Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

ХАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫН РЕТТЕУ ƏЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ РЕТІНДЕ

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №3 - 2009

Автор: Оразгалиева Арайлым Канатовна

Жұмыссыздық қоғам өміріне тән құбылыс. Ол бұған дейін де болған, алдағы уақытта да бол бермек. Бұдан кейде әрқилы әлеуметтік – экономикалық проблемалар да туындап қалып жатады. Қазіргі нарық жағдайында қай жерде болсын жұмыссыздар санының көбейе түсер ықтималдығы да мол. Себебі, оның мынандай факторлары бар екендігі бәріне белгілі жайт. Мысалы, өндірістің жаппай автоматтандырылып, механика - ландырылуы, еңбекті интенсивтендіру деңгейінің артуы, өнеркәсіптің және әр түрлі мекемелердің дағдырысқа ұшырауы, тіпті соның кесірінен жабылып қалуы, сондай- ақ мамандандырылудың біржақты жүргізілуі – осындай себептерден жұмыссыздық асқына түсері мәлім.

Макроэкономикалық тұрақсыздықты сипаттайтын және үнемі өзгерісте болып отыратын маңызды құбылыс бұл - жұмыссыздық.

Жұмыссыздық – еңбекке жарамды халықтың бір ьөлігі өзіне жұмыс, пайдалы еңбек қызметімен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс [2, 106 б.].

Еңбек нарығы дегеніміз жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсыныс қалыптасатын нарық. Сұраныс фирмалар мен мемлекеттің қажеттілігі мен қаржылық мүмкіндіктері арқылы анықталады. Ұсыныс елдің экономикалық белсенді адамдарының санынан, олардың кәсіби құрылымынан және біліктілік деңгейлерінен тәуелді. Нарықтық жүйеде жұмысшы күшінің бағасы келісім негізінде, мемлекет анықтайтын ең төменгі жалақы деңгейін есепке ала отырып анықталады. Бюджеттік салаларда тарифтік жүйе шеңберінде заң түрінде анықталатын еңбек ақы нормативтері бар.

Жұмыссыздық – бұл еңбек нарығының тепе-теңдігінің бұзылуы, яғни белгілі уақыттағы немесе экономиканың белгілі бір саласындағы жұмысшы күші ұсынысының сұраныстан артуы.

Жұмыссыздықтың 3 негізгі себебі бар [1, б. 199]:

1) жұмысты жоғалту (жұмыстан шығару);

2) жұмыстан өз еркімен кету;

3) еңбек нарығында бірінші пайда болу.

Макроэкономикалық жағдайларға байланысты келесі себептерді бөлуге болады:

- экономикадағы құрылымдық өзгерістер, яғни жаңа технологияларды енгізу жұмысшы күшінің қысқаруына әкеледі;

- экономикалық құлдырау;

- еңбек ақы төңірегіндегі үкіметтің саясаты;

- құрылымдық өзгерістер;

- демографиялық құрылымның өзгеруі және т.б.

Сарапшылар пікірінше жұмыс-сыздықтың зардабын ең алдымен банктер мен банкке тікелей немесе жанама қатысы бар кәсіпорындардың (лизинг, сақтандыру компаниялары, дестрибьютерлік мекемелер т.б.) қызметкерлерді тартатынын айтады. Екінші лекте жылжымайтын мүлік пен құрылыс саласының еңбеккерлері тұр. Сондай – ақ, азық – түлік түрлерін өнді-ретін шағын кәсіпорындар мен банктердің несиесіне тәуелді көлік компанияларына да қауіп төнді. «Құрдақтың көкесі» - жыл соңында. Өйткені, былтыр басталған қаржылық дағдарыстың шарықтау шегі 2008 жылдың соңында көрініс бермек. Келер жылға бөлінетін бюджет көлемін анықтауда қысқаратын қызметкерлердің саны да бірге айқындалатыны белгілі. Шығын көлемін барынша төмендетуге мүдделі ірілі – ұсақты кәсіпорындар қызметкерлердің санымен бірге жалақыны, түрлі жәрдемақы мен сайақыны азайтуға кіріседі. Халақаралық сарапшылар қауымы кәсіпорындардың басшылары жұмыс-шыларды емес, ұжымдық мерекелік шараларды қысқартуы тиіс деген пікірде. Бүгінде әлем үнемдеудің барлық жолдарын қарастыруда.

