Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

ПІКІРЛЕСІМ ЖƏНЕ ҚАЗІРГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТЕОРИЯСЫ

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №2 - 2009

Автор: Мешимбаева Б.Ш.

Қазір педагогика теориясы елеулі өзгерістерге еніп, білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болуы мен білім беру құрылымында жаңа техно-логиялар өмірге келуде. Оқытудың жаңа технологияларын әр оқытушы өз тәжіри-бесінде пайдалануда. Қазір педагогикалық технология ұғымы іс-тәжірибеде жиірек қолданылып, практикаға енуде.

Ең алдымен «педагогикалық технология» терминінің мағынасын түсі-ніп, тереңінде не жатыр екенін аңғаруымыз керек. Ол үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «техника», «технология», «оқыту технологиясы», «жаңа педаго-гикалық технологиялар» ұғымдарының тарихына көз жүгірткеніміз жөн.

«Техника» терминінің екі мағынасы бар екені айқын:

- біріншісі - өндіріс құралдарының жиынтығы;

- екіншісі – бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жинағы.

«Технология» термині түсіндірмелік сөздікте «қандай да болсын істегі, шебер-ліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы», сондықтан «технология» термині сол тәсілдер жүйесі (ілім) деген мағынаны білдіреді», - деп Қ. Әбдіғалиев өз еңбегінде түсінік береді. Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалықты емес. Шынына келсек, білім беру саласындағы технологиялық идея-ларды осыдан 500 жыл бұрын Я.А. Коменский айтқан болатын. Ұлы педагог–ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың «техника-лық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестірген.

Я.А. Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина деп аталатын оқыту механизмін жасау. Ол дұрыс құрастырылған жағдайда және дұрыс пайдаланғанда күтілген нәтижені береді. Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе – 1) қатал қойылған мақсат; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтар; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табу».

Сонымен Я.А. Коменскийдің пікі-рінше: «Мақсат – құрал – оны қолдану ережелері – нәтиже» - бұл білім саласында кез келген технологияның ядросы болып табылады.

Я.А. Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқыту технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П.Я. Гальперин, А. Талызина, Ю.К. Бабанский жəне т.б.). Шетел мамандары оқыту технологиясының үш кезеңі болғанын айтады. Алғашқы кезеңде мұғалім бірде-бір көмекші құрал-жабдықсыз ауызша оқыту арқылы оқушыға білім берген. «Бұл кезде – оқыту техно-логиясының функциясын адамдар тәжі-рибесі атқарған», - дейді А. Талызина. Екінші кезеңде – кітап басып шығару игерілген соң оқыту технологиясы елеулі өзгеріске түсті, адамдарға әр түрлі дидак-тикалық материалдар көмекке келді. Үшінші кезең – қазіргі кезең, оқыту технологиясына әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техника-лық құралдары жәрдемге келді.

«Оқыту технологиясы» деген термин алғаш рет АКШ-та пайда болған. Кейіннен көптеген зерттеушілердің (Ф. Янушкевич, У. Куписевич, М.В. Кларин, Г.К. Селевко тағы басқа) еңбектерінің нәтижесінде бұл ұғым эволюцияға ұшырады. Польшаның белгілі дидакторы Ф. Янушкевич, У. Куписевич оқыту технологиясына жалпы дидактиканың бір бөлігі ретінде оқытудың ең оңтайлы жолын анықтайтын терең түсіну керектігін қолдады. «Біздің – дейді олар, - оқыту технологиясын жалпы дидак-тикамен немесе оқытудың техникалық құралдармен теңестіру ойымызда жоқ, өйт-кені, бірінші жағдайда өте кең жалпылай салу, ал екіншісінде тым бір жақты пікір болар еді».

