Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ РӨЛІ

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №2 - 2008

Автор: Кездикбаева Л.Т.

Жоғары оқу орындарында қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытуда болашақ мамандарды мемлекеттік тілде іс жүргізу мен қызметтік қарым-қатынас жасай білуге дағдыландыру ғана емес, оларды халқы-мыздың салт-дәстүрін танып-білуге, құр-меттеуге баулу да негізгі мақсаттың біріне саналуы тиіс. Өйткені, қазақ тілін оқы-тудың ұлттық дәстүрмен сабақтастығы тіл үйренушіні өз мемлекетін сүюге, оның салт-дәстүрін құрметтей білуге игі ықпал жасайды.

Тілді білу ұлтаралық қарым-қатынасты, мәдениетті жақсартады. Әрбір халықтың ғасырлар бойы жасаған мәдениетін, оның озық үлгілерін таныту арқылы баланы сол ұлтқа құрметпен қарауға тәрбиелеумен бірге, оның тілге деген сүйіспеншілік сезімін оятады. «Тіл туралы» Заңға сәйкес республикада мемлекеттік тіл – қазақ тілін дамыту ,қоғамдық ортада оның әлеуметтік қолдану аясын кеңейту, республикада тұратын түрлі ұлттардың қарым – қатынас құралына айналдыру мақсатында көптеген маңызды істер жүзеге асырылды. Оның бірі – ұлт мектептерінде, әсіресе, орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқыту 1990-1991 жылдары заңды жүйеге көшті. Мемлекеттік тілдің бүкіл нәрін жас ұрпақтың бойына сіңіру – үлкендердің басты борышы, ұстаздардың қастерлі жұмысы. Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін қажет. Қазіргі кезде оқу – тәрбие процесінде қазақ тіліне грамматикалық ережелер мен анықтамаларды сабақ бағдарламасына жөнді – жөнсіз үйіп төгу емес, ең алдымен, сөйлесу дағдыларын меңгеруге, белгілі бір тақырыпқа диалог, әңгімелер құра білуге, қарапайым сөйлемдер құрастыруға жаттығу арқылы ауызекі тілге үйретуді көздейтін түбегейлі жаңа әдіс – тәсілдер, технологиялар қажет. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, Қазақстан азаматтарының бір – бірімен түсінісетін қарым – қатынас құралы ретінде қараған жөн. Сондықтан қазақ тілін төмендегі сатыларға бөліп оқыту тиімді болар деп ойлаймын:

Бірінші саты – ортатану. Ортатану дегеніміз – отбасында ата – ананың қамқорлығын түсіну, әр оқушының өзін - өзі тануы, басқалармен таныс болуы;

Екінші саты – отантану. Туған жерімен танысу және басқаларды өзінің отанымен таныстыра білуге үйрету;

Үшінші саты – болашақ мамандық таңдау. Мақсаты – болашақ өмір жолын анықтау, келешек мамандығын таңдай білуге үйрету.

Мен Қазақстан–Американдық Еркін Университеті колледжінің 1 курс оқу-шыларына сабақ беремін, сондықтан осы технологияны қалай қолдануға болатыны жөнінде өз ойларымды ортаға салмақпын.

Қазақстанның болашағы өзіміздің оқытып отырған оқушыларымыздың қо-лында. Тіліміздің мәртебесі – еліміздің мәртебесі, сондықтан сауатты, мемлекеттік тілді жетік білетін азамат тәрбиелеу – қазақ тілі мұғалімдерінің негізгі міндеті.

Осыған байланысты әр мұғалім белгілі бір педагогикалық технологияны пайдаланып жұмыс істейді.

Кез келген оқыту технологиясы іс - әрекеттің қарқындығы мен белсенділігін арттырғандығымен де, кейбір техноло-гияларда бұл құралдар басты идеяны және нәтиже тиімділігінің негізін құрап, жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталған. Олар: коммуникативті технологиялар, да-мыта оқыту технологиялары, ойын әдістері.

Жаңа технологияны меңгеру мұға-лімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адам-гершілік, рухани, азаматтық тағы басқа қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

Мен оқушылардың сөйлеу дағ-дыларын қалыптастыру, сөздік қорын бай-ыту, тілін дамыту, қазақ тілінде еркін сөйлеуге үйрету мақсатыма жету үшін М. Жанпейісованың интерактивтік модульдік оқыту технологиясын қолданамын. Моду-льді қолдануда қазақ тілін оқыту ісіне не кіретіні анықталып, оны белгілі бір жүйеге келтіру іске асады.

