Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасы арқылы оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2008

Автор: Амисултанова Ж.С.

Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім-дер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» -деп нақты көрсетілген.

Жалпыұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты да тұжырымдамаға сәйкес төмендегідей: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында» (2007 ж., 28 ақпан): «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Оқы-тудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажет» деп көрсетілген.

Оған сапалы білім, оқушының өміріндегі оқуға және өз білімін көтеруге дайындығы негізгі алғы шарт болып табылады. Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушының әртүрлі әрекет саласында өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндікті қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзіреттілік түріндегі білім нәтижелерімен түсіндіріледі.

Сондықтан, бүгінгі таңда ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғам-дағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.

Жалпы құзіреттіліктің сипаты қандай екендігіне тоқталып өтсек, кейбір сөздіктерде құзіреттілікке белгілі бір зат, құбылыс жөнінде пайымдауға, салмақты да беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру ретінде түсіндірме берілген. Ал, орыс тілінде құзіреттіліктің аудармасы компетентность. «Компетенция» ешқандай білімге де, біліктілікке де келіп тірелмейді. Кең ауқымды білімге ие, бірақ, оны қажет болған кезде іске асыра алмайтын адамдарды кездестіруге болады. Компе-тентті болу деген оқымысты немесе ғалым болу деген сөз емес. Компетенция адамның білімі мен практикасындағы іс-әрекеттер арасында болатын қатынас ортасы болып қалады» деп жазады орыс ғалымы М.В. Рыжаков өз еңбегінде («Ключевые компетенции в стандарте», М., 1999).

Кейбір сөздіктерде құзіреттілік құзырлылық деп те қарастырылып, оған төмендегідей анықтама берілген. «Құзырлылықадамның стандарттан тыс жағдайда нәтижелі әрекет ету қабілеті. Құзырлылықтың пәндік дағдыдан айыр-машылығы, жаңа тапсырманы шешуде бұрын сабақта қалыптаспаған дағды пайда болады».

«Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта жалпы білім берудің жалпыға міндетті стандарты» жобасында «Құзіреттілік -оқушылардың іс-әрекетінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі, ал құзірет дегеніміз алға қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; оқушының білім беру жүйесіне деген әлеуметтік тапсырысты құрайтын жеке және қоғам талаптарын қанағат-тандыру мақсатында табысты іс-әрекетке дайындығы» деп көрсетілген. Сонымен қатар, құзыреттілікті тәсілге де төмен-дегідей анықтама берілген: «Құзырет-тілікті тәсіл – оқу процесінің түпкілікті құ-зіреттерді қалыптастыруға бағдарлануы; күтілетін нәтижелерге қол жеткізу аясында білім сапасын қамтамасыз ететін білім беру мақсаттарын анықтаудың, білім мазмұнын іріктеудің, білім беру процесін ұйымдас-тыру мен білім нәтижелерін бағалаудың жалпы ұстанымдарының жиынтығы».

Тұлға құзыреттілігін дамыту үшін ұстаздың құзыреттілікті тәсілдерді меңгеруі, білім беру мазмұнын жетілдіруі қажет екендігін ескере отырып, біз, жаңа инновациялық әдіс – тәсілдердің ең тиімдісін пайдалану жоғары нәтиже береді деген болжам жасап, өзіміз оқып, үйреніп, үш жылдан артық уақыт бойы тәжірибемізде пайдаланып келе жатқан американ ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит және Чарльз Темпл жасаған «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының оқушы құзыреттілігін дамытуда маңызы зор болар деген тұжырымға келдік. Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл бағдарламаның құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш фазадан тұрады. Олар өздерінің қызметтеріне байланысты аталады:

1) қызығушылықты ояту;

2) мағынаны ажырату;

3) ой толғаныс.

Қызығушылықты оятуоқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы қадам. Бұрынғы білімдері мен сезімдеріне немесе әсерлеріне еніп, жаңа білімге мазмұн қалап, болашақта зерттеу жүргізулеріне күш алуларына және орындалуы керек тапсырмалар жөніндегі жеке және топтық түсініктерді қалыптастыруларына көмек-теседі. Сонымен қатар оқушының жаңа идея мен мәліметтерді үйренуге және оны өзіндегі білім негізімен ұштастыруда іштей немесе сырттай белсенді болатын – болмайтындықтарын шешуі де алғашқы кезеңде іске асады. Қызығушылықты ояту ұзақ, әрі мағыналы оқытудың қажетті психологиялық негізін салады.