Оқыту технологиясы дидактиканың жетістіктерін педагогикалық практикаға кеңінен енгізіп, тарады. Дидактикада оқыту технологиялары төмендегідей сипат-тарымен жіктеліп, топтастырылады:

- қолдану деңгейі: жалпы педа-гогикалық, пəн əдістемелік, бөлімдік (модульдік);

- философиялық негізі: ғылыми жəне діни, гуманистік жəне əміршіл - əкімшіл (авторитарлы);

- тəжірибе меңгерудің ғылыми тұжырымдамасы (концепция): байланыс-жауапты (ассоциатив-рефлекторлы), іс-əрекетті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы;

- тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік жəне дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-əрекеттік (оперативті- ақыл-ой əрекеттері əдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристика-лы- дарын қабілеттерін дамыту), қолдан-балы (тұрмыс-тəжірибелік əрекеттер қа-лыптастыру);

- дəстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация): оқушы іс-əрекетінің белсенділігін көтеру жəне жеделдету технологиясы; мұғалім жəне оқушы арасындағы қатынастарды Адам-иластыру мен демократияландыру негі-зінде жасалған технология; оқу материалын дидактикалық қайта түзуге негізделген технология жəне т.б.

Оқыту технологиясының топтас-тырылуы, сонымен бірге, нақты кезеңде басым болған мақсаттар мен міндеттерге, оқуды ұйымдастыру формасының қол-данылуына, дəл кезеңде қажет болған əдістерге жəне басқа да негіздемелерге тəуелді келеді.

Оқыту технологиясын оқыту əдіс-темесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-бірінен айырмасы – оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу үрдісінің жоғары сапасына жəне педагогикалық міндеттердің табысты ше-шілуіне кепіл бола алады. Ал əдістеменің соңғы тиімді нəтижеге жете алмауы жиі кездеседі.

Сонымен бірге, əдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа материалды түсін-дірудің белгілі əдістемесі бар. Егер ол əдістеме шынайылық, сенім, сəйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады.

Оқыту технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Оқыту технологиясын жете білудің өзі – шеберлік. Бір технологияны əрбір оқытушы жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді.

Оқыту технологиясын формальды жағынан алғанда, оқу ақпаратын қалып-тастыру, өңдеу, тарату, қабылдау, жете түсіну, есе сақтау және қайталап айтып беру (жаңғырту) сияқты мақсатты дина-микалық үрдіс есебінде түсіну керек. Бұл технологиялық үрдіс – білімсіздіктен білім-дікке, шорқақтықтан іскерлікке апаратын тура жол. Оқыту технологиясында оқыту және оқу қызметтері, оқыту әдістері мен тәсілдері оқытудың формасы мен тех-никалық құралдары арқылы байланысып жатады және бірігіп, тоғысып кетеді.

«Оқыту мен оқудың бірлігінің» заңдарын осылайша қарапайым түсіну, оқыту технологиясын қолданбалы ғылым деп айтуға мүмкіндік береді. Оқыту технологиясы – қолданбалы дидактика. Ол педагогикалық практиканың нақты жағдайларында оқытудың ең маңызды үрдісін іс жүзінде асырады, оқыту мен оқудың нақты қызметін бейнелейді.

Осы заманғы дидактикада əрқилы оқыту технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі - əр автор мен орындаушының педагогикалық үрдіске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіруімен байланысты.

Оқытудың технологиясы педаго-гикалық әдістерге негізделген. ХХ ғасыр-дың 60-жылдарында шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін енгізді. «Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана» (В. Беспалько).

Педагогикалық технология мынадай төрт негізгі шартты қанағаттандырады (В. Беспалько):

- педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромттарды жою қажет;

- оқушының танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие үрдісінің жобасына негізделуі қажет;

- оқу мақсатын диагностикалық түрде анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп, бағалау қажет;

- іс жүзінде оқу үрдісінің толық-тығын қамтамасыз етуі тиіс.

Педагогикалық технология тео-риялық педагогика мен практика аралығында орын алып отыр. Оны В.М. Монахов, М.В Кларин, Н.Ф. Талызина сияқты ғалымдар осылай түсінеді. «Педагогикалық технология – педаго-гикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті», - деп В. Кларин түсінік береді. Педагог–ғалым В.М. Монахов: «Педагогикалық технологиялар дегеніміз – оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі», - деген анықтама береді. Ал Н.Ф. Талызинаның анықтамасында: «Педагогикалық техно-логия – оқытудың, тәрбие құралдарының арнайы жиынын, әдісін, тәсілін, айласын анықтайтын, психологиялық-педаго-гикалық нұсқаулар бірлестігі, ол педаго-гикалық үрдісті ұйымдастырудың әдіс-темелік құралы», - делінген. Яғни, педаго-гикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы. Аталған технология әртүрлі әдістерді, тәсілдерді, тілді оқыту жолдарын, оны оқыту түрлерін, тәрбиелеу көздерін анықтайтын психологиялық–педагогика-лық үрдістердің жиынтығы.

