Update site in the process

   Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Вопросы / Ответы


К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №3 - 2008

Автор: Нигметжанова Г.К

Адамгершілік – сана-сезімді және мінез-құлықты қалыптастыру бірлігі.

Тұлға сана мен мінез-құлықтың қоғамдық формаларын игеруі негзінде қалыптасады. Адамгершілік сана деп – кеңес ғылымында адамдардың өзара қарым-қатынастарын, олардың қоғамдық іске, қоғамға қатынастарын реттеп отыратын, адамгершілік принциптері мен нормаларының адам санасында бейнелеуін түсіндіреді. Балаға өзі үшін жаңадан пайда болған ситуаияда мінез-құлық тәсілдерін таңдау кезіндегі бағдарлар ретінде адамгершілік түсініктердің үлкен көлемі, адамгершілік білімдердің қоры қажет. Бірақ адамгершілік түсініктерді игеру, адамгершілік сананы қалыптастыруда және дамытуды маңызды рөл атқара отырып, өзінен өзі адамгершілік мінез-құлықты қамтамасыз ете алмайды.

Жеткіншектердің адамгершілікті даму мәселесі тәрбиенің теория және тәжірибенің өзекті мәселелерінің бірі.

М. Неймарктің айтуы бойынша «адамгершілік деңгейі балалардағы физи-калық және саналылық мүмкін-діктеріне дейін жеткен жоқ», бұл дегеніміз қиындықтардың бар екендігін көрсетеді. Жеткіншек ересек болғысы келеді және болуы керек. Бір жағынан ол тәуелсіз, еркін, өзін табуға тырысады. Екінші жа-ғынан мақсатқа байланысты қоғам норма-лары, әлеуметтік рөлдерге байланысты қоғамдағы өз орнын тапқысы келеді. Басқа сөзбен айтқанда ол «азамат» болуы керек.

Үлкендердің тәрбиесін жеткін-шектерге саналы түрде жеткізу керек. А. Харче дұрыс айтқан екен, жеткіншектердің «психологиялық терри-ториясында» байланыс орнату керек. Оған өзін көрсетуге көмектесіп, соған жағдай жасау керек. А. Власкинаның ойы бойынша егер оны жұмыспен қызық-тыратын болсақ, мүмкін ол жұмысты табыспен орындауы мүмкін. Жеткіншектің моральды пси-хологиялық бейнесінің қарама-қайшы келуі, оның әке-шешесі және тәрбиешінің тарапынан талап-тарының сәйкес келмеуі. Кейбіреулері асыра бағаласа, ал екіншілері оның мүмкіншіліктерін мүлдем баға-ламайды. Мұндай олқылықтар неміс психологы А. Пассаковскийдің психо-логиялық зертте-улерінде жақсы талданған. Оңтайлы өзін-өзі бақылау – бұл бұкіл тұлғаның қызметі. Бірақ психо-физиологиялық көзқарас жағы-нан екі механизм ерекше қажетті көрінеді: «инстинкті-эмоционалды механизмдердің толу деңгейі немесе эмоционалдық толу, тағы да танымдық салалардың бірлігі және теңдігі» деп жазады польшалық психолог Я. Рейховский [3, б. 98].

Сонымен қатар жеткіншектік әлеуметтік-адамгершілік бейімделу проце-сінде жыныстық жетілудің әсер ету мүмкіншілігін ұмытпауымыз керек. Бұл көбіне буржуазды психологтарға тән мінез. З. Фрейдтің әсер етуі арқылы оқылатын оқуларда психологиялық концепцияларда ерекше бұл тенденция байқалады.

