Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

М.Әуезов – ұлы суреткер

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №2 - 2005

Автор: Дюйсембаева С.Д.

Мұхтар Әуезов - бірден танылған тума талант. Болашақ ұлы суреткерді әріптестері мен замандастары ертеден-ақ болжай білген. 18-20 жастардағы Мұхтарды құрбы-құрдастары әзіл-оспаққа, әжуаға айналдыра бастаса, Міржақып Дулатов: "Тиіспеңдерші. Осы қара баладан түбінде бірдеңе шығады" - дейді екен. Алдында өзінің Би-ағасымен, бәріміздің де Би-ағамызбен, Бейімбет Майлинмен бірге талай қыңыр пікір айтушыларға батыл төтеп беріп, бар шындығымен дәлелдеп, "Қилы заманды" ең таңдаулы шығармалардың қатарында санаған Ғабит Мүсірепов повесть авторыменҚызылордада 1929 жылы алғаш кездескен. Кездескенде де, парасатына да, талантына да, тұлғасына да сол күнібас иіпті. 30-жылдардың басында Ахмет Байтұрсыновөзімен бірге түрмеде жатқан інісіне: "Мұхтар, сен кешірім сұ рап, кең дүниеге шық. Бізді де сына. Сенің болашағың өте зор,» - деп а ғалық, ұстаздық акыл-кеңес беріп, жүрекжарды сөзін айтыпты деген әңгіме бар. Ақаңдай халқы үшін жаралған адамның ол сөзіне сенбеске болмайды. Осының барлығын ұ -.лылардың көрегендігі, елінің болашағын ойлаған, оның өнері мен әдебиетін құлай сүйген таланттар мен дарындарға жан ашырлығы деп білуіміз керек. Бұл күнде сол көребіздің бақытымызға айналып

Дүниеге "Абай жолын" сыйлаған М. Әуезовтіңшеберлігіне көзі қарақты мыңдаған, миллиондаған оқырмандар ғана емес, домалақ жер шарына танымал жазушылардың өздері таң-тамаша қалып, есімін ауыздан-ауызға таратып жатты ғой. "Кезінде орыс мәдениетініңдамуына Пушкин қалай әсер етсе, қазіргі Орта Азияныңкөркем ойы мен көршілес халықтарымыздың бүкіл рухани өмірінің қалыптасуына Әуезов сондай ықпал жасады", - дейдіШ. Айтматов "Ұстаз туралы сөзінде /3; 10/. Луи Арагонның пікірінше "...әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарманы табу қиын" [1; 22]. "Сіз әлі "Абайды оқыған жоқпысыз? Онда сіздің ештеңе - оқымағаныңыз. Бұл - таңғажайып, бұл - керемет" деп жер жүзіне жар салған Альфред Курелла ондағы кейіпкерлерді "Шекспир суреттеген бейнелердің өзі!"- деп, тағы ағынан жарылады. Андре Стиль одан да әріге кетеді, "Стильайқындығы, сөз құрылымы Гомерді еске түсіреді" - деп атап көрсетеді ол [1; 72]. Аңдасаңыз, әйгілі жазушылардың бұл ойларының астарында қазақ тіліне деген, ұлы эпопея жазылған тілге деген үлкен ынта, қызу құштарлық, нәзік сүйіспеншілік жатыр. Ал М. Әуезов тілі, М. Әуезов стилі мұндай құрметке әбден ие.

Мұхтар Әуезовтің казақ тілін байытуға қосқан орасан еңбегі мен оның нәтижелерін үлкен екі арнада, екі бағытта, екі тарапта қарастыру қисынды. Олардың бірі және негізгісі - оның жазушы ретіндегі лексика мен фразеологиядағы,грамматика мен стилистикадағы табыстары жайлы; екіншісі сөзқолданымға байланысты жазушының теориялықолжамдары мен тұжырымдары, ұсыныстары туралы зерттеулер болмақ. Екінші мәселеге қатысты азын-аулак ойларымызды қайталауды ретсіз санап, бірінші мәселе төңірегіндегі қысқаша ой өрбітпекпіз.

