Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2009

Автор: Ахметкалиева Г. М.

Адамгершілік адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. «Кісілік, ізгілік, имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес халықтық дүние-танымда мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерді көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейімділік, әділдік, қанағатшылдық т.б. адамгершілік принциптері әлеуметтік-мәдени дамудың жемісі. Адам еңбек етуде жақсылыққа да, зұлымдыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілерінің қалыптасуына ерекше әсер ететін мынадай факторлар бар: жыныстық қатынастарды реттеу, қандастарды өлтіруге тыйым салу, әлсіздерге қамқорлық ету, еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі және адамдар арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы. Адамгершілік құнды-лықтардың қалыптасуы үшін жүйелілік және тұлғалық мүшелерінің ара салмағын дұрыс айқындаудың маңызы зор. Жеке адамды әлеуметтік қатынастардың жемісі деп қарастыру адамды бағаламауға әкеп соғады. Адамгершілік құндылықтарын қастерлеу шарттарының біріне жатады. Оның басты әдептік баптары төмендегідей:

- барлық адамдар тең құқықты, ерікті және қадірлі;

- азаматтар нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, шыққан тегіне, дініне, сеніміне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарамай заң алдында бірдей өмір сүру құқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады [1].

Яғни, әрбір адам өмірінде және қоғамдық ақиқатта құндылықтар бүтіндей хабардар болуды қамсыздандырады. Адам өз өмірін ұйымдастыру үшін де оларға мұқтаж болады, қоғамда да құндылықтарға мұқтаж болады, жалпы мақсаттар және мінез-құлық түрлерін анықтау үшін де мәнді. Адамдар арасындағы қарым-қатынас көп жағдайда құндылықтармен анық-талады.

«Құндылық» ұғымын көптеген авторлар маңыздылығы, мөлшерлілігі, пайдалығы, қажеттілігі, мақсатқа лайық-тылық сияқты нақты белгілері арқылы мінездеме береді. Сайып келгенде, «құндылық» ұғымына әртүрлі анықтамалар беруге болады.

Сонымен қатар, адамгершілік құндылықтар қандай сапада болмасын немесе басқа құбылыстарды тек бейнелеп қана емес, сонымен қатар өнегелі баға-лайды, оларды мақұлдайды немесе салыс-тырады, жүзеге асыруды немесе жоюды талап етеді, және өз мінез-құлқының мөлшерін көрсетіп, қоғамдық сана формасы түрінде қарастырылады. Қоғам-дық құндылық тұрақты болуға тиісті, оған ұжымдық жағдайда қарсы хабардар болуы, қоғам мүшелерінің мінез-құлық стилі таңдауында басқа адамдармен өзара қатынас құруда сенімсіздік туады. Қазіргі қоғам жағдайында тұрақсыз құнды-лықтардан тіршілік бағдарын жоғалтқан оның мүшелерін көреміз.

Экономикалық дағдарыс дәуір-лерінде және ірі саяси дағдарыс төңке-рістерінде, әлеуметтік өзгертулердің және басқа да әлеуметтік күй-жағдайларда, мінез-құлық мөлшерінің төмендеуін, өзіне-өзі қол жұмсаушылықтың ерекше жоғары дәрежесін Э. Дюркгейм айқындады. Сондайларды әдеттегі жағдайда жеке адамдарының әлеуметтік-әрекеттерді орындау ережесі қоғамның кейбір мүшелері үшін өз мағынасын жоғалтады деп болжады. Қазірде қоғамның осыған ұқсас жағдайын біздің өмірімізден байқай аламыз, кезіндегі теориялық концеп-циядағы құндылықтың өмірімізде нақты шындыққа негіз болатындай. Жеке тұлға экономикалық тұрғыда емес, өмірлік мағынада қалыптасып келеді, егер құндылықтар нақты өмір және тәрбиеге айналса, онда құндылықтың сақтау бастамасы тікелей өмірдің мәніне теңдестерілген болар еді. .

Кеңес кезіндегі марксистік және лениндік құндылық мағынасын негізге ала отырып әлеуметтанушылар құндылықты мінез-құлық пен іс-әрекеттің реттеушісі әрі мөлшері деп қарайды. Осы анықтамаларға сүйене отырып құндылықтың бірнеше түрін қарастыруға болады: құндылықтар-өлшем, құндылықтар-армандар, құнды-лықтар-мақсаттар және құндылықтар-құрал. В.А. Ядов осы құндылықтар классификациясынан хабардар болып, онымен келісе отырып, өмірлік мақсаттың құнды иерархиясын қалыптастыруды, салыстырмалы таяу және жақын арадағылардың, сонымен қатар құнды-құралдардың немесе мінез-құлық норма-лары туралы ұсыныстарды, адам эталоны ретінде анықтап қарайды. Жеке тұлғаның құнды бағдар құрылымында иерархия ең жоғарғы деңгейін құрастырады, және «адамның адамгершілік таңдауы жағдайында тіреу белгілерімен қабыл алу тіршіліктің маңызды шешімдерін қабылдайды». Сонымен қатар құнды бағдар адамның ұзақ мерзімді болашаққа мінез-құлқын анықтайды.