Нефрейдтік концепциялардың әсер етуі, әсіресе, батыс психологиясында қатты байқалады. Мысалы, француз психологы Г. Мендель осы мәселеге байланысты көзге ерекше түсетін екі оқулық басып шығарды: «Әкеге қарсы көтеріліс», «Ұрпақ дағдарысы». З. Фрейд тағы да танымал болды. Ол баланы әлеуметтік даму мәселе-сін қарастырып, жыныстық иденти-фикациясына көп көңіл бөлді. Ұл бала идентификация кезеңінде әкесімен болуы тиіс. Сонда ғана онда «сверх-Я» қалып-тасады (моралды сана). Жеткіншектің адамгершілікті тәуелсіздігі, біріншіден ақпаратты-бағалаушы сана аймағында байқалады (адамгершілік түсінігі, көрініс, идеалар). Жеткіншектердің моралды түсініктерін зерттеген В.А. Крутецкийдің айтуы бойынша бұл жаста «жоғары адамгершілікті сана деңгейі» байқалады екен. Бұл жаста адамгершілік идеалы, жалпыланған көріністер бірлігі ретінде көрінеді. Рационалды-моралды идеалы бар тұлға адамнан көп жоғары тұрады. Тұлғада жоғары идеалдардың қалыптасуы, раци-оналды ойлау және терең эмоционалды негіздің дамуын шамалайды. Адам-гершілікті баға идеалдардағы ойлау мен сезім бір-бірімен өзара әсер ету арқылы байланысқан. Бұл байланыста қыздар мен ұлдар идеалдарының нақты ерекшеліктері көрсетіледі. Жеткіншек ұл балаларда идеал ережеге сай жалпыланған мінез көрсетеді, рационалды ойлауға көп сүйенеді. Қыздар көбіне өзін қоршаған ортадан идеалын табады. Ал ұлдар үлкен, кең диапазонда із-дейді. В.А. Сухомлинскийдің айтуы бой-ынша шындық сезімі ар дауысына сүйеніп, оларда терең болып келеді [3, б. 86].

Л.М. Архангельский көрсеткендей “идеалда қоғам мен тұлғаның жетілуінің обьективтілігі қажеттілігі көрсетіледі. Сондықтан “идеал” түсінігі шындықтың жалпылама көрінісінің идеалдарынан көрінеді. Бұл жағдайда идеалдың саласы ойлану мазмұны және нақты - тарихи мазмұнымен бітпейді. Абстрактілі логика болып қалып, идеал, ертегі кейіпкерін, яғни үлкен, орасан, зор күшке ие, бірақ ол күшін жұмсай алмайды, өйткені қайырымды өмірге әсер ету күштерінен айырылған – ерлерді еске түсіреді, оларға белгілі бір табиғи күш әсер етіп, халыққа көмектесіп, шын ниетімен жұмыс істеуі көрсетіледі. Адамгершілікті идеал – образында да, осы жағдайға ұқсас сюжет. Нақты көріністерді көрсететін адамдық белсенділікке ие “образ” болуы керек. Идеал тек ғана ойланып қоймайды, индивидтің эмо-ционалды-сезімтал жағдайында өтеді. Адам идеалды, өзінің жеке рухани жылылық мөлшері етіп қалайды. Одан өзінің “мен” көрінісін көреді. Тек осындай жағдайда ғана, адамгершілікті идеал тұлғаның қалыптасуында, ерекше орын алады. Адамгершілік идеалдық “саналылығын” іздеу жолында. Әрбір тарих бұрылысында идеал, адамның, екінші бір кісіге деген, саналы принциптерінің қарым-қатынасы ретінде қызмет еткен. Идеалсыз тұлғаның әлемдік дамуы, яғни әлеуметтік тәжірибесінің жалпылығы жоқ болар еді.

А.Н. Леоньтев бойынша заттық сезімдердің пайда болып дамуы «эмоционалды константтың» әр түрлілігін, эмоционалды қатынастардың қалып-тасуының мықтылығын көрсетеді. Міне осындай қорытындылардан кейін сезім әртүрлі түрлерге бөлінеді. Адамгершілік сезімі туралы айтатын болсақ, ол адам шындықты қабылдаған кезде интел-лектуалды сезім іс-әрекеттің түрлеріне эмоционалды көріністер [1, б. 279].

Г.С. Абрамова бойынша идеал толық өмірдің пайда болуын шегендейді. Бұл жеткіншектердің күш салудың арқасында жүзеге асады.

Жеткіншектердің «есею сезімінің» пайда болып, оның қатаюына, физикалық және рухани күшінің өсуіне көмектеседі.

Идеал – кәсіби әрекеттің пайда болып, таңдауда елеулі әсер етеді. Ол өзінің күшіңді жұмсау керек аймағын ажыратып алу.

