Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Студенттердің оқу процесіне бейімделуінің теориялық негізі

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2008

Автор: Байтемирова К.Б.

Жоғарғы оқу орнында білім алу уақыты жастық шақтың екінші кезеңімен немесе жеке бас қасиеттерінің қалыптасу күрделілігімен ажыратылатын зерделік шақтың бірінші кезеңімен сәйкес келеді. Осы зерделік шақтың бірінші кезеңі Б.Г. Ананьев, А.В. Дмитриев, И.С. Кен, В.Т. Лисовский, З.Ф. Есаревтің және т.б. еңбектерінде талданады. Осы кездегі адамгершіліктік дамудың маңызды сипаты мінез-құлықтың саналы мотивтерінің күшеюі болып табылады. Жоғарғы сыныптардағы өте жеткіліксіз болған – мақсатқа бағыттылық, шешімталдық, табандылық, өзбеттілік, инициатива, өзін басқара алу сияқты қасиеттердің күшеюі анық білінеді. Адамгершілік (мақсаттар, өмір бейнесі, міндет, махаббат, сенімділік және т.б.) мәселелерге қызығушылық жоғарылайды [1].

Егер студентті жеке адам деп зерттесек, онда 18-20 жас – бұл адамгершілік және эстетикалық сезім-дердің белсенді дамуының, мінездің қалыптасып және тұрақтануының, әсіресе, ересек адамның әлеуметтік рөлдерінің толық жиынын: азаматтық, кәсіби-еңбектік және т.б. меңгерудің кезеңі. Бұл кезеңмен «экономикалық белсенділігінің» басталуы тығыз байланысты. Демографтардың пайымдауынша экономикалық белсенділік – ол адамның өз бетінше өндірістік іске араласуы, еңбек жолын бастауы және өз жанұясын құруы. Бір жағынан мотивациялардың, барлық құндылықтар-дың жүйесінің қайта жасалуы, екінші жағынан кәсібиленуге байланысты арнайы қабілеттерінің қалыптасуының шапшаң-дығы осы жас кезеңін мінез бен интеллект дамуының орталық шағы ретінде бөліп қарастырады. Студент жеке басына арналған зерттеулер ішкі әлемінің қарама-қайшылығы, өзінің өзбеттілігін табуымен және ашық байқалатын, жоғары мәдениетті индивидуалдылығының қалыптасуын көрсетеді.

Студенттік шақ сондай-ақ бұл кезеңдегі интеллектуалдық және физикалық күш дамуының оптимумының көпшілігіне қол жеткізілуімен де ерекше-ленеді. Бірақ та, осы мүмкіндіктерімен олардың жүзеге асырылуының арасында қайшылықтар кезедсіп жататыны да рас.

Эриксон бойынша жастық шақ әлеуметтік және индивидуалды жеке бастық таңдаулар, идентификациялар және өзіндік анықталулардың сериясынан тұратын бірегейлік дағдарысының аумағында құрылады. Егер жас адам осы міндеттерді шеше алмаса онда адекватты емес бірегейлік қалыптасады. Ол негізгі 4 бағытта жүруі мүмкін:

1) психологиялық интимдіктен кету, өте тығыз тұлға аралық қатынастардан қашу;

2) уақыт сезімін шаюы, өмірлік жоспарларды құруға қабілетсіздік, есею мен өзгерістер қорқынышы;

3) өнімділік, шығармашылық қабілет-терді шаюы, өзінің ішкі ресурстарын жұмылдыру қандай да бір негізгі іс-әрекетке тұрақтала алмау;

4) «негативті бірегейліктің» қалып-тасуы өзіндік анықталудан бас тарту және еліктеуге жағымсыз бейнелерді таңдау [3].

