Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МƏДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2009

Автор: Ахмадиева Ж.К.

Экологиялық мәдениетті қалып-тастыру өзекті мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру тұжырымдамасында мектеп жасындағы балалардың экологиялық білім алуының мемлекеттік жүйесін жасау жолында, олардың: «Жер планетасының үстіндегі өмірдің, көп түрлі себеп – салдары байланыстары мен құрылуының тұтастығы, табиғат пен қоғам жөніндегі ғылыми көзқарастары туралы, ... био-сферадағы тіршілік негіздерін қиратудың қауіптілігі туралы білімдерді қалып-тастыру» және Қазақстан Республика-сының экологиялық кодексінде атап өтілгендей «Табиғатты қорғау мен табиғат байлықтарына ұқыптылықпен қарауды, белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің басты міндеттерінің бірі», - болып саналады.

Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру проблемасын И.Д. Зверев, А.Н. Захлебный, Б.И. Иоганзен, И.Т. Суравегина, Е.Н. Кудряв-цева және т.б. ғылымдардың еңбектерінің теориялық - әдіснамалық мәні зор. Экологиялық білім мен тәрбие берудың теориясы мен практикасы мәселелері А.Я. Ясвин, С.Н. Глазычев, С.Д. Дерябо, С.В. Алекторов сияқты зерттеушілердің ізденістерінде шешімін тапқан. Л.П. Семеновтың бастауш мектептегілерге экологиялық білім беру, Л.П. Салееваның төменгі сынып оқушыларының табиғатқа қатысын түсіндіру, М.В. Лучичтің мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатты тануы, оларға жануарлар мен өсімдіктер туралы білім беру, А. Тушинаның бала бақшада табиғатты қорғауды үйрету, С.И. Николаеваның жанды жаратылысты қорғау, сақтау жөніндегі зерттеулерін табуға болады. Аталған еңбектерде балалардың табиғатты құрмет тұтуды үйренуі экологиялық тәрбиенің негізгі екендігі баса көрсетіледі. Сонымен бірге аталмыш ғалымдар баланың қолынан келетін еңбекке баулумен қатар балаларға табиғат жөнінде де білім беру экологиялық сауаттылыққа бастайтынын дәлелді түрде баяндайды. Баланың табиғат жөнінде алған білімі бастапқы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға негіз бола алады. Экологиялық мәдениет баланың ішкі сезімінің дамуына қарай, таңқалу, қызығу, қайғыру, тірі жәндіктерге қамқорлық жасау, оларды әлсіз тіршілік иесі ретінде қабылдау, қоршаған ортаның сұлулығын байқай білуімен тығыз байланыста қалыптасады.

Бүгінгі таңда экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық және әдістемелік негіздері қазақстандық ғалымдардың наза-рынан тыс қалмай Н.С. Сарыбеков, А.С. Бе

йсенова, М.Н. Сарыбеков, М.А. Лигай, Г.К. Длимбетова, Ұ. Есназарова, Ж.Ж. Жатқанбаев, А.Г. Сармурзина, В.В. Егоров және т.б. еңбектерінде қарастырылған.

Тұтастай алғанда, жоғарыда қарас-тырылған зерттеулердің бағыттары және білім беру жүйесінде оқушылардың эколо-гиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша жинақталған практикалақ тәжірибеге қара-мастан бастауыш сынып оқушыларының дүниетану сабағынан экологиялық мәде-ниетін қалыптастыру мәселесінің әлі де болса шешімі табалмағандығына көз жеткіземіз.

Мәдениет – тарихи даму барысында адамзат жасаған материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы. Адамдардың қолымен жасалынып жатқан құндылықтар, осы құндылықтырмен адамдардың өзара байланысы, олардың оны игеруі мәде-ниеттің маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Осы тұрғыдан қарағанда, мәде-ниет – адамдардың бірлесе ғылыми, мора-льдық - әлуметтік, көркем және техникалақ құндылықтар жасаудағы қарым – қаты-настар жиынтығы. Сөйтіп, мәдениеттің мәні адамның өзіндік адамдық еңбегімен байланысты туындайтын өнім деуге болады.

