің экономикаға әсер етуі қоғамдық дамудың объективті заңдылығы болып саналады. Мемлекет қандай саяси жүйеде дамып отырса да экономикада маңызды қазмет атқарады. Елдің экономикалық орталығы бола отырып, мемлекет сәйкес экономикалық жүйенің объективті заңдылықтарына сай қоғамның экономикалық дамуын анық-тайды. Қоғамның экономикалық өмірінің бағыт-тарын анықтау кезінде мемлекет қоғамда екі түрлі рөл атқарады: жалпы қоғамға байланысты – қызметтік, ал халық шаруашылығына байланысты – ұйымдас-тырушылық, нормативті – реттеу қызметі [1]. Экономикалық қоғамға сипат беретін категорияларға «еркіндік (свобода- объективті заңдылықтарға сүйене отырып дамитын шаруашылыққа байланысты қолданылатын ұғым)» және «тәртіп (адам-дардың субъектитвті қызметіне байла-нысты қолданылатын ұғым)». Күнделікті тұрмыста еркіндік ұғымымен адамның әрекетін білдірсе (шаруашылық адамдар арасындағы қатынасты білдіреді), ал тәртіп – мемлекеттін әрекетін білдіреді. Адамның еркін қорғайтын және қоғамда тәртіпті қамтамасыз ететін (мемлекеттін институт-тарын ұйымдастыру арқылы) ғылыми тұжырымдамалар /концепциялар/ нарықты экономиканың тиімді әрекет етуін қамтамасыз етеді.

Қоғамның мемлекет ретінде ұйым-дасу кезінен бастап «еркіндік» пен«тәртіп» ұғымдарының арасында тұрақты қарама-қайшылықтар пайда бола бастады, яғни жеке тұлғаның еркіндіктегі мүдесі мен мемлекеттін тәртіпті орнатуға деген әрекеті арасында қарама-қайшылықтар туындады. Жеке индивидум максималды түрде бос кеңістікке ие болғысы келсе, мемлекет жалпы қоғам мүддесіне сүйене отырып оны шектеуге тырысады, сондықтан мемле-кеттін тарихы ретінде – шектелмеген экономикалық және саяси еркіндікті бекіткен «түнгі күзетші» мемлекет типінен жоспарлы экономикаға негізделген тотали-тарлы мемлекетке қозғалысты білдіреді [2]. Еркінділік адамның өз мүддесінің туындауына себеп болады. Бірақ та өз еркін жүзеге асыру барысында адам басқа тұлғалардың еркіндігіне шек келтіруі мүмкін (мысалы: бір адамның басқа адамды қанауы). Сондықтан еркіндік сонымен бірге басқа адамдардын құқықтарымен байланысты нормаларды сақтауды және қоғам өмірін ұйымдас-тыруға қатысуды білдіреді. Нормаларды бекіту мен қоғам өмірін ұйымдастырумен мемлекет айналысады, сондықтан мемлекет тәртіпті білдіреді.

Еркіндік пен тәртіп бір-бірімен тығыз байланысты, біріне қызмет көрсетеді және араларында қарама-қайшылық болмауы керек. Тәртіп тек қана ерікті жағдайында ғана болады. Экономикадағы тәртіпті қалыптастыру мүмкіндігі қатынасқа түсуші адамдардың осы тәртіпті өздерінің қалау-ларына сай келетінін танығанда ғана туындауы мүмкін.

Жалпы қандай да қоғамда экономи-калық тәртіп келесі үш мәселені шешуі қажет:

- экономиканы қалыптастырып, оның жұмыс істеу мүмкіндігін арттыру;

- экономикалық қызметтін барлық түрлеріне мақсатты бағыттағы үйлестіру жұмыстарын жүргізу;

- негізгі қоғамдық саяси мақсаттарға жету.

