Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Бірінші сыныпта математика пәнінде дамыта оқытуды жүзеге асыруға бағытталған жұмыс нәтижесі

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2008

Автор: Букпанова Б. К.

Дамыта оқыту-күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Сондықтан да бұл жұйені педагогикалық үрдіске енгізіп, тәжірибе жүргізу қиындықтар тудырары сөзсіз. Дегенмен, жаңа буын оқу-лықтарының дамыта оқыту қағидаларына негізделгенін ескере отырып, бірінші сы-ныпта эксперимент ұйымдастырып көрдік.

Ең алдымен дамыта оқыту мен дәстүрлі оқытудың айырмашылығын айқындап алдық. Олар:

1) Көздеген мақсатында, мәнінде;

2) Мазмұнындағы айырмашылықтар;

3) Дамытудың негізгі факторында;

4) Мұғалімнің ролі мен атқаратын қызметінде;

5) Оқыту әдіс-тәсілдерінде;

6) Оқушының білім алу бел-сенділігінде;

7) Оқушылардың қарым-қатынас си-патында.

Дәстүрлі оқыту үрдісінен дамыта оқыту үрдісіне көшуді төмендегідей кестемен көрсетуге болады:

Эксперимент барысында басшлыққа алынған негізгі ұстанымдар:

· Дамыта оқыту үрдісінде оқушы субьект ретінде бірінші орынға шығады.

· Мұғалім оқу үрдісінде нұсқаушы, ұйымдастырушы рөліне көшеді.

· Оқушыларға ешқандай дайын үлгі берілмейді.

· Мақсатты шешу – талқылау, жинақтау арқылы жүзеге асады.

· Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйренеді.

· Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.

· Сынып оқушыларын жақсы-жа-манға бөлмеу.

· Дамуына қолайлы жағдай жасау.

· Әр оқушының өз қабілетінің жеткен жеріне дейін еңбек еткізу;

· Мұғалім мен оқушының арасында жақсы қарым- қатынас;

· Белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу.

Бастауыш сыныптарда математика пәнінде дамыта отырып оқытуды жүзеге асыруға бағытталған тәжірибе-эксперимент жұмысы Өскемен қаласының №22 орта мектебінде 1-ші сыныптарда жүргізілді. 1-ші «А» сыныбы – эксперимент тобы, бала саны- 26, 1-ші «Б» - бақылау сыныбы, бала саны – 25.

Тәжірибе- эксперимент жұмысы үш кезеңнен тұрды:

1 дайындық кезең

2 негізгі кезең

3 қорытынды кезең

Дайындық кезеңде эксперимент сыныбында математика пәні бойынша дамыта оқыту элементтерін енгізуге дайындық жүргізілді.

Бұл кезеңнің міндеттері:

1 Оқушылардың пәнге қызы-ғушылықтарын арттыру, таным бел-сенділіктерін тудыру;

2 Оқушылардың сан мен цифр ұғымдарын айыра біліп, өзбетінше дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру;

Негізгі кезеңде математика пәнінде дамыта оқыту технологиясын енгізу бағдарламасы жасалып, оқу үрдісіне енгізілді.

Бұл кезең төмендегідей міндеттерді шешуді көздеді:

1) Математика пәнін бірінші сыныпта дамыта оқыту технологиясы бойынша оқытудың тиімділін анықтау;

2) Дамыта отырып оқыту технологиясының элементтерін пайдалана отырып, сабақтар өткізу:

3) Дамыта оқыту технология элементтерін пайдалану мақсатын, орнын, ұзақтығын белгілеу және тексеру.

Қорытынды кезеңнің мақсаты:

Математика пәнінде «Дамыта оқыту технологиясы бағдарламасы» арқылы жүйелі оқытудың оқушылардың білім деңгейлерінің артуына әсерін дәлелдеу.

