Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Жаңа білім заманына лайықты дарынды тұлға дамуына психологиялық ықпал

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2008

Автор: Гарифуллина Г.М.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңына сәйкес "Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту" сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғарғы дайындығы бар білікті мамандар қажет.

Дарынды балаларға білім беруді, әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу, бір жағынан, қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан, ерекше дарынды балалардың жеке өзіндік интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Дарынды балалардың қабілеттерін жоғарғы деңгейде қанағаттандыратындай білім беру, көптеген өркениетті Франция, Америка, Германия, Англия, Жапония т.б. елдерде жоғарғы деңгейде жүргізілуде және саралап оқыту принципінің негізінде одан әрі дамытылуда.

Бүгінгі таңда біздің № 3 мектеп - гимназиясында да білім беру жүйесі ақпараттық технологияларды пайдаланып, инновациялық жаңа әдіс - тәсілдерді негізге алып, дарынды оқушылардың қабілеттерін ашуға ерекше көңіл бөліп, жан- жақты іске асыруда.

Дарындылық жайында айтқан бірнеше ғалым педагогтармен, ғалым психологтардың пікіріне сүйенсек: Н. Ожеговтың сөздігінде дарындылық «табиғаттан берілетін ерекше қабілет» деп түсіндіріледі. Адами ойлау, ізденімпаздық - табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл кабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Дегенімен, табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілерге мүлдем жарытпай тарататыны да анық.

Біз дарынды деп белгілі бір кабілетті көпшіліктің орташа қабілетінен ерекшеленетіндерді айтып жүрміз. Өмір сүретін орта, берілетін тәрбие осы ерекшеліктің одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны мүлдем жоқ қылады. Мәселен, саусағынан бал тамған зергердің табиғи алмазды бриллиантқа айналдырғаны сиякты, қолайлы ахуал, тамаша кәсіби ұстаздық кез - келген ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Міне, осы бір айдай анық мәселеге педагогика мен психологияда көптеген «тар жол, тайғақ кешулерден» өтіп, өз жолын енді тауып келеді.

Көптеген ғалымдар дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырып, оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсіндіреді. Кезінде Платонньң өзі ақындықты «өнер мен білімнің арқасында емес, кұдайдың анықтауы мен кернеген сезімнен» туындайды деген болатын, ал Сократ өзінің ерекше қасиетін түсіндіргенде «маған көмекке әрдайым мейірімді перімгений келеді» деген екен.

Әлбетте, дарындылықтың тұқым қуалайтындығы, ұрпақтан ұрпаққа берілетіндігі сөзсіз. Ендеше Абайдай Ұлы тұлғаны өмірге әкелген Құнанбайды дарын емес деп кім айтады? Канада ғалымы Д. Хебб «генотиптік интеллект» деген ұғымды енгізеді. Бұл таза тұқым қуалайтын интеллект сыртқы ортамен қарым-қатынас орната отырып, «фенотиптік интеллектіні» құрайды. Соңғысының деңгейі бәрімізге белгілі тест әдісімен анықталады. Д. Хеббтің ойынша ген арқылы берілу мен сыртқы ортаның әсерінің арасындағы қатынас 8:2, Мұнда 8 - тұқым қуалаушылық. 2 - сыртқы орта. Осыдан ол мынадай қорытындыға келеді: ой - өріс дегеніміз мәдени - әлеуметтік орта мен индивидтің тәжербиесінен пайда болатын өнім, ал осы тәжерибені ассимиляциялап тиімді падалана білуінің 80% генотиптік құрылымға байланысты.

ХІХ-ХХ - ғасырлар тоғысында ассоциативтік психологияда дарындылық мәселесіне функционалдық көзқарас туындады. А. Бэн, В. Вудт, Д. Миль, Г. Циген сияқты психологтар ой-өріс дарындылығын диагностикалау үшін бес негізгі функцияны өлшеп, зерттеу керектігін айтады. Олар: ой, зейін, ерік, қабылдау және ұстау. Тек XX ғасыр басында ғана ғалымдар нағыз дарынды ғылыми қызмет, ғылыми ойлаудан іздеу керектігін айта бастады. Содан әр түрлі, өзара қарама-қайшы шиеленіскен көзқарасты жүйелей отырып, ғалымдар дарындылықты жалпы және арнаулы деп екіге бөліп қарастыруға көшті. Неміс ғалымы В. Штерн жалпы дарындылық - интеллектіден өзгеше, оны индивиттің өз ойын жаңа талаптар, мақсаттар мен міндеттерді орындауға саналы түрде бағыттай алатын қабілет деп түсіндіреді.