Жоғарыда айтқандарға сүйене оты-рып М.А. Сажина экономикалық тәртіп ретінде:

- әр-қашанда ұйымдар (институттар);

- мүмкіндігінше максималды тиім-ділігімен сипатталатын экономикалық қызметті мақсатқа сай үйлестіру;

- мемлекет пен жеке тұлға арасында, мемлекеттік мекемелер мен жеке тұлғалар арасында экономикалық шешімдерді қабылдау құқықтарының бөлінуі [2]. Эко-номикалық тәртіпті қалыптастыратын негізгі субъект ретінде мемлекет елдегі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық про-цестерді біріктіретін мемлекеттің эконо-миканы реттеу денгейін анықтайтын эконо-микалық саясатты қалыптастырады. Мем-лекеттің экономиканы реттеу қажеттілігі сонымен қатар оның сапалық сипаты мен даму бағатын анықтайтын көпшілік биліктің ерекше ұйымы ретінде және жалпы қоғам алдында туындайтын қызметіне байланысты пайда болады. Мемлекеттің қызметі деп М.И. Байтин «мемлекеттін таптық, жалпы адамзаттық мәнін білдіретін және нақтылайтын және де әлеуметтілік бағытын белгілейтін мемлекеттін ішкі және сыртқы қызметінің бағытын» атап өтті [3]. Мемлекеттің негізгі қызметтеріне қоғам өмірінде маңызды орын алатын экономикалық және әлеуметтік қызметтері жатады. Бұл қызметтердің жүзеге асырылу шектері мен деңгейлері қоғамда қалыптасқан эконо-микалық жүйе немесе экономикалық тәртіпке бағынышты. Мемлекеттің эконо-микалық қызметтеріне келесі қызметтерді жақызуға болады:

- экстремальды жағдайда рессурс-тарды жұмылдыру; Таза нарықты эконо-мика экстремалды жағдайларды тиімді жұмыс істей алмайды. Оның көрінісі ретінде 1929-1933 АҚШ пен Еуропа елдерін қамтыған экономикалық дағда-рысты айтуға болады, дағдарыстын салда-рын мемлекеттін қатысуымен, жүйелі түрде тиімді өткізген әр-түрлі бағыт-тардағы экономикалық саясат (ақша эмис-сия мен пайыздық ставкалар бойынша мақсатты жүргізген саясат, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру т.б.) пен мемлекеттін экономиканы реттеудің әр-түрлі әдістерін қолдану арқылы жеңуге мүмкіндік болды [4]. Мемлекеттің экономиканы орталықтанған жүйе арқылы реттеудін кейбір артықшылығын ССРО Ұлы Отан Соғысынан кейінгі экономиканы жоспарлы басқарудағы жеткен жетіс-тіктерін айтуға болады. Сонымен қатар қазіргі уақыттағы дүниежүзілік қаржылық дағдарыс жағдайындағы дамыған және дамып жатқан елдердің үкіметтерінің рессурстарды жұмылдыру арқылы дағда-рыстың әлеуметтік-экономикалық салалар-ға тигізіп жатқан әсерін жою бағытта әрекеттін атап өтуге болады. Қазақстан тарапынан ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді [5]. Қазақстанда бөлінген қаражаттардың көлемі дүние жүзіндегі елдерде алдынғы қатарда тұр) мемлекет тарапынан бөлініп отыр және дағдарыс жағдайында қоғам алдында тұрған міндеттердін барлығын қамтып жатыр;

- экономиканы ұзақ мерзімді өсуге бағыттандыру; Нарық болашақта дамуға қажетті деңгейде тұрақты түрде бағыттала бермейді. Әсіресе экономикалық өсудің ғылыми зерттеулер мен ірі көлемде инвестициялық қаржыландыруда талап ететін және соған байланысты түсетін табыс бойынша нақтылықтың жоқ болу факторлары жеке меншік кәсіпкерлерді ұзақ мерзімді даму бағдарламаларына көңіл бөлмеуіне себеп болады. Сондықтан экономиканы мемлекет ұлттық, мемле-кеттік, аймақтық бағдарламалар арқылы түзетіп отырады. Мысал ретінде Беларусияның «2007-2010 жылдарға арна-лаған Беларусь Республикасының инно-вациялық даму туралы мемлекеттік Бағдар-ламасы», ҚР Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын келтіруге болады. ҚР Прези-дентінің Қазақстан халқына жолдауында «стратегияның негізгі мақсаты ретінде – кәсіпкерлік ахуалды қалыптастырып, бәсекеге қабілетті орта және жоғарғы қосылған құны бар өндірісті дамыту мақсатында жеке меншік секторды ынталандыратын қоғамдық институттарды құру» деп белгілеген [6];