Бұл кезеңнің міндеттері:

1) Эксперимент тобы оқушыларының ББД-н, психикалық қасиеттерінің даму деңгейлерін бақылау сыныбының оқу-шыларының көрсеткіштерімен салыстыру, қорытынды шығару;

2) Математика пәнінде бірінші сыныпта дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігін дәлелдеу.

3) Дамыта оқыту технологиясын бірінші сыныпта қодануға арналған ұсыныстарды қорытып шығару.

Тәжірибе-эксперимент жұмысының алғашқы сатысында оқушылардың математика пәніндегі білім, білік, дағдылары; психикалық қасиеттерінің даму деңгейлері (психологпен бірлесе) тек-серілді. Ол үшін ең алдымен бірінші сынып оқушысының білім білігіне қойылатын талаптар бастауыш мемлекеттік білім беру стандарт талаптарына сай талданды.

Кесте 2. Бірінші сынып оқушысының меңгеруге тиіс білім, білік, дағдылары

Білімі

Білігі

- Қосудың ауыс-тырымдылық қасиеті;

- 10 көлеміндегі сандарды қосу кестесі

- Бір таңбалы сандарды, ондықтарды оқу, жазу және салыстыру;

- бір таңбалы сандарды, ондықтарды қосу және азайту;

- қосу, азайту және айырмалық салыстыруға берілген есептің мазмұны бойынша сәйкес амалды анықтау;

- екі санның қосындысын, айырмасын құру, оқу, жазу және олардың мәндерін табу;

- геометриялық фигураларды бір-бірінен ажырату берілген ұзындығы бойынша кесінді сызу.


Сонымен қатар, 1-ші сыныпта математика пәнінде өтілетін материалдар талданды.

Берілген материал көлеміне сай эксперимент және бақылау сыныптарынан бірдей мазмұнда тестік жұмыстар алынды. Бұл жерде оқушылардың әлі жазба жұ-мыстарын нақты орындай алмайтынын ескере отырып, әрбір оқушы ауызша тексерілді.

Мәселен, эксперимент және бақылау сыныптарына төмендегідей ауызша тапсырмалар ұсынылды:

1.   1-10, 10-1 дейін санау, 5 көршілерін ата, 8 кейінгі санды ата

Заттар көрсетілді. Дәптерді партаның оң жағына қой, қаламды ортасына, кітапты сол жағына қой. Артыңда отырған оқушының атын ата, алдыңда тұрған адамды көрсет т.с.с.

2.   Цифрларды көрсетіп тұрып, соған сәйкес заттарды тақтаға қойғызу

4+5 5+3 10-2 8-4 мәнін тапқызу

3.   Бірнеше заттық суреттер беріп есеп құрату

Тест мәліметтерін талдау эксперимент және бақылау топ оқу-шыларының жалпы білім, білік, дағдылары салыстырмалы түрде шамалас екені анықталды. Бұл мәліметтер төмендегідей суретте көрсетілген: (Сурет 1)

Сурет 1. Эксперимент және бақылау сыныптарының жалпы ББД-ның салыстырмалы деңгейі

Бастауыш сыныпта білім беру бағдарламасының негізіндегі ББД-ға қойылатын талаптарды ескере отырып, төмендегідей көрсеткіштерді зерттеу жұмысымыздың негізіне алдық:

1) Заттарды санай білуі;

2) Бағдарлай білу қабілеті: оң, сол; жоғары, төмен; биік, аласа; үлкен, кіші; ортасында, арасында; білуі; алдында, артында.

3) Сан мен цифрды саналы айыра білуі;

4) Сандарды ауызша қоса, азайта білу;

5) Ауызша есеп құрастыра білуі.