ығармаларынан тілдік құралдарды қолданудыңтамаша үлгілері көзге түседі. Қайсыбір суреткерлердің сөз қолданудың санаулы түрлерімен шектелетіні баАйталық, біреулері метафораны үйіп-төгіп пайдаланады да троптың басқа түрлеріне соншалықты мән бере бермейді;екіншілері сөзжасамға қабілетті келеді де, көркемдік құралдардың өзге түрлері бәсеңдеу таныла береді; енді біреулері"өз аулының тіліне" көбірек көңіл бөліп, суреткергеқойылатын шарттарды тең ұстамайды. Ал М. Әуезовтің ұлылығы сөз қолданудың әр тараптылығынан, әр сөйлемнен байқалып отырады. Демек, М. Әуезов туындыларында мағынасы көмескі сөздерді жаңарту да бар,жалпы қолданыстағы сөздердің былайғыларға біліне бермейтін сырын ашу да бар, синоним, антоним, >омонимдердің ішкі мазмұнын дәл тану да бар, тосын сөз тіркесі мен дағдыдан тысқары қосымша жалғау да бар, әр кейіпкердің аузынан айтылатын аңғал сөз де, ұлағатты ой да бар және осылардың бәрі өз орнында өте бір қисынмен жарасымын тауып отырады. Сөйтіп,Мұхтар Әуезов - көркемдік делбесін тең ұстаған ұлы сөз зергері.

М. Әуезов шығармаларында көпшілікке түсініксіздеу сөздер мен сөз тіркестерінің(зымғап барады, дүрк, қаржасу,қыңратқымау, серімастану т.б.) кездесіп отыруы – табиғи құбылыс: Байтаста үн жоқ, өз бетімен зымғап барады. letter-spacing:-Ырғызбайдың жиырма ауылы тағы да дүрк көшті (Абай, I)әлде «ән» деп, "сән" деп, осы жаз бойы өзің серімастанып бүркеп отырмысың? (Абай жолы)

Бір қарағанда, қабылдауға қиындық келтіргенімен,сөйлем ішінде, мәтін орайында олардың мағыналарын ұғынуға болады. Осы орайда жазушы Т.Ахтановтың: "... олМ. Әуезов талай өлі сөздерге өмір бітірді, ол құрған сөз тіркесінде сезіміңді жалын боп шарпитын от шашырап тұратын-ды" - деген сөзі ойға оралады [1; 93]. Бұл сөздер әшейін ғана қолданыс тауып отырған жоқ,шынында да, эмоциональдық әсер беріп түрады.

Троптарды (метафора, метонимия, теңеу, эпитет т.б.) >орайымен жұмсауда М. Әуезов алдына жан салмайды. Осылартіркесе қоймас-ау деп күдік тудыратын сөздердің өздері Әуезов қаламына іліккенде, айрықша мәнге ие болып, кейіпкерлердің жан дүниелерін ашуға ерекше қызмет етеді.Көп реттерде мұндай сөз қолданыстары жазушыныңокказионализмдері болып та көрінеді (өмір аязы; сұрғылт топ; жұқа толқындай бұғақ; тоны жібімейтін әке; мөлдір үн, ыстық ермек; жұтаң қыста күн райын баққан бақташыдай; шыныланған қар т.б.):Енді, міне,өмір аязының алдыңғы болып, Жампейіс арқылы, қойшылар арқылы келіп >жатқан сұм салқын сол ғой деп ұққан-ды (Абай, I). Өңшең тоң, шекпен киген сұрғылт топтың пішіні де қазіргі күзді күздіңсұрғылт, letter-spacing:жабырқау аспаны сияқты күңгіртЖұмсақ жұмыр иегінің астында жұқа ғана бірболыпнәзік бұғақ білінеді Мөлдір нәзік үнмен ақырын күлді. Қарлығаш қанатының ұшындай үп-жендеттің жебесіндей(Абай, I)

