Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Вопросы / Ответы

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2009

Автор: Тожыбаева Р.И.

Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер қазіргі білім беру саласында қызмет ететіндерге үлкен жауапкершілік артып отыр. Бұл жауапкершілік, ең алдымен, төменгі сынып мұғалімдеріне жүктелетіні белгілі. Соңғы жылдары акселерацияның қарқынды болуына байланысты жаңа буын оқулықтары бірнеше рет қайта өңделіп, қоғамның даму талабына сәйкестендіріліп шығарылды. Сол оқулықтармен жұмыс істеудегі мұғалімдерге қойылатын бірінші талап – қазіргі білім берудегі жаңа технологияларды қолдану. Жаңа буын оқулықтарын оқытудағы қазіргі техноло-гияны қолдану дегеніміз – өсіп келе жатқан ұрпақтың еркін тұлға ретінде дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді шығармашыл болуына жағдай жасау. Бүгінгі күннің негізгі талабы білімді адамнан әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын шығармашылық таным-мен тікелей қатынас жасайтын шығарма-шылық адамды дайындау. Осыған байла-нысты, оқыту мазмұнының түрін, әдіс-тәсілін, формасын дұрыс таңдай білу қажеттілігі туады.

Сондықтан да біздің зерттеу мәселеміз екі аспектінің мәнін ашуды міндеттейді: біріншісі, оқушылардың бойындағы шығармашылық потенциалды дамыту; екіншісі, қазіргі кезде көптеп айтылып жүрген сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасын бастауыш сыныпта математика сабақтарында қолдану.

Оқушылардың бойындағы шығарма-шылық потенциалды дамыту баланың жас ерекшелігіне байланысты жүзеге асады. Төменгі сынып оқу үрдісінде бұл жағдай балалардың қызығушылықтарын ескеріп құрылады. Төменгі сынып оқушыларының қызығушылықтары заттық элементтермен байланысты. Олардың үлкендерге еліктеу, оларды үлгі тұту ерекшеліктері педагог үшін мықты дамыту құралы болып табылады. Егер осы құрал дұрыс ұйымдастырылған болса, онда балалардың шығармашылық және интеллектуалды даму деңгейлері жоғарылайды, әрі олардың мінез-құлқындағы позитивті өзгерістер жүзеге асырылады.

Балаларды әлемнің көпбейнелі жақ-тарын шығармашылық таным негізінде көре білу қабілетін дамыту, соның негізінде интеллектуалды креативті ұрпақты тәрбиелеп оқыту, педагогикалық-психологиялық маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз. Қазіргі кезеңде, оқу жүйесін қайта құруға бағытталған талпыныстарға қарамастан, оқыту процесінде оқушыларға дайын ақпаратты жеткізіп беруге негізделген әдістемелер орын алып келеді. Мұндай әдістемелер арқылы оқушылардың жаттау арқылы еске сақтау, қайталап айту қабілеттерін ғана дамытып, біржақты ғана жұмыс жасаймыз. Оқытушы оқушының бұрынғы сабақтарында дайын күйінде берілген материалды қайталап айту жағына көңіл бөліп, соны ғана бағалайды. Оқушының дарындылығы, шығармашылық қабілеті бағалаусыз қалады. Осындай жағдайда қоғам сұранысын ескеретін болсақ, шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған оқыту әдістемелерін қарас-тырып, ғылыми тұрғыдан зерттеп, жаппай тәжірибеге енгізуді қолға алу керек. Мысалы, дамыта оқыту технологиясы, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасы, жеке тұлғаға бағытталған оқыту т.с.с. Дегенмен оқыту жұмысының табысты болуы, оқытудың озық әдістерін қолдануға ғана байланысты болып қоймай, оқушылардың шығармашылық қабілетте-рінің әр түрлілігін ескеруге де байланысты болатындығы ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Шығармашылық қабілеттің балада қалыптасуы кең диапазонды. Етек жайған нарық жағдайында шығармашылық қабілеттері бар оқушыларды анықтай отырып, оларды әрі қарай оқытудың ғылыми тұрғыдан негізделген біртұтас әдіснамасын құрастырудың маңызы үлкен. Сондықтан да барлық оқушыларды бір нұсқалы бағдарламамен оқытар болсақ, дарынды балалардың қабілетінің дамуына зиян келтірген болар едік. Мемлекетімізде шығармашыл, дарынды балаларды оқытуға бағытталған оқу орындарының ашылуы, үкіметіміздің бұл саладағы бағытының дұрыс екендігін көрсетеді. Өскемен қаласындағы №3 көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы осындай оқу орындарының қатарына жатады.

