Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2009

Автор: Килыбаева Г.К.

Болашақ педагогтердің оқу-танымдық, моделдеуші, имитациялық немесе кәсіби-практикалық іс-әрекеті арқылы технологиялық құзыреттілікті меңгерудің ішкі мүмкіндіктерін іздеп тауып, қолдану үшін жоғарғы оқу орындарында технологиялық құзырет-тілікті жетілдірудің технологиясын қолдану қажет. Біз болашақ педагогтердің технологиялық құзыреттілігін жетілдіру технологиясы деп оқытушының педаго-гикалық еңбегі мен студенттің кәсіпті меңгерудегі іс-әрекетін жобалау, жүзеге асыру және нәтижелерін талдаудың тәсілдері мен құралдарының өзара байланысты жиынтығын ұғамыз. Зерттеуде қолданған технологиялық жүйемізге кәсіп меңгеру үрдісінің мәнді бағытталуын белсендендіріп, дамыта түсудің тәсілдері мен құралдарының, сондай-ақ болашақ педагогтердің технологиялық құзырет-тілікті меңгеру, қолдану және жетілдіре білу іскерліктерінің жиынтығы кіреді.

Бұл-технологиялық құзыреттіліктің негізгі өлшемдерін тұрақтандыру, толық-тыру мен трансформалаудың психоло-гиялық - педагогикалық механизмдерінің жұмысын қамтамасыз етуге арналған.

Болашақ педагогтердің іс-әрекетін дара және топтап саралауды қолданудың технологиялық циклдік тәсілдеріне тоқта-лайық:

а) болашақ маман үшін дәйім күрделендіріліп отыратын тапсырмалардың үш түрін алдын-ала әзірлеу қажет, олар:

- маманның алдағы кәсіби іс-әрекеті

талаптары мен нақты оқу пәні немесе кәсіби практика міндеттерін синтездеу не-гізіндегі жалпы қамтушы тапсырмалар: технологиялық құзыреттілікті нақты оқу пәні арқылы меңгеру, қолдану мен жетіл-діруге негізгі психологиялық-педаго-гикалық жағдайлар туғызуды көздейді;

- технологиялық құзыреттіліктің жетілгендігінің жалпы және жеке ерек-шеліктеріне негізделетін, болашақ педагог-тердің бір-бірін тиісті параметрлердің әр түрлі сипаттарымен жетілдірудің әсер етуіне ықпал ететін топтық тапсырмалар;

- технологиялық құзыреттіліктің жеке ерекшеліктеріне негізделетін, әр маманның шығармашылық өзіндік дара-лығы мен тұлғалық өзгешелігін ашу мен дамытуға арналған жеке тапсырмалар;

ә) әр сабақта (оқу үрдісінде семинарлық және зертханалық-практи-калық сабақтарда, оқу-кәсіби практика үрдісінде, әдістемелік сабақта) келесі сабақ тапсырмаларымен таныстыру кезеңін белгілеу (шамамен 3-7 минут): бұл кезеңде мынадай істер орындалуы қажет:

- болашақ педагогтердің тапсыр-малар туралы алдын-ала түсінігін жетіл-діру;

- тапсырмаларды орындау мақсатын тұжырымдау;

- болашақ педагогтердің тапсырманы орындаудағы "берілген" мақсат пен тұл-ғалық мәнділікті ұғыну үшін технологияны меңгеру бағыттылығының белсенденуі мен нақтылануын жетілдіру;

- алдағы тапсырмаларды орындау мүмкіндігі мен оның қиындық келтіретін, демек алдын-ала арнайы оқыту пәні болуға тиісті қырларын айқындау үшін техно-логиялық құзыреттілік деңгейін өзіндік бағалау бойынша ынталандыру;

- кеңес беру орны мен уақытын белгілеу;

- болашақ педагогтердің сабаққа дайындалу кезеңін ықпалдастықты дара және топтап саралау үшін пайдалану: осы кезеңдегі ықпалдастық кеңес беру мен әңгі-мелесу түрінде болғаны жөн; жұмыстың бұл түріне мынадай себептермен нақты топқа біріктірілген болашақ педагогтері тартылады:

а) кәсіби бағытталуы (кәсіпті меңгеруде нақты кәсіби, бөліктік кәсіби және кәсіби аз бағытталуының топтары) бойынша;