- өндірістін болашақтағы құры-лымдық өзгерістерін қамтамасыз ету; Қазіргі уақытта мемлекеттің экономикалық қызметіне - экономиканың құрылымдық қайта құру қызметі кіреді. Экономиканың құрылымдық қайта құруын қамтамасыз етудің мақсаты ретінде «адамға өмірлік қажетті, дүниежүзілік нарық сұранысына сай өнімдерді өндіру, стратегиялық маңыз-ды, дүниежүзілік нарықта жоғары бәсеке қабілетті және мемлекет үшін әлеуметтік маңызы бар өндірістерді қолдау, өнді-рушілерді, оның ішінде шағын кәсіп-керлікті қолдау т.б.» деп И.Н. Сенякин белгілеп өткен [7]:

- аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму саясатын жүргізу;

- нарықпен дұрыс шешілмеген әлеуметтік мәселелерді шешу;

- дүниежүзілік экономикада ұлттық мүдделерді жүзеге асыру.

Ғылыми әдебиеттерде «әлеуметтік-экономикалық саясат» терминінің орнына көп жағдайларда «экономикалық саясат» термині қолданылады. Ал кейбір авторлар «әлеуметтік саясат» ұғымын экономикалық саясат ұғымынан бөлек қарастырып бөлек қолданады. Жалпы осы екі категориядағы ұғымдарды біріктіріп қарастыру мемле-кеттің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын айқын және тиімді әрекет ететіндей бекітуге мүмкіндік береді. «Экономикалық саясат», «Әлеуметтік саясат» терминдерінің бөлек ұғымдары мемлекеттін алдында тұрған мәселені тар түрде қарастыруды ғана білдірсе, көптеген авторлар экономикалық саясаттың мақса-тына әлеуметтік бағыттағы міндеттерді (то-лық жұмысбастылық, әлеуметтік қорғалу, табысты азаматтар арасында әділ үлестіру) де жүктейді.

Әлеуметтік-экономикалық саясаттың міндеті мен конституциялық негіздеріне тоқталар алдында осы ұғымның мақсатын нақтылауға мүмкіндік беретін түсінік аппаратын айқындап алу қажет. Көптеген экономика, саясаттану және құқық сала-сының ғалымдарының қалыптастырған тұғырнамаларына сүйенсек әлеуметтік және экономикалық саясаттың ұғымын әр-қайсысы бөлек қарастырылған катего-риялар екенін байқауға болады. Мемле-кеттің экономикалық жүйесінің дамуы тиімді экономикалық саясатқа негізделген. Экономикалық саясаттың нәтижелері қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтардың әл-ауқатына әсер етіп, экономикалық саясат қоғамның өмірінде маңызды орын алып отырады.