Мәдениет жалпыға ортақ ұғымда адамзаттың материалдық және рухани еңбек өнімдеріндегі, әлуметтік нормалар мен мекемелер жүйесіндегі, рухани құндылықтардағы, адамдардың табиғатпен, өзара және өзімен қарым – қатынастарында көрініс алған тіршілік әрекетін ұйым-дастыру мен дамытудың өзіндік әрекеті ретінде сипатталады.

Мәдениет жалпыға ортақ әлуметтік құбылыс ретінде қоғам мен адамның өмір сүру салты болып та анықтала алады. Қазіргі таңдағы қоғамның алдында экологиялық апатқа әкеп соқтыруы мүмкін табиғатпен өзара әрекеттің қазіргі тәсілін сақтап қалу, не болмаса адам өміріне пайдасы бар биосфераны сақсақтап қалу мәселелері тұр. Көлемді экологиялық дағдарыстың қатерлілігі адамзат ата-улының өмір сүру шарты болып табылатын субъектінің жаңа этикасын, құнды-лықтарының жаңа жүйесін қалыптас-тыруды талап етіп отыр. Осыған орай қалыптасқан кәсіби іс - әрекеттерді экологиялық этика нормаларына сәйкес өзгерту туындайды (А. Швейцер, Н. Моисеев және т.б.).

Экологиялық мәдениет - әрбір қоғамдаға жалпы мәдениеттін ең мәнді элементтерінің бірі болып табылады, өйткені әлеуметтік іс-әрекет ұдайы қоршаған ортаның өмір сүру талаптарымен байланыста болады. Яғни экологиялық мәдениет әлеуметтік феномен ретінде қоғам мен табиғаттың өзара қарым – қатынасын реттеу қажеттілігінен туындайды. Б.Т. Лихачевтің пайым-дауынша экологиялық мәдениеттің мәні экологиялық тұрғыда негізделген еркін қалыптастыруы мүмкін. Экологиялық мәдениет тұлғамен, оның түрлі қыр – сырымен және қасиеттерімен органикалақ байланыста болады. Ғылыми әдебиеттерде «экологиялық мәдениет» ұғымына көп-теген түсінік, анықтамалар берілген. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру проблемасы бойынша алыс және жақын шет елдік ғалымдардың қырықтан астам еңбектерінде қарастырылуы оның күрделі де, сан қырлы екендігіне көз жеткізеді. Экологиялық мәдениет ұғымына берілген анықтамаларды пайымдауда олардың мазмұны мен басты идеяларына қарай бірнеше бағытта қарастырылғандығын көрсетеді: экологиялық мәдениет – жалпы мәдениеттің бір бөлігі; экологиялық мәдениет адамдардың табиғатпен қарым – қатынастары жөніндегі қалыптасқан дүние-танымы, сенімі, түсініктері, білімі, іскер-лігі, құндылық бағдар жүйесі; эколгиялық мәдениетке – адамның өмірлік белсенді тұғырнамасы; экологиялық мәдениет адамның табиғатты теориялық, мате-риалдық – практикалақ, рухани ізгілікті меңгеруі және жаңартудағы мәнді күш – қуатының өлшемі, іс - әрекетінің жиын-тығы; экологиялық мәдениет – адамның табиғатпен ғана емес, әлеуметтік – тарихи ортамен, биосферамен өзара әрекеттестігі [1, с. 39].