Салыстырмалы талдау көрсеткендей, эксперимент және бақылау топтарының білім, білік, дағдыларының қалыптасу деңгейлері шамамен бірдей. Эксперимент сыныбында сан және цифр ұғымдарын ай-ыру дағдылары бақылау сыныбымен са-лыстырғанда төмен қалыптасқаны бай-қалды. Керісінше эксперимент сыныбында сандарды ауызша қосу, азайта білу дағ-дылары жақсы қалыптасқаны көрінді. Эксперимент және бақылау сыныптарында да оқушылардың ауызша есеп құрастыру білу дағдылары төмен екендігі айқын-далды.

Математика пәні бойынша білім, білік, дағдыларымен қатар мектеп психологымен бірлесе психикалық қасиет-терінің даму деңгейлері де тексерілді. Психикалық қасиеттерінің даму деңгейін анықтауға негізге алынған көрсеткіштер:

1) Ойлау қабілетінің деңгейі;

2) Сөйлеу тілінің дамуы;

3) Зейінінің тұрақтылық деңгейі;

4) Назар аудару қабілеті;

5) Есте сақтау қабілетінің даму деңгейі;

6) Қиялының даму деңгейі;

7) Эмоциялық тұрақтылық.

Тексеру қорытындысы келесі суретте бейнеленген.

Сурет 2. Эксперимент және бақылау сыныптарының психикалық қасиеттерінің салыстырмалы деңгейі

Эксперимент жұмысын ұйымдастыру мақсатында ең алдымен 1-ші сыныптардың күнтізбелік жоспары талданды. Мате-матика пәнінде бағдарламаға сай барлығы 136 сағат берілген. Оның ішінде:

1) Қарапайым түсініктер – 16 сағат;

2) Он көлеміндегі сандар – 36 сағат;

3) Кестелік қосу және азайту – 63 сағат;

Толық ондықтар - 25 сағат.

Эксперимент барысында 1-ші сыныптарда дамыта оқыту элементтері пайдаланылды. Оны төмендегі кестеден көруге болады (кесте 3).

Кесте 3. Бірінші сыныпта дамыта оқыту элементтерін пайдалану арқылы оқыту жүйесі

Сабақтың тақырыбы

Сабақ мақсаты

Сабақтың әдіс-тәсілдері

1

1 саны және цифры

Бірнеше біртекті заттардың ішінен ерекшелігі бойынша біреуін бөліп алып ұзындығы 1см кесінді арқылы 1 санының пайда болуын көрсету. 1 санының цифрмен белгіленуін, жазылуын таныстыру

Аралас сабақ.

Ілгерілік сұрақ

Әңгімелесу

Логикалық заңдылықты анықтау.

Өзбетіндік жұмыс

Рефлексия

2

2 саны және цифры

Бірнеше заттардың ішінен белгілі бір бірдей ерекшелігі бар екеуін бөліп алып 2 санын енгізу, екіден берілген заттарды санау, ұзындығы 2 см кесінді арқылы 2-ң пайда болатынын түсіндіру, 2-ң жазылуын үйрету.

Аралас сабақ.

Ілгерілік мәселе.

Топпен жұмыс.

«Қатені тап» ойыны

«Есіңде сақта» ойыны

Өзіндік бағалау

3

0 саны жән цифры

0 санының мағынасын, пайда болуын сандар қатарындағы орнын білуді қалыптастыру; 0,1,2 сандар қатарын цифрмен жазу.

Аралас сабақ.

Психологиялық тренинг. Машық жұмыс

Көрнекілік

4

3 саны және цифры

3 санымен, оның пайда болуымен, 3 цифрымен, 0,1,2,3 сандар қатарымен, үшбұрыштың элементтерімен таныстыру, 3ті 2-мен салыстыруға жаттықтыру көзделеді.

Аралас сабақ.

Психологиялық ойын

Әңгімелесу

Пікір талас

Топпен жұмыс

«Сан ретін тап» ойыны

Бір-бірін тексеру

5

4 саны және цифры

4 санының шығуы, 4 цифрын жазуға, 4-ті 1,2,3 сандарымен салыстыруға үйрету, элементтері туралы түсінік беру.