«Қалауын тапса қар жанады», - дейді халық, «Ісің оңға бассын десең, ретін тап», - дейді Абай, «Әдісті дұрыс таңдай білген таланты орташа адам таңғажайып табысқа жетеді, әрекетіне әдісі сай келмесе данышпанның да төккен тері зая кетеді», - дейді академик Павлов.

Бұл айтылған даналық сөздерден шығатын педагогикалық жұмыстың оң нәтиже беруі көбінесе қолданылатын әдістерге, технологияларға байланысты екені рас. Соңғы жылдары педагогика ғы-лымының дамуы нәтижесінде дәстүрлі объективті–субьективті педагогиканың орнына педагогикалық жаңа технологиялар пайда бола бастады. Қазақстанда Ж.А. Караевтың, Ә. Жүнісбектің тағы басқа ға-лымдардың оқыту технологиялары бел-сенді түрде мектептерде қолданылып жүр.

Солардың қатарына М. Жанпейі-сованың интерактивтік модульдік оқыту технологиясын да қосуға болады. Бұл технологияның басқалармен салыстыр-ғанда бірқатар артықшылығы бар. Мысалы, интерактивтік модульдік технология білім арқылы біліктілікті, дағдыны дамыту емес, жеке тұлғаны дамытуды көздейді. Бұл технологияда оқушылардың физиоло-гиялық, қауіпсіздік, сыйластық, сүйіс-пеншілік, өзін-өзі көрсету тәрізді аса маңызды қажеттіліктер мейлінше еске-рілген. Яғни, әдістеме терең психо-логиялық зерттеулердің негізіне құрылған. Технологияның мақсаттары айқын, дәлелді және ғылыми негіздерге сүйенген. Ғалым-дардың зерттеуіне қарағанда оқушы алған білімін есте сақтау үшін кемінде 7 рет, ал оны іс жүзінде қолдану үшін кемінде 13-24 рет оралуы қажет екендігі өте орынды айтылған. Басқа тілді үйрену үшін бұл басты ұстаным болуы тиіс. Технологияның ұтымды тұстары деп, дәстүрлі педа-гогикадағы сабақтың орнына оқу модулінің алынуын, оның үш бөлімдік құрылымын және оқытудың белсенді формаларының барынша қолданылуын айтуға болады. Мо-дульдің сабақтан артықшылығы тақы-рыпқа оның әр қырынан келіп, оған жан – жақты әлденеше рет оралуға мүмкіндік беруі.

Бұл жалаң қайталау емес, біріншіден, оқушының ойлау қабілетін дамыту арқылы алған білімін ұзақ есте сақтауына қажет. Екіншіден, модульдің кіріспе бөлімінде оқушылардың оқу модулінің мақсат – талаптарымен таныстырылуы. Яғни, бұл бөлімде оқушыларға нелерді білу, нелерді меңгеру немесе үйрену керектігі және соңғы жететін нәтижесі айтылады, сондық-тан оқушылардың белсенділігі артады. Бұл өте маңызды. Модульдің екінші «сөйлесу» бөлімінде оқытудың белсенді формалары, яғни сан алуан ойын түрлері мейлінше кең қолданылады. Оқушылар өзара бір-бірімен қатынас, әрекет үстінде білім алады. Егер оқушы оқу материалдарын тек естісе, оның 30 пайызын ғана есіне сақтайды. Ал, естісе және жазса 50 пайызын, естісе, жазса, айтса 70 пайызын, естісе, жазса, айтса және материалды қатынас үстінде қолданса 100 пайыз есіне сақтайтыны дәлелденген екен. Бұл технологияда оқушылармен жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыстың көбі дәрісханада орындалады, сөйтіп үйге берілетін тапсырманың көлемі азаяды. Жұмыс үстінде оқушының білімін көрсетуге, басқа оқушыны тыңдауға, бағалауға, яғни оқу процесіне өзінің араласуына толық жағдай жасалады. Бір сөзбен айтқанда, М. Жанпейісованың интерактивтік модульдік оқыту технологиясы бүгінгі таңда орыс мектептеріндегі оқушыларға қазақ тілін нәтижелі оқытудың тиімді және озық технологиялардың бірі деуге әбден болады. Бірақ, осы технология талаптарына біздің қазіргі пайдаланып жүрген оқулықтарымыз сай келе ме? Көптеген оқулықтарымыз модульдік технологияға арналып жа-зылмаған. Осы қиындықты жеңу ұстаз-дардан көп ізденісті, шығармашылық қабілетті, іскерлікті талап етеді. Қазақстан Республикасының орта білім мемлекеттік стандартында қазақ тілі пәнінің ең басты мақсаттарының бірі – оқушылардың қазақ тілін қарым – қатынас құралы ретінде пайдалана білуін қамтамасыз ету, яғни ауызекі тілді дамыту, оларды қазақша сөйлей білуге үйрету екендігі айтылған. Олай болса, жаңа технологияның талабына сай, күнделікті тұрмыста, сабақта жиі қолданыс табатын тақырыптарды моду-льдің негізі етіп алуға болады. Мысалы, «Менің таңдаған мамандығым», «Менің Отаным», «Қазақтың ақын – жазушылары», «Қазақтың батырлары», «16 желтоқсан – Қазақстанның Тәуелсіздік күні», тағы басқа көптеген тақырыптар жеке – жеке модуль бола алады. Модульдік тақырыптардың материалдарын сөздері әрі таныс, әрі түсінікті және сөз саны ықшам икемделген мәтін арқылы, оқушыны ойлауға же-телейтін сұрақтары бар суреттер арқылы оқушының санасына сіңіру, алған білім-дерін пайдалана отырып, оларды көбірек ауызекі сөйлетуге үйрету тиімді деп ойлаймын.