ә) тапсырма мазмұнының ортақ болуына байланысты (ортақ тақырыпқа қа-тысты қысқаша хабарлама жасаушы; мы-салдарды талғап алатын, нақты теориялық қағиданы сипаттайтын; жазба жұмыстарды рецензиялайтын; кәсіби іс-әрекет көрініс-теріндегі ықпалдастық мазмұнына байла-нысты тапсырмалар әзірлейтін жайттар);

б) тұтас тапсырманың жеке бөліктерін орындаудағы өзара көмек (шағын сабақ беру, кеңес беру, түзеу тағы да басқалары логикалық өзара байланысты үзіктерін даярлайтын топ және тағы басқалары); кәсіби пікірталас үшін мерзімдік әдебиеттерге шолу жасау.

Жеке кеңес беруге шығармашылық тапсырманы орындаған студенттер шақы-рылады. Сөйтіп, кәсіби практика мерзімін-де тапсырмаларды орындау үшін алдын-ала екі кезеңде жеке кеңес берілуі:

- I кезеңде — екі апта бұрын студентке берілген немесе өзі дайындаған тапсырмаларын нақтылау; ақпараттың нақты көзін пайдалану туралы кеңестер; практикант-студенттің тапсырманы орын-дауға алғашқы жоспар-жобасы; болашақ педагогтердің тәрбиеленушімен ықпал-дасуы мазмұнын алдын-ала жобалау;

- II кезеңде — бір апта бұрын кәсіби іс-әрекетті ұйымдастыру мен өткізудің мазмұны мен әдістемесін талқылау; нәтиженің нақты критерийлерін талқылау; қажетті түзетулер енгізу.

Топтық және жеке кеңес берулер нақты тапсырмаларды орындау барысында технологиялық құзыреттіліктің жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді көздейді. Бұлар сондай-ақ оқытушыға техноло-гиялық құзыреттіліктің деңгейінің жетіл-ген-жетілмегенін нақтылап, есепке алуға, ықтимал кәсіби қиындықтарды анықтап, алдын алуға қосымша мүмкіндік туғызады.

в) іс-әрекет барысында техно-логиялық құзыреттілікті тұрақ-тандыру мен толықтырудың психологиялық-педагогикалық механизмдерінің жұмысын қамтамасыз ету: бұл үшін оқытушы мен студенттердің және студен-ттердің өзара ықпалдасуының түрлі нұсқалары қолда-нылады: әр варианттың мүмкін-дігі әр түрлі болады, сондықтан оларды ұтымды түрде сабақтастырған жөн:

- жұмыстың жаппай қамтылған түрлері әр сабақтың мақсаты мен міндеттерін белгілеу үшін, бұрынғы және алдағы сабақтар жүйесіндегі орнын көрсету үшін, таяудағы және келешектегі перспективалардың өзара байланысына қарай кәсіби маңызын түсіндіру үшін, тапсырманы орындауға қажетті тірек білім мен іс-әрекет амалдарын белсендендіру үшін тиімді болып табылады: жұмыстың бұл түрлері ауызша және жазбаша түрде нақты мысалдармен көрсету үшін, типтік кәсіби міндеттерді атқару кезінде қолдану үшін негізгі ұғым, қағида, заң мен заңдылықтардың минимумын бекітудің бір жолы ретінде қолданылады; алайда, болашақ педагогтердің технологиялық құзыреттілігінің жалпы ерекшеліктерін ғана есепке алудың материалды бекіту мен тереңдету кезінде олардың дара ерекше-ліктеріне қатысты жұмыс формаларына қарағанда тиімділігі аз болады;

- жұмыстың жеке түрлері болашақ педагогтерге алдын-ала тапсырма бөліп, орындау тәсілдерімен қамтамасыз етуге қандай уақыт талап етсе, тапсырма орындау барысында оқытушының әр студентпен бірлесе еңбек етуіне сондай уақыт талап етеді: солай бола тұра, оны тиімді ұйымдастырса, берері мол; осы бір екі қайшылықты жайыт аталған жұмыс түрлерін кейбір жалпылама тапсырмаларды даралау және ықпалдасудың топтық түрлерін ұйымдастырудың III-вариантын қолдану жолымен үлес салмағын арттыру қажеттігіне алып келеді;