Қалыптаспаған саяхат сабағы.

Топпен жұмыс

Өздігінен ой қорыту

Рефлексия

6

5 саны және цифры

4-ке бірді қосу, ұзындықты өлшеу арқылы 5 санының шығуы туралы, бесбұрыштың элементі жайында түсінік беру, 5 санын басқа сандармен салыстыру.

Аралас сабақ

Өзбетіндік топтық жұмыс

Рефлексия

«Санауды жалғастыр» ойыны

7

6 саны және цифры

6 санының пайда болуы, 6 цифрын жазуға үйрету, алтыбұрыш туралы түсінік беру

Қалыптаспаған диспут сабағы

8

7 саны және цифры

7 санының пайда болуын енгізу және 7 цифрын жазуды үйрету

Аралас сабақ.

Жеке карточка

Топтық талқылау

9

8 саны және цифры

8 саны, оның шығуы, сандар қатарындағы орны жайлы түсініктер, 8 цифрын үйрету.

Аралас сабақ.

Ілгерілік тапсырмалар.

Топтық жұмыс

4

9 саны және цифры

9 санымен, оның пайда болуымен, 9 цифрымен, 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандар қатарымен, 9 цифрын жазуға жаттықтыру көзделеді.

Аралас сабақ.

Психологиялық ойын

Әңгімелесу

Пікір талас

Топпен жұмыс

«Көңілді санамқтар»

Рефлексия


Эксперимент сыныптың сабақтары жоғарыда берліген жүйе бойынша өт-кізілді.

Эксперимент сыныбында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде эксперимент және бақылау топтарынан алғашқыда бел-гіленген көрсеткіштер бойынша бақылау тілігі алынды.

Бақылау тілігі қорытындыларының салыстырмалы деңгейін көру үшін нәт-ижесі сызықтық суретке түсірілді.

Сурет 3. Эксперимент және бақылау сыныптарының ББД-ның салыстырмалы деңгейі (Қорытынды тілік)

Суретте көрініп тұрғандай, экс-перимент сыныбы оқушыларының білім, білік дағды деңгейлері бақылау сыны-бымен салыстырғанда біршама артқаны байқалады. Барлық көрсеткіш бойынша шамамен 26 пайыздық артықшылық бар. Бұл жаман нәтиже емес деп білеміз.

Бақылау сыныбында сабақ дәстүрлі әдіс-тәсілдермен өткізілген. Қазіргі таңда оқушылардың таным белсенділіктерінің артуына байланысты, өзіндік ой-пікір-лерінің ерте қалыптасуына орай дамыта оқыту жүйесі аса тиімді технологиялардың бірі деуге болады.

Ұстаздар зерттеу жұмысының нәти-желерін өз тәжірибелерінде қолданып, оқушалардың білім, білік, дағдыларын, жалпы психикалық қасиеттерін арттыра алады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Аяғанова Л. Жаңа технологиялар сабақта «Бастауыш мектеп» - 2003 - №4. 21-24 б.

2. Әнуар Ж. Оқытудағы жаңа технологияларын оқыту үрдісіне «21 ғасыр мектебі» - 2003. - № 2. - 6-7 бет.

3. Әбдікәрімұлы Б. Мәлібеков М. «Білім берудегі педагогикалық технологиялар» Ізденіс – Поиск – 2003 - №2 200 - 203 бет.

4. Баймұханов Б. Оқытудың жаңа технологияларының негізгі ерек шеліктері «Бастауыш мектеп» - 2000. -№8,9 – 3-6 бет.

5. Занков Л.В. Обучение и развитие – М; Просвещение, 1975 – 116-117.

6. Левина М.М. Технологи профессионального педагогического образования – М: Знание. 2001 -с. 51-90.

7. Селевко Г. Современные образовательные технологии. – М: Народное образование, 1989-48 с.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2008


 © 2024 - Вестник КАСУ