Мағынаны тану кезеңі оқушылар жаңа мәліметпен, идеямен немесе жаңа мазмұнмен кез келіп қалғанда іске асады. Дәрісті басқаратын талқылау, кітап оқу, бейнетаспа, өнер қойылымдары немесе басқа да нұсқау әдістерінің қайсысы болмасын осы кезде іске асады. Оқушылар жаңа білімді бұрынғымен біріктіре отырып және ақпараттың жаңа мазмұнға қолданбалылығы мен қолайлылығын қарастыра отырып, белгісізден белгіліге қарай жүретін ақпарат пен идеяның маңыздылығы жөнінде шешім қабыл-даулары қажет. Оқушылар жаңа идеяны қабылдайды, ескі мен жаңаны ұштас-тырады, ойлау қабілетін кеңейтіп, не түсінгенін анықтайды.

Ой толғаныс – үйрену процесінің соңғы кезеңі болады да, бұл кезде оқушылар алған білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп бере бастайды. Саналы талқылаулар мен білімді тәжірибеде қолдану, жаңа идеялар мен ұғымдарды жинақтаумен, мазмұн жөніндегі өздерінің ашық ұсыныстарымен немесе бір зерттеуді бастаумен айғақталады. Бұл процесс арқылы оқушылар өздерінің ойын нақтылайды, қатарластары мен мұғаліммен кері байланыса отырып мәліметтер жинағы мен құрылым мағынасын сынақтан өткізеді. Яғни, іштей ойлануға үйренеді, ой алмасады. Белсенді түрде өз білімін үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді. Бұл ең ұзақ та, маңызды кезең. Осы кезеңдер әртүрлі стратегиялар, яғни әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады.

Тұлғалық бағдарлы көзқарас тұрғысынан қарастыратын болса, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, түсіндіруден түсінуге, монологтан диа-логқа, әлеуметтік бақылаудан дамытуға, басқарудан өзін-өзі басқаруға көшу болып табылады. Мұғалімнің негізгі міндеті – оқушымен қарым-қатынас, оқушылардың өзара түсінуі, оларға шығармашылық үшін жағдай жасау, еркіндік беру.

Сыни ойлау философиясындағы басты мақсат: оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйренуі керек. Білім алу оқушы тұрғысынан белсенді процесс болуы қажет, тек белсенді түрде жұмыс жасай отырып, ол қандай да болмасын білімді игереді. Сын тұрғысынан ойлау әрбір оқушыны терең ойланып, философиялық тұжырым жасауға бағыт-тайды. Өмірде ең керекті білік пен дағды – қоғамда қарым – қатынас құра білу, басқа адамдармен тіл табысу екендігін ескере отырып, әр сабақта оқушы оқытудың басқа да қатысушыларымен (оқушылар мен ұстаздар) араласып коммуникативтік қарым – қатынас процесінің белсенді мүшесіне айналады, әрі ұжымда, қоғамда, әлеуметте қалайша өзара байланыс құру мәселесі төңірегінде ойланады.

Теорияны зерттей келе, практикалық іс-әрекетті бастамас бұрын алдыма төмендегідей мақсат қойдым: мектеп психологының көмегімен және «Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім берудің жалпыға бірдей міндетті стандарты» жобасына сүйене отырып, құзіреттіліктің критерийлерін анықтап, сынып оқушыларының оқу жылының басындағы құзыреттілігінің қалыптасу деңгейінің көрсеткіштерін белгілеп алу.

Ақпараттық құзіреттілігін тест және жеке тұлғаның ақпаратпен өздігінен жұмыс істеп, талдай алу қабілетін тексеру барысында анықтадық. Проблемаларды шешу құзіреттілігі байқау, бақылау, сауал-сұрақ әдістері, ата-анамен байланыс жұмыстары арқылы белгіленіп алынды. Коммуникативтік құзіреттілігін оқушы-лардың жазбаша жұмыстары мен құжаттарды тексеру, интервью әдісі арқылы жоғары, орта, төмен деңгейдегі оқушыларды анықтап алдық.

Оқушылардың құзіреттілік қалып-тасуы қорытындысын ескере отырып, құзіреттіліктерін дамыту мақсатында жұмыс жүргізу жоспарланды.

«Сыни тұрғыдан ойлау» жобасын сабақтарда және тәрбие үрдісінде жүйелі түрде қолданып, төмендегі шаралардың орындалуын ескердім:

Үш қатарда екі-екіден тізіліп оты-ратын өзгермейтін отыру қалпы мұнда жоқ:

- жұппен жұмыс;

- топпен жұмыс;

- 3,4 тен отыру;

- әркім өз көзқарасын қорғау үшін бұрыштарға бөлініп тұру;

- қабырғаға қарап тұру.