Ғылыми тұрғыда экономикалық саясатқа әр түрлі тұрғыдан анықтамалар берілген. Кейбір авторлар экономикалық саясатқа халықтың түбегейлі материалдық мүдделерінің жиынтығы ретінде анықтама берсе [8] кейбіреулері экономикалық саясатты мемлекеттің экономикалық дамудағы қызметімен байланыстырады [1]. А. Мальцев екі бағыттағы көзқарастарды біріктіріп, экономикалық саясат ретінде мемлекеттің үстем әлеуметтік тап өкілдері мен әлеуметтік топтардың экономикалық мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы ретінде анықтама береді [1]. Сонымен қатар қазіргі заман экономика саласының ғалымдары эконо-микалық саясаттың анықтамасын келесі түрде береді: «Экономикалық саясат - үстем әлеуметтік топтың мүддесіне негізделген мемлекеттін жүзеге асыратын іс шаралары мен мемлекеттін жалпы саясатының құрамдас бөлігі» [1]. Аталмыш анықтамаларға сүйене отырып, келесідей қорытынды шығаруға болады: Мемлекеттің экономикалық саясаты – қоғам мүшеле-рінің түбегейлі материалдық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің нарықты экономиканың объективті заңдылығына сүйенген эконо-миканы дамытудың бағыттарын, міндет-терін, нысандары мен мазмұнын анықтайтын қызметін айтуға болады. 20-шы ғасырдың басында эконо-микалық саясат «экономикалық таңдау еркінің» қағидасына сүйене отырып, экономикалық қатынастарды реттеуде мемлекеттін ролін «түнгі күзетші» принципіне немесе экономикаға мемле-кеттін араласпау принципіне негіздеді. Бірақ өркениетті елдер экономикалық саясатты жүргізуде қоғамның әлеуметтік жағдайының экономикалық саясаттың нәтижесіне ықпалын тигізетініне көніл аудара бастады. «Әлеуметтік сипаттағы мемлекеттің» қалыптасуы әлеуметтік сипат беретін институттарды қалыптастыратын мемле-кеттің бағдарламасы немесе әлеуметтік саясатты қалыптастыру арқылы ғана мүмкін болғандықтан ТМД кеңістігінде әлеуметтік мемлекеттілікті қалыптастыруға бағыт алған мемлекет-терде қоғамның әлеуметтік дамуын қамтамасыз етудің жаңа тұғырнамаларын қалыптастыру мәселелері туындай бастады. Әлеуметтік саясатты «әлеуметтілік» принципіне сәйкес қоғамның тарихи, саяси, мәдени даму ерекшеліктерін ескере отырып қалыптастырылуы оның тиімді енгізілуін қамтамасыз етеді.

Ғалымдардың көзқарастарында әлеуметтік саясат ұғымына бір қалыпты көзқарастар қалыптаспаған, олардың ішінде ресей ғалымдары әлеуметтік саясаттың мазмұнын ашатын келесі анықтама береді: «Әлеуметтік саясат мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен қайырымдылық қорлардың әлеуметтік сала арқылы жүзеге асырылатын тұрғындардың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметтері» [4]. Сонымен бірге кейбір авторла әлеуметтік саясат ретінде мемлекет тарапынан тұрғындардың сұраныстарын елдін өмір сүру деңгейіне сәйкес қамтмасыз етуге, табыстары мен тұтыну арасындағы айырмашылықты түзетуге және тұрғындарға Конституция мен басқа да нормативтік актілерде бекітілген әлеуметтік қызмет пен кепілдіктердін жүзеге асырылуына бағытталған қызметті атаса, басқа авторлар «әлеуметтік саясат әлеуметтік топтар арасындағы, қоғам мен оның мүшелері арасындағы қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруіне, халықтын игілікті тұрмысының жақса-руымен, олардың материалдық және руха-ни сұраныстарының қанағаттануы мен өмір сүру деңгейінің өсуіне байланысты туындайтын қатынастарға қатысты жалпы мемлекеттік саясаттың бір бөлігі» [9] Осы саясаттың маңыздылығы экономикалық қатынастар мен процестерде туындайтын әлеуметтік теңсіздікті жою арқылы айқындалады. Сондықтан мемлекеттердің негізгі міндеті ретінде әлеуметтік саясат пен экономикалық саясатты үйлестіру арқылы олардың қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына тиімді ықпал етуін қамтамасыз ету. Мемлекеттін әлеуметтік саясатының тиімділігі, қамту ауқымы мен қаржылық негіздері мемлекеттін экономи-калық даму деңгейі мен экономиканың нақты секторының тиімді әрекет етуіне байланысты болып келеледі.

