Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОРТА - БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КРЕАТИВТІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТЫ

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2009

Автор: Нагымжанова К.М.

Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен дамытудың стереотипіне қарама-қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке шығар-машыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға бағытталады.

Бүгінгі педагогикада балаға оқу іс-әрекеті субъектісі, өзін-өзі анықтауға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылған тұлға ретінде көзқарас қалыптасуда. Тұлға субъектілігі тану әлемін (мазмұнын, түрін, орындау формасын) таңдауымен, таңдау тұрақтылығымен, оқу материалын өңдеу тәсілімен, тану объектілеріне эмоционалды тұлғалық қарым-қатынасымен көрінеді. Бұнда маңызды құрам құраушылар болып оқушы мен мұғалімнің өзара әрекеті табылады, өйткені бұнда есте сақтау қызметі оқуынан ақыл-ой дамуы үрдісі оқытуына алмасуы жүреді, сонымен қатар әрбір оқушының субъективті тәжірибесінің көрініс тауып, қолданылуына көмектеседі. Ал ол өз кезегінде тұтас оқу әрекетін ұйымдастыру жолымен танудың тұлғалық мәнді тәсілдерін игеруге көмектеседі. Қорытындысында дамудың «өмірлік әрекеттегі субъектілік тәжірибе» факто-рына ерекше мән беріледі. Ол балада мектепке келгенге дейін жанұя, әлеуметтік мәдени қоршаған орта, олардың адам мен заттар, құбылыстар әлемін қабылдау және түсіну жағдайында меңгеріледі.

Бүгінгі күн талабына жауап бере алатын дидактикалық орта әр түрлі жаңа технологиялар және ақпараттар легі толас-сыз жаңа нәтижеге ұмтылған иннова-циялық орта болып табылады. Ал дәл осы ортаны жасақтау қажеттігі келесі әлеуметтік және педагогикалық қажетті-ліктермен сипатталады:

- оқушының оқу әрекетінің және жеке өз өмірінің толық дәрежелі субъектісі ете отырып, ролін күшейту;

- оқушыда толассыз ақпарат әлемінде өзін-өзі ұйымдастыратын іс-әрекеті субъектісі сапаларын дамыту: нақты нәтижеге жеткізетін мақсат қоюда, өз әрекетін жүйелі жоспарлауда және оны жүзеге асыруда;

- оқу іс-әрекеті құралдарын, тәсілдерін, формаларын (жеке, топтық немесе ұжымдық) таңдау мүмкіндігі, өз бетінділігі;

- оқушының іс-әрекетінде субъектілік тәжірибесінің өзектеніп, басым мәнге ие болуы;

- қазіргі ақпараттық технологияларды өз қажетіне қарай күнделікті тұрмыста еркін қолдана алудың өзектенуі.

Орта – адамды тірлік етуінің, қалыптасуының және әрекет етуінің оны қоршаған қоғамдық, материалдық, рухани шарттары [5]. Орта кең мағынада (макро орта) қоғамдық -экономикалық жүйені - өндіріс күштері, қоғамдық қатынастар және институттар қоғамдық сана мен мәдениет, тұтастай қамтиды. Тар мағынада (микро орта) тікелей адамды қоршағандарды – жанұя, еңбек, оқу және т.б. ұжым және топтар [7].

Біліми орта – адамның біліми әрекетіне материалдық, рухани шарттар ұсынатын көп аспектілі, тұтас әлеуметтік психологиялық шындық, мақсатқа бағыт-талып дайындалған ақпаратқа және оның тәсілдерін зерттеуге адамның еніп кетуіне, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қажетті психологиялық педагогикалық шарттар жиынтығы [6].

Сол себептен де автордың пайым-дауынша, ақпараттық ортаны құруда алдын ала дайындалған, тұтынушының сұраны-сына сай бейімделген мәтіндік және иллюстративтік материалды ғана емес, сонымен бірге танымдық іс-әрекетті жобалайтын және жүргізетін техноло-гиялық негізін (әдістемесін, тәсілін, қазіргі оқыту құралдарын) бейнелену керек. Ақпараттық біліми орта үздіксіз өзгермелі, үйренушінің жеке ерекшеліктерін, қызығу-шылығын ескеруі қажет. Бұндай орта өз бетімен іздеу, міндетті қою және оны шешу жолдарын іздеуіне көмектесіп, адамның үздіксіз кәсіби және жалпы біліми жоспарда өсіп отыруына мүмкіндік беруі керек.