Арнаулы дарындылык дегеніміз - бұл белгілі бір бағытта ерекше қабілеттер таныта білуі. Мысалы қолөнер, сурет, ақындық және т.б. Сонда көптеген бір-біріне байланыссыз арнаулы факторлар түбінде ақыл-ой қабілетін, яғни интеллектіні құрайды.

Дарындылықты немесе ерекше кабілеттілікті балалық шақта жалпы тұрғыдан қарастырған жөн. Ал уақыт өтуімен, тұлғаның есеюімен бұл қабілет өзінің арнаулы қырларын көрсетеді, пәндік дәрежеге, мазмұнға ие болады деген. Біздің жаңашыл ұстаздар жеке тұлғаның потенциялдық және шығармашылық мүмкіндіктерін ашып, терең ұмтылуына, ізденуіне, өзінің ішкі жан дүниесін тануға жол ашып, ықпал етуде. Білім мазмұнын жаңалау арқылы оқу - тәрбие үрдісінің сапасын жетілдіру үшін мектептің педагогикалық-психологиялық қызметімен бірлескен жұмыс бағдарламалары жасалып іске асырылуда.

Ұстаздардың дарынды балаларға біртұтас жүйелі және сапалы білім берудегі іс-әрекетіне психологиялық қолдау көрсету үшін психологиялық қызмет алдына нақты кәсіби мақсат - міндеттерді қойды.

Ол мақсат - міндетерді басшылыққа ала отырып, 10 бағытта арнайы жоспар бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жалпы психологиялық қолдау, бақылау, зерттеу жұмыстары көзге көрінбейтін бірнеше рет қайталап салыстыруды, ұзақ уақытты қажет ететін күрделі үрдіс.

Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттері әр қырынан анықталып, диагностика қорытындысы бойынша жүргізілген дамыту жұмыстары оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, дамытты. Бұл жағдайды дарынды оқушылардың олимпияда, конференция, ғылыми жоба қорғау, сол сияқты оқушымен ұстаздың бірлескен шығармашылық жұмыстарының, ғылыми жоба қорғау, зерттеу жұмыстарының қортындыларынан көруге болады.

№3 мектеп-гимназиясындағы оқу-тәрбие үрдісіндегі дарынды оқушылардың дарындылық қабілеттерін дамыту жолында жұмыс істейтін ұстаздар психологиялық қызметке сұраныс жасап – оқушыларының жеке тұлғалық қасиеттері мен мінез ерекшеліктерін, ерік-жігерін, темпера-ментін, интеллектуалдық дамуымен шығармашылық қабілеттерін, өзіндік ойлау деңгейлерін анықтау мақсатында педагогикалық - психологиялық тұрғыдан зерттеп, қортындысы бойынша дамыту бағдарламасы жасалып, ұстаздармен бірлесе әр оқушымен жекелей, топпен дамыту және түзету жұмыстарына психологиялық қолдау жүргізіледі. Зерттеу жұмыстарына тоқталсақ.

5-9 сынып оқушыларының ішкі сезімдеріне байланысты пәнге қызығушылық жағдайларын 4 жылғы салыстырмалы мониторингілік көрсеткіші жасалынып, жыл өткен сайын оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артуы қуантады. Оқушы жеке тұлғасын зерттеу, таным үрдістері деңгейлерінің ескерілуі, оларды шығармашылық жұмыстарға дұрыс бағыттау нәтижесі, мұғалімнің кәсіби шеберлігінің артуы, яғни оқу-тәрбие үрдісін интерактивті түрде жүргізулері, электронды тақта, мультимедиа кабинетінің мүмкіншіліктерін, жаңа инновациялық технологияларды орынды, шебер қолдана білулері деуге және оқушылар өздерін пәндік олимпиядаларда, ғылыми зерттеу жұмыстарында осы пәндер бойынша жетістіктерге жетуі деп танылды.


Кесте 1

Кесте 1 бойынша математикалық бағыттағы 5 а-10 а сынып оқушыларының интеллектуалдық мүмкіндік жағдайын әліде дамыту жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.


Кесте-2

Кесте 2. Оқушылардың әлі де табиғи ойлау қабілеттерін дамыту қажет

«Өзін - өзі бағалау» - әдістемесі бойынша оқушылар өз-өздерін бағалау арқылы деңгейлері анықталды.

