Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Қазіргі сабақтарға қойылатын талаптар

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2008

Автор: Адилбекова Ж.С.

Қоғамда болып жатқан елеулі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру саласына да өз ықпалын тигізуде. Сондықтан қазіргі кезеңде білім беру шартында өмір талабына сай мектеп оқушыларына сапалы білім беру, өнегелі де өнерлі ұрпақ тәрбиелеу, жетілдірілген оқыту технологияларын меңгеру, сабақты ғылыми негізде ұйымдастыру – өзекті мәселелердің бірі. Көтеріліп отырған өзекті мәселені қазіргі сабақтарға қойылатын талаптарды күшейту, талдау жасай отырып оларды орынды пайдалана білу арқылы жүзеге асыру. Ол үшін мектептерде оқушыларды нақты біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыратын мақсатты, нәтижелі оқу жүйесі құрылуы керек. Кез келген мектеп оқушылары меңгеруге тиісті білім мен іскерлік шеңбері анық та дұрыс сызылып алынғаны жөн, ал негізгі алынатын білім анықталғаннан кейін, күтілетін нәтижелер сабақтың жүргізілу шеберлігі мен мұғалімге байланысты. Себебі сабақ – оқыту жүйесінің негізгі құрам бөлігі, мұғалім мен оқушылардың білімі және іскерлігі белгілі бір деңгейде тек сабақта ғана байқалады. Сабақта алынатын барлық бақылау мен өздік жұмыстарда білімі орташа оқушыларға қиыны, мықтыларға қызығушылығын жоғалтып алмайтындай түрлі деңгейдегі тапсырмалардың берілуін ойластыру ұсынылады. Ал қосымша сабақтарда оқушылардың өздерін қызықтыратын немесе жоғары оқу орындарына түсуге ниеттеніп дайындалатын пәндер бойынша шығармашылық күшті талап ететін күрделі, жүйелі тапсырмалар түрі берілуі керек. Оқушының дайындық сапасы оқу пәндеріне, яғни оның мазмұны мен әдістемелік шеберлігіне, сабақта білім алуға жасалынған жағдайларға, яғни қазіргі сабақтарға қойылатын талаптарға тығыз байланысты. Тұлғаны қалыптастырып дамыту және сапалы білім беру мақсатында төмендегідей талаптар ұсынылады:

1) Сабақта бағдарлама-әдістемелік талаптардың нақты және шығарма-шылықпен орындалуы; сауатты түрде сабақ түрлерін анықтау, оның бөлімдегі, курсаралық байланыстағы орны, әр сабақтың өткізілу ерекшеліктері.

2) Әр түрлі жастағы оқушы-лардың, сыныптың оқу мүмкіндіктерін, олардың тәрбиелері мен сынып ұжымына қалыптасу деңгейлерін, қызығушы-лықтарын, бейімділіктерін, қажеттіліктері мен сұраныстарын, білімдегі кемшілік-тертерді жоюға талпыныстарын ескеру.

3) Білім бірлігіндегі міндеттерді шешу және ойластыру (өз бетімен білім алуға дайындығын, арнайы жалпыоқулық іскерлік пен дағдыны, танымдық әрекеттерін) қалыптастыру; тәрбиені (әлемдік көзқарас, белсенді өмірлік позиция, дұрыс тәртіп пен қарым-қатынас тәжірибесін, осы бағалы қасиеттерді тұрақты жеке қасиеттерге айналдыруды, өзін-өзі тәрбиелеу мен психологиялық дамытуды) қалыптастыру; оқушының түсінігін, қабылдауын, есте сақтауын, ойлау қабілеттерін, ақыл–ойын, тілін дамыту, сабақтың маңызды және үстем міндеттерін көрсету, оларды ұжымның мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін еске ала отырып нақтылау.

4) Сабақтың жүргізілу қарқыны мен тиімді құрылымына қарай таңдау, алдыға қойылған міндеттердің тиімді шешілуі және сабақта уақытты тиімді пайдалану.

5) Маңызды ғылыми түсініктерді, теориялық ережелерді, заңдылықтарды, оқу материалдарындағы басшы тәрбиелік идеяларды, оқу мазмұнындағы негізгі өміршең бөліктерді бөліп алуға оқушы-лардың ықыласын, назарын аудару.

6) Оқу процесінде тәжірибелік, саясаттық, мамандық таңдау бағыттарының қамтамасыз етілуі; оқушылардың алған білімдерін, іскерлік пен дағдыларын пайда-лануға нақтылы мүмкіндіктерді жасау, теориялық мәліметтерді жасанды меңге-руге жол бермеу.