Осылайша әлдебір заттарға қатысты салыстырмалыұғымдарды адамға байланысты қолданып, табиғат құбылысында болып жататын қасиеттерді де адамдардың жан-дүниесін бейнелеу үшін пайдалану автордың көркем сурет салуына көп септігін тигізеді. Мұқаңның өз ойы да осыны айғақтайды: "...күндегі, қүлаққа сіңіп жүрген тозыңқысөзден жазушының қаша сөйлейтіні бар. Әдейі өзінің тілін тақ-тақ тіл етпей, шеберлік, көрік іздегісі келеді. Кенеулі ойды да көрікті,әсерлі етіп айтпаққа талпынады", - дейді ол [2;278].

Табиғат көрінісі мен жансыз деп есептелетін кейбір заттарға «жан бітіріп»,адам әрекетімен астастыра бейнелеуі жазушының тағы бір үлгілі жағын көрсетеді. Әдетте күн шығып жатады, көтеріліп жатады- мұның бәрін адам санасынан тысқары құбылыс делік. Бірақ жазушы оны «қинала» немесе қысыла, яғни, адамша әрекет жасағандай суреттейді: Таң атқанда жел басылып, жауа бораған боран айығыпты. Алыстағы ақ белден жаңа көрінген күн қып-қызыл екен. Қысылып, қиналып шыққандай (Абай, I). Сол сияқты, самауыр да "кіріп келеді", «бусана тыныс : ... екі иіндеріненбусана түсіптыныс алған сары самауырлар кірді. Кірді де, бар қонақтыңкүйін келістіріп, көңілін тапты (Абай, I).

Тегінде, "...жазушының көркөм әдебиеттегі тілі тек жабайы, жұпыны ұғым тілі ғана болып қоя алмайды. Ұғым, түсінікпен катар, ой, сезімге де бірдей әсер етерлік айшықты сөйлеу шарт. Ылғал жоқ, дәм жоқ, текграмматикашылдың сәл ғана білген, күнделік калыпта тұтынып жүрген, шама-шарқына өлшенген әдебиет тілі көркем болып жарытпайды" [2; 281].

И.С. Тургеневтің Е.Е. Ламбертке жазған бір хатында: "Сіз орысша өте жақсы жаза алатыныңызды біліп отырсыз ба? Тартынбаңыз, грамматика мен синтаксистің тұмсығынан соғуға батыл болыңыз, сонда өте жақсы шығады", - дейтіні бар. Мұқаңның да грамматикашылдықты сынға алғанын еске салдық. Тағы бір үзінді келтірейік: "Кейде бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш - бәрі бірдей-ақграмматикашылдық үйреншікті өлшеуі бойынша тізіле тұрып-ақ, жазушы сөзі су татып, сорға батып тұратыны болады! Мейлінше болады"[2; 281]Мұның аты - әсте де ұлы жазушылардың тіл білімініңтұрақты жүйелеріне, ярустары мен деңгейлеріне қарсылығы емес, керісінше, нормативтік грамматиканың қалыбында қалып қоймай, сол тұлғалар мен конструкциялардықолданыстағы таптаурын, керек десеңіз, адамдыжалықтыратын, мезі ететін дағдыдан саналы түрде бас тартып, көркем әдебиет тілі тұрғысынан әсерлі құрастырабілуге шақыру деген сөз.

Осы ретте Әуезов шығармаларында тосыннан құрылған сөз тіркестерін беллетристика тілінің ерекшелігіне лайық депқарастыруымыз керек. Мәселен, мінез болу; күдік етуші;жайнай жану; саналы от; майысқақ ептілік; көз қыдырады;неше саққа мінгізу; ұқып болу; тойлар айықпады; әңгімесөйленді; түсін суыққа салды; сөзін өрістету; халін ойлау т.б.: Абайдың әкесіндегі тартымды салкындык, шешесіне де көптен бері мінез болған. Өзге балаларыныңажарынан бөлек, қызулы, саналы оты бар екенЖиренше осындайда көрінетін зерек ұғымталдығымен жаңаАбай сөзін іліп алып, дұрыс өрістетт (Абай, I).

Ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, Абай шығармаларындағыморфологиялық тұлғаларды М.Әуезов те жи қолданады(алар болсам; безбек болсам; айрылмақ емес; бағын байлауға мүмкін):Ордада туған байлауын Абай көпке дейін үй ішінебілдірмек емес еді. Құдай куә, не кыз жүрегіне, не жақындар көңіліне өзім жақпас болсам, қолқа жоқ. Ата айдынымен, ауыл атағымен алар болсам, онда қызалған, жар алған болмаспын, қорлық алған болармын. Түбі ойда жоқ кедергі шығып, осы сөз бос сөз боп қалатын болса, ол Әйгерімнің бағын байлауға мүмкін(Абай, II).М. Әуезов ортақ етіс жұрнақтарын өте жиі пайдаланады. Мұның өзі қимыл-әрекеттің ортақтығын білдіретіні сөзсіз,алайда сөйлем ыңғайынан сол жұрнақтарсыз-ақ ортақ қимыл түсінікті болып түрғанның өзінде, жазушы, сірә, әрекеттіңосындай ортақтастығына ерекше мән беруді мақсат ететін түрі бар: Абай да, Жұмабай да қызығып тыңдасты. Үшеу-төртеуі тұтас кіріп,сәлем берісті. Мыналар даурыға сәлем бергенде,үйде отырған екеуінің еріндері болымсыз ғанажыбыр- жыбыр етісіп. сәлем алысты(Абай, I).Дағдыдан тысқары қосымшалар жалғап немесе тосын тіркес жасау әдеті "Абай жолында" молынан кездеседі (кісілікті кісі; өскелеңдеп қалу, тартыныңқы еді; іс жеңілдейсің; бата оқыршылар; ырзалау, қашаңдау жол, малқор,қонағуар, тоқтамды ана; сөйлей бара жатыр; бейбітсу: қызғын жай, шығыса бастау т.б.):Жұмабай- кісілікті кісі.Биыл денесі өскелеңдеп қалған баласы мінезі жағынан да ересек тартқан сияқты. Бөжейлер алған кезде тасты біреу алып, біреу алмай, тартыныңқы едіҚатты кеткен күйменің шұбыра бұралған шаңы ішіненшылдыраған қоңырау көпке шейін ойнай, сөйлей барады (Абай, II). М. Әуезов қолданысындағы қос сөздер қимыл-әрекеттің молдығын немесе үдемелілігін көрсетуге қызмет етеді: ұзақ-ұзақ жарысу; шаба-шаба жөнелісу; салқын~салқын көздер; қалың-қалың қойлар т.б.