Сынып бөлмесіндегі өзгерістер:

- қағидалар

- идеялар тақтасы

- ең үздік сұрақтар тақтасы

- пікір бұрышы

- үздік шығармашылық жұмыстар тобы.

Мұғалім ретінде менің тұратын ор-нымның да мәні зор екенін түсінемін. Топтың атынан шыққан оқушы сөйлегенде, мұғалімнің столының қасыңда тұрсам, ма-ған қарап сөйлейді, сондықтан оқушы-лардың қасында боламын, ол бізге қарап сөйлейді. «Маған айт», «Мен солай дедім» сияқты тіркестерін қолданбауға тыры-самын. «Бізге айт», «Ортаға сал» тіркесін пайдаланамын. Оқушының «Менің пікірім былай» деген тұжырымдамасын қол-даймын.

Жоғарыдағы талаптардың орын-далуын ескере отырып, сабақтың үш кезеңінде оқушылардың проблеманы шешу құзіреттілігі, ақпараттық құзіреттілігі және коммуникативтік құзіреттіліктерін дамы-тыту мақсатында әртүрлі стратегиялардың тиімді қолданылуына ерекше мән бердім. Проблемаларды шешу құзіреттілігін қалыптастыру барысында: торлы тақылау, венн диаграммасы, концептуалды кесте, бұрыштар алгоритмі, дәлелді эссе. Ақпаратты құзіреттілікті дамытуда: INSERT кестесі, үш қадамды сұхбат, алма-кезек сұрақ қою, ғылыми баяндама жасау, ББҮ кестесі, жолаушының қойын дәптері, ассоциация, кластер, семантикалық карта, қос жазба күнделігі. Коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыруда: ЖИГСО – 1, аквариум, бірлесе оқу, үш қадамды сұхбат, эссе, еркін жазу, хат жазу, дөңгелек стол, болжау, оқырман жауабы, жазба конференциясы, бірлесе жазған әңгіме, сауалнама т.с.с. стратегияларды қолда-нудың тиімділігі анықталды.

Екінші сыныпта дүниетану пәнінде «Жануарлардың бір-біріне қайырым-дылығы» тақырыбын өткенде қызы-ғушылықты ояту кезеңінде оқушылар жануарлардың суреттерін таңдап алып, мекеніне орналастыру арқылы 4 топқа бөлініп, психологиялық тренинг өткізілді. Қайырымдылық сөзіне топта, ұжымда бірлесе отырып ассоциация құрды. Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы туралы ойларын топта талқылап, ортаға салды. Бұл кезеңде проблемаларды шешу және коммуникативтік құзіреттілігін дамыту жұмыстары жүргізілді. Мағынаны ажырату кезеңінде ЖИГСО - 1 стратегиясы бойынша оқушылардың сыныпта отыру және жұмыс тәртібі төмендегідей болды:

Сабақта оқушылар топпен жұмыс жасады. Әр оқушының жеке номері болды. (№ 1, № 2, № 3, № 4). Яғни, әр оқушы өзіне берілген тапсырманы жеке орындайды. Кейін сарапшылар тобында бірлесіп оқып ақпараттың маңыздысын бөліп алып, өзі оқыған және топпен пікірлесіп талқылаған тақырыптың бөліктерін басқа оқушыларға түсіндіріп жеткізуге мүмкіндік алады, мұнда оқушылардың ақпараттық және коммуникативтік құзіреттілігі жүзеге асады. Ой толғаныс кезеңінде 4 топқа төмендегідей тапсымалар берілді:

1 топ. Энциклопедиядағы суреттер және ақпараттар бойынша жануарлардың бір-біріне қайырымдылығын дәлелдеу;

2 топ. Жануарлар мен адам арасындағы қайырымдылық;

3 топ. Жануарлардың өзара қайырымдылығы;

4 топ. Өз жеріңдегі жануарларды қорғау жұмыстары.

Оқушылар берілген тапсырмаларды топта талқылап, ұжымда өз ой-пікірлерін ортаға салады.