Жоғарғы оқу орнына түсу жас адамда өз қабілет, мүмкіндіктеріне сенімін нығайтады, толыққанды және қызықты өмірге үмітін жалғайды. Сонымен қатар екінші және үшінші курстарда жоғарғы оқу орнын, мамандықты, кәсіпті таңдаудың дұрыстығы туралы сұрақтың кездесуі де жиі байқалады

Б.Г. Ананьевтің тұжырымы бойынша студенттік жас кезеңі адамның негізгі социогенездік потенцияларының дамуы үшін сензитивті кезең болып табылады. Жоғарғы білім адам психикасына, оның жеке басының дамуына үлкен әсер береді. Оқу орнында білім алу кезінде жағымды жағдайлар болғанда студенттерде психиканың барлық деңгейлерінің дамуы өтеді. Олар адам саналылығының бағыттылығын анықтайды, яғни, жеке адамның кәсіби бағыттылығын сипаттайтын ойлау қоймасы қалыптасады. Оқу орнында үлгерімді оқу үшін жалпы интеллектуалдық дамудың, соның ішінде қабылдау, елестеу, ес, ойлау, зейін, эрудицияланған, танымдық қызы-ғушылықтардың кең аясы, белгілі бір логикалық операциялардың аумағын меңгеру және тағы сол сияқтылардың жеткілікті жоғары деңгейі қажет. Осы деңгейдің кейбір төмендеуі оқу әрекетіндегі жоғарғы мотивация немесе жұмысқа қабілеттілік, табандылық, мұқияттылық және ұқыптылықтың компенсациясы болуы мүмкін. Бірақ бұндай төмендеудің де шегі болады, мұнда компенсаторлық механизмдер көмектесе алмайды да студенттің оқудан шығарылуы да мүмкін. Әр түрлі оқу орнында осы деңгейлер аз да болсын ерекшеленеді, бірақ жалпы алғанда тіпті беделді және беделді емес мамандықтар деп аталынатын астаналық және периферилік оқу орындарын салыстыратын болсақ, олар бір-бірімен өзара ұқсас болып келеді. Оқу орнында гуманитарлық білімді жеткілікті меңгеру үшін адам интеллектінің айқын көрінетін вербальды типін игеруі керек [5].

Жоғарғы оқу орнына келіп түскеннен бастап болашақ мамандарға әлеуметтік қабылданған нормаларға жағымды қатынас, адамның өз мүмкіндіктерін шынайы бағалау сияқты жеке адамға тән қасиеттер дамиды.

Студенттің табысты іс-әрекетіне қажетті жағдай ішкі дискомфортты сезінуді жоғалтатын және қоршаған ортамен қайшылықтың болуының алдын алу. Ол үшін таңсық болған оқу орнындағы оқу ерекшеліктерін меңгеру болып табылады. Алғашқы курстарда студенттік ұғым пайда болады, ақыл-ой әрекетінің ұжым-дастырудың дағды-үйреністері қалып-тасады, таңдалған кәсіпке сәйкестік сезіледі, тұрмыстың бос уақыттың және еңбектің оптималды тәртібі жасалынады, жеке адамның кәсіби мәнді қасиеттеріне өзіндік тәрбиелеу мен өзіндік жасалулар бойынша жұмыс жүйелі түрде орнығады.

И.П. Павловтың ашқан психо-физиологиялық құбылыс – динамикалық стереотип негізін құрайтын көпжылдық әдеттегі жұмыс стереотипінің күрт өзгеруі кейде жүйке тозулары мен стресстік реакцияларға әкеледі. Сол себепті бұрынғы стереотиптің күрт өзгеруімен байланысты бейімделу (адаптация) кезеңінің салда-рынан алғашқы уақыттарда салыстырмалы түрдегі төменгі үлгерім және қарым-қатынастағы қиыншылықтарға әкелуі мүмкін.