Алғашқыда педагогтар «педаго-гикалық технология», «оқу-оқыту техно-логиясы» жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мəні «оқыту технологиясы», «тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау. Сондықтан да, педагогикалық технология - оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі, оқыту мен тәрбиенің қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, біріккен педагогикалық қызметтің жоспарлау үлгісі.

Сонымен қазіргі педагогика ғылымында «педагогикалық технология» ұғымына бірдей көзқарас жоқ, оны біреулер білімді техникаландыру десе, енді біреулер оқытудың техникалық құрал-дармен қамтамасыз етіп, компьютерлендіру дейді, ал келесі бір көзқарас бойынша дидактикалық жобалар мен педагогикалық жүйесі, оны практикада қолданудың дәрежесін көтеру болып табылады. Біздің пікірімізше, «педагогикалық технология» - кешенді, бірігімді үрдіс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдық-тарды, сонымен бірге жоспарлау, бағалау, білім меңгеру жəне тәрбиелеудің барша қырлары жөніндегі мәселелер шешімін басқаруды қамтитын дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі.

Қазіргі кезде 50–ден артық педагогикалық технологиялар бар.

Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В.Б. Беспалько, В.В. Данилов, В.К. Дьяченко жəне т.б.), екіншісі – тəжірибемен жүзеге асуы (Е.Н. Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф. Шаталов жəне т.б.).

Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: «жаңа техноло-гиялар», «білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар», «бағдарламаластырылған жəне проблемалық оқыту технологияласы», «сын тұрғысынан ойлау технологиясы», «авторлық технология» жəне т.б.

Педагогикалық технологиялар оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Жаңа оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырып, басты идеяны және нәтиже тиімділігін негізін құрап, жеке тұлғаның жетелеуіне, жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру – заман талабы. Бүгінгі таңда Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.М. Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В.Ф. Шаталовтың оқу материалдарын белгі және сызба негізінде қарқынды оқыту технологиясы, Қазақстанда профессор Ж.А. Караевтің оқытуды дербестендіру мен деңгейлік саралап оқыту технологиясы, М.М. Жанпейісованың модульдік технологиясы, Ә. Жүнісбектің үндесе оқыту әдістемесі, Ф.Ш. Оразбаеваның қатысымдық тұрғыдан оқыту әдістемесі, Ш. Бектұровтың, Қ. Қадашеваның, Қ. Сариеваның т.б. ғалымдардың әдістемелері белсенді түрде қолдануда. Бұл технологиялар теориялық тұрғыдан дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Аталған техноло-гиялардың арасында күнделікті сабақ үрдісінде пікірлесім түрлерінің тиімділігін көрсететін технологиялар - дамыта оқыту, модульдік, деңгейлеп оқыту және пробле-малық оқыту технологиялары. Осы техно-логияларға тоқталып, сипаттама берейік.

Дамыта оқыту технологиясы оқу іс-əрекеттері арасындағы аса танымалы (Л.С. Выготский, Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов).

Ғалымдар дəлелдегендей, педагогика адам дамуының өткеніне емес, болашағына бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу үрдісінде осы нақты уақыт шеңберіндегі жақын даму үрдістерін жүзеге асыра алады. «Жақын даму аймағының» мəні: адам өз дамуының белгілі кезеңінде оқу мін-деттерін басқа адамдар басшылығында не ақылдылау дос–жарандарымен араласа жү-ріп шешуі мүмкін. Келтірілген пікір жария болғанға дейін адам дамуы, əсіресе оның ақыл-ойының өрістеуі оқу жəне тəрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын.

Зерттеулер нəтижесінде (Л.В. Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен үйренуші дамуын жеделдетуге болатыны дəлелденді. Бұл үшін оқуды жоғары деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану – басты талап. Егер алдынан рухани, сезімдік күш-қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын, оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, əрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы бəсеңдейді.

Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу ұстанымына орай білім мазмұны жəне оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны ұлғаяды, əрі тереңдейді, жетекші рөл теориялық білімдерге беріледі, дегенмен, үйре-нушілердің практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды.