Идеал – адамгершілік құнды-лықтарды таратып, қолдау кезінде макси-малды жалпылама көрініс көрсетеді. Кей кездері ол «жағымсыз» ретінде шығарады. Ал бірде мүлдем шынайы емес түрде көрінеді. Көптеген психологтар мен философтар моралды сананың дамуын негізгі үш топқа бөледі: ішкі моралды деңгей, мұнда бала эгоистикалық түсі-ніктерден шығып, белгіленген ережелерді орындайды; конвер-генционалды мораль – сыртқы мінез-құлық нормаларынан бағыт-талған және автономды мораль, яғни ішкі автономды қағидалар жүйесіне бағыт-талған. Алайда бір кезеңнен екінші кезеңге өту қиын, әрі қарама-қайшылықтарға толы. Моралды сананың күші – оның негізгі постулаттарының категориялылығы мен универсалдылығында. Адамгершілік ағза-ларын меңгере алуы үшін балалар – альтернативті, дихотомикалық ойлай білуі керек: жақсылық пен жамандық, жақсы немесе жаман және үшіншінің болуы мүмкін емес. Қарапайым адамгершілік нормаларын меңгере алмаған бала еш-қашан қандай да болсын ережелерде де, адамгершілікті адам болуы мүмкін емес. Бірақ адамгершілік тиым салумен тіркеу жүйесіне қосылмайды. Моральдық норма мен ережелердің бастаулары қайдан шыққан болса да, адамгершілік шешімі мен онымен байланысты жауапкершілік пен тәуекел тек жеке дара болады. Адам-гершілігі бар ересек адамдардың өзі бала-ның «ненің жақсы?» «ненің жаман?» деген сұрағына бір нақты жауап бере алмайды, яғни бір жағдай оның контексіне қара-мастан әртүрлі бағалануы мүмкін осыдан барып бағалау немесе өзіндік бағалау, моральды таңдау қиындығы туындайды. Нағыз адамгершілікті адам өзіне қатты талап қойғыш, сонымен қатар басқаларға төзгіш, әрі жұмсақ болады. Басқалардың келеңсіз әрекеттерін талдай отырып, сол әрекетті жасаушы адамға теріс баға беруден қашып, оның орнына өзін қойып, жағдайын жеңілдететін жолдарын іздес-тіреді. Ал керісінше жазулы моралистер басқаларды қатал сын айтып, өзіне жұмсақ қарайды. Бұл оның ойлау стиліне байланысты. Адамгершілік тұлғасына сәй-кес моральді мінез-құлық стилін қалып-тастыру бірнеше ретті автономды алғы-шартқа сүйенеді. Ол біріншіден нақты ақылдың дамуы, қабілет, қабылдау сәйкес норма және қылықтарды қолданып, бағалау деңгейін; екіншіден қабілетін қайғыруға қосу арқылы эмоционалды даму; үшін-шіден өзіндік тәжірибе және дербес мо-ральды қылықтар мен оларға еруші өзіндік бағалаудың жиналуы; төртіншіден әлеу-меттік ортаның әсері, ол балаға адам-гершілік және адамгершіліксіз мінез-құлыққа байланысты нақты мысалдар келтіреді [4, б. 119].

Тұлғаның моральды дамуының көптеген жалпы бөлігі, яғни бүкіл өмірлік жолы және эксперименталды тексеруге тартылған когнетивті-генетикалық тео-риясы көптеген елдерде американдық психолог Лоренс Колбергке жатады. Ж. Пиаже шығарып, Л.С. Выготский ұстанған идеяны, яғни баланың моральдық сана-сының дамуы, ақыл-ойының дамуымен параллель жүреді деп Л. Колбергке осыдан бірнеше фаза бөліп шығарады.

«Ішкі моральді деңгей» бірінші сатыға сәйкес келеді. Мұнда бала тыңдайды, жазалаудан қашу үшін және екіншіден өзара тиімділік үшін бала эгоистік ойларын басшылыққа алады.

«Конвенционалды мораль» үшінші сатыға сәйкес келеді. «Жақсы баланың» модельді, басқалардың қолдауы үшін деген қозғалыстағы ниет және төртінші белгі-ленген тәртіп және анықталған ережелерге сүйену (ережелерге сәйкес келгендердің барлығы жақсы).