ҚР Статистикалық агенттігінің хабарлауынша, 2008 жылдың екінші тоқсанында Қазақстандағы жұмыссыздар саны (15 пен одан жоғары жастағылар) 557,2 мың болған. Бұл – 2007 жылдың дәл осы мезгілімен салыстырғанда, 44,6 мыңға кем көрсеткіш. 557,2 мыңның 228,7 мыңы (41%) – ер адамдар, 328,5 мыңы – әйелдер (59%). Екі қолға бір жұмыс таба алмай сенделгендердің 57%-ы қалалықтар болса, 43%-ы ауылдағы ағайын. Оның ішінде, 15-54 жас аралығындағылардың үлесі – 17,5%, 25-29 жастағыларда - 22,1%, 30-39 жастағыларда – 24,6%,40-44 жастағыларда – 7,7%. Жоғары білімділердің еншісіндегі пайыздық үлес – 22,2%, (123,8 мың). Орташа кәсіби мамандық иелері – 9,9% (55,2 мың), орташа жалпы білімі барлар – 38,1% (212,2 мың). Штат қысқарту мен келісім мерзімі аяқталғандар 116,9 мың адам (21%), өз еркімен қызметтен кеткендер – 104,6 мың(18,8%). Бүгінде Қазақстандағы ең ірі инвесторлардың бірі – Arselor Mittal тобының 4,2 мың жұмыскерінің келешегі де бұлыңғыр. Қазан айында компания басшылығы 4,2 мың қызметкерді ақысыз демалысқа жіберген болатын. Ресми деректерге сүйенсек, түрлі салада тер төгіп жүргендер 7,9 млн.-ға жуық. Еліміздегі кәсіби біліктілігі жоғары мамандардың жұмыссыз қалуына сырттан ағылған заңды және заңсыз арзан еңбек күшінің ықпал еткені айқын.

Сызба 1 - 2006 жылға Қазақстандағы жұмыс күші, жүмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар [5- ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері негізінде автормен құрылды]

Жұмыссыздар саны 101,4 мың адамға қысқартылды (3, б. 4).

Сурет 1 - 2002-2007 жж. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздар саны

Жұмысбастылық саласында және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік реформаларды келешек терең-дету және әлеуметтік қамтамасыз етудің көпдеңгейлі курсы құру жүзеге асырылды.

Халықты жұмыспен қамту деңгейін өсіруді жетілдіру және жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылданды. Заңдық база жетілдіріліп, мемлекеттік көмектің мөлшері арттырылды (3, б. 9).

Жұмыссыздық деңгейі – жұмыс күшінің әрбір нақты кезеңде жұмыспен қамтылған үлесі [2, 106 б].

*- 2007 жыл МЭБП бағалауы бойынша

Сурет 2 - 2002-2007 жж. ҚР-дағы жұмыссыздық деңгейі және жұмыспен қамтылғандар саны

Қазіргі уақытта әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға жәрдем беру Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылуда

Аталмыш Заңда қарастырылғандай, жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамдарға яғни, облыстарға атаулы көмек көрсетіледі. Кедейлік шегі дегеніміздің өзі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 %-ын құрайды. Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда немесе республикалық маңызы бар қалалар мен астанада отбасының әрбір мүшесіне белгіленген кедейлік шегінің айырмасы түрінде есепетеледі.

Жұмыссыздарға - халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы, қаралып отырған кезең ішінде бір мезгілде үш негізгі критерийге жауап беретін адамдар жатады: жұмыссыз болды (табысты жұмысы болмады), оны іздеумен белсенді айналысты, белгілі бір кезең ішінде жұмысқа кірісуге әзір болды [5].

Республиканың еңбек рыногы жұмыспен қамтылған халықтың саны өскенін және жұмыссыздық деңгейі төмендегенін сипаттайды. 2007 жылы экономикалық белсенді ауыл халқының саны 3,9 млн. адамды құрады, экономикалық белсенді халық деңгейі 74,5%-ға жетті. Ауылдық жерде жұмыспен қамтылғандар саны – 3,7 млн. адам, оның ішінде жалданбалы жұмысшылар – 1,8 млн. адам және өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны – 1,9 млн. Жалпы ауыл халқының жұмыссыздық саны – 249,0 мың адам, бұл еліміздегі барлық жұмыссыздықтың 41,7 пайызын құрайды. Жұмыссыздық деңгейі – 6,4% ауылдағы жұмыссыз жастар деңгейі – 7,2%.