Демек, қазақ тілін басқа тілді оқу орындарында оқытуда, біріншіден, прак-тикалық мақсат қойылады, яғни оқу-шылардың сөздік қорын байыту, қазақша ауызекі дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, бір-бірімен сөйлесуге, оқығанын, көргенін, естігенін қысқаша әңгімелеп беруге жаттықтырады.

Екіншіден, білімділік мақсат көз-деледі, яғни қазақ тілін пән ретінде оқыту арқылы оқушыларға қазақ халқының тұрмысы, мәдениеті, тілі туралы мағ-лұматтар беріледі.

Үшіншіден, тәрбиелік мақсат көз-деледі, яғни қазақ тілімен, әдебиетімен танысу арқылы оқушыларды азаматтық, адамгершілік рухта тәрбиелеуге болады.

Жаңа білім мазмұны бойынша қоғам мынандай талаптар қойып отыр.

1. Өз халқының мәдени, тарихи байлықтарын меңгеру, білу.

2. Өз республикасының әлеуметтік экономикалық факторларын еске алу.

3. Мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді меңгерудің қажеттілігі.

Осы талаптарды ескере отырып, оқу орыс тілінде жүретін оқу орындарында оқушыларға қазақ тілін оқыту мәселесі олардың қазақша сөйлей алатын болып шығуына мүмкіндік беретін деңгейде, яғни белгілі оқу орнын бітірген оқушылар қазақша ауызша сөзге түсініп, өздері қазақ тілінде көрген-білгенін, ойын айтып, оқып, жаза алатын болуы шарт. Бұл талаптарды орындау үшін бірінші сатыда (бастауыш кезеңде) қазақ әліпбиін, оның ішінде, қазақ дыбыстарының (бірегей дыбыстар) айтылу, жасалу жолдарын меңгерту, сөздік қор-ларын байыту, үйренген сөздерін сабақта пайдалана білу, қазақша мәтіндерді дұрыс оқу, мұғалімнің сұрақтарына түсініп жауап беру, қазақша ауызекі сөйлесе білуге жаттығады.

Екінші сатыда (орта буын) оқушылар бірінші сатыдағы мақсаттарды әрі қарай дамыта отырып, қазақ тіліндегі бірегей (ерекше) дыбыстары бар сөздерді орфо-эпиялық жағынан дұрыс оқу, сауатты жазу, жаңа сөздерді түсіну, грамматикалық ережелерді меңгеру (бағдарлама бойынша), сөздік қорды байыту, оқулықтағы мәтін-дерді түсініп, талдай білу, екі тілдік аударма жасау, диалог түрінде сөйлесу, қазақша байланыстырып сөйлеуге жаттығу жұмыстары жүргізіледі.