Демек, экологиялық мәдениет эко-логияны танып-білу, мінез-құлық, жүріс-тұрыс сипаты негізінде табиғатқа сүйіспен-шілікпен қарап, сақтай білу дегенді түсіндіреді деуге болады. Экологиялық мәселелердің қатарына өсімдіктерді, жан-жануарларды күте білу және табиғат аясында өзін-өзі алып жүру ережелерін сақтау да қосылады. Табиғат – адам тәрбиешiсi. Адам болып туып, адам болып қалу үшiн табиғаттың атқарар ролi зор. Табиғат бөлшектерi: жан-жануарлар дү-ниесi, өсiмдiктер әлемi, өзен, сай, биiк таулар, сағым тербеген сары дала – бәрi адамдардың ақыл-ойына – сана , денесiне – қуат, бойына – күш, өнерiне – шабыт, көңiлiне – қанат бередi. Табиғат жайлы түсiнiктi оқушылар дүниетану сабағында алады. Ал В.А. Сухомлинскийдiң пiкiрiнше экологиялық мәдениет дегенiмiз – баланы гүлге су құюға немесе тазалыққа үйрету емес, ол баланың санасына табиғат деге-нiмiз – бiртұтас жүйе, ол адам мен таби-ғаттың бiрлiгiнен құралатындығын жеткiзу.

Енді осыны қалай және қандай жолмен жүзеге асыруға болады деген сауалға тоқталсақ. Экологиялық мәдениеттің қалыптастыру экологиялық білім мен тәрбие берудің міндеттеріне сәйкес келеді. Экологиялық тәрбие берудің көптеген сыныптан тыс, сабақ үстінде, пәнаралық байланыстар арқылы, арнайы курстар арқылы беруге болатыны теориядан белгілі.

Соның бірі сыныптан тыс жұмыстарға тоқталсақ. Сыныптан тыс экологиялық білім мен тәрбие беру мақсаты: оқушылардың экологиялық білім мен тәрбиесін біржақты етпей, бағдар-ламада қаралған білімдерді тереңдету, балалардың табиғатқа ұқыпты қарауын және оны қорғауға тәрбиелеу. Сыныптан тыс экологиялық жұмыс жүргізу үрдісінде қарапайым заңдылықтар анықталады, таби-ғаттың жекелеген түрлері мен құбы-лыстардың арасындағы байланыстар анық-талады, сан алуан табиғат кешендері қарастырылады. Бұл жұмыс балалардың табиғаттың біртұтастығы туралы түсінігін кеңейтеді, дұрыс дүние танымының қалыптасуына жағдай жасайды. Сыныптан тыс жұмыстарда өз өлкесінің экологиялық жағдайы, қоршаған орта, дүние туралы ғылыми біліммен тұжырымдар сипат-талады.

Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ең басты жолдарының бірі – дүниетану сабақтарында экологиялық білім мен тәрбие беру. Экологиялық білім бере отырып, тәрбиелеу "Дүниетану" сабағының әрбір тақырыбында айқын көрінеді. Пәнді оқыту міндеттерінің ішінде ең алдымен білім мазмұнының дамытушы, тәрбиелеуші қызметі күшейтіледі: дамыта отыра оқытудың шарттары мүмкіндігінше еске-ріліп, оқушылардың білімі зерттелетін объектінің сыртқы белгілері туралы қарапайым мағлұматтар деңгейінде емес, ішкі мәнін байланыстарды ашатын теори-ялық сипаты бар ұғымдар жүйесінде меңгеруі көзделеді.

Дүниетану сабағындағы экологиялық білім бере отырып тәрбиелеудегі бірнеше әдістер қолдануға болады; 1) Дүниетану сабағындағы модельдеу әдісі. Бастауыш мектептерде модельдеу әдісінің "Дүние-тану" сабағында маңызы зор, себебі оқу-шылар кеңістікті көз алдына елестетуі немесе құбылысты түсіну ерекшелік-терінің, іс тәжірибесіне қарай төмен болатынын ескере отырып, сызбалар арқылы табиғи құбылыстың негізгі белгілерін сызба бөлшектеріне бөліп құрастырып, қызметін модель арқылы көрсету, сөзбен айту немесе суретін көрсетудің нәтижесінен білім алу деңгейі көтеріледі. Схемалық және графиктік модельдеу. Модельдің бір түрі- композиция құрастыру. Композициялар дегеніміз - табиғаттың көрінісін макеттер арқылы, табиғи заттар арқылы ұқсас етіп бейнелеу. Композицияның оқушыларды экологиялық тәрбиелеуде маңызы зор.