Ауылдағы жұмыссыздықтың бір-шама жоғары деңгейі Манғыстау және Қызылорда облыстырында қалыптасып отыр. Ол жақтарда сәйкесінше 10,2 және 8,9%-дық көрсеткіштер сақталуда. Ал жұмыссыздыққа барынша қарқынды қарсылықты Шығыс Қазақстан облысы көрсетуде. Ондағы статистика бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ға тұрақтаған. Сондай – ақ, Онтүстік Қазақстан облысы 10,8 мың шаруа қожалығы құрылған. Ал Солтүстік Қазақстанда бұл көрсеткіш 9,6 мыңға жетіп жығылса, Онтүстік Қазақстан облысында 7,3 мың бірлестік қазіргі таңда жұмыс істеп жүр.

Өткен жылдың 1 сәуірінде жұмыспен қамту органдарына 28 мың жұмыссыз тіркелген екен, оның 50,7 пайызы ауылдық жерде тұратындар. 2008 жылы 1 қаңтарда жұмыспен қамту органына жұмыс іздеп 97,8 мың жұмыссыз келген. Осы мәліметтердің өзінен – ақ қазіргі кездегі жұмыссыздықтың ең өзекті пробле-малардың бірі екенін түсінуге болады. Мұның салдарын жою үшін біздің министрлік көптеген бағдарламалар құрып, елеулі жұмыстар атқарып жатыр. Жұмыспен қамту органдарына келген-дердің көбі өздеріне қолайлы жұмыс тауып алып жатыр. Мәселен, ауылдан ат арылтып жұмыспен қамту органына көмек сұрап келгендердің 86 мыңы немесе 88% жұмысқа орналасты. Бұл дегеніміз үлкен шаруа деп айтуға болады. Жұмысқа орналасқандардың ең жоғарғы деңгейін Солтүстік Қазақстан (101,7%), Қарағанды (100,0%), Атырау (99,7%) және Қостанай (96,7%) облыстары көрсетіп отыр.

Ауылдық жерде тұратын жұмыс-сыздарды жұмысқа орналастырудың төменгі деңгейі Маңғыстау (41,1%), Шығыс Қазақстан (77,5%) және Павлодар (78,3%) облыстары. Дегенмен бұларда да көп ұзамай жандану байқалады. Көктемгі егіс науқаны басталды дегендей.

2008 жылдың 1 қаңтарына ауылдық жерде 60,3 мың жұмыссыздар қоғамдық жұмысқа қатысты. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстармен қамтудың біршама жоғарғы көрсеткіштерін Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстары көрсетті. Алайда олардың шаңына да ілесе алмай қалғандар да бар. Атап айтсақ, Қарағанды облысы тек қана 2,7 мың, Жамбыл 1,8 мың, Маңғыстау 1,7 мың адамды қоғамдық жұмыспен қамти алды.

Проблема атаулы іле сөз етіліп, ол асқынбай тұрғанда түйінін шешуге ұмытылмас жасалғанда ғана күн тәртібінен біртіндеп сырғи беретіні түсінікті шығар. Сонымен, елорданың осынау шетін мәселесін қандай жолмен реттеуге болар екен? Тұйықтан қалай, уақыт созбай шыға аламыз?

Әр сұрақтың соңында адам тағдыры бейнеленіп тұрғандай. Мысалы, 2006 жылдың үшінші тоқсанының мәліметтеріне сүйенсек, Астанада тұратын жасы 15 және одан жоғарыдағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 302,3 мың адамға жеткен екен. Бұл 2005 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,2 мың адамға артық, яғни 3,5 пайыз көп. Мұндағы ерлер үлесі 50,3 пайыз (152,0 мың адам) ал әйелдер 49,7 пайыз (150,3 мың адам) болды.