г) жұмыстың топтық түрлері тапсырмалардың мынадай үш нұсқасын орындау барысында қолданылды:

- I - барлық топқа арналған ортақ тапсырмалар: мұның жалпылама тапсыр-малардан өзгешелігі сол, құрамды топ мүшелері бір-бірімен ықпалдасады, білім, іскерліктерімен алмасады, іскерлік қатынас орнайды;

- II - түрлі тапсырмалар: әр топ басқа топтан өзгеше тапсырма орындайды да, содан соң ол топтар арасындағы өзара оқытуға жұмыстың барысы мен нәтижесін талдауға, іскерлік ойынға тағы басқа-ларына. ұласады.

- III - жеке тапсырмалар: топтың әр мүшесі кезең-кезеңмен немесе жарыстыра жалпы тапсырманың бір бөлігін орындайды: бұл тапсырмаларды орындау жолы топтың әр мүшесінің мамандануына қатысты жеке жұмыстарды орындауға ұқсайды; айырмасы сол, студенттер тығыз (жақын) ықпалдастықта болады, нәтиже әр адамның үлесіне тәуелді болады; бұл нұсқаны қолдану кезінде бірін-бірі жағымды жақтан байыту және ортақ міндетті атқару үшін жеке білім мен тәжірибені қолдану мақсатында кәсіби бағыты кереғар топтар қүруға мүмкіндік туады.

Тапсырмалардың мазмұны мен формасын диференциалдаумен қатар тапсырмаларды орындау алгоритмін ұқсас жұмыстарды орындау тәсілдерін көрсету, болашақ педагогтердің деңгейін ескере отырып, қиындықтардың себебі мен еңсеру жолдарын табу, нұсқау беру арқылы оның орындалу барысындағы көмек пен бақылау да дифференциалданады.

ғ) тұрақтандыру үшін негізгі нәтижені, ал технологиялық құзырет-тіліктің мазмұны мен құрылымдық компо-ненттерін толықтыру үшін "жанама" нәти-жені пайдалану: бұл үшін әр семинарлық және зертханалық сабақта студенттердің іс-әрекетінің барысы мен нәтижесін талдауға арнайы уақыт (5-7 минут) бөлінеді немесе оқу-кәсіби практика кезіндегі әдістемелік сабақта практикант-студентпен тәрбие-ленушінің немесе клиенттің ықпал-дастығын талдау үшін арнайы уақыт (25-30 минут) бөлінеді; сабақтың бұл бөлігінде іс-әрекеттің барысы мен нәтижесін талдау қырлары мынадай жолдармен сараланады:

- студенттердің тапсырмаларды орындауға даярлық деңгейін есепке алу арқылы;

- объективті негізі бар шағын жетістіктің өзін анықтау, оған жеткізген факторларды анықтау арқылы;

- студенттің болжамдау мүмкін-дігінен жоғары шағын жетістіктің өзін анықтау, қосымша, жанама оң нәтижелерге жеткізген себептер мен факторларды іздеу арқылы;

- жүзеге асыруға толық негіз бар, жоспарланған, бірақ алынбаған нәтижені белгілеу, нәтижеге жетуге бөгет болған себептер мен факторларды табу арқылы;

- жеткен нәтижені бағалау мен өзіндік бағалауға қозғау салу перспек-тивалық мүмкіндіктерді анықтауға ынталандыру арқылы технологиялық құзы-реттілікті тұрақтандыру мен толықтыру нәтижелерін кәсіби бағытталуының бірте-бірте болуын, жүйелілігін және оң болуын қамтамасыз ету үшін кейінгі тапсырмалар жүйесінде талдаған жөн;

д) кәсіпті меңгеру мен атқару үрдісінің бағытталуын трансформациялау бойынша кәсіби құнды негізін салу үшін технологиялық құзыреттіліктің субъектілік компонентін пайдалану: бұл жағдайда оқытушы, біріншіден, кәсіби тұрғының құндылық бағдарының мазмұнын мәнді элементтермен (толықтыру механизмі) байытып, оны орнықтыруға (тұрақтандыру механизмі) күш салуы қажет; мақсат — бұлардың кәсіби маңызды құрылымын жасауға болады, екіншіден, осыған сүйене отырып, студенттердің өзіндік рефлек-сиясына қозғау сала отырып, техноло-гиялық құзыреттіліктің қол жеткен, өзгермелі деңгейін студенттердің баға-лауына ынталандыру қажет.