«Автономды мораль» - моральді шешімдерді тұлғаның ішіне ауыстырады. Ол бесінші А сатымен ашылады. Жеткіншек адамгершілік ережелерінің салыстырмалы және талаптылығын түсініп және логикалық дәлелденуін талап етіп, жағымдылығын қарастырады. Бесінші В сатысында релятивизм, көпшіліктің қызығушылық танытатын жоғарғы заңға бағынады. Тек осыдан кейін ғана (алтын-шы кезең) тұрақты моральды қағидаларды қалыптастырады.

Қазіргі кездегі жеткіншектері ешқан-дай негізсіз олардың эмоционалды еркін-дігі кейде олардың адамгершілігінің босаң-суының өсуіне әкеледі. Бірақ та үлкен-дердің тәртіптілігі олардың керекті тың-даушыға айналдырып, азаматтық күшінің аздығы, «жоқ» деп қатты айтуға қабілетінің жоқтығына әкелген.

Педагогикалық жұмыс стилі – адам-гершілікті сана мен мінез-құлықты қалып-тастырудағы маңызы. Баланың психи-касы, санасы мінез-құлқына әсер ететін маңызды факторлардың бірі – ол, мектептегі жұмыс стилі, жағдай, режим және дәстүр. Мектептегі жағдай оқушының сезіміне, мінез-құлқына әсер етеді. Сол арқылы адамгершілік қасиеті, мінезі қалыптасады. Мектептегі әрбір бұрыш, бөлме, зал, сынып бөлмесіндегі әрбір зат оқушы жүрегіне жылулық ұялатуы керек. Ол мектеп табалдырығын аттағанда, тіпті түстердің өзі оған әсер етуі тиіс. Социологтармен дәлелденген қабырғаның түсінің эстетикаға сай тиімді таңдап алынуы оқу еңбегін 10-13% өсіреді. Мектептегі тәртіп және күн тәртібі – жинақылық, оқушыдағы адамгершілік қасиет, жауапкершілік, сыйламдылық, парыз сезімінің қалыптасуына әкеледі. Тәртіптілікте – адамгершілікті мінезі бар, егер қоршаған адамдарға деген үлкен сыйласымдылықты түсінуден туындаған жағдай да болады. Тәжірибелерде көрсе-тілгендей егер теріс қылықтар тиылмай көңіл бөлінбесе, онда кейін тұлға дамуында моральді төмендеу немесе қылмысқа әкеледі. Жеткіншектік жаста оқушы өзінің есейіп келе жатқанын сезеді. Олар тек жанұяда ғана емес, қоғамда өзінің рөлін білгісі келеді. Бақылау процесі кезінде қоршаған адамдар өмірі және әдеби шығармалар кейіпкерлерін танып біліп, олар әр адам әртүрлі ойланып, мақсат идеяларының бірдей еместігін түсінеді. Мәне осы кезеңде жеткіншектерде адамгершілікті идеал, яғни жоғарғы адамгершілікті сананың қалыптасқаны байқалады. Сондықтан осы жас кезеңінде адамгершілікті дамуды педагогикалық басқару қажет болып саналады.

Жеткіншектерге жағымды адамгер-шілікті қалыптастырып, жағымсыз нашар әдептер құтылу үшін, көмектесуде мұғалімнің де, оқушының үлкен күш жұмсауы да талап етіледі. Сонымен қатар әрбір айтылған тәрбие сөзі жеткіншектің ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс. Адам-гершілікті тәрбиелеудің негізгі фактор-ларының тағы бір түрі – түсіндіру. Мысалы, өзіңнен кіші оқушыларды ұруға болмайды, өйткені оған ауыр тиуі мүмкін, егер сені біреу соқса, ол жақсы болар ма еді? деп түсіндіру қажет. Жеткіншектердің адамгершілікті білім алуы жүйелі мақсатты бағытта болуы керек. Егер оқушы адамгершілік түсінігін, категориясын және принциптері туралы анық және нақты көріністерді білмесе, оған тұлға өмірі мен қоғамдағы моральдың рөлін түсінбейді. Сөзбен әсер етудің келесі формасы – сендіру. Сендіру түсіндіру мен нандыруға қарағанда өз мазмұнына қарай бөлек болады. Жеткіншек санасының дамуының нақты деңгейін көрсетеді. Сендіру – логи-калық мысалдар мен дәлелдер жүйесінде құрылады. Мысалы, егер оқушыларға мінез-құлық нормасы туралы әңгіме өткізсек, оның адам өміріндегі рөлі мен әлеуметтік мәнін ашуы тиіс. Тағыда бір мысал сыныпта мұғалім оқушының дұрыс емес мінез-құлқының нәтижесінің, оның нашар етіп көрсететінін дәлелдеуі керек. Педагог жеткіншектерді сендіру арқылы өзінің және айналасындағылардың мінез-құлығына сын көзбен қарап, таңдау жасауын түсіндіруі керек. Міне сондықтан сендіру сезім, ниет, әрекетіне талдау жасау арқылы ұстамды моральді қалыптасуына көмектеседі. Сұрақтарға оқушылар логи-калық жауап қайтаруы тиіс.