Көпжылғы зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, ең алдымен, шығарма-шылыққа нышандары бар балалармен жұмыс істей алатын, өзінің креативтілігі жоғары мамандарды дайындау керек. Қазіргі кезде бұл мәселе де өз шешімін тапқандай. Жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды жаңа техноло-гиялармен таныстырып қана қоймай, оны тәжірибеде қолдану шеберліктерін арт-тырады. Жоғары оқу орындарына енген оқытудың кредиттік жүйесі студенттердің шығармашылығын арттыруға көп жағдай жасайды.

Шығармашылық қабілетті балалық кезден бастап дамыту қажет. Ол үшін оған қойылатын кейбір талаптар мен шарттарды орындауымыз керек. Шығармашылық қабілетті қалыптастыру үшін мынадай шарттар орындалуы қажет:

- шығармашылықтың белгілі бір түріне деген нышанды дер кезінде анықтау;

- шығармашылықтың қалыптасуы мен әрі қарай дамуына жағдай жасау;

- шығармашылықтың нақты бір түріне бағыштап тәжірибелік жұмыс жасау;

- әрбір тұлғаның шығармашылығын дамытуға ыңғайлы жағдай жасау.

Психолог А.Г. Ковалев балалар шығармашылығын қалыптастырудың бір-неше жалпы жағдайларын өзінің еңбегінде ұсынған болатын. Олар:

Бірінші жағдай – баланы барлық қарым-қатынаста білу, оның оқыту пәндерінің әрқайсысындағы мүмкіндіктер мен күштерін есепке алу абзал. Бұл баланың жалпы даму деңгейін және арнайы қабілеттерін анықтауға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, оның даму жылдамдығын, меңгерген білімі мен дағдыларының қозғалысын қадағалап отыру керек. Бұндай әрекет баланың даму динамикасын сипаттауға мүмкіндік береді.

Екінші жағдай – оқытуды өнімді еңбек пен қоғамдық жұмыспен үйлестіру. Бұл баланың практикалық қабілеттер қатарының дамуы үшін маңызды жағдай.

Үшінші жағдай – тұлғаның бел-сенділігін тәрбиелеу, соның ішінде ең алдымен, еңбексүйгіштік, өз бетімен жұ-мыс жасау, ұйымдастырушылық, табан-дылық. Өйткені, бұларсыз шығармашылық қабілетті дамыту мүмкін емес.

Төртінші жағдай – оқушыларға жеке жақындауда жалпы талаптарды дұрыс ұйымдастыру. Адамдардың бір-бірінен айырмашылығы қабілеттеріне байланысты. Қабілеттің анықталуы, оның арнайы қалыптасуы оқыту қатынастарына, оқыту жылдамдығы мен деңгейіне, олардың өзара үйлесіміне байланысты.

Осы аталған жағдайлар біз қолданып жүрген сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасында жүзеге асып отыр. Олай болса, СТО жобасымен жұмыс істейтін мұғалімдер қоғамның алдындағы тұрған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда ат салысуда десек қателеспейміз.

Құрғақ ойлау мен жаттап алудан гөрі өзі ізденіп, шығармашылық әрекет еткен жағдайда ғана, оқушы білімді терең меңгере алады. Бұл ойды атақты ғалым-зерттеушілер де (Л.В. Занков, В.В. Давыдов, И.Я. Лернер, М.И. Махмутов т.б.) дәлелдеп отыр.

Төменгі буынның шығармашылық дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда жо-ғарғы сыныпқа келгенде, көбінің шығарма-шылық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады.

Сонымен бастауыш сыныпта оқушы-ларды шығармашылыққа баулу үшін қа-жетті жағдайлардың мазмұны төменде-гідей:

- сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру. Оқушылардың назарын шығарма-шылық арнаға бұру үшін үнемі шығармашылық тапсырма, міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн;

- әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың жолын әдіс-тәсілін білу;

- шығармашылық жаттығу, ойын мен тапсырмалардың мазмұны оқушылардың жас ерекшелігіне, қызығушылығына сай болуы;

- мұғалімнің оқушыларға тапсыр-маны орындауда шығармашылық бағыт-бағдар беруі;

- сыныпта, ұжымда өзара шығармашылық қарым-қатынас, шығарма-шылық ахуал орнату;

- мұғалімнің еліктеу субъектісі болуы. Шығармашыл тұлға тәрбиелеу үшін мұғалімнің өзі шығармашылыққа жақын жан болуы керек;

- шығармашылық үшін психоло-гиялық қауіпсіздік, еркіндік, ашықтық, бостандықты қамтамасыз ету. Шығарма-шылықты тежейтін үш нәрсе бар: біреуі – «сәтсіздікке ұшырау» деген қорқыныш сезімі, екіншісі - өзіне өзі тым риза болмаушылық сезімі, үшіншісі – жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу керек;

- оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу керек. Сол үшін мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас жүйесін күшейту;

- шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру қажет. Мұғалім оқушыларды шығармашылық түрлеріне үйретіп, баулу үшін көркемдік шығармашылық өлше-гіштерімен өзі де қарулануы керек.