Басты назар, құндылықтарды қалыптастыруда әлеуметтік танудың микросубъективті бағыттағы көзқарасымен қарастыратын М. Вебердің әлеуметтік концепциясын ұсынады.

Осы концепцияға сәйкес адамдардың мінез-құлық нормалары және мақсаттары анықтайтын кез келген әрекеті құндылыққа байланысты мағыналы болады. Сондай контекстегі құндылық мәдени үлгі ретінде қарастырылып, сана мен мінез-құлықта жүзеге асыратын мақсаттар мен айқын абстракты үлгіге сүйемелдеуін еске алады. Сайып келгенде, бір жағынан, құндылықтар жүйесінде нақтылы тарихи шарттарға сәйкес келетін ең жоғары дербес адамгершілік құндылықтар іске асады. Екінші жағынан мазмұнды мәні мен маңызын ашатын, объектілермен әре-кеттерді байланыстыратын құндылық-тардың көмегімен процестерді оқып үйренуді талап етеді.

Біз осы айтылғандарды қарастыра келе, зерттеу мәселесінің негізін қалыптастырамыз. Жеке адамға арналған құнды мағыналарды жасау және қандай жағдайда олар адамдық мінез-құлықтың нақты өлшемі болады, құндылықтардың қалыптастыру механизмі неде?

Мына сұрақтың шешімін табуда бір жағынан құндылық пен оның мәнін ашу болса, екінші жағынан әрекетті қарастырамыз.

Жалпы адамдық адамгершілік құндылықтардың мазмұнына тарих ерекшеліктер мен халықтардың мәде-ниеттері, олардың даму деңгейі, сонымен қатар топталған және таптық бұйымдары әсер етеді. Осыған қарамастан көпшілік елдердің жүйелі құндылықтарының объективті негізі көрсететін жалпы адамзаттық құндылықтың айқын түйіні болады. Оларға әділеттілік, тартымдылық, адамди адамгершілік, адалдық, сүйіс-пеншілік, рақымшыл, игілік, өтініштерге ықыластықты көмектесу сияқты және т.б құндылықтар жатады.

Ғылымда құндылықтардың белгілі жүйелері мен тұжырымдамаларының көптеген түрлерін көрсетуге болады. Мысалы, М. Рокич өмір мақсаттарының 18 терминді құндылықтарын және 18 құралды құндылықтарын белгілейді, яғни тіршілік мақсаттарының негізгі құралдарының бағдарлы нәтижесі.

Психологтар құндылықтарды жеке тұлғаның құрылымды бөлшектері ретінде түсіндіреді, атап айтқанда, адамның қызығушылығы, армандары және сенімі. Дәл осылай, психологияда құндылық ұғымына «маңыздылық» (С.Л. Рубин-штейн), «тіршілік позициясы»(Л.И. Божо-вич), «жекелік мән және мағына» (А.Н. Леонтьев), «құрау» (Д.Н. Узнадзе) ұғым-дары сай. Олар құндылықтарды тарихи тәжірибе мен мәдениеттердің мәнін іске асырушы адамдардың өз мінез-құлық нормалары мен мақсаттары туралы талдап қорытылған ұсыныстар деп есептейді.

Осыған ұқсас құндылықтарды анықтай келе А.Г. Здравомыслов, В.Н. Гончаров және В.Н. Филиппов құндылық жүйесін, рухани маңызды қажеттіліктердің, жеке адамдардың назарларының және әлеуметтік жалпылықтардың мәдениетінің ішкі стержені есептеді. Барлық зертте-ушілер құндылықты әлеуметтік әрекеттер себебін анықтаушы ретінде қарастырады. Соған сәйкес, адамгершілік құндылықтар-адамгершілік мінез-құлықтың себепшісі, мотиваторы.

П.И. Пидкасистийдің пікірі бойынша өзі үшін «менін» қабыл алуға мәнділейді, адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты бала-ның құндылықтарына көңіл бөлуді қалыптастырудың моралдық өлшемі құнды көңіл бөлуді бағалау, адамгершілік норманың аралық байланысын түсінуді орнату.