Кесте 3

Деңгейі

2005-2006 оқу жылы

2006-2007 оқу жылы

жоғары

9%

18%

орт / жоғары

36%

46%

орта

44%

31%

төмен

12%

5%

Кесте 3. «Өзін- өзі бағалау» әдістемесі бойынша тестілеудегі мақсат: жеке тұлға бойына коммуникативті қарым-қатынас дағдысын қалыптастыруға, басқа адамды түсінуге, өзінің және басқа адам-ның тәртіп түрткілерін түсінуге, адам-дармен конструктивті қарым-қатынас дағ-дысына үйретіп, қабілетін дамыта отырып, келешек өмір мақсатын анықтап, жос-парлауға баулу болып табылады. Мысалы: «Мен кіммін?», «Қарым-қатынас дағдысы», «Менің бүгінгі және келешек өмірім», «Мен қандаймын?», «Мен неге уақытты жеткізе алмаймын?», «Мен және конф-ликт» т.с.с оқушылардың сұраны-стары бойынша түзету ойын жаттығулары жүргізілді.

«Мен позиция» тұрғысы бойынша тұлғалық орны анықталды. (7-10 сынып оқушылыры), Кесте 3

Оқу-ң тұлғалық орны

2005-2006оқу жылы

2006-2007 оқу жылы

Адекватты тұлға

34%

59 %

Жоғары позициядағы тұлға

46%

33%

Төмен позициядағы тұлға

20 %

18%

Кесте 3 тегі төмен позиция көрсеткен оқушылармен «Маған сен!», шағын топта «Өз - ара түсінушілік анықтамасы» жаттығулары, жекелей әңгімелесу, кеңес беру сияқты түзету жұмыстары жүргізілді.

Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетінің дамуына кері әсер ететін тұлғалық қасиеттерінің жағдайы (Автопортрет проективті әдістемесі, 6-9 сынып оқушылары).

Кесте 4

Тұлғалық қасиеттері

2005-2006 оқу ж

2006-2007 оқу ж.

Интеллектісі жоғары (төмен)

65 (35)

71 (29)

Қорқыныш сезімі жоқ (бар)

60 (40)

70 (30)

Қарым-қатынаста ашық(тұйық)

50 (50)

65 (35)

Агрессиясы бар ( жоқ)

36 (64)

30 (70)

Кесте 4 Автопортрет проективті әдістемесі бойынша алынған жұмыс қорытындысы бойынша тұйық, агрессиясы бар, қорқыныш сезімі бар интеллектісі төмен оқушылармен:

1 - а) қорқыныш сезімін алу;

б) көңіл-күйін көтеру;

в) достық қарым-қатынас тудыру;

г) адамгершілікке баулу – туралы тренингтік ойындар жүргізілді;

2. Әр оқушы жайлы сынып жетек-шісімен пән мұғалімдеріне ескертіліп, жекелей жұмыстар ұйымдастырылды.

3. Ата-анамен жекелей баласы жайлы әңгіме жүргізіледі.

Қорытындылай келе, оқу-тәрбие үрдісінде дарынды тұлғаны әртүрлі бағытта потенциялдық, шығармашылық қа-білеттерін ашып, терең ұмтылуына, із-денуіне, өзінің ішкі жан дүниесін танып, жеке тұлғалық қасиеттерін анықтап, ру-хани күш беріп, интеллектуалдық даму-ымен, өзіндік ойлау деңгейлерін педа-гогикалық-психологиялық тұрғыдан зерт-теп, қортындысы бойынша дамыту бағдарламасын жасалып, ұстаздармен бірлесе жүргізген дамыту және түзету жұмыстарының нәтижесі болды. Жетістік қорытындысын ұстаздар мен оқушы-лардың олимпиядада, конференцияда, ғы-лыми жоба қорғаудағы, ҰБТ-гі грант алу жетістік көрсеткіштерімен негіздеуге болады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Гильбух Ю.З. Умственно одаренный ребенок. - Киев, 1993.

2. Дарынды тану және оқыту мәселелері // Қазақстан мектебі. - 2002 - №1-2. –Б. 23-26.

3. Кулемизина А.В. Детская одаренность: психолого-педагогическое исследование. – Томск, 1999.

4. Қабілет туралы түсінік//Психология. Қ. Жарықбаев. - Алматы, 1982.

5. Одаренные дети в общеобразовательной школе// Дарын, 2000.- №4. –Б. 87-88.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2008


 © 2024 - Вестник КАСУ