Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС ОРЫНДАУДА ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ІС-ТƏЖІРИБЕЛЕР

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2009

Автор: Смаилова А.С.

Еліміздегі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесің мазмұны байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мүмкіндігін туғызды. Білімді жеке тұлғаға бағыттау, оның қабілетін, дарынын дамыту, яғни жан-жақты дамыған рухани бай тұлғаны қалыптастыру үлкен мақсаттар жүктеп отыр. Білім мазұнын жетілдіру үрдісі суденттерге білімді өздігінен меңгертудің әдіс-тәсілдерін игертуді, оның дамытушылық жақтарына басымдылық беруді қарастырады.

Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр студенттің өзін-өзі өзгер-туші субъект дәрежесіне көтерілуі көз-деліп, оқыту барысында соған лайық жағ-дайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәс-түрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұ-нында, дамытудың негізгі факторларында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшелігінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде, т.б. Дамыта оқытудың пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту үрдісіндегі орны ерекше. Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға мүлдем қарама – қарсы альтернативті оқыту түрі. Дәстүрлі оқытудың басты мақсаты – білім беру, оқушының іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру болса, дамыта оқытуды білімді де, тәрбиені де жеке тұлғаға бағыттай отырып, оны жан-жақты дамытуды мақсат етеді. Дамыта оқыту оқушыны субъект ретінде қарастырады. Дамыта оқытудың негізін салушылардың басында тұрған В.В. Давыдов, Д.Б. Элькониндер оның ерекше тиімділігін баланың білімді өз бетімен алуы, оның ізгілік бағыты, іс-әрекеттегі шығар-машылық, өнерпаздықпен түсіндіреді. Да-мыта оқыту жеке тұлғаның ойлауын, таны-мын, есте сақтау қабілетін, эмоциясын, сезімін, жан дүниесін, тілін, ерік – қайраты, мінезін, дарынын дамытуға бағытталады. Ойлаудың өзін ғалымдар өнімді - өнімсіз, шығармашылық – шығар-машылық емес деп бөледі. Ал дамыта оқыту тұлғаның шығармашылық ойлауын дамытуға ықпал етеді.

Шығармашылық ойлау адам дамуының ең жоғарғы биігі болып табылады. Оған жетудің әдіс – тәсілдері, жолдарын өзі табады. Модель, жоба жасау, оны қорғау – дамыта оқытудағы басты әдіс – тәсіл. Дамыта оқыту оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытады. Ал шығармашылық ойлау - шығармашылық табыстарға жетудің кепілі. Шығар-машылық ойлаудың басты белгілері төмендегідей:

- бұрын ешкім ашпаған, қол жетпеген беймәлім нәрсені ашу, оған қол жеткізу;

- нәтижеге жетудің әртүрлі жолдарын іздеу;

- нәтижеге әртүрлі әдіс – тәсілдер арқылы жету;

- ешкімнің жетелеуінсіз өз бет-терімен іс - әрекет жасау.

Дамыта оқытуды негізге алған пәнаралық байланыстағы шығармашылық жұмыстарда оқушы – мұғалім іс - әрекеті төмендегідей болып келеді. Ол дәстүрлі оқытудағы мұғалім – оқушы қарым –қатынастарынан мүлдем бөлек.

1 – кесте. Оқушы – мұғалім іс- әрекеті.

Оқушы іс - әрекеті

Мұғалім іс - әрекеті

1. Проблеманы шешуші. Өнім жасаушы.

2. әртүрлі әдіс – тәсілдер арқылы іздеуші, табушы.

3. Өз өнімін ортаға салушы, ұжыммен қарым – қатынасқа түсуші (жоба, модель, ереже, сұрақтар, дайындаушы).

4. Керегінде мұғалімді де пікір таласына шақырушы.

5. Өз еңбегін саралаушы, қорытындылаушы.

1. Оқушыларды дербес таным іс - әрекетіне кіргізуші, оған түрткі жасаушы.

2. Тапсырмалар, сұрақтар әзірлеуші. Ақылшы, көмек беруші. Бірлесіп іздеуші, керегінде олармен пікірталасына, диологиялық әңгімеге кіруші.