Обьективті және субьективті фактор-лардың бірлігі мен өзара әрекеті, адам-гершілікті сананы қалыптастырудағы еле-улі мәселе. Мектептегі қарама-қайшы-лықтар жеткіншекке басқаша әсер етеді. Жеткіншектің адамгершілік санасы мен мінез-құлығына кері әсер ететін факторлардың бірі - ол мектепте және жеке тұлғалардың мінез-құлығынан қалып-тасатын адамгершілікті идеалдар ара-сындағы келіспеушілік. Күнделікті өмірде адамгершілікті әрекеттермен қатар өтірік айту, қаталдық, дөрекілік сияқты факторлар кездеседі. Моральді білімнің аздығы, психологиялық, эмоциялық сауат-сыздық нәтижесінде кейбір ересектер жеткіншектер алдында жағымсыз әрекеттер және дөрекі сөйлеуі мүмкін. Бұл мысал балалардың оларға еліктеп, жаман жолға түсуіне әкеледі. Жағымсыз әрекеттерді дұрыс әрі ақылмен қабылдап, тұлға дамуында жақсы әсермен қалдыруға тырысуы керек. Бұл көзқарасты Г.А. Медынский «Трудная книга» оқулығында былай деп қарастырады: „Зұлымдықты білу, оны мойындау емес, оған қарсыласып, алдын алуымыз керек. Міне бұл жақсылықтың міндетті жағы, адам тұлғасының нағыз сенімі“. Адамгершілікті тәрбиелеуде теория мен тәжірибенің шынайы сын көзқарасын Я.С. Турбовский өз мысалдарында қарама-қайшы жақта көрсетеді. Өз жұмысында әрбір адамгершілікті қасиетке сай жағымсыз қасиеті көрсетеді. Мысалы, жақсылық пен зұлымдық, жақсы мен жаман [4, 5, б. 119].

Жеткіншектер 14-15 жаста өз құрдас-тарының іс-ірекеттері туралы ғана емес, өз іс-әрекеттері туралы да, содан кейін қандай оймен жұмысқа араласатыны туралы да көп ойланады. Жеткіншек өз тобын-дағыларға жеке шығармашылықпен қа-райды. Олардың әрқайсысы өз ерек-шеліктерімен ерекшеленеді (қабілет, бел-сенділік, ақылдылық). Жеткіншектер әрбір жасалған іс-шараларға өте сезімталдықпен қарайды. Оларды ұстап, уақыттарын алуды көздеп, ұйымдастырылған шараларды тез түсінеді. Ұжымның өмірі мен іс-әрекеті жеткіншекті егер оның қызығушылығына сәйкес келіп, әсер алған жағдайда ғана толғандырады [3, б. 75].

Адамгершілікті адам шынайы іс-әрекет арқылы басқалармен қарым-қатынасқа түсуден алады. Жеткіншектік жаста адамгершілік және идеал жайлы белгілі бір бейне әрекетін түсініп және таңдап дамытудан пайда болады. Біз бұрын әдетті ғылыми зерттеу арқылы жалпы адамгершілік процесін жекелей бөлсек, енді адамгершілікті таңдау кезінде сөз және іс, адамгершілікті білім және бұл білімді қолдана алу қабілеттің қажеттілігін түсінеміз. Сонымен адамгершілікті таң-дауды дұрыс орындау - тұлғаның адамгершілікті дамуында негізгі жай. Жеткіншектердің адамгершілікті дамуына қатысты жалықтырмайтын зейін – бүгінгі күнгі негізгі талап. Мұнда Л.И. Божовичтің ойынша баланың нақты бейнелерге байланыста қандай қатынаста бола-тындығы шешуші рөлге ие [7, б. 323].