«Нақты сезімдердің заңына» сәйкес Л.С. Выготскийдің қалыптастырған мектепке дейінгі бес жасар баланың бейнесі мақсатқа лайықты тартымды, достыққа берік, сонымен бірге критерий-лерін жетілдіру, өз тәртібіне өзіндік талдау жасау үшін адамгершілікке жат қылықтармен көз алдымызға елестетуге болады. Осыған байланысты бес жасар балалардың саналы қатынастарын қалып-тастыру адамдар арасындағы құнды бағдар мен қарым-қатынас туралы ұғымымен бірге басталады. Бағалы бағдарлар өзіне меншікті стратегия өңдіруінде және ол мінез-құлықты онан арғыда байытуға немесе түзетуде қызмет етеді [2].

Біздің зерттеуіміз бес жасар баланың адамгершілік құндылықтардың өзін-өзі тану арқылы қалыптастыру болғандықтан, адамгершілікпен және мораль ерекше-ліктерін түсіну маңызды, сондықтан адам-гершілікті қалыптастыру мораль норма-ларының аудармасы, адамгершілік тәрт-іптің ережелері мен талаптарын білімділік, дағдылық және әдетке айналуы мен оның ұдайы сақталуы.

Этико философиялық әдебиеттерде «адамгершілік» термині «мораль» терми-ніне көбінесе синоним сияқты қолда-нылады. «Мораль» және «адамгер-шілік» ұғымдарына бірыңғай анықтама болмайды.

Мындай жақындастық әдептану сөздігінде тойтарыс тауып «мораль» ұғымы «адамгершілік» ұғымының синонимы деп белгіленеді.

1986 жылы И.Т. Фроловтың редакци-ясымен басқарылып шығарылған филосо-фиялық сөздікте бұл ұғымдар бөлінбейді: «адамгершілікке» ешқандай түсінік берілмеген, ал оқырманға «мораль» ұғымына анықтама берілген.

Сонымен қатар адамгершілік ұғымдарының басым болатын теңдес-тіруімен бірге мораль және адамгершілік туралы басқа көзқарасты көруге болады. Әдептануда мораль астарында өмірдің әртүрлі сфераларында тұлға сақтауға қажетті ережелердің және талаптардың істелген қоғамындағы нормалардың жүйесін түсінеді. Мораль адамдық көңіл бөлулерінің реттеуші ролін орындайды және қоғамда мінез-құлықтың тиісті эталонының орнын көрсетеді. Тап осы проблемамен шұғылданған И. Кант, артынша Ж.Ж Руссо адамгершілік, мейірбандық нақты біліммен анық-талмайды, және адамда жақсылық жасау сияқты негізді табиғаттан алады деп дәлелдеді.

Адамгершілік басқа адамдарға көңіл бөлу сияқты қылықтардың сферасымен анықталған, адам позициясының практикалық - әрекеті. Баланың адамгер-шілік қасиеті тумасынан берілмейді, адамгершіліктікке бала өз даму барысында араластырады. Бала қаншалықты адамгершілік құндылықтарға ертерек араласса, оның жеке басының адамгершілік қалып қасиеттері беки түседі.

Біз «адамгершілік» және «мораль» ұғымдарын бір-бірімен тығыз байланысты дегенімізбен, олардың өзара тең ұғым деп қабылдамауымыз қажет. Моральдық нормалар мен ережелерде көбінесе моральдық таңдау және қажеттілік сияқты қасиеттерге таңдау жасауда қайшылық тудырады. Адамның адамгершілігі дағды-лар мен әдеттерінің, адамгершілік норма-лар мен талаптарды сақтауының өзара байланысы, оның санасының жиынтығы. Мораль ережелері мен талаптары қашан мінез-құлықтың бастапқы белгісі көрініс тапса және ұдайы сақталынып отырса ғана адамгершілік сипатқа ие болады. Адамдық адамгершіліктің орталығы моральдық әсерленушіліктер пен намыс болып келеді.

Біздің көзқарасымызда, адамгер-шілігі бар адам деп, адамгершілік ереже-лері мен талаптарының өзіндік көзқа-растары мен сеніміне айналғанда, терең ойлап айтылған және түрлі дағдылар сияқты мінез-құлықтың, ешқандай механи-калық бағындырунсыз, тек сыртқы жағдай-лармен және талаптармен көрінетін жағдайды айтамыз. Яғни қалай басқа адамдардың жоқ кезінде бала өзін-өзі ұстайды, солай сыртқы бақылауды сезінбейді. Осындай көзқарастардың өңді-руі, сенімдер мен оларға лайықты әдеттер адамгершілікке тәрбиелеудің мақсатын құрастырады.