Нәтижесінде технологиялық құзыреттілікті оң трансформациялау мен оның құрылымдық компоненттерінің ықпалын күшейту үшін кәсіби мәнді объективтік және субъективтік негіз жасалады. Мұны өзгерту едәуір қиындық келтіргенмен, соған сай тұлғаның орныққан мүмкіндігі мен іс-әрекет амалдарының жетілдірілген негізі ретінде пайдалануға болады. Демек, техно-логиялық құзыреттілік параметр-лерінің мазмұны, құрылымы мен ықпал-дылығын трансформациялауға кәсіптік тұрғыдан маңызсыз себептер болған күннің өзінде болашақ педагогтердің оқу-танымдық, практикалық іс-әрекеттерін дифферен-циалдау технологиясын оқыту-шының икемді де үйлесімді түрде қолдануы арқылы маңызды да оң нәтижелерге жетуге болады.

Болашақ педагогтердің техноло-гиялық құзыреттілігі оның кәсіп меңгермек субъект ретінде өзін іс жүзінде көрсету барысында жетіледі. Мұндай жағдайда студенттің өзіндік дербес оқу-танымдық іс-әрекетінің маңызы артады, уақыт бюджетіндегі үлес салмағы өседі. Нәтижесінде өз бетімен жұмыс істеуді мазмұнды-әдістемелік жағынан қамта-масыз ету қажеттілігі туады. Оқу-таным-дық іс-әрекеттің дербестігін мазмұндық-әдістемелік жақтан қамтамасыз ету технологиясы - жоғары оқу орнының курстарын нақты пән бойынша өзіндік жұмысты орындауға қажетті тапсырмалар жүйесі мен ұйымдастыру-әдістемелік материалдардан тұратын, студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешендермен жарақтау.

Ұсынылып отырған зерттеу аясында студенттерге оқытылатын әр пән бойынша оқу-әдістемелік кешендер жасау жөнінде жұмыс жүргізіледі. Олар пайдалануға ыңғайлы және жылдам дайын болу үшін дискетке жазылады немесе типографиялық әдіспен басылады. Бұл амал оқу-танымдық іс-әрекеттің мазмұны, түрлері, көлемі мен ерекшелігін тұтастай көрсетуге мүмкіндік береді. Ал мұның өзі, кезі келгенде, ұтымды (темпоралды) — бөлісе жасалатын жеке жоспарлаудың негізіне айналады.

Өзіндік жұмысты орындау бары-сында студенттерге ғылыми-теориямен практиканың бірлігіне негіздеп білім проблемаларын қарастыру ұсынылады. Осы жұмыс барысында оқу материалдарын құрастыру, мазмұнын таңдап алу және оны таныстыру тәсілдерін ұйымдастырудың мынадай амалдары қолданылады:

- педагогикалық дәстүр мен жаңа-шылдыққа, педагогиканың ғылым теории-ясы мен практикасына, кәсіби педагоги-калық білімдену мен өздігінен білім жетілдіруге аксиологиялық құндылық тұрғысынан қарау;

- шығармашылық кәсіби іс-әрекет пен ықпалдасу субъектілерінің қатысымы үрдісінде сырттан басқарудан ішкі өзіндік басқаруға ауысудың табиғи және әлеуметтік-мәдени факторлары жиынты-ғының әсерін анықтауға мүмкіндік беретін акмеологиялық әдіс;

- тұлғаға бағдарлау әдісі: мұнда студенттің өзіне деген қатынасы, курстастары мен оқытушыларға кәсіпке даярлау үрдісінің өзіндік саналы субъек-тілері ретінде, болашақ қызметкерлерге — кәсіби іс-әрекет пен өздігінен білім жетілдірудің субъектілері ретінде қарауы, болашақ әріптестерге, тәрбиеленушілерге немесе клиенттерге және олардың ата-аналарына білімдендіру үрдісінің өзіндік саналы субъектісі ретінде қарауы үйғарылады;

- креативтік әдіс: мұнда негізгі педагогикалық білімді, іс-әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін туындатуға ғана емес, сондай-ақ оларды шығармашылықпен түсіндіру, кейін қолдану мен қайта толықтыруға да жағдай туғызылады.

Студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешенде сессияаралық кезеңдегі өзіндік жұмыс үшін кестеленген (градуированные) вариативті жеке тапсырмалар беріліп, ол тапсырмалардың тиісті жинағына енген әдістемелік нұсқаулармен толыктырылады.

Студенттерге арналған ғылыми-әдістемелік кешенді даярлау тәжірибемізді біз болашақ педагогтерге білім беруші бағдарламалардағы арнайы курсты мазмұндық-әдістемелік жақтан жарақтау үшін де пайдаландық.

Жинақталған тәжірибеміз көрсет-кендей, аталмыш оқу-әдістемелік кешенді даярлауда мынадай талаптар сақталуы қажет: материалдың адрестілігі мен нақтылығы; кәсіби және оқудағы көпфункциялылық; олардың шығарма-шылық және дамытушы потенциалы; ұйымдастырушылық және әдістемелік жабдықтау; оқу-танымдық іс-әрекет субъектісі ретіндегі өзінің технологиялық құзыреттілігінің жетілдіру мен дамытудың мазмұнды болуын қамдайтын студентке бағдарлау.

Болашақ педагогтердің оқу-таным-дық және өндірістік-практикалық іс-әрекеттің мазмұны мен технологияларын меңгеруде дәстүр мен жаңашылдықты үйлесімді сабақтастырса, кәсіби тұрғыдан жетіле бастайды. Өйткені бұлар студенттің ішкі мүмкіндіктерін өзі белсендендіріп, өзі жүзеге асыруы жолдарын іздеуге арналады. Мұндай жағдайда технологиялық құзы-реттілік маман бойындағы негізгі жаңа өзгеріс ретінде жылдамырақ жетіледі. Нәтижесінде болашақ педагогтердің бара-бар кәсіби позициясы жасалып шығады.

Жоғары білімнің кәсіби жетілдірудің ішкі резервтерін өзіндік белсендендіру мен өзіндік жүзеге асыруға бағдары жоғары оқу орнының білім беруінде диалогтік жаңа технологиялардың пайда болуын қажет етеді. Зерттеу барысында біз зертханалық-практикалық және семинар сабақтарды ұжымдаса-бірлесе ұйымдастыру техноло-гиясын сынақтан өткіздік. Курстарда сабақты бір мезгілде өткізуде оқытушы жұмыстың жалпылама кезеңін ұйымдастырып, шағын топтардың ықпалдасуын үйлестіріп отырды.

Бұл технологияны сабақтың құрылымдық кезеңдерінде студенттер мен оқытушылар ықпалдастығының ұйым-дастыратын, жаңа, кіші формаларымен толықтырғанда қолдануға болады. Мұндай жағдайда сабақтың негізгі ерекше және дәстүрлі кезеңдері қажеттігіне қарай бірнеше ыңғайда өткізіледі:

- мотивтендіру-ынталандыру кезе-ңінде оқытушы игерілмек теория мен технологияны пайдаланудың мақсаты мен кәсіби мүмкіндіктерін ашады: оларды меңгерудің жеке және әлеуметтік мәнді түрткілері мен мақсаттарын өзектендіреді, тұрақтандырады, толықтырады; кейбір студенттер үшін бұл теориялық немесе практикалық тәжірибенің кәсіби құнды түрткілері болмауы мүмкін; оларға жаңалықты әдеттен тыс, логикаға қайшы, парадоксты, ахуалдық жағынан ынта-ландыратын тәсілдерді қосымша қолдану ұсынылады; алайда, болашақ педагогтерде пайда болған ахуалдық мүддені толық динамикалы бара-бар іс-әрекеттен тұратын сабақ бойында одан ары қолдап отыру қажет;