Жеткіншектердің идеалына ұнайтын бейнелерге келсек, мұның өзі түрліше кездеседі. Жеткіншектің идеалы көркем әдебиеттердегі кейіпкерлер, не өзінің жақсы білетін, жақсы көретін адамы да болуы мүмкін. Егер идеалы кейіпкерлер болса, осы тек бір кейіпкердің бейнесі емес, жинақты бейне түрінде жүзеге асуы мүмкін. Әр кейіпкердің ұнамды жақтарын жинап, біртұтас жинақты бейне жасап, кейін соған еліктейтіні кездеседі. Елік-тейтін бейне өзінің ұнататын адамы болса, барлық күшін, оның ісіне еліктеуге салып, ақылын, сөзін тыңдауға ұмтылады [1, б. 104].

Жеткіншектерде идеал - өзін-өзі тану және өзіндік шыңалуда қажеттілік тудырады. Идеал түсінігін дұрыс қабылдау қажет. Тек осы жаста ойдағы идеалға еліктеу процесі жүреді. Міне бұл жеткіншектік жастың басты ерекшелігі. Алайда өз идеалыңды дұрыс табу оңай шаруа емес. Жеткіншек өмірі жайлы ойланып, өз жолын таңдау керек екенін сезеді және түсінеді. Жақсы оқу, тіпті жақсы мінез-құлықтың жеткіншекке аздық ететінін түсінеді. Мұғалімдер жоғары адамгершілікті идеалды ұсынады. Жеткін-шектер идеалында, мысалы қыздарда-қыздарға тән, ал ұлдарда-ұлдарға тән ортақ қыр және қасиеттер міндетті түрде болуы тиіс. Өзін-өзі тәрбиелеу түрткісі ретінде идеалдың алатын рөлі ерекше. Жеткіншек өз-өзіне талдау жасауда жақсы немесе жаман екенін анықтап ғана қоймайды. Алдыңғы айтылғандарды қорытындылай келе, келесі нәтижеге келеміз:

- жеткіншектік жастағы идеал, бұл өзін-өзі тәрбиелеудегі күшті түрткі;

- өзін-өзі тәрбиелеуді жақсы ұйымдастырып жеткіншек алдында идеал-ды көрсетуде, ойластырып, дифферен-цияланған келіс болуы қажет;

- жеткіншектерді өзін-өзі тәрбиелеу әдістері үйретілмеген жерлерде, тұлғаның даму процесі қиындайды.

Жеткіншектің зиятты дамуы және адамгершілікті идеалының дамуы - өмір ережесі ретінде анықталады. Идеалға ұмтылу жеткіншектік жастың ерекше белгісі. Адамгершілікті идеал адам өмірінің түрткісі болып саналады: «біріншіден баланың адамгершілікке тырысуына тұрақты және жиі жүйе құрайды, екін-шіден, егер идеал саналы, түсінікті болса, онда жеткіншекке адамгершілік эталоны қасиеті ретінде болады. Адамгершілікті идеалды түсіну әрқашанда оның әрекет-тілігін көрсете бермейді. Адамгершілік идеал жоғары бағаланып, таңдану сезімін тудырса, көбінде тұлғаның дамуына әсер етпейді. Идеал жеткіншек дамуына елеулі әсер етуі үшін, идеал – абстрактілі, арман сияқты болмауы тиіс [6, 8, б. 404].

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Волченко Л.Б. Гуманность, вежливость, деликатность и этикет. – МГУ, 1992.

2. Кривцова С. Навыки конструктивного взаимодействия с подростками. - М., 1997.

3. Битянова Н.Р. Психология личного роста. - М., 1995.

4. Зубец О.П. Возрасты: особенности нравственной жизни. - М., 1997.

5. Макаренко А.С. Коллектив, воспитание личности. – М., 1992,

6. Толстых А.В. После детства. - М.: «Знание», 1982.

7. Дубка Е.Л., Петов В.А. Идеал. Справедливость. Счастье. -М., 1989.

8. Абрамова Г.С. Возрастная психология. - М., 1999.

9. Власкин А. Нравственные воспитание подростков. - М., 1998.

10. Крановский А.П. О подростках. - М., 1990.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №3 - 2008


 © 2018 - Вестник КАСУ