Үшінші сатыда (жоғарғы буын) оқушылар алдыңғы екі сатыдағы мақ-саттарды жалғастыра отырып, қазақша сөйлеуге, әдеби материалдарды өз бет-терінше оқып, түсінуге, талдауға, грамма-тикалық ережелерді түсініп қолдануға, екі тілде де аударма жасауға, мәтіндер бойынша жаңа сөз, сөз тіркестері, қанатты сөздер, тұрақты сөз тіркестері, синоним, омоним, антонимдік сөздіктер жасауға, оларды өз сөздерінде түсініп қолдануға, сауатты жазуға дағдыланады. Сонымен қатар, оқушылар бұл кезеңде түрлі іс қағаздарын қазақша жазуға үйренеді.

Жоғарыдағы мақсаттарды орындау үшін (іске асыру үшін) белгілі міндеттерді орындау шарт.

Атап айтқанда:

1) Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес орфографиялық, орфоэпиялық дағ-дыларды қалыптастыру;

2) Оқушыларды қазақ тілі грам-матикасының кейбір ерекшеліктерін орыс тілі грамматикасымен салыстыра білуді үйрету;

3) Оқушыларды мәтіндерді тү-сіндіріп, мәнерлеп, шапшаң оқуға дағ-дыландыру;

4) Оқушылардың сөйлеу әрекетін тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымын дамыту;

5) Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру;

6) Оқушылардың екі тілдік аударма жасай білуге жаттықтыру.

Оқушылар мемлекеттік тілді үйрену арқылы қазақша ауызекі сөзге түсініп, өздері қазақ тілінде көрген-білгенін, ойын айтып, жаза алатын дәрежеге жетеді. Сондай-ақ ана тіліндегі білім дағдыларын, іскерліктері мен қабілеттерін қазақ тілін саналы меңгертуге, үйренуге жұмсайды.

Екі тілдің өзара айырмашылықтарын салыстыру жолымен олардың дұрыс сөйлеу дағдылары қалыптастырады.

Ал лексикалық, грамматикалық мате-риалдарды игерудегі мақсат – сол материалдарды үлгі ретінде есте сақтау, грамматикалық ережелерге сүйеніп, сөз тіркестерін, жай сөйлемдерді құрастыру, сондай-ақ тілдің грамматикасын, оның заңдылықтарын білу арқылы оқушылар бір-бірімен сөйлесуді, сұрақ қоюды үйренетін болады.

Оқушылардың қазақ тілін меңгеру дәрежесін анықтайтын өлшеуіштерінің дағдылы түрлері-диктант, мазмұндама, шығарма. Осындай өлшеуіштердің қата-рына тест тапсырмалары да енеді. Мұндай тапсырмалар екінші сыныптан бастап, оқу материалдарының (мәтін, сурет, ережелер, сөздік, жаттығу, тапсырма, т.б.) барлық түрлері бойынша өткізіледі.

Тест тапсырмалары сөйлеу әрекеті, фонетика, лексика яғни грамматикалық тақырыптар бойынша құрастырылады. Сондай-ақ оқушылардың бір-бірімен сөйлесе білуі, өздері әңгіме құрастыра білуі, (монолог) бір-біріне сұрақ қоя білуі, өздері әңгімені жалғастыру, мәтін бойынша диалог құрастыру, түрлі жағдаяттарға (ситуация) байланысты әңгіме өткізу, берілген тақырыптарға әңгіме құрастыру, екі тілдік аударма жасау секілді т.б. жұмыс түрлері үзбей өткізіліп тұруы шарт.

Сонымен қазақ тілін оқыту процесіне коммуникативтік бағыт бере отырып, жалпы дүниеге деген көзқарасын қалып-тастыру.

Қазақ тілін оқу арқылы оқушы орыс тіліндегі (өз тіліндегі) білім дағдыларын, іскерліктері мен қабілеттерін қазақ тілін жете саналы меңгертуге, үйренуге жұм-сайды.

Қазақ тілін оқып-үйрену процесінде (барысында) қазақ халқының тарихын, әдебиетін, әдет-ғұрпын, салтын, ғылымын, музыкасын, кескін өнерін, қол өнерін, сөз өнерін, ғалымдарын, ақын-жазушыларын, еңбек адамдарын кітап оқу арқылы танып білетін болады. Тілін үйреніп отырған халықтың тарихи ескерткіштері, тұрмыс жағдайын білуге деген зейіні артады.

