Update site in the process

   Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Вопросы / Ответы


К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №3 - 2008

Автор: Абдрахманова А.К.

ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың тоғысуы – өзінің беделі мен қуатының арқасында бүкіл әлемді өзіне қаратып дүрліктірген Кеңес Одағы ғұмырының тәмәмдануына байланысты Орталық Азия территориясында бұрынғы кеңестік республикалардың орнына бес егеменді мемлекеттер пайда болды – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан. Сондықтан Орталық Азия салыстырмалы түрде айтатын болсақ жуық арада ғана қалыптасқан халықаралық аймақ. Орталық Азия мемлекеттері көптеген әр-түрлі аймақтық халықаралық ұйымдарымен тығыз ықпалдастық қарым-қатынаста:

- Ресей және посткеңестік кеңістік (ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік келісімінің ұйымы, ЕврАзЭС);

- Еуропа (ЕҚЫҰ, ЕО);

- Мұсылман әлемі (ЭКО, ИКҰ);

- Қытай және Шығыс Азия мемлекеттері;

- Осылайша Орталық Азиядағы күштердің ара салмағын параллелограмм бейнесінде көрсетуге болады: бірінші жағын Ресей құраса, екінші жағы Қытай, үшіншісі Мұсылман әлемі, ал төртінші жағы Батыс еншісіне тиеді.

Орталық Азия - әлденеше уақыт алдында саяси және экономикалық тұрақсыздықтың тұғырында тұрған аймаққа, бүгінгі таңда ірі державалардың мемлекеттік құрылымдарының және ірі кәсіпкерлерінің қызығушылықтары артып қана қоймай, әлемдік экономикада өзінің ерекше беделіне ие болуға елеулі қадамдар жасап, талпыныстар білдіруде. Сонымен қатар Орталық Азияны геосаяси тұрғысынан алып қарастырғанда, бұл аймақ еуразиялық көлік жол тораптарының қиылысында орналасқан және кең көлемдегі көлік-коммуникация жүйесіне ие болып отыр.

Біздің тарихи еліміз Қазақстан өзінің ұлттық тәуелсіздігін жариялағаннан кейін тарихи Отанымыздың жерінде «қазақи мемлекеттілікті» дамытуға бет алды. Қазақ ұлты қай уақыттада салыстырғанда мемлекеттікке лайық екендігін тарих пайымдауы анық дәлелдейді. Осы орайда Қазақстан Республикасының ел басы Н.Ә. Назарбаевтың нақыл сөзін келтіргім келеді: «Ғасырлап күтіп, әзер қол жеткен азаттықтан айырылып қалмау үшін ішкі татулықты да, сыртқы татулықты да көздің қарашығындай сақтай білу керек» деген еді [2, 75]. Әсіресе халықаралық қауымдастығының басқа алып мемлекеттерінің алдында өзімізді тәуелсіз, егеменді терезесі тең мемлекет ретінде көрсету қажеттілігі туындады. Біздің еліміз Еуразия аймағындағы тоғыз жолдың түйіскен торабында орналасқан геосаяси жағынан өте маңызды территорияда орналасқан. Бұл жағдай қазақ халқына көптеген жеңілдіктермен қатар бір қатар жауапкершіліктерді де мойнына асады. Орталық Азия құрлығында бейбітшілік пен тату көршілік және өзара сенім қарым-қатынастарын орнықтыру – табысты дамудың қажетті шарты, тіпті кепілі десе де болады. Сондықтан аймақтық сыртқы саясаттың дұрыс оңды стратегиялық жолын таңдау – бірінші кезекте тұрған маңызды мәселелердің бірі.

Көптеген мамандардың пікірі бойынша осы «Азия қақпасының кілті» ретінде Қазақстан Республикасын қарастыруға болады. Қазақстан Рес-публикасының Орталық Азиядағы ұстанып отырған сыртқы саясатының тиімділігінің көрсеткіші ретінде Шанхай бестігі, ЕврАзЭс, Ұжымдық қауіпсіздік келісімінің ұйымы (ОДКБ) сияқты аймақтың ірі халықаралық ұйымдарының қызметі Қазақстанның қатысуынсыз жүзеге аспайтынын айтуға болады.

Қазақстанның жетістіктерін халық-аралық қауымдастық қолдап, мойындап отыр. Standart & Poor’s компаниясы елімізге оңды инвестициялық рейтингте ВВВ-ны тағайындады [1]. Бұл дегеніміз Қазақстанның экономикасына дамыған елдер инвестицияларының құйылуына зор мүмкіндіктер жолын ашады. Ал Еуропалық Одақ пен Америка Құрама Штаттары Қазақстанды «нарықтық экономика» деп танып, Дүние жүзілік Сауда Ұйымына мүше болуға барлық мүмкіншілігі бар деп баға берді.