Атқарылып жатқан мақсатты іс – шаралардың нәтижесінде бүл салада айтарлықтай ілгерілеу байқалады. Оның жарқын мысалы, өткен жылдың үшінші тоқсанында 278,7 мың адамның жұмыспен қамтылғанынан көрінеді. Алдындағы жылғы кезеңмен салыстырғанда 10,0 мың адамға көбеюі әлгі сөзімізге айғақ болатындай. Демек, жұмыссыздар саны аз да болса кеми түскені істің оңға басқаның аңғартады.

Келтірілген осынау сандардың астарына үңіліп көрсек, біраз жайттар айқындала түседі. Әсірісе, үшінші тоқсандағы еңбек нарығының негізгі индикаторларын сараптау арқылы кейбір проблемалардың тұрақтылана беруінің сырына көз жеткізе аламыз. Мәселен, жұмыспен қамтылған Астана халқының жалпы санына шаққанда жалдамалы қызметкерлер саны 91,4 пайыз, яғни 254,7 мың адам құрайды. Ал өз бетінше қызмет істейтіндер 8,6 пайыз ғана. Осының өзінен жұмысты тұрақты істейтіндердің қатары молығып, нығая түскені сезіледі. Бұл дегеніміз жақсылықтың белгісі. Адамдардың осындай амалмен орнықты көңіл – күйін сапаластырудың маңызы зор екендігі белгілі. Бүгінгі нан – несібемді қайдан табамын деп, дүдәмал күйде жүретіндердің санаты азайған сайын қоғамдағы әлеуметтік жағдайдың тұрақтылана түсетіні де кәміл.

Енді жалдамалы қызметкерлердің қандай меншік нысандарында жұмыс істейтінін саралап көрелік. 127,1 мың адам (жалпы санның 49,9 пайызы) мемлекеттік ұйымдарда, 116,6 мың адам (45,8 пайыз) мемлекеттік емес ұйымдарда, 11,0 мың адам (4,3 пайыз) жеке тұлғаларда өз нәпақаларын тауып жүр. Бұдан шығатын қорытынды не? Әлі де болса шағын және орта бизнес саласының кенжелеп дамып отырғанынан олардағы жұмыспен қамту көрсерткіштерінің төмен екендігібесенеден белгілі бола түседі. Осы жерде мынадай жақсы мысалды сыналап кетудің еш артықтығы жоқ. Өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың құрылымдағы жұмыс берушілердің үлесі 33,1 пайызға жетіп, олар 7,9 мың адамды еңбекке жұмылдырып отыр екен. Байқайсыз ба, өз беттерімен кәсіп ашып, соған өзгелерді тарта білу, әрине, нарық жағдайындағы қала адам-дарының белсенділігін танытса керек. Мұндай оң үндірісті одан әрі жалғастыра берудің тиімді жолдарын іздестіре білген абзал. Сонда оның шапағаты қазір өз беттерінше жұмыспен айналысып жүрген 16,0 мың адамның қатарын едәуір селдіретуге себесін жасаған болар еді? Осы жағын да ескерген жөн. Статистика тілімен айтсақ, қаладағы экономикалық тұрғыдан енжар халықтың саны 150,5 мың адам болыпты. Бір өкініштісі сол, алдындағы жылдың салыстырмалы кезеңіне қарағанда 0,3 пайыз өсім болған. Әрине, ойлантатын жағдай. Енді соны таратыңқырап көрсек, әлгі бағамдағы халықтың негізгі үлесін күндізгі оқу бөлімдерінде оқитын оқұшылардың 49,8 пайызы құрайтын болып шықты. Ал зейнеткерлер үлесіне тиетіні 26,0 пайыз деңгейінде.

Бір қуаныштысы, қала халқының жұмыспен қатылғандар құрылымында жоғары және аяқталмаған жоғары білімі бар тұлғалар үлесі 69,0 пайызға жетіп, осы буынның қамтылу аясы едәуір кеңи түскендігі. Одан кейінгі орын 21,2 пайызбен арнаулы орта кәсіптік білім алушыларға тиеді. Былайға бастауыш кәсіптік, орта және негізгі, сондай – ақ бастауыш білімі барлардың үлесі 9,8 пайыз көлемінде.

