Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Ауылдық жерлерде «Спорт-мәдени орталықтарын» ұйымдастырудың маңыздылығы

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2008

Авторы: Уанбаев Е.К., Русанов В.П.

Қазіргі нарық экономикасы заманында ауылдық жерлерде дене тәрбиесі, сауықтыру дене тәрбиесі, спорт және көпшілік спорт жұмыстары ақырын, жүйесіз сипатта дамып келеді. Мемлекетімізде, соның ішінде біздің облыста, аудандардың әкімшілігі құрамында үшінші жыл ғана дене мәдениеті және спорт бөлімі жұмыс істейді. Ол бөлімдердің құрамы үш-төрт қызметкер, жылына бюджеттен жылына үш-төрт миллион қаржы бөлінеді. Бұл бөлімдер негізінен спорт түрлерінен аудан жарыстарын өткізу, облыстық жарыстарға қатысу міндеттерін орындайды. Көптеген ауданның ауылдық жерлерінде спорт нұсқаушылары жұмыс істемейді, ол мемлекет қаржысымен қаржыланбайды. Ауыл спорт нұсқаушылары жұмыс істеп тұрған аудандар көбінесе оларға жергілікті өнеркәсіп мекемелері, шаруа қожалықтары арқылы еңбекақы төлейді. Кейбір аудандарда спорт жастар ісі жұмысымен біріктіріліп ол жұмыстарды басқа мамандық иелері атқарады. Аудандық білім беру бөлімінде, мектептердегі дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық жұмыстарын бақылайтын әдіскер бар. Ол әдіскер негізінен мектептердегі дене тәрбиесі сабағын, құжаттарын тексерумен, көбінесе облыстық білім департаментінің дене мәдениеті және спорт орталығына статистикалық есеп және олардан келген хаттарға жауап берумен айналысады. Оқушылар арасындағы облыстық «Сәулетай» жарысына аудан құрама командасын жасақтап, жарысқа қатысады. Облыстың әрбір аудандарында үш-төрт спорт түрлерінен жаттықтырулар жүргізіп, спортшылар дайындайтын балалар және жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істейді. Ол мектептердің ауылдарда 3-4 бөлімшелері ғана жұмыс жүргізіп, олардың оқушыларды қамту мүмкіншіліктері мөлшермен 300-500 баладан аспайды.

Жоғарыда айтылған аудандардағы жағдайларға терең зер салсақ ауылдық жерлердегі дене тәрбиесі, сауықтыру дене тәрбиесі, спорт және көпшілік спорт жұмыстарына көп мән берілмейтінін, басқарылмайтынын, реттелмейтінін көре-міз. Көптеген аудандарда ауыл мектеп-теріндегі дене тәрбиесі мұғалімдеріне сыныптан тыс жүргізілетін спорт және көпшілік спорт жұмыстарына еңбекақы төленбейді. Еңбекақы төленбегендіктен, басқарылып, реттелмегендіктен ауыл-дардағы спорт түрлерінің үйірмелері, жарыстары, спорт сауықтыру жұмыстары сапасыз, нәтижесіз жүргізіледі. Статис-тикалық есеп, жүргізіліп жатыр деген белгі үшін орындалады. Ал ауылдағы еңбек ететін жастардың спортпен айналысуы туралы, ересектерді спорт жаттығулары көмегімен сауықтыру туралы мәселе мүлде ескерілмеген, ойластырылмаған. Сондық-танда ауылдық жерлерде спорт, көпшілік спорт жұмыстарын жандандыру мәселесі президенттің жолдауына, спорттан, спорт түрлерінен алдыңғы қатарлы елдер құрамына кіру проблемасына үндес келеді.

Ғылыми мақаланың мақсаты ауылдық жерлердегі дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын ұйымдастыру пробле-маларын зерттеу, тиімді жолдарын ұсыну. Қолданылған ғылыми зерттеу әдістері: құжаттарды зерттеу, сауалнама жүргізу, сұрақ-жауап, интервью, математика-статистикалық өңдеу әдістері.

Біздер, педагогика ғылымдарының докторы, профессор В.П Русанов басқарған С. Аманжолов атындағы ШҚМУ–нің ғы-лыми жұмыс тобы, осы проблеманы ғылыми жағынан зерттеп, анықтап, ШҚО-да, Ұлан ауданында эксперименттік жұмыстар жүргізіп, мынандай аудандық дене мәдениеті және спорт жұмыстарын басқару моделін жасадық. (Сурет № 1).