Қазақстан мен басқа да ТМД кеңістігіндегі мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы экономика саласында да әлеуметтік бағытта да тиімді нарықты қатынастарға көшудің жолдарын іздеуде. Әлеуметтік-экономикалық дамудың біртұ-тастығы экономикалық кеңістікте тиімді нарықты экономикалық қатынастарға көшуге мүмкіндік тудыртады. Әлеуметтік-экономикалық саясатты кең және тар мағынада қарастырған дұрыс. Бірінші жағдайда қоғам мүшелерінің өмірінің барлық аумақтарын қамтитын, оның ішінде оларды товарлармен, тұрғын үй мен әлеуметтік инфрақұрылымдағы қызметпен, жұмыс орындар, сәйкес ақшалай табыстар, қолайлы экологиялық жағдайлармен қамтамасыз етуді айтуға болады. Екінші жағдайда әлеуметтік-экономикалық саясаттың мазмұны тек әлеуметтік қамсыздандырылмаған, өздерінің жағдай-ларына байланысты қоғамдық қатынас-тарда белсенді роль атқара алмайтын әлеуметтік топ өкілдерін қолдайтын әлеуметтік шаралар мен шешімдерді білдіреді [9]. Әлеуметтік-экономикалық саясат кең және тар мағынадағы өзінің ұйымдастырушылық сипатымен бір-біріне ұқсас белгілері бар,оның ішінде көпсубъектілік болуы. Екеуінің жүзеге асырылуында көптеген субъектілер, яғни заң шығарушы және атқарушы мемлекеттік билік органдары, жұмыс берушілер, кәсіподақтар мен басқа да қоғамдық ұйымдар қатысады. Осы субъектілердің әлеуметтік-экономикалық саясатты жоба-лау мен жүзеге асыруда атқаратын рольдері әр түрлі болып келеді. Әлеуметтік-экономикалық саясаттың мақсаты оның жобасын дайындағанда, ал нәтижелерге әлеуметтік-экономикалық саясат субъек-тілерінің әр түрлі тетіктер мен механизм-дерді (заңнамалық және нормативтік базаға; қаржылық-несиелік механизм; салықтық тетіктер мен ынталандыру; әкімшілік шешімдер; саяси әдістер) қолдану арқылы жетуге болады.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, дамуы қоғамның алдында саяси, әлеуметтік және экономикалық дамудың өзекті мәселелерін тудырды. Оның ішінде мемлекет алдында пайда болған күрделі мәселелердің бірі – нарықты экономиканың даму жағдайында Қазақстан Республикасының әлеуметтік мемлекеттің сипатына сай келу. Осы мақсатқа жету үшін мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының құ-қықтық негіздерін қалыптастыру алғышарт болып саналады. Барлық жаңа конституциялар, соның ішінде Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің және бұрынғы одақ кеңістігінде қалыптасқан (Европа мен Азияның жаңа мемлекеттері) мемлекеттері қоғамның экономикалық ұйымдастырылуының негіздерін конститу-циялық реттеу аумағын кеңейткен. Оның ішінде бұл ерекшелік Европа мен Азияның жаңа мемлекеттерінің ХХ ғасырдың 90 жылдарында қабылдаған негізгі заңдардың ұқсас белгілері немесе қасиеттері болып келеді. Европа мен Азияның жаңа мемлекеттерінің барлығында бұрынғы шаруашылықты жүргізу нысанына бас тартатындары және нарықты экономика қағидалары жариаланған. Мысалы, Македонияның Конституциясының 55-бабы нарық пен кәсіпкерліктің еріктілігін, шаруашылық қызметтке қатысушы барлық жақтардын құқықтық жағдайларының теңдігін, монополиялық жағдай мен монополиялық әрекеттке қарсы күрес жүргізу қажеттілігін бекіткен [10]. Бұл мемлекеттің ерекшелігі ретінде меншіктің қорғалуы мен нарық пен кәсіпкерлік қызметтегі еріктілікті конституциялық құрылыстың негіздерін қалаушы құндылық ретінде бекіткен (8 бап).

