Update site in the process

   Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Вопросы / Ответы


К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №4 - 2008

Автор: Турсунбекулы Н.

Заман талаптарына сай дамыған елу елдің қатарына кіру барысында салық органдарының жұмысын жүйелендіру және сыныптамалау (классификациялау, кластерлеу) міндеттері ғылыми терең зерттеулерді талап ететін өзекті мәселердің бірі болып табылады. Соған орай 2002-2005 жылдар барысындағы Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасының мәліметтерін негізге ала отырып жер салығы мен жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленетін төлемдер арасындағы сыныптамалау әдістерін жүргізуге болады. Ол үшін төменде келтірілген әр санаттағы жер салығының түсімдері мен төлемдері есептелініп алынды.

 

Осындай мәселелерді шешу барысында экономикада көп өлшемді статистикалық талдау әдістерін, мәселен иерархиялық агломеративті әдісін пайдалануға болады.[136.]. Бұл әдіске ыңғайлы бастапқы мәліметтер 18 кестеде К21:L 26 ұяшықтар блогында орналасқан. Осы орайда экономикадағы көп өлшемді статистикалық талдау әдістерінің талаптарына сай келетін бастапқы мәліметтер базасы құрылады. Мәселен, 2002-2005 жылдар барысындағы Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасының мәліметтері анықталады. Мұндағы мәліметтер MS Excel электронды кестесінің K21:L26 ұяшықтар блогына орналастырылады.

1 кесте - 2002-2005 жылдар арасындағы Шығыс Қазақстан облысы бойынша жер салықтары мен төлемдерінің түсімі, мың теңге

Сыныптамалау жүргізу алдында міндетті түрде мәліметтер бақыланған көрсеткіш-айнымалылар бойынша ұқсастық объектілері ұғымы енгізіледі. Әрбір сыныпта (кластер, класс, таксон) мінездемелері ұқсас объектілер ғана енуі тиіс.Ұқсастықты сан мәнді бағалау үшін кластерлік талдауда метрика ұғымын енгізеді. Сыныптамалау объектілері арасындағы ұқсастық немесе ерекшеліктерін анықтау өз-ара метрикалық қашықтықтан тәуелді болып келеді.. Егер сыныптың әрбір объектісі  белгімен сипатталса, онда ол -өлшемді кеңістіктегі нүкте ретінде, ал ұқсастығы өзге объектілермен сәйкес қашықтығы ретінде анықталады.

Сонымен, объектілер арасындағы қашықтық ретінде:

   (1) 

евклид қашықтығы пайдаланады, мұндағы -арқылы -ші мен -шы объектілер арасындағы қашықтықты белгілейді, ал -сәйкес -ші мен -шы объектілер бойынша -шы белгінің мәні.Енді метрикалық евклид қашықтығын таңдап алғаннан кейін келесі атқаратын жұмыс евклид қашықтығы матрицасын құру. Ол үшін алдымен, жер салықтары мен жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдері түсімінің ерекшелік тізбегі мен өспелі және кемімелі реттеулерінің кестесі құрылады. Бұл ерекшелік тізбегі 2 кестеде көрсетілген.  Мұндағы, 2 кесте J31:O45 ұяшықтар блогында орналасқан. Бұл кесте жолдарының элементтері (1) өрнегімен есептелінетін MS Excel бағдарламасының арнайы электронды функциясы арқылы анықталады да оның сан мәні 2-кестенің сәйкес ерекшелік орнына жазылады. Мәселен, (1;2) ерекшелік орыны = КОРЕНЬ ((K21-K22)^2+(L21-L22)^2+(M21-M22)^2+(N21-N22)^2) электронды функциясымен есептелінеді де сәйкес мәні 570 147,4 мың теңгеге тең, яғни экономика тілімен айтқанда ауыл шаруашылық мақсаттындағы жерлер бойынша жер салығы мен елді мекендер жерлері бойынша жер салығы 570 147,4 мың теңгеге ерекшеленеді. Осылай 2 кестеде көрсетілгендей (1;3), (1;4), .., (5;6) ерекшелік орынындары және соған сәйкес олардың ерекшелік соммалары анықталады. Нәтижелері 2-кестенің бірінші және екінші бағандарына толтырылады. Келесіде, жер салықтары мен жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдері түсімінің өспелі және кемімелі реттеулерін анықтау қажет. Ол үшін MS Excel қолданбалы бағдарламасының L31:М45 ұяшықтар блогын бөліп алып «Главный меню»=> «Данные» => «Сортировка» арнайы құралдарын іске қосамыз. Олай болса электронды парақта «Сортировка диапозона» электронды терезесін көреміз.Мұндағы «Сортировать по» өрісіне «Соммасы» атауын және «по возрастанию» орнын белгілеп, «ОК» пернесін іске қосамыз. Тура осылай электронды кестенің N31:O45 ұяшықтар блогын бөліп алып, бірақ «Сортировка диапозона» электронды терезесінен «по убыванию» орнын белгілеп, «ОК» пернесін іске қосамыз. Нәтижелерін 2- кестеге сәйкес, үшіншіден алтыншыға дейінгі бағандарына толтырылады.