3. Психологиялық жағымды ахуал, жағдай туғызушы.

4. Оқушылардың ізденісін қолдаушы, мақұлдаушы.

5. Қол жеткен нәтижені саралаушы, коррекция жасаушы.

Дамыта оқытуда мұғалім қызметі төмендеп тұрған жоқ. Оқытудың қай түрі болмасын мұғалім – ол мұғалім. Бірақ оқытудың бұл түрінде мұғалім дәстүрлі оқытудағыдай барлық іс - әрекетті өз мойнына алмайды. Мақсатқа тек өзінің белсенділігімен жетпейді. Белсенділік оқушыға жүктеледі. Дамыта оқытуда да мұғалім – оқушы іс - әрекеті бірлікте, бір бағыт, бір мақсатқа бағытталады.

Ғалымдар еңбегін саралай келе мұғалім – оқушы іс - әрекетін төмендегідей көрсетуге болады.

Мұғалім қызметі:

- оқушыларды дербес таным іс -әрекетіне кіргізу;

- талдаушы, саралаушы коррекция жасаушы;

- ықпал етуші, көмекші, ақылшы;

- психологиялық жағымды ахуал, эмоция тудырушы, мадақтаушы.

Оқушы субъект:

- ізденуші, зерттеуші;

- білімді өз бетімен алушы;

- табушы, жаңа өнім жасаушы;

- өзін- өзі, достарын тексеруші, бағалаушы;

Дамыта оқыту жаттанды іс - әрекеттерге сүйенбейді, оқушының жеке басын дамыту, білімді өз ізденістері арқылы алуды қамтамасыз етеді. Шығар-машылық еңбекке кең жол ашады. Ол оқушының шығармашылық ойлауына, ізденісіне, іс - әрекетіне түрткі жасайды, оны дәстүрлі оқудағы өнімсіз еңбектен босатады.

Оны зерттеуші, ізденуші биігіне көтереді. Оқытудың бұл түрінде сұрақтар, тапсырмалар жүйесі де басқа сипатта болады, яғни өз беттерімен орындалатын шығармашылық тапсырмаларға ерекше назар аударылады.

Дамыта оқытудың пәнаралық байла-нысқа негізделген шығармашылық жұмыс-тарды жүргізуге ең басты тиімділігін төмендегідей көрсетуге болады:

- оқушылардың дербес ізденісіне, білімді өз бетімен алуына пәрменді ықпалы;

- оқушылардың шығармашылық ойлауын жетілдіру;

- олардың қабілеті, дарынын, шығармашылық білімін дамытуға түрткі жасауы;

- шығармашылық тұлға қалып-тастыруға әсері, жеке бас ерекшеліктерін жан – жақты дамытуы;

- оқушының өзін - өзі тануы мен «Мен» менталитетін жетілдіруге жағдай жасауы;

- ғылыми ізденіске, ғылыми еңбекке баулуы.

Сабақта дамыта оқыту техно-логиясын пайдаланудың тиімді жағы оқушы іс - әрекетін ұйымдастыру, яғни ақыл – ойы мен өзіндік тұжырымы арқылы жаңа тақырыпты саналы түрде меңгеру дағдыларын қалыптастырады. Оқушы-ларды шығармашылық жұмыстарға баулап, олардың белсенділігі мен дербестігін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады.

Шығарма – жазба жұмыстарының ішіндегі ең күрделі түрі, өйткені тіл үйренуші өздігінен тақырыптың мазмұ-ныны ашып керекті қатысымды тұлғаларды таңдауды өз бетімен ойланып іске асырады. Оқытушы оқушылардыңң әрекетіне бағыт – бағдар беріп жетелейді, ойлаудың жолдарын дамытады, яғни студент белсенді субъектіге айналады да, оқытушы көмек беруші, ұйымдастырушы, бағыт беруші деңгейінде болады.

Дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді. Шығарма жазуды меңгеру студенттердің білім, білік, дағдыларына негізделеді. Бұл білім, білік, дағдылар негізінде студент тақырыпқа байланысты негізгі ойды айқындайды, материалды жинап, жүйелей отырып, шығарманы арнайы компози-циялық тұлғада құрастырады. Оқушы шығарма жазу үстінде шығармашылық еңбектің қуанышына кенеліп, өзінің ойын бейнелі, көркем сөзбен жеткізуге талпынады. Сөйте отырып тілдің көркемдік кестесін молынан меңгерудің қажеттілігін саналы түрде ұғынады. Дәлірек айтқанда, шығарма жұмысының ойдағыдай шығуы үшін сөздік қорды молайтып, тіл мәдениетіне жетелеудің қажеттігін таниды.

Оқушылар еркін тақырып бойынша және көргендеріне бақылау жасау арқылы шығарма жазуға үйренеді. Шығарма жазуға дайындық бақылау экскурсиясы кезінде оқытушының көмегімен іске асады. Оқу-шылар тақырып бойынша ой – пікір білдіре отырып, тірек сөздер мен тіркестерді, синонимдерді, метафораны, теңеуді қолдануға жаттығады. Бұл бағытта ерекше орын алатын жұмыстардың бірі – ертегі, әңгіме құрастыру. Алдымен бұл жұмыс түрі ауызша түрде өткізіледі де, кейін студенттер өз ойын, қиялын қағаз бетіне түсіруге жаттығады. Сондықтан алдымен үлгі көрсету немесе тірек жоба беру арқылы шығарма жазуға үйрету тиімді. Әңгіменің мазмұны күнделік-ті өмірдегі қоршаған құбылыстардан бастап, оқушы қиялын, арманын суреттейтін тақы-рыптарды қамтиды. Бұл жерде оқыту-шының негізгі мақсаты - әңгіменің тақырыбын таңдауға бағыт беріп, қиялын дамытуға мүмкіндік туғызады. Ал ертегі құрастыруда ең алдымен оқушылардан білетін, оқыған ертегілерінің мазмұнына өзгерістер енгізіп, ертегінің соңын өздерінің аяқтауы талап етіледі. Кейін оқушылар түрлі мазмұндағы ертегілер құрастыруды еркін меңгеріп, өз бетімен шығармашылық бағытты ізденіп жұмыс жүргізе алады.

Мамандықтары бойынша оқыған немесе естіген әңгімені жоспарын құрас-тыру – жазылымға және сөйлесім әре-кетінің басқа түрлеріне (айтылым, оқылым, тыңдалым, тілдесімге) дайындық жұмысы болып табылады. Жоспар жасау оқушы-лардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға әсер етеді. Оқығанды бірізділікпен тиянақты түрде айтуға не жазуға септігін тигізіп, негізгі ақпаратты түсінуге көмектеседі. Психологтар жоспар жасауды есте сақтаудың тірегі деп есептейді. Жоспар шығарманың мазмұны мен тақырыбын, идеясын, тіл құрылысын, кейіпкерлердің ішкі сезімдерін толық талдау үшін қажет. Жоспар шығарманың бөліктеріне ат қою мақсатын көздейді және ол мәтінді оқып, талдаған соң құрастырылады. Жазба жұмыстары (мазмұндама, шығарма, әңгіме, т.б.). жос-пар негізінде жазылғанды тиянақты ойды білдіреді. «Жоспар жасау - бұл анали-тикалық ойлауды талап етеді, яғни мәтіннің тақырыбын және оның басты ойын түсінуге, мәтінді логикалық бөліктерге бөлуге мүмкіндік береді».

Көркем (мәтін) шығармаға жоспар жасау арқылы ойдың себеп – салдарлық, мезгілдік – мекендік байланыстылығы меңгеріледі. Осыған байланысты оқушы сөз қолдану, сөйлем құрау шеберлігін арттырады, алдыңғы оймен соңғылардың байланысын сақтап жазуға жаттығады. Сонымен, жоспар жасау – жүйелі жазудың кепілі. Жоспар жасау арқылы студент жеке сөздерді дұрыс жазу, сөйлем құрау тетігін меңгереді.