Бүгінгі білімнің негізгі шарты үйренушіде жаңаны, өзіне қызықтыны, өз оқыту траекториясын іздеу қажеттілігін қалыптастыру екенін ескерсек, біздіңше, ақпараттық біліми ортаны жоспарлауда басты шарт үйренушінің өз бетімен танымдық, ізденушілік әрекетке ұмты-лысын қамтамасыз ету болу қажет.

Аталған ортаға қатысты жасалынған сипаттамадан біз бүгінгі нәтижеге бағдарланған білім моделі жағдайында талапқа жауап беретін бірден-бір орта бұл кредиттік оқыту жүйесіне негізделген біліми орта екенін анық көре аламыз. Сол себепті де біз өз зерттеуімізде бүгінгі ақпараттық қоғам сұранысын ескере отырып, бастауыш сынып оқуышы-ларының қалыптастыруда қазіргі иннова-циялық технологияларды және деңгейлік тапсырмаларды кіріктірген оқу ортасын таңдадық және оның анықтамасын былайша тұжырымдадық: «инновациялық біліми орта - бұл педагогикалық технологияны қазіргі ақпараттық техноло-гиялармен кіріктіре қолдану негізінде, оқушылардың педагогикалық-психоло-гиялық және этнопсихологиялық ерекше-ліктерін ескере отырып, қалыптастыруға бағытталып, тұлғалық және бағдарлы нәтижеге бағдарланған орта.

Сол себепті басты ерекшелігі: біріншіден, бастауыш сынып оқушыла-рының жас ерекшеліктеріне сай оларды ерекше қызықтырып, ынталандыратын құрал қазіргі ақпараттық технологиялар мен нәтижеге бағытталған құрал болып табылатын педагогикалық технологияның өзара ұштастырыла қолданылуы; екіншіден, қазақ балаларына тән этнопси-хологиялық ерекшеліктерді ескеруі; үшіншіден, оқу үрдісінің негізіне тұлғалық-бағдарлы оқытудың дидактикалық қағидалары басшылыққа алынуы; төртіншіден, оқушыларды деңгейлік тапсырмалар арқылы әр оқушының мемлекеттік стандарт талабы деңгейінде білім алуын нақты қамтамасыз етуі.

Сонымен қатар бұл арнайы құрылған ортаның маңызды белгілерінің бірі - бұл оқушылардың танымдық тапсырмаларға ерекше белсенділігі мен қызығу-шылықтарының басым болуы. Өйткені бірінші деңгейдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушының бұл оқу-танымдық орындауға деген белсенділігі мен қызығушылығы төмен деңгейде болғанның өзінде де екінші және үшінші деңгейдегі тапсырмаларды орындау кезінде міндетті түрде жоғарлайтынын практика жүзінде дәлелденіп отыр.

Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес инновациялық ортамыздың маңызды құрамдас бөлімі болып қоршаған әлемді және біліми саласын ғылыми меңгеру тәсілдерімен байланысты пәндік біліми салаларды кіріктіру болып табылады. Пәндік орта кіріктіруін жүзеге асырып қана біз бастауыш сынып оқушыларына қажетті ортаны ұйымдастыра алатынымыз сөзсіз және оған жүргізілген зерттеу жұмыстары да дәлел бола алады. Шынында бұл мәселенің шешімі оқытушының кәсіп-керлік шынайы іске асыруға тән сол бір ішкі объективті қайшылықты анықтаумен байланысты.