2 кесте - Жер салықтары мен төлемдері түсімінің ерекшелік тізбегі мен өспелі және кемімелі реттеулері

Бұл кестеде жер салығы және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленетін төлемдер түсімінің ерекшелік тізбегі мен өспелі және кемімелі реттеулері құрылды. Енді осы кестенің көмегімен жер салықтары мен жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдері түсімінің евклид қашықтығы матрицасы құрылады. Мұндағы, 3 кесте Y45:AD50 ұяшықтар блогында орналасқан.

3 кесте - Жер салықтары мен төлемдері түсімінің алты объектілі евклид қашықтығы матрицасы, мың теңге

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер

Елді мекендер жерлері

Өндіріс жерлері

Орман қоры жерлері

Бірыңғай жер салығы

Жер учаскелері үшін төлем

1

Ауыл шаруаш. ж

0

570 147,4

415651,5

22 546,7

47 949,0

672 978,8

2

Елді мекен жерлері

0

390 464,9

580 142,0

540 069,0

576 801,2

3

Өндіріс жерлері

0

436 063,4

368 430,1

277 779,1

4

Орман қоры жерлері

0

68 881,0

694 284,3

5

Бірыңғай жер салығы

0

625 677,0

6

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы

0

Ескертпе: автордың есептеулері бойынша құрастырылды.

               

Бұл кестеде қашықтық матрицасынан «ең жақын» объектілер (1;4), сәйкес қашықтық мәні  мың теңге, ал «ең қашық» - (4;6), сәйкес қашықтық мәні  мың теңге екені айқын. Мұндағы, 1-ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер бойынша жер салығы; 4-орман қоры жерлері бойынша жер салығы. Бұл 1 және 4 объектілерін бір сыныпқа (кластерге) біріктіріп  атауымен белгілейді. Енді осы  сыныппен барлық қалған объектілер арасындағы евклид қашықтығы матрицасы мәндерін қайта есептейді.

4 кесте - Жер салықтары мен төлемдері түсімінің бес объектілі евклид қашықтығы матрицасы, мың теңге

         

1

   
         

Ауыл шаруашылық жерлерінен

 
     

2

3

4

5

6

 
     

Елді мекен жерлері

Өндіріс, жерлері

Орман қоры ж

Бірыңғай жер салығы

Жер учаск. үшін төлем

 
 

2

Елді мек. жерлері

0

390 464,9

580 142,0

540 069,0

576 801,2

 
 

3

Өндіріс жерлері

0

436 063,4

368 430,1

277 779,1

 

Ауыл шар. ж

4

Орман қоры жерлерінен

0

68 881,0

694 284,3

 
 

5

Бірыңғай жер салығы

   

0

625 677,0

 
 

6

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы

0

 
                   