Зерттеу тақырыбымызға арқау болатын бастауыш сыныптағы математика пәнінің мазмұнына көз жүгіртіп, осы сабақтарда оқушылардың шығарма-шылығын арттырудың жолы ретіндегі СТО жобасы туралы сөз етейік.

Бастауыш сыныптардың матема-тикасы мектептің негізгі сатысындағы математика курсының ажырамас бөлігі болып табылады. Осыған сәйкес бастауыш мектепте математиканы оқыту мынадай жалпы мақсаттарға жетуді көздейді: мемлекеттік білім стандарты деңгейде білім, білік және дағдыларды игерту; «Математика» пәнінің мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондай-ақ ата – дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты жалпы адамзаттың мәдени мұраларымен үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру; оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, нтеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту; мектептің негізгі сатысында оқуға, меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындауды жүзеге асыру.

Осы мақсаттарға сәйкес матема-тиканы оқытудың мынадай жалпы міндет-тері айқындалады:

- баланың тұлға ретінде қалып-тасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;

- математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;

- оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі сатысында оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.

Қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған әлеуметтік сұранысқа орай анықталған осы мақсаттар мен мін-деттер бастауыш математикалық білімнің жаңа мазмұнын жасаудың, онымен үйле-сімді оқытудың әдіс-тәсілдерін, құрал-жабдықтарын және ұйымдастыру түрлерін анықтаудың қажеттігін көрсетеді.

Өскемен қаласындағы № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының мұға-лімдері оқушылардың шығармашылығын арттыруда әр түрлі жаңа технологияларды тәжірибелерінде қолданады. Соның бірі – СТО жобасы. Мектепте сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасымен таныс-тыратын, сол жаңалықты сабақта тиімді, ұтымды қолдануға үйрететін мұғалімдерге аналған арнайы курстар оқылып тұрады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Ситл, Куртис С. Мередит, Чарльз Темпл. Жобаның негізі идеясы Ж. Пиаже, Л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Сынды құрылымды ақылды адам ешқашан өз пікірін мүлдем дұрыс бағаламайды: егер оның пікірлері шын-дыққа сәйкес келсе, онда оны ойламай-ақ алып тастайды және шешімнің жаңа жолдарын іздейді. Ұлы жаратылыстанушы Ч. Дарвин өзінің ең сүйікті болжамынан бас тартады, егер оған дәлелдер қарама-қайшы болса.

Ал отандық психолог Сәбет Бап-Баба әрқандай шешім сындарлы ойға түсіп, жұрттың айтқанын не өз топшалауын жалаң құптай салмай, терең сын талдауға келтіріп «оң, не қарсы» тараптары тара-зылағанды талап етеді. Сындарлы ақыл сипаты адамның объектив жағдайлар мен өз іс-әрекетіне орынды баға беру қабілетінен, нақтылы бағыт ұсынып алға тартылған болжамдарды жан-жақты өштес-тіріп, оларды тексеру нәтижелерін объек-тив бағалай алуынан келіп шығады. Сын-дарлы ойлау ой-дамытудың негізгі әрбір тұлғаның терең білімділігі мен тәжірибесінде.

Баланың білімді жүйелі меңгеріп, қабілет деңгейін арттыруда «Сын тұрғы-сынан ойлауды дамыту» жобасының маңызы ерекше. Бұл жоба жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруға тікелей бағытталған. Оқушы-лардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда, тез, дұрыс шешімдер табуға үйрететін бірден-бір бағдарлама.