Педагогикалық жаңалық – жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық үрдіс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы.Дәстүрлі оқу пәндерінде шоғырландырылған мақсат пен міндеттер қойылмайды, пәнді меңгерудің басты міндеті болып, ғылыми міндеттерді фотографиялық түрде меңгерту, көбінесе есте сақтау мен қайта жаңғырту деңгейінде (кей-кезде ойлау қабілетінің қатынасынсыз) ғана қалады. Оқытушы-лардың жұмыс тәжірибелерін зерттеу, когнитивті ауқымдағы (Б. Блум) білім беру мақсатының технологиясымен сәйкес, оқытушының зейіні мен меңгерілген материалды «Білімділігіне» және «Түсінік-тілігіне» шоғырланады, ал талдау-жинақ-тауға, оқушылардың әрекетін өздік баға-лауына, оқытушы іс-әрекетіне аз деңгейде назар аударылатынын көрсетіледі.

Оқытушының инновациялық іс-әрекеті өз қызметіне жаңа технологияларды енгізуі. Білім беру жүйесінде қазіргі технологиялардың сан алауан түрлері бар. Оқыту технологияларын таңдау үшін педагог педагогикалық үрдіс факторларын ескеру қажет деп көрсетеді Д.В. Чернилевский. Ол факторлар:

- біліктілік сипатына енген кәсіби іскерліктерді меңгертуге арналған оқыту іс-әрекетін ұйымдастыру мүмкіндіктері;

- педагогикалық үрдістегі оқыту ақпараты функциясы (оқыту, диагно-стикалық бақылау);

- оқыту ақпаратының мақсаттылық белгісі (танымдық, әрекеттік типте);

- оқушылардың мүмкіншілігі (әдіс-темелік біліктілік деңгейі, оқыту үрдісінің әдістемелік техникалық жабдықталуы);

- уақыт мүмкіндігі (ұзақтығы – 45 мин артық, қысқа уақыт көлемі – 45 минуттан кем) [1].

Материалды түсіндіру әдісін таңдау әдістерінің тиімділігі өз кезеңінде, оқыту мақсатына жету мүмкіндіктеріне байла-нысты болады.

Оқытудың басты мақсаты, материалдарды түсіндіруде білім мазмұнының объектісі мен әрекеттерін және студенттердің логикалық шығарма-шылық іскерліктерін дамыту. Бірінші мақсатта – білім мазмұнын түсіндіру – дайын білімді хабарлаудағы тиімді әдістемелерге ақпараттық және пробле-малық мазмұндау жатады. Басқа да жағдайларда, егер білім мазмұны нақты әрі толық болса, басқа әдістемелерге қарағанда түсіндіру әдісі жиі қолданылады. Сонымен қатар, белгілі мөлшерде логикалық іскерліктерді дамытуға жағдай жасалады, өйткені мазмұнды айқындауда репродук-тивті қажеттілік қарастырылған. Бірақ, логикалық іскерліктерді белсенді дамытуда және қандай да шығармашылық тәсілді дамытуда дайын білімді хабарлауға жағдай жасалмайды. Екінші мақсатқа жетуде баяндау әдістемесінің мүмкіншіліктері жоқтың қасы.

Логикалық және шығармашылық іскерліктерді дамыту дедуктивті өргізу мен эвристикалық ізденіс әдістерін қолданғанда тиімді болады. Бірақ бұл әдіс оқытушылар мен студенттердің көп уақытын алады. Әсіресе, эвристикалық ізденіс арқылы түсіндіру әдісі. Сондықтан да, қажетті материалды түсіндіруде басқарылатын эвристикалық ізденіс әдісін шығар-машылық ойлауды дамыту мақсатында қолдану керек.

Дедуктивті өргізу көп уақыт алса да, мүмкіндігінше дайын білімді баяндаудан гөрі жалпылау ретінде үнемі қолданылуы қажет. Материалдарды түсіндіру үшін барлық әдістер қолданылуы керек, бірақ әр түрлі жиілікте. Ең бастысы дедуктивті өргізу және ақпаратты және проблеманы мазмұндау, эвристикалық ізденіс әдістемесі материалдың 15-20% түсіндіруде қолданы-лады да шығармашылық ойлауды дамытуда маңызды және міндетті роль атқарады.

Инновациялық бағдар оқытушының кәсіби педагогикалық мәдениетін қалыптастыру іс-әрекетке ойлап табу, меңгеру, педагогикалық жаңалықтарды оқыту практикасында қолдану, иннова-циялық аймақ тудыру.