7) Белсенді, қарқынды оқыту әдістерінің есебінде басым әдістерді таңдау қуатын кеңейту, сабақта көрнекілік пен практикалық, репродуктивті және проблемалық іздене отырып оқыту әдістерін, оқушылардың өздік жұмыс-тарын, танымдық қызығушылықтарын арттыратын әдістерді, білімге, оқуға саналы қарым-қатынастарын, міндет сезімдерін, жауапкершілік пен тәртіпті және басқа да оқыту себептерін зор үйлесімділікпен пайдалану; оқыту әдістерін, олардың ішінде қазіргі жағдайда оқушыларға оқу жаңалықтарының мазмұ-нын толық және терең жеткізуге қабілетті әдістердің қуатын кеңейту, көп жағдайда оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіру.

8) Сабақта жалпысыныптық жұмыс түрлерін топтық және жеке жұмыс түрлерімен үйлестіру, оқу жұмыстарын ұйымдастыруға ұжымдық қызметтей талпыну.

9) Диагностикалау негізінде нақты оқыту мүмкіндіктерін, оқушыларға дифференциялды көмек мөлшерін пайдалануды түрлі деңгейдегі дайындықпен жүзеге асыру.

10) Барлық оқушылардың сабақта өз әрекеттеріне, дағдыларына белсенді және саналы қарым-қатынастарын, оқыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыруды қалыптастыру; сабақта, бақылау мен білімді бағалауда, оқушылардың іскерлік пен дағдыларында тәрбиелік және дамытушылық мүмкіндіктер жақсы ұйымдастырылған оқуды пайдалану.

11) Жоғары талаптардың үйлесім-ділігі негізінде оқушылардың жеке басына құрметпен қарым-қатынас, жұмыста сынып ұжымына тірек болуға, мұғалімнің жеке тұлғасының тәрбиелік ықпалдарға жетуге ұмтылысы.

12) Кабинеттік оқыту жүйесін ғылыми-техникалық прогрестің талап-тарына сай дамыту, әр түрлі оқыту құралдарын мақсатты, тиімді, кешенді пайдалану (оқулықтар, көрнекі құралдар, жаңалықтар құралы және электрондық есептеу техникалары т.б)

13) Сабақта жайлы жұмыстар үшін эстетикалық және гигиеналық шарттарды сақтау.

14) Оқушылардың уақыттарын ескере отырып, қиындықтар түсір-мейтіндей етіп үй жұмыстарының көлемі мен мазмұнын анықтау, үй жұмысын орындауда мән-мағынасына және тиімді орындау әдістеріне түсінік беру; қай жерде қысқартуға болатын үй жұмысының көлемін емес, керісінше сабақта оқудың артықшылығын сезінуге талпындыру.

15) Оқыту жағдайы өзгертілгенде, сабақтың түпкі мақсатын анық тексеру және бірмезгілдік дайындықты ыңғайлап қайта құру, методикалық нұсқалардың қосымша қорын іске асыруға көшу.

16) Сабаққа қатысу барысында алынған өздікталдау арқылы білім нәтижесін, тәрбиені, оқушының дамуын анықтау, оларды алдыға қойылған педагогикалық міндеттермен салыстыру, жетістіктер мен кемшіліктердің басты себептерін табу, келесі сабақты жоспарлағанда, өздікталдаудың нәтижесін, шешімін еске алып отыру.

Сонымен қатар бүгінгі таңда мұғалімнің басты назарында ұстайтын сабаққа қойылатын арнайы талаптар өзара психологиялық және дидактикалық талаптар деп бөлінеді. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптарға жататындар:

- Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру;

- Психологиялық ерекшеліктерді (есте сақтау қабілеттерін, сабаққа деген ықыластарын, көңілін, ерік-жігерін, темпераментін, елестетуі мен меңгеруін) ескеру;

- Сабаққа гигиеналық талаптар;

- Меңгерген білімдеріне, тәрбиесіне, іскерліктеріне өзіндік сыни көзқарастары.

С.И. Высоцкийдің психологиялық зерттеулеріне қарағанда оқушының сабақта оқуға деген ықыласының бұзылу дағдарысы:

1. 14-18 минуттарда

2. 11-14 минуттан кейін

3. 9-11 минуттан кейін

4. 8-9 минуттан кейін деп берілсе, ал меңгеру уақыты:

1- 4 минуттарда 60 %

5- 23 минуттарда 80 %

23- 34 минуттарда 45-60 %

35- 45 минуттарда 6 %- ды көрсетеді.

Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:

- Білімділік мақсаттың құрамдық элементтері, олардың дамытушылық және тәрбиелік мақсаттармен байланысын толық және анық нақтылау. Сабақтың жалпы құрылымында орнын анықтау.

- оқушылардың дайындығын ескерумен қатар, сабақ мазмұнының оқу бағдарламасы мен сабақ мақсатының талаптарына сәйкестігін анықтау.

- Оқушылардың ғылыми білімді меңгеруі, іскерлігі мен дағдысының қалыптасуын сабақта және оның жеке кезеңдерінде бақылау.

- Тиімді методтар, әдістер мен оқу құралдарын таңдау, сабақтың әрбір кезеңінде сенімді әсер ету, оларды қызықтыру және бақылау.Танымдық белсенділікті қамтамасыз ететін таңдау.

- Дидактикалық принциптерді жүзеге асыру.

- Оқушылардың ойдағыдай оқуына жағдай жасау т.б.

Талаптарды сәтті жүзеге асуыруда пайдаланылатын сабақтардың негізгі түрлері:

1.   Жаңа білім беру сабақтары –дәстүрлі (аралас) сабақ, дәріс, серуен, саяхат, іздендіру жұмысы, оқу және еңбек тәжірибесі. Мақсаты оқыту мен алғашқы білімді бекіту болып табылады.

2.   Алған білімді бекіту сабақтары – тәжірибе, саяхат, лабораториялық жұмыс, әңгімелесу, кеңес беру. Мақсаты білімді қолдануда іскерлікті шыңдау болып табылады.

3.   Білімді кешенді түрде қолдану сабақтары – тәжірибе, лабораториялық жұмыс, семинар т.б. Мақсаты жаңа жағдайда өз бетімен білімді қолдану іскерлігін шыңдау болып табылады.

4.   Білімді жүйелеу және кеңейту сабақтары – семинар, конференция, дөңгелек үстел т.б. Мақсаты білімді бірыңғай жүйеде кеңейту болып табылады.

5.   Білімді бақылау, бағалау және талдау сабақтары – бақылау жұмысы, сынақ, коллоквиум, білімді тексеру т.б. Мақсаты білімді, іскерліктерді, дағдыларды меңгеру деңгейлерін анықтау болып табылады.

Сабақ түрлеріне сәйкес біртұтас үш мақсат

Білімділік: Оқушыны білім, іскерлік, дағды жүйелерімен қаруландыру.

Тәрбиелік: Оқушылар бойына ғылыми көзқарас, тұлғалық адамгершілік қасиеттер, пікірлер мен сенімдер қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқыту барысында оқушының танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттіліктерін, еркін-дігін, көңіл күйлерін, танымдық қабілет-тіліктерін, есте сақтауларын, назарын, түсініктерін, қабылдауларын дамыту.

Қазіргі сабақтардың негізгі құрамдас бөліктері (компоненттері):

1. Ұйымдастырушылық – сабақ барысында сыныпты ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа дайындығы, тәртіп пен тәрбие.

2. Мақсаттық – сабаққа және оның әрбір кезеңдеріне мақсат қойғандағыдай, оқушылардың алдарына да мақсаттар қою.

3. Қызығушылық – оқытылатын материалдың тақырыпта ғана емес, бүкіл бөлімдегі маңыздылығын анықтау.

4. Коммуникативтік – мұғалімнің сыныппен қарым-қатынас деңгейі.

5. Мазмұндылық – оқытуға, бекітуге, қайталауға, өздік жұмыстарға материалдар іріктеу.

6. Технологиялық – өтілетін сабақ, тақырып, сынып үшін оқыту әдістерін, методтарын, түрлерін таңдау.

7. Бақылау-бағалау – бағаны оқушының сабаққа қатысу әрекетін, танымдық қызығушылығы мен белсен-ділігін арттыру үшін пайдалану.

8. Аналитикалық – сабақ қорытындысын шығару, сабақтағы оқушы-лар әрекеттеріне талдау жасау, сабақты ұйымдастырудағы жеке әрекетінің қоры-тындысын талдау.

Жоғарыда көрсетілген қазіргі сабақтарға қойылатын талаптар, сабақ түрлері, олардың мақсаттары, негізгі құрамдас бөліктері туралы сөз еттік. Енді сол сабақтарды қалай құруға немесе қалай ұйымдастыруға болатыны жайлы қысқаша тоқталып өтелік.