Бұл өңірдің мемлекеттері арасында әлемдік ықпалдастық үрдістеріне бай-ланысты ең алғашқы болып өз көз-қарастары мен даму нысандарын ұсынған Қазақстан Республикасы болып табылады. ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап Орталық Азия аймағында болып жатқан интеграциялық үрдістердің көш-басшысы ретінде өзінің абыройын қалыптастырып алған еді. Оған дәлел келтірсек:

1) Қазақстан Рсепубликасы халық-аралық қатынастарды екі жақты ұста-нымды негізге алып отыр, яғни қазақ елі өзінің ұлттық рухының ерекшеліктерімен, діни нанымдарымен және тарихи түп тамырымен мұсылман әлемінің түркітілдес халықтарына тікелей туыстық қатысы бола тұра, сонымен қатар Қазақстан демо-графиялық сипаты, сыртқы қатынастардағы ұстанған саяси бағыттарымен және мемлекетті құру қағидаларымен Батысқа да қатысы барын көрсетеді.

2) Қазақстанның ішкі өнімінің жалпы мөлшері бойынша аймақтың басқа мем-лекеттерінің осы көрсеткіштерін бірақ қо-сып алғандағы мөлшерінен екі есе асып түседі.

3) Стихиялы түрде ғұмырын тоқ-татқан Кеңес Одағының қамқорысыз қалған мемлекеттерге Тәуелсіз Мем-лекеттер Достастығын құру идеясын құт-қару шеңбері ретінде ұсынуда Қазақстан Рсепубликасының идеяларының бірі еді.

4) Сонымен қатар 1994 жылы Орталық Азия аймағында «Шығыстың философиясы мен батыстың прагмматизмі ұштасқан жаңа заман адамын тәрбиелеу мақсатымен Еуразиялық Одағын құру» идеясы да Қазақстан тарапынан ұсынылып, жүзеге асырылуда [3, 319].

5) Еліміздің халықаралық қауым-дастық алдында беделінің артуының маңызды себебі ретінде Қазақстан Респуб-ликасы аймақта бірінші болып ядролық қарудан бас тартты.

6) Назарбаевтың Азиядағы өзара іс-әрекет және сенім шаралары жөніндегі Кеңесін (СВМДА) шақыру жөніндегі бастамасының жүзеге асырылуы да ауыз толтырып айтатын жағдай.

Кеңесті шақыру жөніндегі идеяны алғаш рет ҚР Президенті Назарбаев 1992 жылы қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында ұсынды [4,30].

1990 жылдың басында бұл идея жаңа үн алды. Қазақстанның осы бастамасының негізгі мазмұны оның кез келген қаты-сушыларын қорғау шарасында қауіпсіздігін әскери қауіп-қатерлер деңгейінің шынайы төмендеуіне бағытталған халықаралық құқықтық сипаттағы бірқатар шаралар кешенімен кепілдік берілетін Азиядағы қауіпсіздік жүйесін құруынан тұрады.

СВМДА идеясы бірқатар азиялық мемлекеттер мен халықаралық ұйым-дардың қолдауын тапты. Бірнеше жылдар бойы СВМДА үрдісіне Оңтүстік-Азия елдері мен араб мемлекеттерін қоспағанда Азия мемлекеттерінің көптеген елдері тартылды.

Қазақстан Республикасының аймақ-тық сыртқы саясаттағы ұстанған қағи-далары бойынша Орталық Азия ең алдымен өркениетті және экономикалық түсінік ретінде қалыптасуы тиіс. Қазақстан басты назарын аймақтық интеграция үрдістерінің жан-жақты дамуына аудара отырып, оны жақтаушы және қолдаушы ретінде танылады. Еліміздің ұстанған көз-қарасы бойынша аймақ мемлекеттері көкейде мазалап жүрген мәселелерді шешуіне және еркін сауда аймағы мен ортақ рынокты құруына бағытталған біркелкі бағыттар ұстануы қажет.

Жалпы қарастырғанда аймақтағы жағдай тұрақты сипатқа ие. Тек «адам мен адамды, халық пен халықты, ел мен елді жақындастырар ең берік дәннекер мүдде бірлігі» демекші мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың түсінушілігі мен әр елдің ұлттық мүдделеріне қайшы келмеуі маңызды.

Бұл аймақтың маңызының өсуі көптеген факторларға байланысты:

- Құрлықта орналасуына байланысты Еуразиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысынан қарағанда;

- Дүниежүзілік маңыз бар табиғи ресурстардың әсіресе – көмірсутекті шикізаттың Орталық Азия терри-ториясында шоғырлануы;

- Орталық Азияның маңызды жол тораптарының қиылысында орналасып, кең көлемдегі байланыс мүмкіндіктеріне ие: Иран арқылы Парсы шығанағына, Ауған-стан мен Пәкістан арқылы Үнді мұхитына, Қытай арқылы Азия Тынық мұхит аймағына шыға алады.