Инновациялық бағдардың педагогикалық іс-әрекетте қажеттілігі төмендегідей:

1) Әлеументтік-экономикалық өзге-рістер, білім беру жүйесінің әдіснамасын оқыту үрдісін ұйымдастыру техноло-гияларын түбегейлі өзгерту қажеттілігін тудыруда. Инновациялық бағдарлылық білім беру жүйесінің жаңарту құралы болып табылады.

2) Білім беруді ізгілендіруді нығайту, білім жүйесіндегі түрлі өзгерістер үнемі жаңаны ұйымдастыру түрлерін, оқыту технологияларын қажет етеді.

3) Педагогтердің педагогикалық жаңалықтарды меңгеру және қолдану факторының өзіне қарым-қатынастарының өзгеруі оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнының қатаң регламентіне тек педагогикалық әрекетте дәстүрлі әдіс-тәсілдерді пайда-лануға ғана мүмкіндік береді. Егер, бұрын инновациялық іс-әрекет жоғарыдан ұсынылған жаңалықтарды қолдану болса, қазір таңдау зерттеушілік мүмкіндігіне ие.

Оқушыларға ақыл-ой және дене-күшіне жүктемені өлшеу. Сонымен қорыта келе, кез келген технология кез келген педагогтің қолданылуында тиімді нәтижеге жеткізе бермейді. Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық қызметінде жеке шығар-машылық тұжырымдамасының қалып-тасуын, жеке бастың педагогикалық құндылықтар мен технологияларды меңгеруін, педагогикалық жаңалықтарды іске асыру үрдісін өздігінен ұйымдастыру, жаңалықтарды, енгізуде мұғалімнің өзіндік жеке стилінің болуы, инновациялық ортаның қалыптасуы инновациялық типтегі оқу орындарында өтілетін экспери-менттерге қатыстыру, жоғары оқу орындарында жаңа технологияларды қолдану жолдарын меңгертуді қажет етеді.

Сонымен жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, А.В. Морозовтың анық-тамасына сүйеніп: «Инновациялы-креативті ортаның мәні педагогикалық үрдістің мағынасын шешудегі шығар-машылық және жасампаздық тұрғыдағы тұлғаның қызығушылығы мен құнды-лықтары оқу іс-әрекетінің басты компо-ненті болып ұйымдастырылуы», – деп қарастыраған жөн.

Бұл анықтама жобалап оқыту тұжырымдамасының авторы Г.Л. Ильинаның анықтамасына жуық. Бірақ, В.А. Морозов анықтамасында инно-вациялы-креативті іс-әрекеттің шығар-машылық және жасампаздық тұрғысын оқушы мен оқушы арасында қалыптастыруды негізге алады. Бұл ұстанымды жүзеге асыруда төмендегі принциптерді басшылыққа алады:

1) Оқытушы тұлғасы оқыту үрдісінде басты элемент ретінде қарастырылады, осыған қарамастан оның оқушыға өзіне-өзінің позициясы өзгерді. Оқытушы пәндік ақпаратты жеткізуші емес, дәстүрмен қағиданы сақтаушы, оқушының тұлғалық дамуы мен қалыптасуына көмекші. Оқушыға әсер ету, басқару сипаты өзгереді. Авторитарлы билік позициясы, үлкендік және күшті құқысы жоғалады. Орнына серіктестік позициясы, демокра-тиялық қарым-қатынас орынайды. Соны-мен қатар, оқушының да нәтижеге деген бағдары өзгереді, баға алудан белсенді қарым-қатынасқа бағдарланады.

2) Білім функциясы жағынан оның ұйымдастыру тәсілі мен меңгеру өзгеріске ұшырайды. Білім біздің қоғамымызда «үшінші орындағы әлеументтік күш» орынынан адамға қазіргі өркениет пен мәдениеттен орын алуға, қазіргі ақпаратты қоғамды жүйелі, пәнаралық, жалпылық мәнге ие етеді.

3) Бірінші жоспарда әлеументтік табиғатқа барлық оқытуда тұлғаны дамыту, жеке дара емес, топтық формада өзара әсер ету, тұлғалық қарым-қатынас пен «ұжымдық субъектіден» жеке даралықты өсіру, бірлескен шығармашылық байланыс орынату.