Жұмыспен қамтылғандардың қандай салаларға шоғырларғандығын білу артық емес секілді. Бірінші орында 74,3 пайыздық үлеспен қызмет көрсету саласы тұр. Мұның да жөні бар. Соңғы жылдары бас шаһарда халыққа қызмет көрсетудің түт – түрі кеңейіп, көлемі мен сапалық жағы да біршама жоғарылай түскенін екенің бірі біледі. Сондай – ақ, халық санының жедел арта түсуі де осындай игі өзгерістерге ұйытқы болуда.

Осы ұғымды жалғастырсақ, өнеркәсіп пен құрылыста жұмыспен қамтылғандардың саны 24,5 пайызға жеткен. Оның да сыры белгілі. Бұл екі сала да өзіндік өріс табуда. Соңғы орында 1,1 пайызбен ауыл, орман және балық шаруашылығында істейтіндер тұр. Әрине, дамуы кенжелеп қалған саланың қамтитын үлесі де онша мардымды болмайтыны түсінікті жайт.

Біртіндеп ең бір толғақты мәселе – жұмыссыздық жайын сөз етуге де келіп қалғандаймыз. Өзіміз әңгімелеп отырған үшінші тоқсанда олардың саны 24,0 мың адам болды. Яғни, жұмыссыздық деңгейі – 7,8 пайыз. Алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 пайызға өсіп кеткен. Әрине, өкінішті. Бірақ кемі-тілетініне дәме бар. Өйткені қолға алынып жатқан ұйымдастыру шараларының пәрменділігімен үміт мол.

Бір қызығы, ер адамдар арасындағы жұмыссыздық деңгейі экокномикалық тұрғыдан белсенді халыққы шаққанда әйелдерге қарағанда едәуір төмен болып шықты. Көрсеткіш тиісінше 1,9 және 13,8 пайыз. Әйткенмен, жұмыссыздардың жалпы санында әйелдердің үлес салмағы 87,8 пайыз құрап, әлі де болса олардың пайдалы еңбекпен қамтылуы көңілдегідей емес. Міне, осы осал тұсқа тиісті органдар назар аударғаны жөн.

Жұмыссыз халықтың жас шамасын анықтап, біліп отырудың да пайдасы зор. Енді соған тоқталайық. Жұмыссыздар құрылымындағы негізгі үлес 25-54 жастағы тұлғаларға тиесілі екен. Былайша айтқанда олар 80,2 пайыз құрайды. 55 жастан асқандардың үлесі 3,6 пайыз болса, ал 16,2 пайыз деңгей 16-24 жас аралығын қамтиды. Осы деректерден не аңғаруға болар еді? Біріншіден, әлі де болса жастардың түпкілікті жұмыспен қамтылуы онша еместігі. Екіншіден, зейнеткерлік жасқа тақап қалғандардың біразының бос жүруінен жас кездегі бейнет пен есейген шақтағы зейнеттің арақатынасын көрер көзге алшақтатып жіберетін кереғарлық байқалады.

Ал енді жұмыссыздықтың белең алуына қалай жол берілуде? Оның да өзіндік себептері бар. Сөз болып отырған үшінші тоқсанда штат қысқаруына, кәсіпорындардың тарауына немесе келісім-шарт уақытының аяқталуына байланысты 8,7 пайыз жұмыссыздық орын алған. Ал өз кезегінде оқу бітіргеннен соң жұмыс іздеушілердің үлесі 2,7 пайызға жетіп, жалпы саны 0,6 мың адам болған. Астана қаласының еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің деректері бойынша жұмысқа орналастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жыл басынан бері 7589 адам жұмыс сұрап келген. Яғни, бұрнағы жылдың салыс-тырмалы кезеңімен деңгейлес екені көрініп тұр.

2006 жылдың он айында 3605 адам жұмысқа орналасыпты. Бұл жұмыс сұрап кеоһлгендердің 47,5 пайызы. Салыс-тырмалы кезеңге қарағанда жұмысқа орналасқандардың саны 19,3 көбейгені көңілге медет. Осы ретте халықтың мақсатты тобына жататын 499 адамның жұмысқа тұрғанын мәлімдеудің өзі бір ғанибет. Мұны жіктеп көрсек 21 жасқа дейінгілер – 397 адам, жалғызбасты және көп балалы ата-аналар – 23 адам, кембағал жандар – 49, зейнеткерлік жасына дейінгілер – 13, т.б. Тағы бір қол жеткен табыс ол, әлеуметтік жағынан қорғалмаған халықты қолдау мақсатында жұмыс берушілермен 7 келісім-шарт жасауында дер едік [8].