Жоғарыда көрсетілген факторлар Орталық Азия аймағының артық-шылықтарын ашып көрсетсе, Қазақстан Республикасының дипломаттарының пікі-рінше келесі мәселелерді аймақтағы дамуды тежеуші факторлары ретінде қарастырады:

- Халықаралық ланкестік және экстремистік топтардан төнетін қауіп. Өкінішке орай аймақтағы әлеуметтік-экономикалық мәселелер қоғамда ради-калдық идеялар мен көз қарастардың таралуын туғызып отыр.

- Заңсыз үлкен мөлшердегі есірткі заттарының айналымда болуы және тран-сұлттық қылмыс топтарының қызметтері.

- Сонымен қатар су қорларын қолданудағы өзара тиімді, үнемі қызмет ететін аймақтық механизмнің болмауы.

Бұл мәселелермен күрес ретінде Қазақстан жанжалдың алдын алу мен превентивті дипломатияны дамытумен айналысатын БҰҰ аймақтық орталығын және ХХІ ғасырда кең тараған мәселелерге байланысты Орталық Азия аймақтық ақпараттық-координаторлық орталықты құруды аймақтық қауымдастыққа ұсынуда. Сонымен қатар БҰҰ, ЕҚЫҰ сияқты беделді халықаралық ұйымдармен тығыз әріптестік ықпалдастық қарым-қатынас орнату.

Қазақстанда саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және азаматтық татулықты сақтау мен нығайту – Қазақстан Республикасының Президентінің ұдайы назарындағы мәселе. Енді біраз сол туралы сөз қозғасақ.

Н.Ә. Назарбаев – экономика ғылымының докторы. Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академиясының академигі, әлемнің бірқатар іргелі университеттерінің құрметті профессоры. Ол – экономика саласындағы, сондай-ақ қоғамдық-саяси тақырыптағы көптеген ғылыми еңбектерінің авторы.

Бұрынғы кеңестік республикалар бірінен кейін бірі тәуелсіздігін жариялап, егемендік шеруі аталып кеткен кезеңнің шырқау шегіне шыққан тұсында журналистер АҚШ Президенті Джорж Буштан ыдыраған империя кеңестігіндегі келешегінен зор үміт күттіретін айтулы басшыны атауды сұрағанда, ол ойланбастан: “Назарбаев, - деген еді, - оның келешекті көре білетін қабілеті бар”,-деп ойын тұжырымдаған. Біздің Прези-дентімізге жазған хатында: “Құрметті Президент мырза! Сіздің басшы-лығыңызбен Қазақстан жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. Құрама Штаттар, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін, соның ішінде “Қазбаттың” Ирактағы үздік қызметі үшін ризашылығын білдіреді” [5, 10].

Мемлекетіміз басшысының атына содан кейін де небір беделді әлем саясаткерлерінің, ірі-ірі халықаралық ұйымдар басшыларының, іскер топтардың көрнекті өкілдерінің аузынан айтылған құнды сөздер жетерлік. Мысалы, Ұлыбританияның 1979-1990 жылдардағы Премьер-министрі Маргарет Тэтчер: “Мен Қазақстан Президентінің бүгінгі күні өзіміз ұшырасып жүрген проблемаларды тал-қылау үшін алуан түрлі діни нанымдардың соншама көп өкілдерін шақыру жөніндегі бастамашылығын барынша құптаймын. Діни негізде адамзаттың қаншама қақтығысты бастан кешіргені, қаншама қасірет шеккені тарихтан мәлім. Сан түрлі діни нанымдардың өзара дұрыс түсіністігіне қол жеткізу арқылы, бәлкім, біз бәзбіреулер өшпенділік пен зорлық-зомбылықты өршіту үшін пайдаланып жүрген адамдар арасындағы сен-беушіліктен арыламыз ба деген үміт бар. Осы съезд адамдар арасындағы жаңа байланыстарды дамыту тұрғысында өмірлік маңызды қадам болып табылады, мен бұл форум бұдан былайғы осындай өзара алмасулар үшін арна тартар бастау болар деген үміттемін. Мұндай форум өткізу үшін бірде-бір ел дәл Қазақстандай қолайлы бола алмас еді. Тәуелсіздік алған сәттен беріде Сіздің көреген саясатыңыз еліңізді бостандыққа апаратын сара жолға түсірді. Уайымшылдар, сірә, Сіздің еліңіздің этникалық және діни сана-луандығы алауыздық пен араздық туғызып, Қазақстанды әлсіретеді деп ойлаған болуы да мүмкін. Бәрі де керісінше болып шықты. Қайта саналуандығының арқасында Қазақ-стан көркейе түсті, қайта сан түрлі дәстүрлері мен діни нанымдарының байлығы арқасында қуаттана түсті. Сіздер басқаларға өнеге болып отырсыздар”, - деген болатын Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері бірінші съезінің ашылуына байланысты Н.Ә. Назарбаевтың атына келіп түскен жолдауында.