Бізге В.П. Тугаринов өзінің, «тәрбие-леу – бұл жеке тұлғаға нені істеу керек, нені істемеу керектігін көрсету емес. Жеке тұлға осы әрекетінің қоғамдық және жеке мағынасын сезініп, жағымды мінез-құлық-тың қоғамдық және жеке құндылықтарын іштей сезінуі», деген әділ пікірін ұсынды.

Біздің көзқарасымызда адам құрушы басты заңдылық ретінде адамгершілікті бөліп қарау дұрыс сияқты, өйткені социумда адам әрқашан адамгершілік құндылықтарды моральдік нормалар мен эталондар тұрғысынан қабылдайды. Дәл осылай И.С. Якиманская, мектепке дейінгі баланы бағдарлап тәрбиелеудің өте маңызды мақсаты алдымен, «құнды-лықтарға, содан кейін мақсатқа бағытталуы қажет деп қарайды, (ең бастысы «қандай болу» емес, «кім болу тәрбие процесінің табыстылығы көп жағдайда психолого-педагогикалық факторларға тәуелді болады, бірақ ең алдымен тәрбие-ленушілердің мотивациясына байланысты.

Өткен ғасырдың 60- шы жылдарында өз еңбегінде Л.И. Божович баланың адамгершілік дамуында белсенділіктері мен мотивациясының маңыздылығын ерекше атап көрсетті. Жеке тұлғаның тұтас құрылымы, ең алдымен оның бағыттылық негізін анықтайды. Иерархияда орналасқан себептердің тұрақты басым жүйесі тәрбие барысындағы негізі бағыт болып есептеледі.

«Жеке адамның қызығушылығының себептері неге байланысты болуы немесе басқа адамның қызығушылығымен өзара байланысты болуы оның басқа қызы-ғушылық, мінез бітістері, ұмтылушылық және әсерленушілік сияқты дара қасиет-терін қалыптастырады».

Осыған байланысты, С.Г. Якобсон адамгершілік сана, өзіңді ұғыну, өзінің жеке адамдық қасиеттерінің сайып келгенде негізгі психикалық процесі, әлеуметтік нормаларды сақтаушы және реттеуші, эталондарға жеке полярлы көңіл бөлуі, жақсылық пен жауыздықтың нақты іске асырылған түрі деп қарады. Жеке тұлғаны қалыптастырушы адамгершілік сана-сезім өз дамуында тұрақты меншікті мазмұнын субъект аралық эталондық қатынастар мазмұнымен салыстырады. Сондай салыстыруда адамгершілік туралы білімдердің ұғымталдығы олардың тек қана тәжірибеде қолдану арқылы емес, сонымен қатар тұлғалық құндылықтың қайта жаңғырту тәжірибесі негізінде жетеді.

Дәл осылай адамгершілік құнды-лықтардың қалыптастыру баланың болған оқиғаға эмоциялық қатынасы мен адамгершілік әрекетінің негізгі мотива-циясы болатын жалпы адамзаттық және дара қызығушылықтың ішкі қақтығыс сезімдерін дамытуды болжайды.

Дәл осы сөздермен К.Д. Ушинский «дәл біздің сезіміміздей, ешбір зат та, сөз де, ой да, тіпті жасаған әрекетіміз де, өмірге деген қатынасымыздай, анық әрі шынайы көрінбейді, онда жеке ойдың сипаты ғана емес, біздің бүкіл жан дүниеміздің мазмұны мен құрылысы көрінеді». Біз Н.Е. Щуркованың мына көзқарасымен де бөлісеміз: адамның «басқа адамдардың қуанышты немесе қайғылы оқиғаларына қатысты болғанда оған әсерін тигізіп, қуанышын бөлісіп не қуанып немесе ренжігенде» адамгершілік құндылығы көрінеді [3].

Адамгершілік сезімдер өзімен бірге ерекше сезімдердің тобын ұсынады. Олар балаға ұсынылған жаман және жақсы, тиісті және тиісті емес, қоғамдық және әлеуметтік нормалар туралы ұғымдардың күрделі даму нәтижесінде қалыптасады. Осы мәселені зерттей келе А.В. Запорожец, «жоғары адамгершілік, эстетикалық және интеллектуалдық сезімдердің, ересек адамның дамуын сипаттайтын, істелген ісіне шаттығы мен қабілетін көрсетінін, балаға туғаннан берілмейтін көрсетті. Олар бала бойында балалық шақтан бастап көрінетін, өмірдегі әлеуметтік жағдайға, тәрбие ықпалына қарай дамиды» [4].