Сабақ оқушыларды тек біліммен, іскерлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, оның мазмұндылығы талқыға түспей-тіндей, сабақта не іске асса да, оқушылардың шынайы қызығушылығын арттыратындай қалай ұйымдастыруға болады?

І. Біріншіден, сабаққа дайын-дықты неден бастау керек?

- өзің үшін сабақтың тақырыбын нақты анықтау;

- тақырыптағы сабақтың орнын, ал тақырыптың жылдық оқу бөліміндегі орнын анықтау;

- сабақтың жалпы міндеттерін көрсету;

- сабақтың мақсаттары мен міндеттерін нақтылау, сабақтың негізгі басшы міндетін ашып көрсету, мақсаттар мен міндеттердің оқушыларға түсінікті, оңай, қолайлы болуы үшін жоспарда оны жазып және олармен таныстырып отыру;

- сабақ бағытталып жүргізілетін негізгі түсініктерді анықтау немесе керісінше, болашақта пайдалану үшін өзіңе сабақтың сол бөлігін белгілеп алу;

- оқушы сабақта нені түсініп, нені есте сақтауы керектігін анықтау, сонымен қатар сабақтан кейін нені біліп, нені істей алуы керектігін білуі қажет;

- оқушыға қандай оқу материалын, оған қатысты қандай қызықты деректерді, оларды дәлелдейтін басты идеяларды қанша көлемде, қалай хабарлау керектігін анықтау. Ол үшін төмендегі мына ерекшеліктерге назар аударуды қажет етеді:

1.   Сынып оқушыларының ерекшеліктері:

- сынып деңгейі;

- пәнге көзқарасы, қатынасы;

- сыныптың жұмыс істеу қарқыны;

- білім, оқу, дағды іскерлігінің қалыптасуы;

- түрлі оқу әрекеттеріне қатынасы;

- оқыту жұмыстарының, соның ішінде дәстүрлі емес түрлеріне қарым-қатынасы;

- оқушылардың жалпы тәртіптері;

2.   Жеке ерекшеліктерін ескеру:

- нерв жүйелерінің түрлері;

- коммуникативтік;

- көңіл-күй;

- оқушылардың жаңа материалды қабылдауын басқару;

- жаман көңіл-күйді жеңу іскерлігі;

- өзінің білімі мен іскерлігіне сенімділігі;

- суырып сөйлеу іскерлігі;

- түрлі оқыту құралдарын, соның ішінде техникалық және компьютерлік оқыту құралдарын пайдалана білу іскерлігі;

ІІ. Өзің және жеке оқушы үшін сабақтың мақсатты құрылымын анықтау және құру, ол не үшін қажет? Осыған байланысты сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық функцияларын белгілеу.

ІІІ. Сабақтың оқыту мате-риалдарын жоспарлау және оған мұғалімнің дайындығы.

Ол үшін мыналар қажет:

1)   Тақырып бойынша әдебиеттерді іріктеп алу. Сабаққа қатысты үш түрлі кітап таңдап алу: ғылыми, ғылыми-танымал, методикалық. Оның жанында, егер жаңа теориялық материалдар туралы сөз болса, тізімге жоғарғы оқу орындарының оқулықтары, энциклопедиялық, монографиялар, ғылы-ми-танымал баспалардың кіргізі-лінуіне тырысуымыз керек. Осы берілген материалдардың ішінен тек алдыға қойылған міндеттердің қарапайым тәсіл-дермен шешуге қызмет ететінін таңдап алу.

2)   Төмендегілер мақсат болып табылатын оқыту тапсырмаларын іріктеп алу:

- жаңа материалдарды білу;

- жаңғырту;

- таныс жағдайларда білімді қолдану;

- таныс емес жағдайларда білімді пайдалану;

- білімге шығармашылық қадам;

3)   Оқыту тапсырмаларын «жеңілден ауырға» қағидасына сәйкес тәртіпке келтіру. Үш түрлі тапсырмалар жиынтығын құру:

- оқушының материалдарды жаңғыр-туына жетелейтін тапсырмалар;

- оқушының ойлануына мүмкіндік туғызатын тапсырмалар;

- оқушының білімді бекітуіне мүм-кіндік туғызатын тапсырмалар;

ІІІ. Сабақтың «маржанын» ойлану.