«Торлы талқылау» стратегиясы бойынша барлық оқушыларға пікір таластырып, өз ойларын дәлелдеуге: «Қаламыздағы аңдар бағында аңдарды ұстау туралы сенің пікірің» тақырыбында, дұрыс, қате, екі ойлы, пікірлерін топтарға бөлініп дәлелдеуге тапсырма берілді. Оқушылар үш топқа өз еріктерімен бөлініп, әр топтан бір спикерді таңдап, пікірлерін дәлелдеуге ортаға шығарды, спикерлер өз ойларын дәлелді мысалдармен қорғап, қоғам өміріндегі маңызды мәселені шешуге қатыса алатындықтарын көрсетті. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың проблемаларды шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзірет-тіліктерін қалыптастыру жұмыстары жүзеге асып жатқандығы көрінеді.

Біз, екінші сыныптың басынан бастап осы жобаны жүйелі түрде қолдана отырып, оқушылардың құзіреттілігін қалыптасты-руда нәтижеге жеткендігіміздің дәлелі ре-тінде төмендегі кестені ұсынып отырмыз:

Проблемаларды шешу құзіреттілігі (өзіне-өзі менеджмент)

Оқу жылының басы

Оқу жылының соңы

жоғары

орта

төмен

жоғары

-  

орта

төмен

Проблеманы анықтау

3

10

17

11

14

5

Әрекетті жоспарлау, мақсат қою

6

10

14

18

10

2

Технологияларды қолдану

2

15

13

14

9

7

Әрекетін бағалау

5

17

8

15

9

6

Әрекет өнімінің нәтижесін бағалау

4

11

15

13

12

5

Өзіндік қозғалысын бағалауы

3

10

17

10

13

7

Ақпараттық құзіреттілігі

Оқу жылының басы

Оқу жылының соңы

жоғары

орта

төмен

жоғары

орта

төмен

Ақпараттық ізденісті жоспарлау

4

18

8

15

12

3

Алғашқы ақпаратты бөліп алу

5

11

14

13

12

5

Қайта алынғаң ақпаратты бөліп алу

8

12

10

20

8

2

Алғашқы ақпаратты өңдеу

4

13

13

17

9

4

Ақпараттарды өңдеу

3

10

17

14

9

7

Ақпаратты өңдеу кезінде логика-

лық операцияларды орындауы

6

7

17

10

15

5


(Бағандағы сандар жоғары, орта, төмен деңгейдегі оқушы санын көрсетеді).

Аралық тексеру қорытындысында оқу жылының басымен салыстырғанда оқушылардың құзіреттілік қалыптасу дәрежесінің қарқынды дами бастағаны байқалды. Оқушы ролінің өзгеруі төмендегідей болды:

- оқушы танымдық іс-әрекет иесі;

- өзінің даму аймағын кеңейтуші;

- оқыту процесінің белсенді мүшесі;

- өзіндік ой-пікірі бар, сыншыл көзқарас, әділ пікір иесі;

- өзін-өзі тануға әрекет жасайтын тұлға;

- жоғары деңгейлі сұрақтар иесі;

- эксперт рөлін еркін атқарушы;

- бірін-бірі, өзін, тобын, топ жұмысын бағалай алушы;

- ойының дамуын қадағалай алады;

- алдағы қадамдарын болжап, мақсатты айқын қоя біледі.

Біз зерттей келе, «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының оқушы құзіреттілігін қалыптастыруда маңызы өте зор деген қорытындыға келдік.

Құзіреттілік біліктіліктен көрінеді, біз оның қалыптасу дәрежесі жайлы ғана айтуға мүмкіндігіміз бар. Оқу процесінде оларсыз құзіреттілік қалыптаспайтын білім, біліктерге қатты көңіл бөлуіміз керек. Құзіреттіліктің қалыптасуы бұл ешқашан аяқталмайтын процесс.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Кенжебеков Б. Маманның кәсіби құзі-реттілік мәселесі. Ұлт тағылымы, № 3 2004 ж.

2. Кенжебеков Б. Маманның кәсіби құзіреттілігінің теориялық негізі. Бастауыш мектеп 2006 ж,. № 7.

3. Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта жалпы білім берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік құжаттар, Астана, 2006.

4. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы, Егемен Қазақстан, 26 желтоқсан, 2003 ж.

5. Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 28 ақпан, 2007 ж.

6. Мирсеитова С. Әрекеттегі RWCT фи-лософиясы мен әдістері, Алматы, 2006.

7. Профессиональное развитие из опыта учителей, Алматы, 2005.

8. Рыжаков М.В. Ключевые компетенции в стандарте: возможности реализации Стандарты и мониторинг в образовании. – М., 1999.

9. Словарь RWCT, Алматы, 2006.

10. Успехи и вызовы сегодняшнего дня RWCT, Алматы, 2006.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2008


 © 2024 - Вестник КАСУ