Бастауыш мектеп математикасының базалық білім мазмұны біршама кеңейді. Мұнда теріс емес бүтін сандар, оларға қолданылатын арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері, маңызды шамалар мен олардың өлшем бірліктері, алгебра және геометрияның бастама элементтері қарастырылады және оқушы-лар сан, арифметикалық амалдар және математикалық қатынастар жөнінде жоғары деңгейде түсініп білуге көмек-тесетін шамалар арасындағы тәуелді-лімтермен таныстырылады. Әрбір жаңа ұғым мән-мағынасын аша түсуге септігін тигізетін іс-әрекеттермен, практикалық жұмыстарды орындаумен және қандай да бір есептерді құрастырумен байланыста қарастырылады. Сондықтан бастауыш математикалық білім мазмұнына мәтінді арифметикалық есептердің жүйесі енгі-зілген. Осы тұрғыдан алғанда бағдар-ламаның басты ерекшелігі бастауыш мектепте теріс емес бүтін сандардың арифметикасын оқытып-үйретудің толық аяқталуымен сипатталады. Бұл бастауыш мектепте математиканы оқытудың негізгі және нақты міндеті. Бастауыш сыныптарда «Он көлеміндегі сандар», «Жүз көлеміндегі сандар», «Мың көлеміндегі сандар», «Миллиард көлеміндегі натурал сандар және нөл саны» тақырыптары біртіндеп кеңейтіле және дамытыла отырылып қарастырылады. Бағдарламада ауызша және жазбаша есептеу тәсілдерінің үйлесімді қатынасы анықталған. Сондай-ақ, микрокалькуляторды (көп таңбалы натурал сандармен арифметикалық амалдарды жазбаша орындауды саналы түрде игергеннен кейін) пайдалануға үйретіледі. Есептеулердің негізіне алы-натын арифметикалық амалдардың заңда-ры мен қасиеттері табиғи тілдің көмегімен тұжырымдалады және тәжірибеде тікелей қолданылады, ал оларды әріптермен жазып көрсету қарастырылмайды. Есептеулер тәсілдеріне үйрету барысында қосу мен азайту, көбейту мен бөлу өзара кері амалдар ретінде қарастырылады. Сондық-тан амалды орындау және оны кері амалды пайдаланып тексеру оқытылып-үйретіледі, яғни мұнда арифметикалық амалдардың арасындағы байланысқа сүйеніп білім біліктерін ірілендіру ұсынылады.

Есепті шығару барысындағы басты фактор және көрнекілікті қолданудың тиімді жолы оның нақты түрінен абстаркты түріне көшуді жүзеге асыру. Сондықтан көрнекілікті мынадай тізбекте пайдалануды ұсынады: нақты заттық иллюстрация; схемалық иллюстрация; оқушының түсінігі; белгілі түсіндірмелердің үлгілері, есептің қысқаша жазылуы, тұжырымдалған жалпы ережеге сілтеме жасау; есептің мәтіні (тірек сөздер). Ал бұл шарттар СТО жобасы бойынша ұйымдастырылған сабақтарда тиімді жүйеге асырылады. СТО жобасындағы көптеген стратегиялар математика пәнін түсіндіруде қолдануға ыңғайлы болып келеді. Кейбір ғалымдар СТО жобасын тіл сабақтарында ғана қолдану мүмкін деген сыңаржақ пікірлер айтып жүр. Ал біз тәжірибе арқылы мұндай пікірдің дұрыс еместігіне көзімізді жеткізіп жүрміз. Жоба балалардың математикалық білім, біліктерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, шығармашылығын, қиялдау қабілетін дамыту, оқытудың өмірмен байланысын нығайту мақсатындағы қосалқы әдістемелік тәсіл ретінде өздігінен есептер құрастырып шығаруды ұсынады. Осындай шығармашылық жұмыс берілген есепке кері есеп құрастыру және шығару, шығарылуы, берілген қатынас, дайын сызба және сурет бойынша есептер құрастыру, сұраққа сәйкестендірілген шартты іріктеп алу және керісінше, шартқа сәйкесетін сұрақты сұрыптау, есептің шартын және сұрағын түрлендіру, жай есепті екі және одан да артық амалдармен шығарылатын есепке түрлендіру, шама-ларды өлшеудің нәтижелерін немесе қо-сымша материалдарды пайдаланып өзд-ігінен әр түрлі есептер құрастыру және тиімді жолдармен шығару сияқты мәселелерді қамтиды.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қаламқалиев М. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары // Поиск. Ізденіс. – 2000. -№2. -104 б.

2. Ибраева С. Оқушылардың шығар-машылық ізденістерін дамыту // Информатика. Физика. Математика. -2001. -№4. -12 б.

3. Математика бағдарламалары (1-4 сыныптар) / Т.Қ. Оспанов, Ш. Құрманалина, Ж.Т. Қайыңбаев, М.Е. Ералиева – Алматы: РОНД, 2003. – 32 б.

4. Әбдікәрімұлы Б., Әлібекова М. Білім берудегі педагогикалық технологиялар. // Педагогикалық ізденіс– 2002. - №4. – 200-203 б.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2009


 © 2018 - Вестник КАСУ