Дамыта оқыту технологиясы талаптарының бірі – оқу ілгерілі жəне жедел қарқында жүреді. Өткендерді жиі əрі бір беткей қайталаулар оқу үрдісінің кедергісіне айналып, оқуды жоғары қиыншылық деңгейінде өтуге мүмкіндік бермейді. Дамыта оқыту технологиясы іске асыру сонымен бірге үйренушілердің ерекшеліктеріне байланысты жүйелі- іс-əрекеттік оқу бағытын ұстануды қажет етеді (Д.Б. Эльконин).

Дамыта оқыту технологиясы идеяларының қатарына сондай-ақ оқу қызметінің əрқилы жағдайларында үйренушілердің қажет болғанды өзінше танып, содан өздігінен жауап əрекет орындауға (рефлексия) ынталандыру идеясы да кіреді. Жауап əрекетке (рефлек-сия) келу дегеніміз адамның өз əрекеттерін сезінуі мен түсінуі, оқу іс-əрекеттерінің тəсіл, əдістерін өзінше байқап, тануы. Рефлексиялық əрекет-қимылдар əрқашан өзіндік қадағалау жəне бағалаумен тығыз байланысты болатындықтан, дамыта оқыту технологиясы шарттарына орай оларға да көп мəн беріледі.

Дамыта оқыту идеясы бұл күнде еліміздің қазақ тілі мұғалімдері арасында кең қолданымда. Үйренушілердің тілін дамыта оқытудың нәтижесінде үйренуші қазақ тілінің сөз байлығын толық игеруі, тілдің фонетикалық және сөзжасам жүйесін жақсы меңгеруі, морфологиялық, синтак-систік тәсілдерді игеріп, оларды прак-тикалық тіл жасау дағдысында дұрыс пайдалану тиіс. Сонда ғана үйренуші тілді күнделікті өмірінде дұрыс пайдаланумен қатар тілдің қатысымдағы стильдік, эмоциялық, көріктеу, көркемдеу қызмет-терін де түсініп қолдана алады. Сондықтан үйренушілердің тілдерін дамыту үшін, ең алдымен олардың сөздік қорларын байыту, екіншіден, әдеби тілдің нормасында сөй-лемдерді дұрыс құрауды үйрету, үшіншіден, ойларын ауызша жеткізе білу дағдылары мен шеберлігін қалыптастыру қажет. Біздің зерттеу объектіміз басқа ұлт өкілдерін пікірлесім арқылы ауызша сөйлеуге үйрету болғандықтан, тіл дамыту жұмысының мазмұны деп үйренушінің қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде пайдалана білуіне қажетті іскерлік пен дағдыны меңгертіп, диалог түрлерін өз тәжірибесінде қолдана білу икемділігі мен машығын қалыптастыру деп түсінеміз.

Әрбір үйренушінің сөйлеу тілін дамытуда диалогтың берері мол. Барлық жастағылар диалог арқылы сөйлеуге белсене араласады. Диалог – сөйлеудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Танысу да, әңгімелесу де осы сәлемдесуден басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен тыңдаушылармен диалогта болады. Диалогты тыңдату арқылы, диалогты оқыту арқылы үйренушілердің тілдерін жаттықтырып, қатесіз әрі жылдам сөйлеуге дағдыландырады. Оларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрастырылады.

Сонымен, әр мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйым-дастыра білсе, ол үйренушінің күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөзде-ріне қолдана білуіне жағдай жасайды. Демек, үйренушінің тілін дамыту жұмысы – ол тыңдаушының жалпы ойын дамыту деген сөз. Сондықтан қазақ тілі сабақтары үйренушілердің жалпы ойын дамытуға бағытталады, яғни үйренушілердің тілін дамыту мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланысты.

Модульдік оқу технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары дəстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. Бұл технологияның мəні - үйренуші модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше (не белгілі шамада мұғалім жəрдемімен) жетеді (П. Юцявичене, Т.И. Шамова). Модуль – мақсатқа орайлас-тырылған оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын (технологиясын) біріктірген түйін, топ (узел).

Модуль құрамы: əрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, дидактикалық мақсатқа жетудің əдістемелік көрсетпелері.

Бұл технологияға орай оқу мазмұны өз алдына белгілі жинақы құрамға келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол ақпарат оқу мазмұнының көлемін ғана емес, əдістері мен олардың игерілу деңгейін де көрсететін дидак-тикалық мақсатқа сəйкес меңгеріледі.

Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл үйренушіге оқу əрекеттеріне кірісумен өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім игеру деңгейін өзі анықтауына, өз білімдері мен ептілік-теріндегі кемшіліктерді байқауына жəрдемдеседі.

Модульдік оқу дəстүрлі білім игеру жүйесімен байланыста пайдаланылуы мүмкін. Модульдер оқу жүйесінің қалаған ұйымдастырылу формасында орын тауып, оның сапасын жақсартуға жəне тиімділігін арттыруға қолданылуы ықтимал.

Соңғы жылдары Қазақстанда моду-льдік технологияның жалпы ұстаны-мдарына сүйене отырып, М.М. Жанпейіс-ованың модульдік технологиясы жасалы-нып, оқыту жүйесіне енгізілді. Бұл технологияның басты жетістігі – жеке үйренушінің білім сапасын анықтау.

М.М. Жанпейісованың модульдік технологиясының ұтымдылығы:

1) жеңілден – қиынға арттыру, тарау мазмұнына бірнеше қайтара оралу;

2) сыныпта микротоптарға бөлу арқылы ақтық үрдіс негізінен үйренушілердің өзара қатынасы арқылы іске асырылады;

3) оқу материалын әр үйренушіге тыңдауға, жазып алуға, көруге, қайталап айтуға мүмкіндік береді;

4) сөйлеу білімі өзін-өзі бағалау арқылы жүзеге асырылады да ешбір үйренуші шет қалмайды.

М.М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясын көптеген қазақ тілі ұстаздары өз іс-тәжірибесінде пайдаланып жүр. Қазақ тілі сабақтарын модуль арқылы оқыту – күрделі бір тақырыптың модулін жасау. Мұғалім бағдарлама жасағанда әр модульге тақырыбын анықтап, оның меңгерту жолдарын анықтайды. Сол кезде көптеген пікірлесім тақырыптарын әр модульге енгізуге болады. Мысалы модульдің тақырыбы «Отбасы» болса, оның пікірлесім тақырыптары ретінде «Отбасы мүшелері туралы», «Отбасының фотоальбомы», «Отбасым және мен» деген сұхбаттасуды ұсынуға болады.

Оқу модулі үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сұхбаттасу және қорытынды бөлімінен тұратыны бәрімізге мәлім. Солардың ішіндегі сұхбаттасу бөлімінің негізгі мақсаты – қазақ тілінде ауызекі сөйлеуді меңгерту. Бұл жұмыс өз кезегінде диалог жүргізе білуді көздейді. Сұхбаттасу кезінде сынып шағын топтарға бөлініп, үйренушілер өзара әрекет, қарым-қатынас жасауға тырысады. Бұл кезде пікірлесімнің түрлерін ұйымдастыру: пікірталас, топтық жұмысты қолдану – оқытудың міндетті шарты деп есептеуге болады. Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне меңгертудің міндеті оларды сөйлету, сөздік қорларын қалыптастырып, байыту болса, модульдік технологиясының мүмкіндігі мол. Әсіресе сұхбаттасу бөлімінде пікірлесімнің белсенді түрлері арқылы көп нәтижеге қол жеткізуге болады. Сабақтың басында тілдік ортаға енгізу үшін сұрақ-жауап жаты-ғуларын жиі қолдана отырып, үйре-нушілердің ойлау, мәдениетті сөйлеу дағдыларын дамытуға болады. Ол үшін пікірлесім жаттығулар арқылы жоғары нәтижеге жетуге болады. Мысалы, келесі жағдаяттың біреуіне диалог құрау: 1) Сіз кітап дүкеніне келдіңіз. Өзіңізге қажетті кітапты сұраңыз; 2) Көшеде бір бейтаныс адам сізден пошта бөліміне қалай бару керектігін сұрады. Жол сілтеп жібердіңіз; 3) Сіз Астанаға ұшаққа билет алайын деп әуежайға келдіңіз. Кассирден билет сұрадыңыз; 4) Сіз жазда Астанаға барып келдіңіз. Досыңызға көргеніңізді әңгімелеп айтып беріңіз, пікір алмасыңыз; 5) рөлдік жағдай - Өскемен-Астана бағытында келе жатқан автобустың ішіндегі жолау-шылардың арасындағы әңгіме. Мұндай жағдаяттық тапсырмалар үйренушілердің қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, сөйлем құрастыруға, болған уақиға жайлы ойын жеткізуге, еркін сөйлеуге және топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Сұхбаттасудың мақсаты – сөздерді қайталау, еркін де дұрыс қолдануға үйрету, грамматикалық материалды, конструк-цияны орынды қолдануға үйрету. Сұхбат-тасу үйренушілердің дұрыс интонациямен сұрақ қоюға, сөйлеудің бір қалыптылығына дағдыландырады. Сұрақ қою арқылы сұхбат алып, мемлекеттік тілде дұрыс сөйлеуге тырысады.