Басқаша айтқанда, инновациялы-креативті білім беру жүйесіндегі негізгі өзгерту тәсілін береді, өйткені, креативтік тұрғы оқыту проблемасындағы дидак-тикалық міндеттер шешімін емес, өмірдің әлеументтік аспектісіндегі жобалар мен ой-пиғылдарды, идеяларды жетілдіру мен шығармашылық қалыпқа келтіру болып табылдады.

Осыған байланысты технологияда тәрбиелеудің үш қағидасы сақталған:

Біріншісі – әлеуметтік-мәдени құндылықтар (адам, табиғат, қоғам, еңбек, таным) мен өмірдің құндылық негіздері – мейірімділік, ақиқат, сұлулыққа бағдар.

Екіншісі – субъектілік қағидасы, педагог студенттердің қабілеттерін барынша дамытуға ықпал етеді – болашақ педагогтердің басқа адамдар және әлеммен байланыстағы өзінің «Мен-ін» саналы түрде түсіну, өз әрекеттерінің болашақ оқушылары мен өз тағдырлары үшін әсерін көре білу, өмірлік шешімді саналы түрде таңдау.

Үшінші – студенттің оқудағы табысы, дамуы, жағдайы мен қабілеттеріне қарамастан дұрыс қабылдау, оның өзіндік ерекшеліктерімен өмір сүруге құқылы екенін мойындау, сол сәтке қалып-тастырған өмір тарихын құрметтеу, оны сақтауға қатысты құрметтеу.

Тәрбиелеудің үш қағидасының бірлігі креативтікті қалыптастыру технологиясына болашақ педагогтердің үйлескен сипаттамасын береді: аталған заманауи қағидаларды бір-бірінен бөлек жүзеге асырудың мүмкін еместігі сияқты философиялық, диалогтық, этикалықтың бір-бірінсіз өмір сүре алмайды.

Креативтікті қалыптастыру – бұл педагогикалық үрдісті қымбат экстенсивті құюларсыз қарқынды жолмен дамытуды жетілдіруге ықпал ететін болашақ оқытушылардың кәсіби дайындау техно-логиясы.

Диалогтық қарым-қатынас негізінде адам мүмкіндігін тиімді жүзеге асыру, даралау және саралау қағидаларын ескере отырып, оқытушы мен студенттердің өзара байланысты әрекеттерін қарастыратын тұлғаның даму әдісі мен модульдік білімді трансляциялаудың тиімді үрдісі болғандықтан, педагогикалық технология ретінде ол бір мезетте оқыту мен тәрбиелеу технологиясы болып табылады.

Бұнда шығармашылық ортаны құру, сонымен қатар оқытушылардың өздерінің креативтігін қалыптастыру, креативтікті көрінулерге мотивация мен қарым-қатынасын өзгерту, оқушылардың мінез-құлқы мен әрекеті өкілі, студент креативтігіне құндылық ретінде қарым-қатынас қалыптастыру арнайы қарасты-рылғанын ескертейік.

Оқытушы:

- креативтікті қалыптастырудың екі жақты үрдісінің субъектісі ретінде, оның өзіндік креативтігі, модальдығы, басқа тұлғалық қасиеттері мен сипаттамасы (эмпатия, сезімталдық, мотивация және т.б.);

- шығармашыл педагогикалық технологияларды игеруі қоса кіретін педагогикалық шеберлік;

- дәстүрлі емес шығармашылық жағдаяттар құру, студенттермен бірлескен шығармашылық әрекет.

Ата-аналар, отбасы мүшелері:

- студент үшін креативті мінез-құлық үлгілері;

- сезімталдық бар/жоқ;

- құндылықтар жүйесіндегі креа-тивтік;

- шығармашылық жағдаятты отбасында құру, бірлескен шығармашылық әрекет.

Макроорта, әлеуметтік жағдаят:

- креативті мінез-құлық үлгісінің болуы;

- субъектілердің креативті мінез құлықтарының еркіндігі/ регламенттілігінің дәрежесі;

- шығармашылық кеңістік ұйым-дастыру, дене және психологиялық қауіпсіздік;

- студенттің шығармашылық үрді-сінде қолданатын заттар мен мате-риалдардың алуан түрлілігі, ұғынық-тылығы, трансформациялау мүмкіндігі.