Әр сабақта оқушыны таңдан-дыратындай, таңырқататындай, сабақта өтілген материалдарды ұмытып қалға-нымен, оны есте сақтайтын бір бөлігі болады. Ол қызықты дерек, күтпеген жаңалық, әдемі тәжірибе немесе таныс дүниеге жаңаша қадам болуы мүмкін.

ІV. Таңдап алынған оқу материалдарын топтастыру.

Бұл үшін таңдап алынған матери-алмен жұмыс ұйымдастырылуы қандай нәтижеде, оқушы әрекетінің түрлері қандай болатынын ойластыру.

Материалдарды топтастыруда ең бастысы – сабақты ұйымдастыру түрлерін табу іскерлігі, соның ішінде жаңаны селқос қабылдау емес, оқушының жаңаны үйренуге, түсінуге жоғары белсенділігін тудыратын іскерлік.

V. Сабақта оқушылардың іскерлігін бақылауды жоспарлау, не үшін қажет ?

- нені бақылау ?

- қалай бақылау ?

- бақылау жұмысының қорытындысын қалай пайдалану ?

Бұл үшін егер барлық оқушылардың жұмысы жиі бақыланса, үнемі жіберілетін қателерді көру оңай екенін ұмытпау керек, сонымен қатар оқушыға мұғалімнің олардың жұмысына шынайы қызығу-шылығын көрсету.

VІ. Сабақ үшін құралдар дайындау:

Қажетті оқу- көрнекілік құрал-дарының, аспаптардың, техникалық оқу құралдарының тізімін жасау, олардың жұмыс істеуін тексеру. Өтілген барлық жаңа материалдар тақтада тірек конспектісі ретінде қалатындай сабақ тақтасының түрін ұйымдастыру.

VІІ. Үйге берілетін тапсыр-маларды ойластыру: Олардың мазмұндық бөлігін, сонымен қатар оны орындауға кеңес.

V ІІІ. Мұндай бейнеде дайындалған сабақ конспектіге сүйенуі тиіс.

Конспект негізгі үш бөліктен тұруы керек:

- формальды;

- мазмұнды;

- аналитикалық;

Нені әрқашан есте сақтау қажет:

1.   Жинақы болу, оқушылар алдына нақты және анық мақсаттар қою, оқу материалында логиканы сақтау.

2.   Мейірімді болу, оқушыларға тіл тигізбеу, олардың білмегеніне немесе түсінбегеніне ашуланбау. Егер оқушылардың көпшілігі өтілген материалды білмей немесе түсінбей жатса, қателікті ұйымдастыру тәсілі мен әрекетінен іздеу керек.

3.   Сабақ айтып тұрғанда оқушының сөзін бөлмеу, оның ойын толық айтуына мүмкіндік беру. Нақты емес жауап түсініксіз сұраудың ізі болуы мүмкін.

4.   Оқушылардың талаптарды қалай түсінгендігіне қарай тапсырмалар мен нұсқауларды міндетті түсініктемелер арқылы анық және қысқа беру.

5.   Оқушылардың мұғалімді қалай тыңдайтынын бақылау. Тыңдауды, ынтаны жоғалту – екпінді өзгерту, мазмұнды қайталау немесе сабақ барысына қосымша материалдарды енгізу керек деген белгі.

6.   Ынта көрсеткіші - белсенді тыңдау екенін есте сақтау және білімге жұмылдыру.

7.   Уақытты үнемдеу, сабақты уақытында бастау, қоңырауға дейін аяқтау, оқушылардың ұзақ жұмыс істеуіне жол бермеу.

8.   Әркім өзінің талабын орындауға тырысу. Бір де бір талап сабақта жай көрініс болмауы керек.

9.   Сабақ қарқыны қарқынды, бірақ көпшілік үшін күшті болуын қолдау.

10.  Оқушыларға сұрақтарды түрлендіру, олардың ынталарын қолдау, белсенділіктерін мен мәлімдеулерін мақұлдау.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Полат Е.С. Новые педагогические и информациенные технологии в системе образования. М.: «Академия», 1999.

2. Шуркова Н.Я. Педагогическая технология. – М.: «Педагогическое общество России», 2002.

3. Жұмаділова Р. Оқытудың жаңа технологиялары. Биология, география, химия. – 2002, № 2.

4. Селефко Г.К. Современные образовательные технологии. – М.: «Народное образование», 1998.

5. Таубаева Ш.Т. Педагогическая инноватика как тнория и практика нововедений в системе образования. – Алматы: «Ғалым», 2001.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2008


 © 2024 - Вестник КАСУ