Қорыта келгенде айтарымыз, М.М. Жанпейісованың модульдік технологиясын қазақ тілі сабақтарында қолдану – мемлекеттік тілді оқытуда сабақтың білім сапасын көтерудің маңызды фактор-ларының бірі болып, тиімділігі тәжірибе жүзінді дәлелденді.

Деңгейлік саралап оқыту техно-логиясының мақсаты мен мақсаты мен мағынасы: әр үйренушіні оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту, оқытуды үйренушілердің әртүрлі топтары-ның ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау, берілген тапсырманың саралануы. Әр топта үлгерімі орташа, жақсы, үздік үйренушілер болады, оларға деңгейлік тапсырмалар қолдану қажет: 1 – деңгей – мүмкіндік; 2 – деңгей – міндетті; 3 – деңгей – эвристикалық; 4 – шығармашылық.

Ж. Қараев және Б. Кобдикованың еңбектерінде деңгейлік оқыту әдістемесі туралы айтылған. Бүгінгі таңда Ж. Караевтің оқытуды дербестендіру мен деңгейлік дифференциалдау технологиясы пәнге деген қызығушылықты арттыратын технология ретінде танылды.

Қазақ тілін өзге тілді аудиторияда жаңашаландырып жаңғырта оқытудың деңгейлік әдістемесінің негізін қалаған профессор Қ. Қадашеваның зерттеуінде де жаңалықтар өте көп берілген. Ғалым еңбегінде тіл үйретудің ішкі деңгейлері мен "Фонетикалық тамшылар" әдісі – тиімділігімен тәжірибеде кең таралып кеткен тіл үйретудің оңтайлы жолы болып саналады.

Қазақ тілін мазмұнын өзгертіп, сапасын арттыру мақсатында бірқатар мемлекеттермен қабылтап отырған Тіл-дерді меңгертудің халықаралық стандарт-тарында (Страсбург, 2001) көрсетілген тілді меңгерту деңгейлерін басшылыққа ала отырып, пікірлесімнің келесі тапсыр-маларын ұсынамыз:

1 деңгей – клише тілдік бірліктер көмегімен, пікірлесімде жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестермен «Кездесу», «Қоштасу», «Құттықтау», «Шақыру» тақырып аясында сұхбаттасулар, тілдік қарым–қатынаста тыңдаушылар өзі туралы, отбасы туралы мәліметтерді, сұрақтарды түсіне отырып, монолог және диалог түрінде жалпы мазмұнын айтып бере алатын тапсырмалар және т.с.с;

2 деңгей – көніл-күйін, сезімін білдіре алу, елтану бағытындағы тақырыптар бойынша сұхбаттасу, телефон арқылы сөйлесу, қызық адамдармен кезде-су, «Дүкенде», «Дәрігерде», «Көлікте», «Қалада» тақырып төңірегінде сөйлесу, сұрақ-жауап түрінде сауалнама өткізу тапсырмалар;

3 деңгей – бір жағдайды сұрап анықтай ала білу, белгілі актер, әншімен сұхбат, репортаж жүргізу, интервью алу, өз бетінше берілген тақырыптарға сұхбат кұру тапсырмалары;

4 деңгей – өз пікірін, ойын қорғай білу, біреудің ойын толықтыра білу, сөйлесіп отырған адамның ойын түзеп, қарсы сұрақ қоя білуді жетелейтін пікірталас, пікірсайыстар. Осындай деңге-йлік тапсырмалардың мақсаты – үйре-нушілерді жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, ізденушілікке, шығармашылыққа баулу.