Бір сөзді екі не одан көп қайталау арқылы автор айтайын деп отырған мәселесіне оқырманның назарын ерекше аударып, есте сақталуына ниет етеді: ... тап мынадай ашуы мен сабырын оңай жұмсап, оңай тежеп,оп-оңай бұрып салып отыратын шын ұстамды адамды Абай осы Байдалыдан ең алғаш рет көріп отыр. Жиырма-отыз қой бар,үш-төрт қарасы бар үй-қалың елдің көпшілігі.айда ішері, мінері -сол. Сояры, сатары - сол. Киер киімі, баспанасы да - сол, айналдырған аз тұяқ (Абай, I). "...Мен кейде орыс сөзін алмай отырып, орыс әдебиет тілінің өсу жолында поэзиялық тіл табыстары қосқан кей жаңалықтардан да үлгі алуға тырысамын", - деп жазған едіМұқаң /2; 278/. Мұның мәнісі - орыс тіліндегі сөздерді сол күйінде немесе аудару арқылы қабылдау ғана емес. Мұның мәнісі орыс жазушыларыныңшығармаларында кездесетін оңтайлы сөйлем құрастыру дағдысын қазақ тіліндегі көркем әдеби туындыларда пайдалану. Бұл ретте М.Әуезов шығармалары өзге тілдегі сөзорамдарын шығармашылықпен қолданудың өнегесін көрсетеді. Алғашында оғаштау көрінуі мүмкін, бірақ бара-бара сіңісіп кетері де шындық. Осыған орай көмектес, кейде табыс, барыс септіктеріндегі сөздердің байланыстарын айтар едік) қысталаңмен пайдалану; мұңмен жүдеу; тілеулестікпен тебірену; қою қызғылтпен ду ете түсу; көңілмен алыстау; оттылықпен қарау; ызамен қайнау; жасқа үлкен;көршілерімізді зекімеңіз т.б.):Тоғжанды ойласа, Абай көңілі де бұл шақта арылмас мұңмен жүдейді көзінің, ақ-қарасы ап-айқын боп, жалт-жалт етіп, ширақ бір оттылықпен қарайды. Құнанбай өз басы бір шешеден жалғыз, бәйбішенің жалғызы... Жасқа да көп туысынан өзі үлкен. Ұрмақ түгіл, зекімеңіз көршілерімізді(Абай, I).Мұхтар Әуезовтің ана тілін барынша жетік меңгергенініңжәне ана тілін байытуға ересен үлес қосқанының бір дәлелі– оның үлкен толғам мен катаң талғамынан туған қанатты сөздері. Ол сөздерді автор өз атынан да айтып жатады, кейіпкерлерінің аузынан да сөйлетеді. Қалай болғанда да, сөз эстетикасы мен терең философиялық түйіндердің мейлінше байланыстылығы кімді болса да таң қалдырмай қоймайды. Айталық, "... адамның қай мінезі қасиетті болса, сол. "Бөрінің артынан ақылды болған соң ереді дейсің ғой"«Құрсаулы жаудан қорықпаған жүрегім қайынға барғанда жеңгелерден қорықты". "Жамандықтан жүққыш нәрсе бар ма? Оны тапқан ақылды болғаннан таппайды. Және тапқанмен, қарқ болмайды. Шын тапқан деп жақсылық тапқанды айт та». "Тірісінде алғыс алмасаңенді тым құрыса, өлі аруағынан қарғыс алма. «Иісі аңқыған бәйшешегің де, күзі келсе, қуарады. Әл-қуатың кеткенде, алма бет те суалады". "Піспеген адамның қолындағы билік жас баланың қолындағы ұстара пышақ сияқты: не өзі арандайды, не өзгені арандатады" "Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы - әдеп пен сый екені рас" "Өзгеге салар емес болса да, менің шешем - сөзін тастар кісім емес». "... ой да көп, уайым да көп, ойлай берсең; ойда жоқ, уайымдау да жок, ойнай берсең" тәрізді мысалдарды бұдан әрі жалғастыра беруге болар еді [4; 3-4].