Қазіргі кезде қазақ тілін оқытудың технологиялары яғни сабақ әдістемесін жан-жақты түрлендіріп, оқыту шеберлігін іске асыруды сөз етсек, бүгінгі таңда көптеген мектептерде технологияның тө-мендегідей түрлері жиі қолданылады. Мысалы, деңгейлеп оқыту, блокпен оқыту, модульдік оқыту, білім беруді ізгілендіру, ұжымдық оқыту, т.б.

Бұл әдістерді пайдалану арқылы оқшылар белгілі бір нәтижеге жетуі тиіс. Атап айтқанда:

- оқушылардың сабаққа деген бел-сенділігі артады;

- жеке-дара жұмыс жасауға ын-таланады;

- жеке көзқарастары қалыптасады, дамиды;

- оқу еңбегінің нәтижесі тиімді болады;

- оқушылар арасында психологиялық жағдайлар қалыптасады.

Мысалы, қазақ тілі оқулығындағы материалдар бастапқы ортада, жоғарғы деңгейге бөліп оқытылады. Бұл тәсілдің тиімділігі:

- әр деңгейлер бойынша қандай нәтижеге жететіндігі анықталады;

- әр деңгейде сәйкес меңгерілетін лексикалық минимум белгіленеді;

- әр деңгейге сәйкес грамматикалық минимум анықталады;

- әр деңгейге сәйкес оқу-әдістемелік кешен (оқулық, дидактикалық мате-риалдар, әдістемелік, түсіндірме суретті сөздіктер, үнтаспа, кестелер т.б.) дайын-далады;

- әр деңгейге сәйкес тест дай-ындалады.

Қорыта келгенде, қазақ тілі пәні арқылы қазақ тілінің байлығы, көр-кемділігі, әуезділігі, сөйлеу мәдениеті, фонетикалық, лексикалық және грам-матикалық нормалары мен өзіндік ерек-шеліктері танылады және оны қолдануда пайдалану дағдылары меңгеріледі.

«Қазақ тілі» пәні сөз өнері, сөйлеу үлгісі, сөздің қолданудағы мағыналық бояуларының ерекшеліктері арқылы оқу-шының сезіміне, ақыл-ойына әсер етіп дамытады. Мұнда тілдің танымдық, тәрбиелік және дамытушылық қуаты, мүмкіндіктері ашылып, тіл үйренушінің қызығушылығы артады.

«Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде қоғамымызда халықтар арасындағы ізгілік қатынасты, келісімділікті нығайтуға қыз-мет етеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттігін, территория тұтастығын, достығын, Ата заңын, мемлекеттік рә-міздерін құрметтеуге үндей отырып, оқушылар бойында қазақстандық патри-отизм сезімін қалыптастырады» деп қазақ тілі стандартында көрсетілген.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» деген еңбегінде былай дейді: «қазақтың ұлттық тұтастануы үшін табан тірейтін негізгі тұғыр-мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін дамыту... Дауға салса-алмастай қиған, сезімге салса-қырандай қалқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық бұ дүниеде қымбат не бар екен?»

Сонымен мемлекеттік тілді оқыту А. Затаевичтің сөзімен айтқанда «Азиядағы Ұлы көшпенді халықтың» тарихымен, қай-таланбас өзіндік мәдениетімен, әде-биетімен, тарихымен т.б. жақсы қаси-еттерімен таныстырумен ұштастыра жүр-гізілсе, жаңалық пен қасиеттерімен таныс-тырумен ұштастыра жүргізілсе, жаңалық пен жақсылыққа жаны құмар, ең алдымен, ұлты басқа балалардың қазақ тілі сабағына ынта-ықыласын арттырады, қызықтырады. Ол үшін мұғалім қазақ тілі мен әдебиетін де, орыс тілі мен әдебиетін де тең жетік білетін жоғары білімді, мәдениетті, қазіргі заман талабына сай маман болуға тиіс.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Полот Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. - М., 1999.

2. Қазақ тілі мен әдебиет, 2005 ж. № 10-12.

3. Қазақ тілі мен әдебиет орыс мектебінде № 9-10, 2002 ж.

4. Құлмағамбетова Б. Қазақ тілі оқыту әдістемелігі, 2003 ж.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №2 - 2008


 © 2024 - Вестник КАСУ