Қорыта келгенде, орыс тілді аудиторияда деңгейлеп оқытудың негізгі мақсаты – күнделікті өмірде пікірлесім түрлеріне еркін араласып, сөйлеу, әңгімені қолдау дағдыларын қалыптастыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тіл тазалығын сақтау, үйренушінің өз бетімен білім алуы, ізденуі болып табылады.

Қазіргі уақытта қоғам шығар-машылық әлеуетті жоғары азаматтарды қажет етеді. Шығармашылық ізденіске жетелейтін бір жол – проблемалық оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту технологиясының негізгі ерекшелігі – жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерін белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуында. И. Лернер проблемалық оқытудың 4 түрін атап көрсетеді: ділгірлік баяндама, эвристикалық (пікір алысу), жеке ізденіс, (жартылай) зерттеу әдістері. Проблемалық баяндаудың негізгі мазмұны: мұғалім проблемалық жағдай туғыза отырып, ізденіс материалдарын өзі баяндап түсіндіреді, логикалық іс-әрекеттің, қайшылықтардың пайда болу негіздерін, оларды шешудің жолдарын көрсетіп береді. Үйренушілер әңгіменің желісіне зер салып, сұрақтар қояды, өз болжамдарын ұсынады, ғылыми ізденіс жүргізеді. Жеке жартылай ізденіс әдісі үйренушілерден қойылған ділгірлікті өз бетінше шешуді талап етеді. Проблемалық оқытудың үшінші, төртінші деңгейі кейде екінші зерттеумен байланысты болады, яғни оқытудың мұндай түрі стандартта емес тапсырмаларды шешуге үйрету. Үрдіс барысында үйренушілер жаңа білімдер алады, дағдыларын қалыптастырады, маңызды шығармашылық іскерлікке үйренеді.

Проблемалық оқыту технологиясы мұғалім басшылығында өтетін үйренуші-лердің оқу міндеттерін шешуге орай-ластырылған өзіндік ізденіс іс-əрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында үйренушілерде жаңа білім, ептілік жəне дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділіктері, қызығулары, ой-өрістері, шығармашыл ойлары жəне басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды (Т.В. Кудрявцев, А.М. Матюшкин, М.И. Махмудов жəне т.б.).

Жалпы түрінде проблемалық оқыту технологиясы сипаты келесідей: оқытушы білімді дайын күйінде ұсынбай, үйренушілер алдына міндет (мәселе) қояды, оған қызықтырады жəне оның шешу əдіс-тəсілдерін табуға ынталандырады. Ал үйренушілер мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен əдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның шынайылығын тексеру тəсілдерін белгі-лейді əрі талқылайды, дəйектейді, нəти-желерін талдайды, пікір жүргізеді, дəлелдейді.

Проблемалық технологияның қазақ тілін оқытудағы мүмкіншіліктерін қарас-тырайық. Проблемалық әдіс туралы белгілі ұстаз Қ. Бітібаева «Проблемалық талдау оқушылардың танымын арттыру, ойлау белсенділігін жетілдіруде үлкен рөл атқарады және өзіндік ізденістеріне мол мүмкіндік ашады, әрі дамыта оқытудың негізгі жолы ретінде де пайдалы болып келеді», деген.

Проблемалық оқытудың негізі – проблемалық ситуацияны туғызу. Пробле-малық ситуация дегеніміз шешуді талап ететін, іздендіретін, ойландыратын күрделі жағдайдың тууы. Ол үйренушілердің ойлауына, ізденуіне, өздерінше қорытынды жасауға да жетелейді. Проблемалық ситуацияны пікірлесім түрлері, пікірлесім тақырыптары арқылы салыстыру, жетелеу сұрақтары арқылы шешуге болады. Мысалы, Отан туралы сабақта сыныпты төрт топқа бөліп, келесі проблемалық сұрақтарды дайындауға болады: Біздің Отан қандай? Отанымызда қандай ұлттар тұрады? Олар қай тілді сөйлеу керек? Мемлекеттік тілдің мәртебесі қандай? Мұндай сұрақтарды сабақтың басында, қорытынды семинар сабақтарда қолдануға болады. Мысалы, «Тәуелсіз Қазақстан» атты нәтиже сабақта үйренушілер топтарына «Сіздердің туған жерлеріңіз сіздер үшін неге қымбат? Тәуелсіз деген сөзді қалай түсінесіздер? Қазақстанға оралмандар неге қайтып келіп жатыр?» деген проблемалық сұрақтар өткен материалды қайта жаңғыртып, үйренушілерді іздендіріп, әрі айтыс да тудыратын сұрақтар, әрі топтың ойлау белсенділігін арттыру да ерекшелігін көрсетеді, үйренушілердің білік пен дағдыларын және білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндіктерін тудырады.