- теориялық-актуалдандырушы кезеңде алдағы тапсырманы орындау негіздері жедел актуалдандырылады: шағын топтар "жекпе-жегі", "даналық діңгегін" өсіру, "тақырыптағы ақ таңдақтар проспектісін" жасау, "кеңестер жинағын" құру, теориялық білімдер "аукционы" сияқты жарыс әдістерін қолдану студенттердің танымдық іс-әрекетін айтарлықтай белсендендіреді, оны анали-тикалық-салғастырмалық деңгейге дейін көтереді;

- бөлісе-даярлану кезеңіңде әр шағын топ бір немесе бірнеше орында нақты тапсырма бойынша қатар жұмыс істейді: әр студент өз еркімен іс-әрекет мазмұнын, ықпалдасу тобын, оқытушыны тандап алады; қажет болған жағдайда шағын топтардың бірі шағын топтардың алдағы ықпалдасуының сюжеті мен компо-зициясын құрады.

- ұжымдық-моделдеуші кезең әр топтың орындаған тапсырмасын таныс-тыруға және білім беру технологиясы туралы идеялар қорын толықтыруға арналады: сондықтан қалыптан тыс шығармашылық табыстарға, ұсынылған элементтердің түрлендірмелеріне, ойлар жобасы мен жүзеге аспаған болжамдық шешімдерге айрықша назар аударылады; бұл — әр студенттің шығармашылық мүмкіндігін ашуға мүмкіндік туғызып, олардың топ ішінде өзіндік актуалдандыру (жігерлендіру) мен өзін іс жүзінде көрсетуге көмектеседі;

- бөлісушілік-рефлексттік кезеңде шағын топтарда сабақты талдау ұйымдастырылады: өз іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижесі бағаланады; ұсынылған амал-тәсілдерді игеру мазмұны мен тереңдігіне мән беріледі; техноло-гиялық құзыреттіліктің өсу барысын өзіндік бағалауға түзетулер жасалады.

- ұжымдық-аналитикалық; кезеңнің мақсаты мен әдістемесі алдыңғы кезеңге ұқсас, айырмасы — бір мезгілде барлық шағын топтармен жалпылама жұмыс жүргізіледі: нәтижесін талдаудың егжей-тегжейлі ету шамасы азайтылады, сол себепті барлық шағын топтарға тән жетістіктер мен олқылықтардың жалпы ерекшеліктеріне айрықша назар ауда-рылады.

Талданып отырған технологияны қолдану тапсырмалардың конфигу-рациясын, ықпалдасуға қатысуын, түрлен-белі тапсырмалар мазмұнын, оларды орындау амалдары мен формаларын, нәти-жені талдау қырын саналы түрде жеке таңдау арқылы кәсіби жетілу қарқын-дылығы үшін оқытушы мен студенттің шығармашылық әлеуетін барынша сабақтастыруға мүмкіндік туғызады.

Өзінің кәсіби жетілуінің стратегиясы мен тактикасын студенттің нақты таңдап алуға мүмкіндігі бар. Бұл, біріншіден, өзіндік диалог қажеттігін туғызады, осының нәтижесінде студент өзінің түрткісі мен мақсаттарын, білімдену іс-әрекетінің үрдісі мен нәтижесін әрдайым талдап отырады. Екіншіден, осы әдістеме бойынша жасалатын ықпалдастық кәсіби құндылыққа мән берудің куатты катализаторымен жаңаратын топішілік және топаралық пікірлесуді (диалога) қамтамасыз етеді. Сөйтіп, сабақты ұжымдаса-бөлісе ұйымдастыру техноло-гиясы студенттің оқу мен кәсіби жетілу субъектісі ретіндегі шынайы бейнесін көрсетудің жағдайларын жасайды. Субъектіні (студентті) өз-өзімен, әріп-тестерімен және оқытушылармен өнімді диалогке кірістіреді.

Алайда, сабақтың табысты болуы көп нәрсеге байланысты. Соның ішінде ойлар мен бейнелердің пайда болуы, сөзбен тұжырымдалу үрдісін сөз және сөзден басқа нәрсемен жарақтаудың технологиясы студент меңгеру үшін кәсіби білімдендіру бағдарламасының барлық циклі бойынша өткізілетін сабақтардың мүмкіндігіне айрықша назар аударылады. Гуманитарлық сала маманы іс-әрекетін толықтай орындауда оның маңызын түсінсе, коммуникативтік белсенділік көрсететін мәнді ұғынуға, кәсіпке даярлау барысында және нақты оқу міндеттерін орындау аясында коммуникативтік құзыреттілік міндеттерін шешудің қосымша резервтерін іздеуге әкеп тірейді. Бұған гуманитарлық саладағы болашақ педагогтердің өз ойы мен бейнелеулерін сөз және сөзден басқа нәрсемен тұжырымдауына деген іскер-ліктерінің жетілуі мен дамуының амал-тәсілдерінің жүйесін пайдаланатын коммуникативті кузыреттілікті қамтамасыз ету технологиясы ықпал етеді.