Дамыта оқытуда оқушылардың пікір жазып үйренуі үлкен рөл атқарады. Оқыған әңгіме, мақала, баяндама, реферат түрле-ріне пікір жазуға үйретуде оқытушы түрлі әдіс – тәсілдерді дұрыс қолдануы қажет. Оқушылардың қабылдауын, ойлануын, қиялдануын, сөйлеуін дамытуға тікелей бағыттауда шығармашылық жұмыстың бұл түрі үлкен ізденісті, еңбектенуді қажет етеді.

Жазбаша орындалатын тапсыр-малардың бір түрі – аннотация. А.А. Леон-тьев аннотация жазу түпнұсқа мазмұнын байланыстыра отырып тұжырымды түрде қысқаша мазмұндау, мәтінде берілген ақпаратты, оның бағыттылығы, құндылығы және кімге арналғандығы жөнінде қысқаша мағлұмат беру екендігін ерекше атап көрсетеді. Аннотация жазуда студент оқыған не тыңдаған материалдың негізгі жағын аңғарып, мазмұнын жазуға жаттығады. Түпнұсқаның мазмұнын автор өз сөзімен жазуға мүмкіндік алады. Мәтіннің негізгі ойын қысқа түрде мазмұндау арнаулы сөздер мен сөйлем-дерді қолдануды талап етеді. Мысал келтірейік.

1) Мәтіннің жалпы тақырыбына қатысты: Мәтінде... туралы айтылады. Бұл тарауда... жөніндегі маңызды мәселелер қарастырылады.

2) Басты ойды, мәтіннің идеясын ашатын сөйлемдер: Автор ... атап көрсетеді.

3) Автордың оқырмандарды қандай қорытындыға жетелейтініне байланысты: Автор мынадай қорытындыға келеді: ... Мақаланы оқи отырып, біз ... түсінеміз. Қорытындыда ... ... айтылады.

Бұл тапсырмалардың мақсаты – мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндауға үйрету, ойды байланыстырып жазуда тілдік тұлғаларды дұрыс қолдануға, олардың сөйлемдегі орын тәртібін сақтауға, сауатты жазуға дағдыландыру.

Тіл үйренушілерге мәтінмен жұмыс жүргізу барысында мәтін туралы, оның негізгі ерекшеліктері, құрылымы мен байланысу тәсілдері туралы түсіндірген жөн. Бұл олардың кез келген мәтінді түсініп, қабылдауында үлкен рөл атқарады. Мысалы, мәтін құрылымы жағынан кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдер болып бөлінетінін білу тіл үйренушіге кіріспеде тақырыпқа байланысты жалпы баяндау болатынын, негізгі бөлімде тақырыптағы негізгі ой ашылып, жан – жақты түсіндірілетінін, қорытындыды айтылған ойдың қорытындысы жасалып, тұжырым-далатынын алдын ала біліп отыруына көмектеседі.

Сонымен қатар мәтіндегі таныс емес сөздер мен сөз тіркестерін түсіндірудің де маңызы зор. Мұндай жұмыс түрі сөздік қорын молайтып, сөздердің бір – бірімен байланысын меңгеруіне септігін тигізеді. Мәтін арқылы тіл үйренушінің дүние танымы кеңейеді, түрлі ақпараттармен танысады, ойын жүйелеп айтуға дағды-ланады, түптеп келгенде, сөйлеу тілі дамиды. Мәтін бойынша сұрақ – жауап әдісімен жағдайаттық сұхбат құруға болады. Мамандығына байланысты алынған мәтін арқылы кәсіби термин-дермен танысып, сөздік қоры артады. Мәтін атауын дұрыс қоя білу - мәтін мазмұнын дұрыс ашудың кепілі. Мұндай жағдайда оқушы өз ойын дәл әрі жүйелі түрде жеткізе алатын болады.

Мәтінді меңгерту кезінде сөйлеу жағдаятын тудырудың маңыздылығы зор.

Мысалы: 1. Сіз театрға келдіңіз. Белгілі әншілер: Ермек Серкебаев, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаевалар кездесіп, олардың өнер жолы туралы сұраңыз;

2. Қазақ ән өнері туралы өз пікірпіңізді айтыңыз;

3. Қазақ ән өнерінің түрлеріне тоқталыңыз.