Бірінші курстардың оқу орнына бейімделу үрдісіне орай жүргізілген көптеген зерттеулер келесідей негізгі қиындықтарға жіктеледі екен: кешегі мектептің ұжымындағы оқушылардың оның өзара көмегі мен моральдік қалауының кетуімен байланысты жағым-сыз күйзелістер; кәсіпті таңдаудағы мотивацияның белгісіздігі, оған жеткіліксіз психологиялық даярлық, мінез-құлық пен іс-әрекетті психологиялық өзіндік реттей алмаушылық, оның күнделікті бақылауға ашылуын педагогтардың талап етуі, жаңа жағдайда еңбек пен демалыстың оптималды тәртібін қарастырып іздеу жұмыс пен өзіндік қызметті реттеу, әсіресе үй жағдайынан жатақханаға ауысу кезінде, соңғысы өзіндік жұмысқа дағдының болмауы, конспекті жасай алмау, алғашқы еңбек көздерімен, сөздіктермен, анықтама сілтемелермен жұмыс жасай алмаушылық.

Барлық осы қиыншылықтар өзінің шығуына байланысты әр түрлі. Оның кейбіреулері объективті құрыла алмайтын, енді біреулері субъективті сипатта және де әлсіз даярлықпен, мектеп және жанұя тәрбиесіндегі ақаулармен байланысты.

Студенттердің жоғарғы оқу орнына бейімделуі Стокаренко бойынша келесідей жіктеледі:

а) кәсіби бейімделу, оқу үрдісінің мазмұны, сипаты, жағдайлары мен ұымдастырылуына икемделу, оқыту және ғылыми өзбеттілік дағдыларының жасалуы;

б) әлеуметтік – психологиялық бейімделу – индивидтің топқа, онымен өзара қарым-қатынасқа икемделуі, өзіне тән мінез-құлық стилінің анықталуы.

Басқаша айтсақ, «бейімделу қабілет – ешқандай ішкі дискомфортты сезінбей және қоршаған орта мен қарама-қайшылықсыз адамның қоршаған ортаның әлеуметтік, физикалық, әр түрлі талаптарына бейімделе алу қабілеті». Бейімделу – бұл белсенді іс-әрекеттің алғы шарты және оның тиімділігінің қажетті шарты. Бұдан индивидтің қандай да бір әлеуметтік рөлінің жақсы қызмет етуі үшін бейімделудің жағымды маңызы көрінеді [4].

Зерттеушілер бірінші курс студенттерінің оқу орнының жағдайына бейімделуінің үш түрін көрсетеді:

1)        формальды бейімделу, студенттердің жаңа ортаға, жоғарғы мектеп құрылымына, ондағы оқыту мазмұнына және оның талаптарына қатысты;

2)        қоғамдық бейімделу, яғни, бірінші курс студенттерінің топтық ішкі бірігуі және жалпы алғанда топтардың басқа студенттермен қосылу үрдісі;

3)        Дидактикалық бейімделу, жоғарғы мектепте студенттердің оқыту жұмыстарының түрлері мен әдістеріне байланысты бейімделу.

Студенттердің үлгерімді оқуы көптеген факторларға тәуелді. Олардың ішінде ең бір маңыздысы болып табылатын – ақыл-ой әрекетінің көрсеткіші ретіндегі интеллектуалдық дамуы мен таным процесстерін реттеуші қызмет атқаратын – зейін.

Көпшілік бірінші курс студенттері алғашқы кездері өзіндік оқу жұмысындағы дағдылардың болмауынан үлкен қиындықтарды басынан кешеді, олар дәрісті конспектілей алмайды, оқулықтармен жұмысты, алғашқы бастаулардан білімді тауып және іздестіре алмайды, үлкен көлемді ақпаратты қорытындылай алмайды, өз ойын нақты және анық айтып бере алмайды.

Бірінші курс студенттерімен негізгі жұмыс міндеттерінің бірі – ол өз беттік жұмыстың рационализациялау мен оптимизациялаумен оларды таныстыру болып табылады.

Студенттердің өздік жұмысын семинар, практикалық және зертханалық сабақтары арқылы бақылайтын кейбір студенттер тарапынан сәйкес талаптарды орындаудан қашып және оған енжарлық танытулары да байқатады.