Ескертпе: автордың есептеулері бойынша құрастырылды

Бұл кестеден ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер бойынша жер салығы және орман қоры жерлері бойынша жер салығын бір кластерге жатқызуға болатынын көреміз. Бұл есептеуден жаңа қашықтық матрицасында негізгі өзгеріс 1 және 4 жолдары мен 1 және 4 бағандары арасында болады. Яғни, 1 жолы мен 1 бағаны сәйкес 4 жолы мен 4 бағанына біріктіріледі. Ал олардың ортақ мәндері болмағандықтан 1 жолы мен 1 бағаны жойылады. Нәтижесінде кестеде жаңа евклид қашықтығы матрицасының мәндері анықталады. Мұндағы, 4 кесте  AG53:AK57 ұяшықтар блогында орналасқан. Мұндағы,  объектісі 1 және 4 объектілерінен тұрады.

Алдыңғы есептегендей, кестеде қашықтық матрицасынан «ең жақын» объектілер (;5), сәйкес қашықтық мәні  мың теңге екені айқын. Мұндағы, 5-бірыңғай жер салығы. Бұл  және 5 объектілерін бір сыныпқа (кластерге) біріктіріп  атауымен белгілейді. Енді осы  сыныппен барлық қалған объектілер арасындағы евклид қашықтығы матрицасы мәндерін қайта есептейді. Жаңа қашықтық матрицасында негізгі өзгеріс  және 5 жолдары мен  және 5 бағандары арасында болады. Яғни,  жолы мен  бағаны сәйкес 5 жолы мен 5 бағанына біріктіріледі.

Жаңа  сынып пен 2-ші объект арасындағы қашықтықты есептеу кезінде  мың теңге мен  мың теңгенің «ең қашық»  мың теңге мәнін аламыз. Ал  сынып пен 3-ші объект арасындағы қашықтықты есептеу кезінде  мың теңге мен  мың теңгенің «ең қашық»  мың теңге мәнін аламыз. Яғни,  жолы мен  бағаны жойылады. Ал  объектісі 1, 4 және 5 объектілерінен тұрады.

Нәтижесінде, жаңа евклид қашықтығы матрицасының мәндері анықталады.

Мұндағы есептеулер AN60:AQ63 ұяшықтар блогында орналасқан.

5 кесте - Жер салықтары мен төлемдері түсімінің төрт объектілі евклид қашықтығы матрицасы,  мың теңге

           

1

           

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерден

           

4

           

Орман қоры жерлерінен

         

2

3

5

6

         

Елді мек ж.

Өндіріс, жерлері

Бірыңғай жер сал.

Жер учаск үшін төлем

     

2

Елді мекен жерлері

0

390 464,9

580 142,0

576 801,2

     

3

Өндіріс жерлері

0

436 063,4

277 779,1

Ауыл шар жерлерден

4

Орман қоры ж

5

Бірыңғай жер салығы

0

625 677,0

     

6

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем

0

Ескертпе: автордың есептеулері бойынша құрастырылды

Бұдан кейін жоғарыдағы есептеулер жалғастырылады, Бұл есептеуден  қашықтық матрицасынан «ең жақын» объектілер (3;6), сәйкес қашықтық мәні  мың теңге екені айқын. Мұндағы, 3-байланыс, көлік, өндіріс жерлері бойынша жер салығы; 6-жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы. Бұл 3 және 6 объектілерін бір сыныпқа (кластерге) біріктіріп  атауымен белгілейді. Енді осы  сыныппен барлық қалған объектілер арасындағы евклид қашықтығы матрицасы мәндерін қайта есептейді. Жаңа қашықтық матрицасында негізгі өзгеріс 3 және 6 жолдары мен 3 және 6 бағандары арасында болады. Яғни, 3 жолы мен 3 бағаны сәйкес 6 жолы мен 6 бағанына біріктіріледі. Жаңа  сынып пен 2-ші объект арасындағы қашықтықты есептеу кезінде  мың теңге мен  мың теңгенің «ең қашық»  мың теңге мәнін аламыз. Сонымен қатар, 3 жолы мен 3 бағаны жойылады. Мұндағы,  объектісі 3 және 6 объектілерінен тұрады.