Инновациялы-креативті орта ерек-шелігі:

1) Оқу үрдісіндегі оқытушы мен оқушының серіктестігі. Оқушы өзіне қажетті ақпаратты таңдауға, жоба негізінде өзіне қажеттіні таңдауға мүмкіндігі бар. Оқытушы бағдар бере алады.

2) Креативті оқыту техноло-гияларында ең басты дәстүрлі түсінік өзгереді – меңгеруге дайын, жүйелі білімнің болмауы. Жобалап оқытуда білім кездейсоқ, жүйесіз, қарама-қайшылықты сипатта болып келеді. Оларды жүйелеу, тәртіпке келтіру, шындығын айқындау білім алушының ісі. Ол дайын білім мен түсініктерді меңгермейді, өз жобасын құрып, дүниеге өз көзқарасын қалыптастырады.

3) Оқыту үрдісінің басты элементі білім емес, ақпарат болып табылады. Білім – қоғам тәжірибесімен тексерілген, таным болмы-сының нәтижесі, басты ерекшелігі шындық пен қарама-қайшылық. Ақпарат – әр сипаттағы мәлімет, көпшілік жағдайда айтушының ойын білдіреді, кейде сезікті нақтылық пен бірі-біріне сәйкес келмейтін қарама-қайшылықты білдіреді.

1) Креативтікті қалыптастыру техно-логиясы тәрбиелік-білім беру ретінде педагогикалық технологияның үш мәнді белгісін қамтиды:

Қалыптастыру үрдісінің өн бойында әлеуметтік-мәдени бағдар болып табылатын, айқын педагогикалық идеалды көрсететін мақсатты бағытталғандық;

2) Креативтікті қалыптастыру үрдісінің әлеуметтік-мәдени құнды-лықтарға азаматтың тарихи даму жетістігі ретінде әдіснамалық сәйкестігі;

3) Саналы қойылған мақсаттар, қалыптасқан идеалдар мен нанымдарға сәйкес өз тұлғасын өзгертуге бағытталған болашақ педагогтердің әрекеттерін өзін-өзі тәрбиелеуге алмасатын ықпал мен әсер етудің белгілі бір тәрбие жүйесінің болуы қамтамасыз етіледі.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Педагогика: учеб. Пособие для вузов / В.А. Сластёнин, И.Ф. Исаев, Е.Н. Шиянов; Под ред. В.А. Сластёнина. – М.: Академия, 2002. – 576 с.

2. Таубаева Ш. Введение в методологию и методику педагогического исследования. Учебное пособие / Ш. Таубаева. – «Тұран» баспасы, Түркістан: 2007. – 190 с.

3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы // Қазақстандағы білім № 5 (8), 2004.

4. Рысбаева А.К. Успешность деятельности как категория педагогики. – Алматы: КазНПУ им. Абая, 2003. – 266 с.

5. Краевский В.В. Методология научного исследования. – Спб., СПБГУ, 2001.

6. Гершунский Б.С. Философия образования для ХХІ века. М.: Изд-во «Совершенство», 1989. – 608 с.

7. Дронова Т.А. Формирование интегрально-креативного стиля мышления будущих педагогов в образовательной среде вуза: Монография / Т.А. Дронова. – 2-е изд., стер. – М.: Издательство Московского психолого-социального института; Воронеж: Издательство НПО «МОДЭК», 2008. – 368 с. – (Серия «Библиотека студента»).

8. Беляева Л.И. Педагогическая деятельность как категория педагогики и философии. В кн: понятийный аппарат педагогики и образования. – Екатеринбург, 1995.

9. Поташник М.М. Как развивать педагогическое творчество. – Москва, 1987.

10. Кабанова-Меллер Е.Н. Учебная деятельность и развивающее обучение. – М., 1981.

11. Цукерман Г.А., Поливанова К.Н. Введение в школьную жизнь. – Томск, 1992.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2009


 © 2024 - Вестник КАСУ