Мамандарды даярлаудың сапасын көтеру үшін үлкен резервтері студенттер білімін бақылауды жүзеге асыруды ашады. Емтихандық сессияларда үлгерімдікті бақылау жүйесі студенттердің тек сол кезде ғана дайындалып, кейіннен ұмытуға себепші болатын жағдай ғана. Студенттердің кітаппен жұмыс жасау, бүкіл семестр бойына жүйелі түрде дайындалмауы кездейсоқ емес [2].

Уақыт бюджетін социологиялық зерттеуі студенттің жұмыс күні жеткілікті тығыз және аудиториялық сабақтармен қосылғанда 8-9 сағатқа көбейеді. Бірақ та будан оқуға деген түрлі қатынаспен анықталынатын жұмыс уақытында өте үлкен шашыраңқылығы және әртектілігі білінеді. Негізінен студенттер күнделікті профильдік сабақтарға 2 және 3 тен артық сағатын жұмсайды, және 22,8% бұған 1 сағаттан аз уақыт бөледі. Жоғарғы оқу орнындағы оқыту жүйесі маңызды деңгейде саналылықтың дәрежесіне есептелген, студенттер қызығушылығына орай құрылған, әйтпегенде онда күнделікті мектептегі сияқты тексеру жүйесі, оқытушы алдындағы «қорқыныш», күнделікті «сабақ» дайындау қажеттілігі түрде болмайды. Кейбір студенттер күрделі, қиын сайысқа қатысамыз деп, соңында оқуға жауапкершілікпен қарауға дайындықсыз болып қалады. «Қолға қалам алып» сабақ туралы мүлдем ұмытады. Студенттердің тек 9,6 % -ы әдетте семестр бойы дайындалып, емтихан кезінде өткенді қайталай салады, ал 47,6% -кітап және конспект бойынша бүкіл курс материалдарын қайталап шығады, және 42,8%-ы тек конспект бойынша даярланады.

Студенттің оқу орнына оптималды бейімділігін қамтамасыз ететін тактика мен жоспарларды жасау үшін бірінші курс дәрістенушісінің өмірлік жоспарлары мен қызығушылықтарын, басым мотивтерінің жүйесін, тартымдылық деңгейін, өзін бағалауын, мінез-құлқын саналы реттеу қабілетін және т.б. білу маңызды. Осы мәселені сәтті шешу жоғарғы оқу орнының психологиялық қызметінің дамуымен байланысты.

Көпшілік бірінші курс студенттері кеше ғана мектептегі мұғалімдерінің назары мен қамқорлығын сезінген олар оқу орны жағдайында алғашында диском-фортты сезінеді. Оларды жоғарғы оқу орнындағы жаңа іс-әрекеттері – ол жауапкершілікті тәуелді қатынастардың сапалы өзгеше жүйесі. Онда ең бірінші орынға өз мінез-құлқын өз бетімен реттеу қажеттілігін, өз ісі мен тұрмысының ұйымында бостандық дәрежесінің болуы қойылады.

Әр студенттің бейімделу үрдісі әр түрлі жүреді. Еңбек стажы бар жас адамдар студенттік өмірмен тұрмысқа жеңіл және тез бейімделеді, ал кешегі оқушылар – академиялық жұмысқа жақсы бейім. Студенттік топтың міндеті – жалпы оптималды іс-әрекет үшін жағдай жасау.

Әдетте, барлық оқу орындарында бірінші курстықтарды оқу орны жағдайына бейімдеуге көмектесетін арнайы іс-шаралар жүйесі жоспарланады. Маңыздырақ іс-шаралар қатарына «Сту-денттерге арнау», «Мамандыққа кіріспе» курсының оқытылуы, алдыңғы қатарлы мұғалімдер мен бірінші курс студенттерінің сөз сөйлеуі, бақылау, бағалау шаралары жатады».

Студенттердің әр курстағы дамуы бірнеше сипатқа ие.