Проблемалық оқытуда үйрену-шілерді топтарға бөліп, пікірлесімнің топтық жұмыстарының тиімділігі зор, өйткені үйренушілер өздеріне берілген проблемалық сұрақтар төңірегінде топ болып пікірлесіп, өз тобын қорғауға әзірленеді. Мысалы, «Өскемен қаласы» атты тақырыпты меңгерту барысында қаладағы экологиялық мәселе бойынша пікірталас ұйымдастыруға болады. Үйренушілерді төрт топқа бөліп, біріншіден, проблемалық жағдаят туғызып, екіншіден, проблемалық сұрақтар арқылы рөлдік ойын ойластыруға болады. Бірінші топ – қала тұрғындары. Екінші – экологтар. Үшінші - «Қала тазалығы» орталығының қызметкерлері. Төртінші – дәрігерлер. Қала тұрғындары басқа топтарға келесі жетелеу сұрақтарын қояды: экологтарға – Өскемен қаласы дүние жүзіндегі ең ластаған қалаларының бірі деген пікір бар, сіздер осы пікірмен келісесіздер ме?; орталық қызметкерлеріне – Қалада қоқыстар жатады, олар қала ауасына, қала тұрғындарына зиян келтіреді, Сіздердің орталықтарыңызда осы мәселені шешуге қандай шаралар қолданып жатыр?; дәрігерлерге – Біздің қаламыздағы экологиялық жағдай төмен екені бәрімізге мәлім, экологиямызға байланысты көптеген аурулар пайда болды, ал сонда неге медициналық қызметтің бағасы күннен күнге өсіп келеді? Мемлекеттік тарапынан бұл мәселеге көзқарас қандай?

Осындай сұрақтар үйренушілердің ойлауына, ізденуіне ғана әсер етпейді, оларды болжам жасауға, өздерінше қорытынды жасауға жетектейді.

Сонымен, проблемалық оқыту технологиясының қазақ тілі сабағындағы тиімділігі: пікірлесім арқылы үйрену-шілерге тек қажетті білім, ептілік жəне дағдылар жүйесін меңгеруге жəрдемдесіп қоймастан, олардың ақыл-ой дамуына жол ашады, өз шығармашылық қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі, өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын дамытады,

Жоғарыда көрсетілген педагогикалық технологиялардың түрлерін қазіргі жағдайда қазақ тілін оқыту үрдісінде қолдану неғұрлым тиімді екені дәлелденді. Пікірлесім түрлерін меңгертуде тілді дамыта оқыту, модульмен оқыту, деңгейлік тапсырмалар, проблема тудыру – бұл технологиялар ұстаздың да, тіл үйренушінің де шығармашылық қызметтерінің белсенді дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, кез келген педагогикалық технологияда пікірлесімнің жұптық, топтық, жеке түрлерін қолдануы жоғары нәтижені көрсетеді деген пікірге келдік. Пікірлесімнің түрлері үйренушінің тілін дамытады, тілдік шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді, қазақ тілінде мәдени-ресми қатынасқа дайындайды, қазақша ойлауға, жетексіз өз бетінше сөйлеуге дағдыландырады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Әбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технлогия // Қазақстан мектебі. – 2001. - №2. – б.8-13.

2. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии. - М., 1995.

3. Бітібаева Қ. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. - Алматы, 1999.

4. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы. Алматы, 2002№

5. Кларин М.В. Педагогическая технология в учебном процессе. – М.: Знание, 1989. – 80 с.

6. Коменский Я.А. Великая дидактика. Избр. Пед. соч. в 2-х томах. -М.:Педагогика, 1982.

7. Монахов В.М. Проектирование и внедрение новых технологий обучения // Советская педагогика. – 1990. – № 7. – С. 17-23.

8. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік коммуникация негіздері. - Алматы.: РБК, 1995.-252 6.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №2 - 2009


 © 2024 - Вестник КАСУ