Кеңестік Одақ ыдырағаннан кейін пайда болған мемлекеттерінің барлығында дерлік әлеуметтік-экономикалық саясатты тиімді жүргізу мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу қағидасын бекіткен. Конституция нормаларының осы түрде бекітілуі әлеуметтік мақсатрға жету қажеттілігімен негізделеді. Ал өткен ғасырдын 90-шы жылдары құрылған кейбір жаңа Европа елдерінің конституциясы аймақтық экономикалық саясат қағидасын жариялаған. Македонияның Конституция-сының 57-бабында «Республика... экономикалық дамуға ықпал етіп, аймақтық және жергілікті деңгейлерде бірқалыпты дамуды қамтамасыз ету мен экономикалық артта қалған аймақтардын дамуына белсенді ықпал етуді көздейді. Осыған ұқсас норма Болгария Конституциясының 20 бабында келесі түрде «Мемлекет елдің бөлек аймақ-тарының тең түрде дамуына жағдай жасап, аймақтық органдарға қызметтерін жүзеге асыруын қамтамасыз ету мақсатында қаржылық, несиелік, инвестициялық саясат арқылы көмек көрсетеді» деген түрде көрініс тапқан [11]. Ал ТМД елдерінің ішінде Тәжікстан Республикасынын конституциясында адамның қадыр - қасиетіне сай өмір сүру жағдайын қалыптастыратын әлеуметтік саясатты жүзеге асыратынын бекіткен [12]. Қазақстан Республикасының Конституция-сына сай әлеуметтік-экономикалық саясат-тың негіздері конституциялық құрылыс негіздерін бекітетін және мемлекеттік органдардың құзіретін белгілейтін норма-ларда бекітілген [1, 6, 44, 53 және т.б. баптар]. Нарықты экономика қалыптастыру жағдайында Конституцияда экономикаға байланысты нормалардың бекітілуі қоғам мүддесін қорғау мақсатында туындап, мемлекеттін экономикалық қатынастарға араласуы арқылы әлеуметтік даму саясатын экономика арқылы жүргізуге мүмкіндік алады. Әлеуметтік-экономикалық саясат-тың маңызды элементі ретінде - оның субъектілері саналады. Мемлекеттегі демократиялық институттардың дамуы халықтың әрекетсіз субъекті ретінен белсенді субъектіге айналуына себеп болды. Сайлау, өкілетті органдар арқылы халық әлеуметтік – экономикалық даму үрдістерін реттеуші субъектілеріне айнал-ды. Бірақ қоғамдағы әлеуметтік-экономи-калық даму саясатын жүргізетін және жүзеге асыратын ең негізгі құрал болып мемлекет саналады. Өйткені оның басқа-руында материалдық және қаржылық қорлардың негізгі бөліктері шоғырланады және өз қызметін жүзеге асырғанда құқыққа сүйенеді. Ал әлеуметтік-экономикалық даму мемлекеттік жоспар-лау мен басқарудың негізгі объектісіне жатады. Әлеуметтік-экономикалық даму саясаты белгілі бір мақсатқа ие, ал ол мақсатқа жету үшін және оның қалыптасуы мен жүзеге асырылуын мемлекеттік-құқықтық механизмдер қамтамасыз етеді. Әрине әлеуметтік–экономикалық саясат-тың мақсаты қоғамның нақты тарихи даму кезеніне және тұрғындардың әлеуметтік-саяси белсенділігіне байланысты.

Әлеуметтік-экономикалық даму саясаты мемлекеттің жүргізетін саяса-тының бір бағытты болғындықтан оны біз саяси, экономикалық, рухани бағыттағы жүргізетін қызметінен бөлек қарастыра алмаймыз. Өйткені әлеуметтік саладағы денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыз-дандыру, білім сияқты салаларды қалыптасқан нарықты экономикалық жүйесіз және демократияның институтта-рынсыз дамыту мүмкін емес. Осы мақсатта қандай да мемлекет болсын әлеуметтік – экономикалық даму негіздерін қалып-тасттыратын, халық сұранысын қамтама-сыз ететін азаматтық қоғам қалыптас-тыруға құқықтық негіз жасауы керек. Әлеуметтік–экономикалық дамудың негізі – экономикалық қызметтін мемлекеттік реттелуі. Құқықтық мемлекеттегі экономи-калық қызметтің реттелуі тоталитарлық жүйеден ерекшеленеді. Құқықтық мемлекет экономикалық жүйені Конститу-ция денгейінде бекітуден бас тартқанменен оның негіздерін қалайтын нормаларды Конституцияда бекітеді. Экономиканы мемлекеттік реттеудін ең дамыған нысаны ретінде бағдарламалар дайындау, жобалау және жоспарлау саналады. Мемлекеттің аталмыш нысандарды қолдануының себебі шаруашылық байланыстардың күрделенуі мен қысқа, орта және ұзақ мерзімді мақсаттарға жетуде кешенді әдістерді қолданумен байланысты. Әрине мемле-кеттің осы бағдарламаларды бағыттары мен қолдануы сол мезеттегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен байланысты.