Нәтижесінде, жаңа евклид қашықтығы матрицасының мәндері анықталады. Мұндағы, есептеулер AТ66:AV68 ұяшықтар блогында орналасқан.

6 кесте -  Жер салықтары мен төлемдері түсімінің үш объектілі евклид қашықтығы матрицасы, мың теңге

           

1

 
           

Ауыл шаруашылық жерлер

           

4

3

           

Орман қоры жерлерінен

Өндіріс жерлерінен

         

2

5

6

         

Елді мекен жерлерінен

Бірыңғай жер салы

Жер учаск үшін төлем

Ауыл шаруаш жерлерінен

 

Орман қоры жер

2

Елді мекен жерлерінен

0

580 142,0

576 801,2

 

4

 

5

Бірыңғай жер салығы

 

0

625677,0

 

3

Өндіріс жерлерінен

6

Жер учаск-і үшін төлем

   

0

Ескертпе: автордың есептеулері бойынша құрастырылды

Есептеуден біз ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер бойынша жер салығы, орман қоры жерлері бойынша жер салығымен бірге бір кластерге бірыңғай жер салығы жататынын, ал басқа кластерге байланыс, көлік, өндіріс жерлері бойынша жер салығы және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы жататынын көреміз. Есептеулер соңында, қашықтық матрицасынан «ең жақын» объектілер (;2), сәйкес қашықтық мәні  мың теңге екені айқын. Мұндағы, 2-елді мекендер жерлері бойынша жер салығы. Бұл  және 2 объектілерін бір сыныпқа (кластерге) біріктіріп  атауымен белгілейді. Енді осы  сыныппен барлық қалған объектілер арасындағы евклид қашықтығы матрицасы мәндерін қайта есептейді.

Жаңа қашықтық матрицасында негізгі өзгеріс  және 2 жолдары мен  және 2 бағандары арасында болады. Яғни,  жолы мен  бағаны сәйкес 2 жолы мен 2 бағанына біріктіріледі. Ал олардың ортақ мәндері болмағандықтан 2 жолы мен 2 бағаны жойылады.Нәтижесінде жаңа евклид қашықтығы матрицасының мәндері анықталады

Мұндағы, 6-кесте AY71:AZ72 ұяшықтар блогында орналасқан және  объектісі  және 2 объектілерінен тұрады.

7 кесте -Жер салықтары мен төлемдері түсімінің екі объектілі евклид қашықтығы матрицасы, мың теңге

           

1

2

           

Ауыл шаруаш мақсатындағы жерлерден

Елді мекендер жерлерінен

           

4

3

           

Орман қоры жерлерінен

Өндіріс жерлерінен

           

5

6

           

Бірыңғай жер салығы

Жер учаскелері үшін төлем

Ауыл шаруаш мақсатындағы жерлерден

4

Орман қоры жерлерінен

5

Бірыңғай жер салығы

 

0

625677,0

Елді мекен жерлерінен

3

Өндіріс жерлерінен

6

Жер учаске-і үшін төлем

   

0

Ескертпе: автордың есептеулері бойынша құрастырылды

Бұл талдау бойынша қарастырылып отырған алты түрлі салықтарды екі кластерге бөлуге болатынын көреміз. Бірінші кластерге:

- ауыл шаруашылық мақсаттындағы жерлер бойынша жер салығы;

- орман қоры жерлері бойынша жер салығы;

- бірыңғай жер салығы.

Екінші кластерге:

- байланыс, көлік, өндіріс жерлері бойынша жер салығы;

- жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

- елді мекендер жерлері бойынша жер салығы жататынын көреміз.

Қорытындысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша жер салықтары мен төлемдерін сыныптамалау дендограммасы құруға болады (1 сурет).

1 сурет - Шығыс Қазақстан облысы бойынша жер салықтары мен төлемдерін сыныптамалау дендограммасы, (мың теңге).

Ескертпе: автордың есептеулері бойынша құрастырылды.