Қанатты сөз дегеннен шығады, М. Әуезовтің шешендігі біз мысалдар келтірген эпопеядан ғана емес, оның көп жанрлы барлық, шығармаларынан танылып отыр. Ғылыми мақалалары мсн монографияларында, теориялық конференц ия сияқты үлкенді-кішілі бас қосуларда Әуезовтің түйдек-түйдегімен айтылған ұтымды да дәлелді сөздерінің талайлары көпшіліктің аузында осы күнге дейін айтылып жүр. Тіпті әлдебір әңгіме-дүкен барысында сөйленетін сөздерінің өздерінде ұтқыр ойды тартымды етіп беретін тек М. Әуезовке ғана тән сөз оралымдары қаншама! Академик З. Қабдолов қайсыбір сөйлеушінің парықсыздығын, пікірініңшашыраңқы, берекесіздігін байқағанда, Мұхтардың кейіс білдіріп: "Бәлі, тәрбиесі кемшіл, жетесіз де көшесіз бейшара екен-ау мынау" деп отыратынын еске алады.Жазушы Ғ. Сланов Мүқаңның "мысық жеген шектей" деген сөз орамын мысалға келтіреді. Әр сөзді қалт жібермей, зердеге салып жүретін ақын М. Әлімбаевтың естелігінде Мұқаңның фармацевпен де, гидротехникпен де, агрономмен дс сол мамандықтардың терминдерін қолданып еркін сөйлесе беретінін өнеге тұта жазады. Демек, Мұхтар Әуезов сияқты заңғар тек шығарма жазу үстінде ғана емес, қаламнан қол босағанда да ана тілінің мол қазынасын барынша пайдаланып, тілдің мәдениеті мен байлығын арттыруға бар мүмкіндігін жұмсай жүргеніне көз жеткізуге болады. Демек, сөз қадірін. оның қуатын ешқашан естен шығармағы былай тұрсын, бүкіл болмысымен осы мақсатта тіршілік еткені білініп тұрады. Сондықтан да қазақтың зиялы ұлдарының бірі І. Омаровтың "Мұқаңды ең алғаш сөзінен танығам, ал сөзді ең алғаш Мұқаңнан танығанмын" деуі көп адамды ойландырса керек-ті [5; 48].Кезінде Мұхтар Әуезов көркем әдебиет тілін зерттеу ісі ғылымдық дәрежеге жете алмай отырғанына орынды қынжылыс білдірген еді. Ондай толғамды ой айтылғаннан бергі жарты ғасырдай уақыттың ішінде жақсылыққа бет алған біршама өзгерістердің болып жатқаны белгілі. Бүгінгі таңда төрт аяғынан тең тұра қоймаса да, беллетристика тілін жан-жақты зерттеу мәселесі қолға алынып отыр. Басқаларды айтпағанның өзінде, Мұқаңның шығармаларың лингвистикалық тұрғыдан қарастыру жағы да жанданып келе жатыр.Адам, азамат ретінде Мұхтар Әуезовтің сәби, балауса, балғын, өспірім, жігіт кездерді басынан кешкені сөзсіз. Ал,жазушы Әуезовтің балаң, балдырған шағының болмағаны хас шебер ретінде бірден өзіне көпшіліктің назарын аудартқаны әдебиет сүйер қауымға жақсы мәлім. Өте сирек құбылыс болғанымен, бұл таңғажайып, ұлыларға ғана тән ерекше жай. Бұләңгіме-повестері к уә. Олай болуының табиғи заңдылығы бар: Мұқаң жас кезінен-ақ туған халқының фольклоры мен ауыз әдебиетін аса бір сүйіспеншілікпен оқып, үйренді; орыс, Европа, бүкіл әлемдік классикалық көркем дүниелердің барлығын дерлік тек бойға сіңіріп қоймай, зерделі ой елегінен өткізді; бұларға қоса, эстетика мен әдебиет теориясын, дүние жүзілік әдебиет тарихын еркін меңгерді. Сөйтіп, шығарма жазуға жан-жақты ізденістің, терең ғылыми толғаныстың нәтижесінде, мол дайындықпен кірісті /6; 64/. 

ӘДЕБИЕТТЕР

1.    Айтматов Ш. М. Әуезов әлемі. – Алматы: Жазушы, 1997. – 198 б.

2.     Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1979. – 320 б.

3.     Әуезов М. Абай жолы. – Алматы: Ғылым, 1988. - 490 б.

4.    Ахметов З. Даналық шыңы //Егемен Қазақстан. –22 наурыз, 1996.

5.    Асаубаева А. Қилы заман хикаясындағы қаһарман хал-ахуалы //Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1997. - № 5-6. – 47-51 б.

6     Ахметов З. Даналық тағылымы //Абай. – 1997. - № 2-3. – 63-68 б.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №2 - 2005


 © 2024 - Вестник КАСУ