Нарықты экономика жағдайында мемлекеттер экономиканы жоспарлауды 4-5 жылға негіздейді. Осында жоспарлар Францияның департаменттерімен, Жапо-ния, Қытай, Онтүстік Кореяның өкімет-терімен жүзеге асырылады. Бұл жоспарлар әмірлі-әкімшілік экономика жоспарла-рынан үлестіру сипатының жоқтығымен ерекшеленіп, индикативті сипаттағы, яғни мақсатты, ұсыныс сипатында болады. Европа, Азия және ТМД елдерінің экономиканы мемлекеттік реттеудің тәжірибесіне талдау жасай отырып, өкіметтің тұрақтандыру саясатын жүргі-зуде мүмкіндігіне сәйкес нақты әдістер мен құралдарды қолдана алатынын байқауға болады. Көптеген мемлекеттер монетар-лық, фискалдық саясат пен экономиканың дамуының негізгі бағыты ретінде әлеуметтік саясат немесе реттеу әдістерін қолдануын байқауға болады. Әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыруда ҚР Конституциясы экономикалық еркіндік идеалы мен мемлекеттік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған мүдделеріне сай келетін және де әлеуметтік мемлекеттіліктің жалпыға бірдей игілік идеалы мен әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен принциптерді құрамына қамтыған. Бірақ та конституциялық ережелерді жүзеге асыру әлі де толық қамтамасыз етілмейді. Бірақ та мемлекеттін әлеуметтік-эккономикалық дамуын қамта-масыз ететін саясатының жүзеге асырылуы көптеген кедергілерге ұшырауда және осындай жағдай көптеген ТМД елдерінде де кездесетін жағдай. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсер етуін маңызды құралы ретінде оның құқықтық реттелуін қамтамасыз ету саналады. Осы бағытта конституциялық және әкімшілік құқық заңнамасы орталық буында тұр. Қазақстан Республикасында әмбебап бағдарлама жасаудың құқықтық негізі болып Қазақстан Республикасының Конституицясы, «Қазақстан Республика-сының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» конституциялық заңдарды және 2009 жылы қабылданған ҚР Президентінің «ҚР мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығын айтуға болады. Әсіресе ҚР Президентінің Жарлығы толық болмасада әлеуметтік-экономикалық сая-саттын тиімділігін арттыруға бағытталған алғы қадам болып саналады. Міне осы жағдайлардың барлығы мемлекет тара-пынан әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары мен жоспарларының мәртебесін көтеруді талап етіп, орындал-маған жағдайда саяси жауапкершіліктің туындауына себе болуы керек

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Кулыбеков М.М. Конституционные основы экономической политики СССР. - Караганды, 2005.

2. Сажина М.А. Научные основы экономической политики государства. Уч. пособие.. - М.: «Норма»,2001.

3. Байтин М.И. Понятие и классификация функций государства. В кн. Общая теория государства и права. Академический курс. Том 1./ под ред. М.Н. Марченко. - М.: «Зерцало», 1998.

4. Государственное регулирование экономики. Учебное пособие./ Под общей ред. Г.Н. Власова. Нижний Новгород, 1999// vasilievaa.narod.ru].

5. ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары //www.government.kz

6. ҚР Президентінің «Елдегі жағдай туралы және 2002 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы» Қазақстан халқына Жолдауы// www.akorda.kz

7. Сенякин И.Н. Основные внутренние функции. В кн. Общая теория государства и права.Академический курс. Том 1./ под ред. М.Н. Марченко. - М.: «Зерцало», 1998. - 416 с.

8. Кутафин О.Е. Конституционные основы общественного строя и политики СССР. - М., 1985.

9. Мамыров Н.К., Саханова А.Н., Ахметова Ш.С., Брузати Л. Государство и бизнес: учебное пособие. - Алматы: «Экономика», 1999.

10. Конституция Македонии// clin.iatp.by/ constitution/vost_europe/macedon-r.htm

11. Конституция Республики Болгарии //obolgarii.narod.ru

12. Конституция Республики Таджи-кистан// www.asia-realty.ru



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №4 - 2009


 © 2024 - Вестник КАСУ