Семинарлық сабақтарда жетілдірі-летін коммуникативтік белсенділік студен-тке іс-әрекет тұлғасы ретінде қарауға негізделуі керек. Осыған орай білімдендіру іс-әрекеті мен қатысымының тең құқылы субъектілерінің ықпалдасуы қамтамасыз етіледі. Бұған теориялық және практикалық сипаттағы кезеңдік кесте бойынша даярланған, тапсырмалардың жүйесін қолдану барысында қол жетеді. Мұнда тұлғалық, кәсіби жене коммуникативтік сапаларды біріктіру кезінде өзін-өзі актуалдандыру мен жүзеге асыруға деген қажеттілікті қанағаттандырудың болашақ мүмкіндігі бар.

Бұл жүйені қолданудың бастапқы кезеңінде студенттердің өзінің коммуника-тивтік белсенділігі мен оны дамыту келешегін технологиямен қамтамасыз етудің бастапқы деңгейін өзі бара-бара бағалауға баулу қажеттілігі туады. Ол үшін тәсілдер жиынтығын қолдану керек. Санамалап өтейік: тапсырма мазмұнын анықтайтын, оны коммуникативтік тұр-ғыдан таныстыру жолына нұсқайтын жеке карточкалар; өзара синтездің дүдәмал (критикалық) сәтін белгілеу кезіндегі әрекеттердің жарыспалы, мазмұнды және коммуникатив-тік бірізділігі; тірек білім-інің сөзбен берілуін қарастыратын тірек конспектілер тағы басқалары.

Студенттер бірте-бірте өзінің коммуникативтік қылығы мен қатысым ситуациясына орай алда айтылмақшы жайттың түйінді мазмұнының сеттерін есепке ала отырып, сөзді талғау сияқты технологияны меңгереді. Сөйтіп, болашақ педагогтті сабақта қазіргі проблемаларды оқып-зерттеуге тарту нәтижесінде ғылыми тұжырымдамалардың теориялық және практикалық мәні ұғынылып қана қоймайды, кәсіби қатысымды жүзеге асырудың мүмкіндігіне деген қажеттілік-құндылықты қатынастың өзегі жасалады.

Нәтижелерді қорыта келе, жоғарғы оқу орнының технологиясын зерттеуде жасалғандар мен пайдаланғандар болашақ педагогтердің технологиялық құзырет-тілігін жетілдірудің ішкі білім жүйесінің бөлігі ретінде қарастырылады. Олар кәсіпті меңгерудің алғашқы кәсіби-құндылық базасын жасауға, теориялық және практикалық мүмкіндік пен дайындықты біртіндеп жетілдіруге, технологиялық құзыреттілікті толықтыру мен өзіндік даму стратегиясы мен тактикасының туын-далуына және қолданылуына ықпал етеді. Оған қосымша технологиялық құзырет-тіліктің қолдану мен меңгеруді нақтылау және іске асыру стратегиясы мен тактикасы, кәсіби іс-әрекетті іске асырулар көрсетіледі.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Демин В.А. Профессиональная компетентность специалиста: понятие и виды. - Мониторинг образовательного процесса, 2000- №4-35. – 42 с.

2. Харламов И.Ф. О педагогическом мастерстве, творчестве, новаторстве. - Педагогика, 1992. - №7. - С. 11-15.

3. Адольф В.А. Формирование профессиональной компетентности будущего учителя. - Педагогика, 1998.- №1. - С. 72-75.

4. Гришин Э.А. Социально-экономические и педагогические проблемы подготовки учителя. – М., 1986. - 143 с.

5. Словарь иностранных слов. – М., 1989. - 624 с.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2009


 © 2024 - Вестник КАСУ