1) Табиғаттағы көзге көрінбейтін құбылыстарды схемалық түрде ұқсас етіп, оқушыларға айқын бейнесін көрсету.

2) Табиғат объектілерінің бірден байқалмайтын белгілерін айқын көрсету.

3) Биотикалық байланыстарды, олардың түр үшін қажеттілігін, оңай анықтауда оқушыларға көмек береді.

Графиктер - оқушының кеңістік шамаларын көре елестету үшін заттың негізгі белгілерін ажырату қатарын сызады. Таблица сызу. Таблица үш топқа бөлінеді. 1) Белгілерді ажырату. Екі бағана: 1) Заттың аты. 2) Қасиеттері немесе қызметі. Сабақта оқушылар мәтінді мазмұны бойынша бөліп оқиды. Мазмұнының негізгі тақырыбын таблица бағаналарына толтырады.

2) Сипаттау. Оқушылар өздігінен жасайтын диаграмма арқылы оқушыларға табиғаттағы объектінің мөлшерін, орны, құбылыстың қайталануын көрсетуге болады. 1) бағана тәрізді, 2) шеңбер тәрізді.

3) Қоректену тізбегін құрастыру. Қандай болсын бірлестікті қоректену тізбегі арқылы көрсетуге болады. Олар қоректену торын құрайды. Олар қоректену деңгейіне бөлінеді. Ары қарай пирамида құруға болады. Орман, Тау, Шалғын, Шөл, Су қоймасы композицияларын құрастыруға болады.

Экологиялық тәрбие берудің бір жолы- экологиялық мазмұнды есептер шығару. Сондықтан экологиялық тақы-рыптарға берілген есептер пәнаралық байланыстарды ашып, оқушыларды ізденуге, ойлауға, адам өміріне, денсау-лығына табиғаттың зор маңызының бар екенін анықтауға көмектеседі. Эколо-гиялық есептер таблица болмысын терең түсінуге, оның біртұтастығын анықтауға, жүйелі түрде түсінуіне мүмкіндік береді

Бұдан басқа дүниетану сабағында дидактикалық әдістерді қолдануға болады: экологиялық ертегілер, экологиялық жұмбақтар, экологиялық ойындар, эколо-гиялық тақырыптағы мақал-мәтел мен жаңылтпаштар, экологиялық ертегілерді құрастыру.

Бастауыш сыныпта дүниетану сабақ-тарында экологиялық білім беруде келесі жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады:

1. Экологиялық сөздік жүргізу.

2. Экобасылымдар жасау.

3. Экокарточкалар жасау.

5. Экокарта сызу.

1) Экологиялық сөздік – бұл мұғалімнің сабақта жүргізетін терминмен жұмысы. Мақсаты: оқушыларға экологиялық сөздердің мағынасын ашып, мәнін түсіндіру арқылы экологиялық сауаттылығы мен мәдениеттілігін, тіл байлығын дамыту. Сөздерге түсініктеме, терминдерге қазақша баламасы берілген. Мысалы: Апат (авария) – зауыттарда станок сынғанда, ұшақтың двигателі істен шыққанда, т.б. адамға және қоршаған ортаға қатері бар кез келген істен шығу. Цемент зауытында әрбір ауаға көп шаңның шығуына әкеп соғады. Сол сияқты машиналар қақтығысында жанармай төгіледі. Танкерлердің апатынан теңіз бетін мұнай қабығы басады. Әрбір елде апат зардаптарын жоятын арнайы қызмет құрылған. Бүлінулерді болдырмау үшін сенімді механизмдер мен агрегаттар құру керек. Сөздік жаңа сөздермен толық-тырылып отырады.

2) Экобасылымдар - альбом, газет, кітапшалар т.б. шығару. Мысалы: "Қазақстан қорықтары" кітапшалары, "Өскен өлкем" альбомы, "Табиғатта жүру ережелері" т.б. шығаруға болады.