Бірінші курс ұжымдық өмірдің студенттік түрлеріне кешегі абитуриентті үйрету міндетін шешеді. Студенттердің мінез-құлқы конформизмнің жоғарғы деңгейімен ерекшеленеді. Бірінші курстағы студенттер де өз рөлдеріне дифференциацияланған қадам жоқ.

Екінші курс – студенттің оқу әрекетіндегі ең қысым түсетін оқыту мен тәрбиелеудің барлық түрлері жедел араласады. Студенттер жалпы дайындықты алады, олардың мәдени сұраныстары мен қажеттіліктері қалыптасады. Берілген ортаға бейімделу үрдісі негізінен аяқталған деп саналады.

Үшінші курс – мамандандырудың басталуы, ғылыми жұмысқа қызы-ғушылықтың күшеюі студенттің кәсіби қызығушылығының тереңдеуі мен ары қарай дамуының бейнеленуі ретінде көрінеді. Мамандануға табанды қажеттілік жеке адамның жан жақты қызы-ғушылықтары аумағының таралуына жиі әкеліп соғады. Әдетте, жоғарғы оқу орнындағы жеке адамның қалыптасуының түрлері мамандану факторымен анық-талады.

Төртінші курс – оқу іс-тәжірибесі кезінде мамандықпен бірінші нақты танысу. Студенттер мінез-құлқын арнайы дайындықтың рационалды түрлері мен жолдарын интенсивті іздестіру. Студенттер мәдениет пен көпшілік өмір құндылықтарын асыра бағалайды; оқу орнын жақында тәмәмдау перспективасы – болашақ іс-әрекет түрін нақты тәжірибелік қағидалары қалыптасады. Жұмыс орны, материалдық және жанұялық жағдаймен байланысты одан әрі өзекті бола бастаған жаңа құндылықтар пайда болады. Студенттер біртіндеп оқу орнының ұжымдық өмірінен алшақтай бастайды.

Үшінші және төртінші, кей жағдайда екінші курстарда өмірлік серігін іздеу маңызды рөл атқарады. Бұл да студенттердің қоғамдық іс-әрекеті мен үлгеріміне әсер етеді. Қарама-қарсы жыныс өкіліне қызығушылық студенттер мінез-құлықтары мен ақыл-ойында мәнді орынды иеленеді. Интимдік қарым-қатынастар өзін жақсы көрсетуге, жұмысты көңіл-күй, шығармашылық белсенділік тудыратыны жиі кездеседі, десек те, О. Кернбергтің ойына жүгінсек эмоционалды өзара қарым-қатынастарда агрессия мен махаббат өзара әрекеттесе рөл ойнайды .

Студенттің жеке басының психологиялық дамуы – қарама-қайшылықтардың пайда болуы мен шешілуі, сыртқының ішкіге ауысуы, өзіндік серпіліс, өзімен белсенді жұмыс жасаудың диалектикалық үрдісі.

Бұл типологияда жалпы студенттердің кәсіпті таңдау ерекшеліктері, оқу үлгеріміндегі, мамандығына қатына-сының айырмашылықтарына, негізгі қызығушылықтарына, қарым-қатынасы, бос уақытын өткізу ерекшеліктеріне баса назар қойылған.

Оқытудың сәттілігі оқытылу сияқты адамның психикалық қасиетімен анықталады. Бұл түсініктің негізін адамның жеке бас ерекшеліктері (бейімділік, жеке адамның тұрақтылығы мотивациялар тығыздығы және басқалар) және оның барлық интеллектуалдық потенциалы құрайды.

Студенттердің үлгерімі тек арнайы қабілеттер мен жалпы интеллект дамуына ғана емес, сонымен бірге, қызығушылықтар мен мотивтер, мінез қырлары, темперамент, жеке адам бағыттылығы, оның өзіндік санасына да тәуелді. Жеке адамның бағыттылығына, оның материалдық және рухани қажеттіліктері кіруі мүмкін. Осы қажеттіліктер өзінің қанағаттануын күтеді және сондықтан да құмарлық, еліктеу, тілек ету, талпыныс, эмоционалдық күйлерді тудыратыны хақ, ал осылардың себебінен студент белсенділік танытуға мәжбүр болады.