Соның нәтижесінде мақсатты топқа жататын 63 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. Олардың бүгінгі аяқалысы ойдағыдай.

Сонымен бірге 2006 жылдың 1 қарашасына қаланың 291 кәсіпорындары мен ұйымдарынан 2845 бос орынға жұмыскерлерге қажеттілік өтінімдері түскені, әрине, біраз мәселенің түйінін шешуге мүмкіндік туғызары анық. Сондай-ақ жыл басынан бері 997 жұмыссыздың кәсіптік оқуға жіберіліп, 839-ының сәтті тәмамдағанының өзі ілгерібасушылықтың нышаны іспетті. Келесі бір резерв көзі қоғамдық жұмыстарға тарту болып табылады. Осындай 98 жұмыс берушімен шарт жасалып, нәтижесінде 1747 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыстармен айналысуда.

Ал шет мемлекеттердегі жұмыссыздықтың жағдайына келетін болсақ, соңғы кездері халықаралық деңгейдегі ірі компаниялар бірінен кейін бірі қызметкерлерді қысқартуға қатыс-тыжоспарларын жарыса баяндауда. Былтыр әлем бойынша жұмыссыз қалғандардың жалпы саны – 189,9 млн.-ға жеткен. Үстіміздегі жылдың басында Халықаралық еңбек бюросының мамандары аталған көрсеткіш биыл 5 млн.-ға көбейіп, 6,1 пайызға артады деп болжаған болатын. Алайда, Еуропалық статистикалық агенттік 2008 ж. наурызында ЕО-дағы жұмыссыздық деңгейі 7,1 пайызға өскенін хабарлады. Ең нашар көрсеткіш Словакия (9,8%) мен Испанияда (9,3%). Соңғы 10 жылда Испаниядағы иммигранттар саны 800 есеге көбейіпті. Кезінде экономиканың қарқын-ды дамуын сырттан ағылған арзан жұмыс күшімен қамтамасыз еткен испандық билік қазір мигранттарды еліне қайтара алмай әлек. Сыртқы миграция мәселесі астар алып үлгерген Испания ел шекарасын 3 жыл бойы аттамауға уәде берген иммиграттарға 20 мың доллар көлемінде жәрдемақы тағайындады. Еуропа күйркудің алдында тұрған экономикғамен тұралап қалған өндіріспен, көшеде сенделген жұмыссыздармен бас қатырып жатса, азиялық аймақтағы ахуал көш ілгері. Мысалы, былтыр Жер шарында құрылған өндіріс ошақтарының жиырма сегіз пайызы оңтүстік – азиялық аймаққа тиесілі – ондағы жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі 59,7 пайызға жуық. Оңтүстік – Шығыс және Шығыс Азия тұрғындарының 70,8 және 74,4 пайызы тұрақта қызметке ие.

Елбасы өзінің жыл сайынғы Жолдаударында атап айтқандай, халықтың өмір сүру деңгейінің әлеуетін және шынайы қорын анықтауда экономикалық белсенділік маңызды фактор болып табылады. Ал жұмыспен қамтамасыз ету- әлеуметтік саясаттың негізі болып қала береді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Айдарханов М.Х., Тампишева К.Б. Основы экономической теории (учебник) – 2003. - 288 с

2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экономика және қаржы/А.Қ. Құсайынов. - Алматы: «Мектеп баспасы» ЖАҚ, 2003. – 304 б.

3. Информация о ходе реализации стратегического плана развития Республики Казахстан до 2010 года (по итогам 2007 года). - Астана, 2008.

4. Касимовская Е.Н. Макроэкономика. - М., 2007.

5. ҚР Статистика агенттігінің сөздігі

6. Концепция Правительства от 27.06.2001 №886 "Концепция социальной защиты населения Республики Казахстан".

7. Сансызбаева Г.Н. Система социальной защиты населения и ее проблемы. Учебное пособие. - Алматы: «Эконо-мика», 1998.

8. «Егемен Қазақстан», 2006 ж.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №3 - 2009


 © 2024 - Вестник КАСУ