3) Экокарточкалар –бұл табиғатта өзін ұстай білу, жүру ережелері негізінде құрылған, табиғатты қорғау, қызықтау мақсатында салынған мазмұнды суреттер. 2 түрге бөлуге болады:

а) тыйым салынатын экокарточкалар сурет қою қызыл бояумен сызылады "Құс ұясын бұзба!", "Өзен суын ластама!", "Орманда шулама!" тағы басқа.

ә) насихаттайтын экокарточкалар "Табиғат әсемдігін сақта!", "Құс әніне құлақ сал!"

4) Экологиялық нұсқаулар – бір кездерде педагогикада кең таралған, біздің оқу жүйемізге енді қайтарыла бастаған жұмыс түрі. Әрбір нұсқау- экологиялық мәдениеттілікті дамытуға бағытталған кішкене бір жұмыс бөлігі, қысқа мерзімділік, жылдам өзгертіп отыруға болады. Ұсынылған нұсқаулар бастауыш сынып оқушыларына тартымды, қызықты болу қажет. Мысалы:

Нұсқау 1: "Табиғаттың шағым кітабы". Мақсаты: табиғаттан түскен шағымдарды қарастырып, жауабын табу.

1) Шағым жазылады.

2) Талданып жауабы беріледі

Балаларға арналған суреттермен әрлендірілуі қажет.

Нұсқау 2: "Көрген жануарлар шеруі". Көрген жануарлардың суретін, фотосын жинап, аттарын жазып, сипаттау. Баланың есте сақтау, іздену, сөздік қорын, байқағыштығын дамытады. Қорытынды ретінде көрме ұйымдастырылып, жануар-лармен болған қызықты кездесулер жайлы айтып беруге болады.

5) Экокарта – бұл тұрған жердің ластану көздерін анықтап, қоқырлар, өзен суы уланған жерлерді көрсете отырып, сол жердің картасын сызу. Тақырыпқа арналған карталар да сызуға болады. Мақсаты: маусымдық өзгерістерді бақылау арқылы, экокарта сызуға үйрену. Шартты белгілерді оқи білу қабілетін дамыту [2, с. 9].

Сонымен, экологиялық мәдениет өзіне – экологиялық білімді және табиғаттың өмірімен әдеміліктің қайнар көзі екенін түсіндіруді, табиғат пен қарым – қатынас туған адамгершілік – эстетикалық сезімге байланысты, оны сақтауға жауапкершіліктің болуы, қоршаған орта мен адам денсаулығын сақтауда әрбір іс - әрекет мөлшерін қадағалауды кіріктіреді. Бастауыш сыныптағы жеке тұлғаның экологиялық мәдениетінің дамуы жоғары дәрежеде болады. Бұл жастағы бала өзін қоршаған ортадан бөле бастайды олар қоршаған ортаға деген эмоционалды құнды қатынас дамиды, бұл қатынас баланың тікелей табиғатпен қарым – қатынас кезінде, табиғат аясында өзін өзі ұстауы кезінде көрінеді. Бұл жастағы балаларға таби-ғатпен қарым – қатынас жасаудың нормалары мен заңдарын экологиялық білімді қалыптастыру тиімді келесі негізгі тапсырмаларды шешу; оқушылардың экологиялық мәдениетінің деңгейін анықтау; оқушылардың экология жайлы қабылдауларын түзету.

Осыларды ескере отырып, бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәнінде экологиялық мәдениетін қалыптастыруды және әр сабақпен ұштастыру, бастауыш мектеп мұғалімінен ізденістерді талап етеді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Лихачев Д.С. Экология культуры. Альманах Всеросс. Общ-ва охраны памятников истории и культуры, 1980, №2.

2. Мұқамадиева Ш.С “Дүниетану” сабақтарында бiлiм беру және тәрбиелеу. 1-2 сынып - Өскемен: 2000.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2009


 © 2024 - Вестник КАСУ