Адамгершілік сезімдердің дамуы баланың өзін-өзі тану мен ұғынуының өзіндік ерекшеліктеріне, өмірде өз орын табуға, армандарының орындалуына, үлкен мағына береді. Адамның сезімдері арқылы өзін-өзі тануы өзі туралы ұғымдарды анықтайды, кеңейеді және адамгершілік сана позициясында өзіне қатынасын қалыптастырады.

Біздің көзқарасымызда адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда этика нормалар туралы білім беру, әрі моралдық ережелердің орындалуын талап етіп, орындалуын қадағалау жеткілікті емес, міндетті түрде эмоциялық сфералар дамуымен біріктіру керек. Жақсы адам-гершілік нормаларды тілеп, жаман қылық-тан аластату сияқты моралдық нормалар көрсеткішін жасап шығару қиынға соғады. Баланың этикалық нормалар туралы білімдер алуы жеткіліксіз, ересектердің «салмақ салуынсыз» бала дербес өз еркімен, өзін-өзі тануы арқылы жақсылық жасауға әрекет етуі қажет.

Тұлғаның адамгершілік дамуына адамгершілік сезім мен уайым адамның әрекеті мен тәртібін белсенділеу, бағаттау, ұйымдастыру, өздігінен жөнге келу процесі арқылы әсер етеді. Ақыр соңында, эмоциялық әсер жеке тұлғаның нақты қасиеттері мен айқын сапаларының дамуын ескертеді. Сонымен бірге Н.А. Корниен-коның тек жағымды эмоция мен сезімдер арқылы ғана емес, сонымен бірге жағым-сыз ашу, үрей, қанағаттанбау сияқты сезімдер арқылы жеке тұлғаның адамгер-шілігін дамытуға болады деген позиция-сымен де ой бөлісуге болады. Бала адам-гершілік әрекетінен тек қана мақтаныш сезімі мен қанағаттанып қана қоймай, сонымен қатар жағымсыз қылығынан ұят сезімімен ар-намысты сезіне алуы қажет. Сонда ғана тұлғаның адамгершілік құндылықтары толық қалыптасады.

Тұлғаның адамгершілік құнды-лықтарын көпшілік зерттеушілер адам-гершілік сезімдері мен принциптерінің, қоғамда өзінің тұрақты адамгершілік дәрежесін ұғынуда моралдық білімдердің бірлігі деп анықтайды.

Адамгершілік құндылықтардың ең жоғары формасына әрекеттің әдістерін, құралдарын таңдауында негізгі ролді адамгершілік әдет мен сенім орындайды. Адамгершілік сенім түсінушілік және уайымдау, лайықты практикалық әрекеттер тұлғаның психологиялық даярлығының жиынтығын қамтамасыз ететін этикалық білімдер мен сезімдердің бірлігі деп қарастырылып, адамгершілік мінез-құлық нәтижесінде тұлғаға сырттан бақылаусыз-ақ дағдыға айналады.

Бұдан келіп шығатыны адамгершілік құндылықтары өзара байланысқан мына екі процестерде қалыптасады: адамгершіліктің мәнінің ақиқаттығын ұғыну және оған эмоционалды-шығармашылық қарым-қанынас. Осы негізінде олардың өзара әрекеттестігі жүзеге асады. Сайып келгенде, адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың өзіндік спецификасы, мақсатқа лайықты адамгершіліктің маңызды мінез-құлық пен әрекетінің син-тезінде, адамгершілік қажеттіліктің негі-зінде әлеуметтік талаптардың адамгершілік туралы және практикалық әрекетке ақиқатқа жетуге түрткі болуының әсері.

Ғылыми көзқарастарда адамгершілік құндылықтардың өлшемі тұлғаның адамгершілік мәдениеті арқылы көрінеді. Тұлғалық аспектіде адамгершілік мәдениет қоғамға адамгершілік талаптардың субъектілі білімі, эмоциялық сфераның молдығы, адамгершілік әрекеттер мен адамгершілік таңдау арқылы оны іске асыру қабілеттілігі. Біз, жеке адамның адамгершілік мәдениеті оған мінез-құлық пен адамгершіліктің әлеуметтік құнды-лығын мақұлдап, адамгершілік таңдау жағдайында дұрыс бағыт береді деп есептейміз.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясынан: 1 том 1998 95 бет.

2. Выготский Л.С. Шығ жинағ., 1982, 2т А.В.

3. Ушинский К.Д. Пед шығармалар жинағы.,1974

4. Запорожец А.В. Мектеп жасына дейінгі баланың эмоциялық дамуы, 1985



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2009


 © 2024 - Вестник КАСУ