Жер салығы мен жерді пайдаланғаны үшін төленетін төлемдер түсімінің ағымдағы абсолютті мәнімен қатар, олардың салыстырмалы мәндері үшін де сыныптамалау арқылы қорытындысын есептеп шығаруға болады. Мұндай есептеу экономикадағы қысқа мерзімді және тәуекел жағдайындағы мәселелер үшін өте тиімді. Жер салықтары мен жерді пайдаланғаны үшін төленетін төлемдер түсімінің салыстырмалы айнымалылары бойынша сыныптамалау үшін жоғарыдағыдай көп өлшемді статистикалық талдаудың иерархиялық агломеративті әдісін қолдануға болады.

Ол үшін біріншіден жер салықтары мен жерді пайдаланғаны үшін төленетін төлемдер түсімінің статистикалық орта мәні мен орта квадратты ауытқуын қарастырамыз. [2].

Ол мына формула бойынша есептеледі:

   (2)

Мұндағы  - жер салықтары мен төлемдері түсімінің статистикалық орта мәні, ал - жер салықтары мен төлемдері түсімінің орта квадратты ауытқуы.

8 кесте - Жер салықтары мен жерді пайдаланғаны үшін төленетін төлемдер түсімінің статистикалық орта мәні мен орта квадратты аутқуы (мың теңге)

Жер салықтары мен жерді пайдаланғаны үшін төленетін төлемдер түсімінің статистикалық орта мәні мен орта квадратты аутқуы кестесі құрасты-рылғаннан кейін, нормаланған қашықтық коэффициенттерінің матрицасы құрылады.

9 кесте - Жер салықтары мен жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленетін төлемдер түсімінің нормаланған қашықтық коэффициенттерінің матрицасы.

 

Жоғарыдағы кестеде көрсетілген мәндер  формуласы бойынша есептеледі және жер салықтары мен төлемдері түсімінің нормаланған - қашықтық коэффициенттерін береді.

Бұдан кейін нормаланған қашықтық коэффициенттерінің ерекшелік тізбегі мен өспелі және кемімелі реттеулері кестесі құрылады (10 кесте).

10 кесте - Нормаланған қашықтық коэффициенттерінің ерекшелік тізбегі мен өспелі және кемімелі реттеулері

 

Бұл кестеден кейін әр түрлі обектілі нормаланған қашықтық коэф-фициенттерінің матрицалары құрылады. Қорытындысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша жер салықтары мен төлемдерін нормаланған қашықтық коэффициенттерінің сыныптамалау дендо-граммасын құруға болады (2 сурет).

2 сурет - Шығыс Қазақстан облысы бойынша жер салықтары мен төлемдерін нормаланған қашықтық коэффициенттерінің сыныптамалау дендограммасы

Ескертпе: автордың есептеулері бойынша құрастырылды

Жоғарыда келтірілген сыныптамалау немесе кластерлік талдаулар жүргізу, салық органдарының жұмысын жүйелендіруде маңызы зор. Бұл талдау нәтижесінен қажетті ұқсастықтарына байланысты салықтарды топтастырып, олардың экономикалық мағынасын  анықтау арқылы әр салықтың маңызын аша аламыз. Салық жүйесінің өркениетті дамуы үшін салық органдарының жұмысын жүйелендіру және сыныптамалауды модельдеу қажеттігін көреміз. Мұндай жүйелендіру жұмысы салық органдарының жұмысын жеңіл-детуге және уақыттарын үнемдеуде өз үлесін қосары сөзсіз.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Сошникова Л.А., Тамашевич В.Н., Уебе Г., Шефер М. Многомерный статистический анализ в экономике: Учеб. пособие для вузов /Под ред. проф. В.Н. Тамашевича – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 598 с.

2. Большаков А.А., Каримов Р.Н. Методы обработки многомерных данных и временных рядов: Учебное пособие для вузов. – М.: Горячая линия – Телеком, 2007. – 522 с.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №4 - 2008


 © 2017 - Вестник КАСУ