Мұндай жағдаяттық тапсырмалар қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастырып, ой - өрісін дамытады. Тапсырмаларға лайық өзбетімен сөйлемдер құрастырып, ізденуіне мүмкіндік тудырады. Бұл тұста тілге ғана тән ерекшелік көрініп қоймайды, сол тілде сөйлеушінің тілдік мәдениеті де байқалады.

Шығармашылық ізденісті дамытуды талап ететін тапсырмалар-дың ішінде тезис жазудың орны ерекше. Тезис жазуда мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу, әр бөліктің басты ойын айқындай отырып жазу керектігін оқытушы айтып отырады. Ақпараттың көлемін қысқартуда біріктіру, жалпылау тәсілдері қолданылады. Тіл үйренуші мамандықтары бойынша мақа-ланы не әңгімені оқығаннан кейін автордың көтерген мәселесін анықтайды, оған мәтінді қолдана отырып жауап береді.

Күрделі ой еңбегін қажет ететін студенттердің өзіндік жұмыстарының бірі – реферат жазу. Жазылым әрекеті арқылы іске асатын бұл жұмыс оқушының басшылығымен дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ғана өз шешімін табады. Реферат – мәтіндегі негізгі ақпаратты ықшам түрде жазбаша мазмұндау, оны жүйелеп қорытындылау және бағалау болып табылады. Р.К. Миньяр – Белоручевтің сөзімен айтқанда: «Рефератты екінші құжат деп те айтайды, өйткені ол түпнұсқа мәтіндерін қайта өңдеудің нәтижесінде алынады. Реферат керекті мәліметтерден, кейде референттің қорытындысынан тұратын өзекті ақпаратты қысқа түрде тез жеткізуүшін қолданылады». Реферат жазу мәтіннің мазмұнымен танысудан бас-талады. Түйінді ойларды тауып жазу тақырыптың біртіндеп дамуын абзац бойынша байқауға мүмкіндік туғызады. Бұл ой жұмысы ізденімділік оқылыммен тікелей байланысты. Ізденімділік оқылым жөнінде Г. Бейсенбекова былай деп жазған еді: «Ізденімділік оқылым тіл үйренушінің мәтіннен өзін қызықтыратын ақпаратты айқындауымен және оны керегіне қарай пайдалануымен ерекшеленеді. Ізденімдік оқылым кезінде тіл үйренушіде, бірін-шіден, тапқырлық; үшіншіден, алғыр-лық сияқты қасиеттер қалыптасып, ол танымдық оқылымға ұласады». Жұмыстың бұл түрі тіл үйренушілер-ді әдеби кітап-тарды оқуға, мамандығына байланысты түрлі ақпарат-тармен танысуға және мақала, баяндама, хабарлама дайындауға үйретеді.

Шығармашылық жұмыстарды студенттерге жазып үйретуде тапсырма түрлерін орындау арқылы студенттердің өзіндік шеберлігі мен дағдысы қалыптасып дамиды. Шығармашылық жұмысты орын-дауда ескеретін мәселе – оқушылардың еңбегін бағалау. Оқушы ең алдымен студенттің ізденісін, өздігінен ой қорытып, шешім шығаруын бағалай отырып, оның адамгершілік, мақтаныш сезімін, дербестік қасиетін дамытуы керек. Шығармашылық жұмыстар арқылы дамыта оқыту оқушы-лардыңң дүниетанымын, ізденімдік қабілетінің дамуына, тұлға ретінде қалып-тасуына ықпал етеді.

Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Ол үшін қазіргі заман талабына сай мемле-кеттік тілді меңгеруде жаңа техноло-гияларды, ұтымды әдіс – тәсілдерді пайдалану, білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі болып отыр.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. - А., 2003.

2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. - А., 1991.

3. Қазақ тілі мен әдебиеті, № 8. 2007.

4. Қазақ тілі мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту, № 3. 2007.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2009


 © 2024 - Вестник КАСУ