Жоғарыда келтірілген ақпараттардың негізінде автор келесі қорытындыға келді – Орталық Азия аймағының болашақта стратегиялық маңызы зор аймақ бола-тынына еш күмән жоқ. Оған бірден бір негіз көшбасшымыздың мықты саясаты мен болашаққа стратегиялық жоспарла-рының бағытталуы. Қазақстан аса дамыған, сонымен қатар халқының намысшылдық дәстүрлерін аялаған ел болады дегенге автор үкілі сенімін білдіреді.

Сонымен қатар бұл аймақтың көшбасшысы ретінде Қазақстан Респуб-ликасының танылуы барша халықаралық қауымдастық алдында дау туғызбайтын жағдай. ХХІ ғасыр қазақ халқының шындап бағы жанатын ғасыры болуы жолында, қай жағынан да көсегесі көгерген халықтар қатарына қосылуы жолында бәріне де тәуекел ете алуға тиіспіз.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Назарбаев Н.Ә. Туған елім – тірегім/Н.Ә. Назарбаев// -Алматы, 2001.-125 б.

2. Европейский союз и Центральная Азия - Алматы, 2000.

3. Проблемы международных отношений. Под ред. Е.А.Кузнецова. - Алматы., 1999. - С. 95

4. Елбасы: эсселер, ой-толғамдар, өлең-жырлар, сұхбаттар. –Алматы: “Ана тілі”, 1996.-544 бет.

5. Абдрахманов С. Ұрымдағы ұлан асу. ҚР. Президенті Назарбаевтың Итальян Республикасына сапары. / С. Абдрахманов // Егемен Қазақстан. - Алматы, 2003. -№ 29, 6 ақпан. - Б. 1, 2.

6. Нұрсұлтан Назарбаевтың "он қадамы": "Российская газета" оқырмандарының сұрақтарына жауапты ұйымдастырған В. Дымарский // Егемен Қазақстан. -Алматы, 2003. -№ 43, 22 ақпан. -С. 1,2 б.

7. Абдрахманов С.Н. Назарбаев: Қауымдастықтың қауқары қандай? Бұл сауалға ЕурАзЭҚ-тың Мәскеу форумы жауап іздеуде.

8. Абдрахманов, Ж. Қуанышбекқызы // Егемен Қазақстан. -Алматы,2003. - № 40, - 20 ақпан.

9. Сұлтанов Қ. Толғақты ой, толымды тұжырым. Н.Ә.

10. Назарбаевтың "Сындарлы он жыл" кітабын оқығанда / Қ. Сұлтанов // Егемен Қазақстан. -Алматы, 2003. -№ 44, 25 ақпан. - Б. 2.

11. Нұрсұлтан Назарбаев: Түсінісу, үн қатысу жолын табайық // Егемен Қазақстан. -2003.- 25 сәуір. – Б.2.

12. Назарбаев Н. Қазақстан жолы: тұрақтылық, жаңару және өркендеу. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Рес-публикасы Парламенті 2-ші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі/ Н. Назарбаев // Егемен Қазақстан. -Алматы, 2005. -№202, 2 қыркүйек. - Б.1,2.

13. Назарбаев Н. Бағдар айқын болса - даму жолы даңғыл. Елбасының Қарағанды облысындағы жұмыс сапары Теміртау, Шахтинск қалаларының металлург-терімен және кеншілерімен кездесулерге жалғасты/ Н. Назарбаев // Егемен Қазақстан. - Алматы, 2005. – 17 маусым. - Б.1, 2.

14. Тоқаев Қ. Феномен. Саясаттың суырылған саңлағы. Дүние дегдарлары дара тұлға туралы/ Қ. Тоқаев // Егемен Қазақстан. – Алматы, 2005. -№154, 9 шілде. - Б. 2., № 155, 12 шілде. - Б.2.

15. Саясаттың суырылған саңлағы. Дүние дегдарлары дара тұлға туралы // Егемен Қазақстан. - Алматы, 2005. -№155, 12 шілде. - Б.2.

16. Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстан қазір әлем санасатын, әлем сыйлайтын елге айналды. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Дүниежүзі қазақтарының үшінші құрылтайында сөйлеген сөзі/ Н. Назарбаев // Дидар. -Өскемен, 2005. -№ 98-99, 8 қазан. - Б. 1-2.

17. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа нық сеніммен// Н.Ә. Назарбаев – Астана, 2000. - 261 б.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №3 - 2008


 © 2018 - Вестник КАСУ