Сіздер көріп отырғандарыңыздай ауылдық жерлердегі сауықтыру дене тәрбиесі, спорт және көпшілік спорт жұмыстарының негізгі бөлігін аудандық ерікті спорт қоғамдық бірлестіктері жүргізеді. «Жігер», «Жастар» атты спорт қоғамдық бірлестіліктері, облыстық дене мәдениеті және спорт басқармасынан лицензия алып ауылдарда «Спорт мәдени орталықтарын» ұйымдастырады, спорт түрлерінен ақылы жүргізілетін үйірмелер ашады. Ал нарық экономикасы заманында ақылы спорт үйірмелерін ашпай біз ауыл спортын көтере алмаймыз. Шет елдердің жұмыс тәжірибелерін зерттей келе біздің оған көзіміз жетті. Экономикасы озық елдерде: Америка Құрама Штаттарында, Батыс Европа елдерінде көпшілік спорт үйірмелері ақылы. Спортшы жоғары жетістіктер көрсете бастағанда ғана мемлекет қамқорлығына алынады. Ол елдерде аталары мен апалары зейнетақы қаржыларына, өздерінің немерелеріне спорт үйірмелеріне қатысатын або-нементтер сатып беріп, сыйлық жасайды.

Қазіргі кезде аудандардың ауылдарындағы жалпы білім беретін мектептерде ғана спорт залдар, жоғарғы дәрежелі мамандар бар. Сол мамандар мен спорт залдарды біз өте тиімді пайдалана білуіміз керек. Негізгі ауыл спортын көтеретін күш осында. Осы кезге дейін ауыл дене тәрбиесі мұғалімі спорт түрлерінен үйірме жұмыстарын тегін орындаса, қазір ол жұмысына ақша алатын болады. Осы кезге дейін дене тәрбиесі мұғалімі таксистке, мал бағушыға, тракториске, мал дәрігеріне ақша төлеп жұмыстарын орындатып, олардың балаларын тегін жаттықтырған. Ендігі кезде ол бапкерлік, әдіскерлік жұмысына еңбекақы алатын болады. Әлеуметтік теңсіздік дұрысталады. Ауыл адамдары малдарын баққан, емдеген, шөбін шапқан адамға ақша төлейтіні секілді, балаларының денсаулығын нығайтатын, жоғары спорттық көрсеткішке жеткізетін спорт түрінің жаттықтырушысына да ақша төлеуге үйренеді. Ауылдық жерлерде «Спорт-мәдени орталығын» ашу арқылы бүкіл ауыл балалары сараптан, тексеруден өткізіледі. Дене тәрбиесі мұғалімдері дене тәрбиесі сабақтарында барлық балаларды көріп, біліп, тексеріп, спорт түрінен икемдіктерін байқап, орталықтағы спорт түрлеріне бағыттайды. «Спорт-мәдени орталығындағы» спорт түрлерінің жаттық-тырушылары іріктеу жұмыстарын жүргізіп, ауыл балағарының дарынын, қабілеттіктерін анықтайды.

Сурет № 1. АУДАНДЫҚ ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ СПОРТ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҮЛГІСІ

Осындай жұмыстар арқылы ауылдың барлық балалары тексеріліп, бірде-бір дарынды, қабілетті бала сырт қалмайды. Олар ауыл «спорт-мәдени орталық-тарында» жаттығып, бастапқы дайын-дықтан өткеннен кейін сол жердегі жаттықтырушылардың берері азайса аудандық спорт мектебіне, спорт интернатына, аудан орталығында ұйым-дастырылған спорт сыныптарына ауысуы, спорт дәрежесі, көсеткіштері жоғары болса ары қарай облыстық, Республикалық спорт интернаттарына ауысулары қажет болады. Осындай көп деңгейлі сараптау арқылы, «Спорт-мәдени орталықтарында» көптеген спорт түрлерін, әсіресе Олимпиадалық спорт түрлерін ашу, балаларды бағыттау, іріктеу жұмыстарын жүргізу арқылы біз ауыл спортын дамытамыз, дарынды балаларды түгел қамтимыз. Осындай тиімді жолдар арқылы ғана біз ауыл балалары арасынан келешек Жақсылық Үшкемпіровты, Даулет Тұрлыхановты, Бекзат Саттархановты, Бақтияр Артай-овтарды тәрбиелей аламыз.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2008


 © 2024 - Вестник КАСУ