Жеке адамның потенциалды мүмкіндіктерін жұмылдырудың маңызды шарты оның қандай да бір іс - әрекет түріне бағыттылығы мен белсенділігі болып табылады. Адам үшін ең мәнді нәрсе сайып келгенде оның іс-әрекетінің мотивтері мен мақсаттары ретінде орын алады.

Студенттің жеке басындағы негізгі қажеттіліктерінің бірі қарым-қатынас қажеттілігі. Қарым-қатынаста студенттер өзгелерді ғана емес өзін де танып-біледі, әлеуметтік өмірдің тәжірибесін меңгереді.

Студент дамуы мен іс-әрекетінде әлемдік көзқарасы – қоршаған ақиқат дүниеге көзқарасы, наным-сенімдер жүйесі де қомақты рөлге ие. Студенттің мінез-құлқы мен әрекетіндегі айқын ерекшеліктер темпераментіне де тәуелді. Сондай-ақ, студенттердің іс-әрекеттерінде олардың мінезі де көрініс береді. Мінез – адамның салыстырмалы тұрақты психикалық құрылымы, оның жүріс – тұрысына әсер ететін қырлар жиыны.

Сонымен студенттік жас кезеңдерінде төмендегідей жаңа жасалулар, мүмкіндіктер анық байқалады:

- ақыл-ой, адамгершілік қатынастағы зерделілік (ересектік);

- наным-сенім, дүниеге көзқарасы;

- өзбеттілік - турашылдық;

- сыншылдық және өзіне сыншылдық;

- ішкі сенімсіздікті тудыратын өзіндік бағасының қайшылығы;

- максимализм, үлкендердің ойына жағымсыз қатынас;

- екі жүзділік, қалжың, дөрекілік, айқаймен әсер етуге талпыныс;

- интеллектуалдық танымдық дамудың жоғарғы шегі.

Студенттік кезең кәсіби ойлау мен кәсіби компотенттілігінің қалыптасу-ындағы ең қолайлы кезең.

Біздің ойымызша, студент жеке адам ретінде өз қызығушылықтары мен мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Ол үлгерімді студент болуымен қатар келешек өмірінің жоспарларын құрайды. Студент оқу уақытынан бөлек махаббат, эстетикалық таным, басқалармен қарым-қатынасқа түсу, бос уақытын өзткізуге де уақыт бөлуі керек. Кейбір адамдар өмірде жар таңдау мәселесінде айтарлықтай қиыншылық, қиналыстарға, түсініспеушілікке, қызғаныш пен жек көру сезімдерін бастарынан кешіріп жатады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Столяренко Л.Д. Основы психологии / Л.Д. Столяренко. - 2-е изд. - Ростов н/Д: Феникс, 1997. - 736 с.

2. Стефаненко Т.Г. Этнопсихология / Т.Г. Стефаненко. – М.: Академический проект, 1999. – 320 с.

3. Яковленко Л.Н. Адаптация первокурсников // Аспирант и соискатель. – 2003. – С. 116-120.

4. Воронский В.А. Исследования студентов к условием в вузы / В.А. Воронский // Соционика. – 2001. - №6. – С. 29-33.

5. Любимова Г.Ю. От первокурсника до выпускника / Г.Ю. Любимова// Вестник Московского Университета. Сер 14. Психология. –2001.- №1. 48 – 52 с.

6. Свиридова Н.А Адаптационные процессы в среде молодежи /Н.А Свиридова // соц. ис. № 1. 2002.

7. Дудник Е.А. Адаптация учащихся младщих классов к условиям обучения в среднем звене. Дипломная работа. - У-Ка, 2000.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2008


 © 2024 - Вестник КАСУ