Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі студенттердің оқу мотивациясы мәселесі

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2008

Автор: Акижанова М.М.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында бірінші міндет ретінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі факторы ретінде білімділік деңгейін жоғарылату ұсынылады. Жиырма бірінші ғасырдың маңызды міндеттерінің бірі - өмір сүру сапасын жоғарылату, оның ішінде тұлғаның даму шарттарын анықтайтын білім беру сапасын жақсарту болып табылады. Сондықтан да ғылым және білім беру жүйесін реформалау мен дамыту – ғаламдану жағдайларында көптеген мәселелерді шешудің анықтаушы факторы болып табылады.

Оқу мотивациясы оқу іс - әрекетіне, оқудағы іс-әрекетке енетін моти-вациялардың жеке түрі ретінде анықталады. Кез келген басқа үрдіс сияқты оқу мотивациясы да осы әрекетке тән өзгеше факторлар қатарымен анықталады. Біріншіден, ол білім беру жүйесімен, оқу іс -әрекеті жүзеге асатын білім беру мекемесімен; екіншіден, білім беру үрдісін ұйымдастырумен; үшіншіден, студенттің субьектілік ерекшеліктерімен; төртіншіден, педагогтың субьектілік ерекшеліктерімен, ең алдымен оның студентке, ісіне деген қатынастар жүйесімен; бесіншіден, оқу пәнінің өзгешелігімен анықталады.

Оқу мотивациясы, оның басқа түрлері сияқты жүйелі болып табылады. Ол бағыттылығымен, тұрақтылығымен және өзгермелілігімен сипатталады. Мысалы, Л.И. Божович және оның әріптестерінің жұмыстарында студенттердің оқу іс-әрекетін зерттеу материалдары негізінде келесі жайт атап көрсетілген: оқу мотивациясы түрткілер бағыныс-тылығымен анықталынады және де олардың ішінде осы әрекет мазмұнымен және оның орындалуымен байланысты ішкі түрткілер немесе студенттің қоғамдық қатынастар жүйесінде белгілі бір орынға ие болуға ұмтылуымен байланысты кең әлеуметтік түрткілер үстем болуы мүмкін. Бұл жерде жас ұлғаюымен бірге өзара әрекеттесуші қажеттіліктер мен түрт-кілердің дамуы, жетекші үстем қажеттіліктер мен олардың иерар-хиялануының өзгеруі жүреді. «Оқу мотивациясы үнемі өзгеріп отыратын және бір – бірімен жаңа қатынастарға түсуші түрткілер қатарынан қалыптасады. Сондықтан мотивацияның жетілуі бұл жай ғана оқуға деген жағымды қатынастың өсуі немесе теріс қатынастың тереңдеуі емес, ал оның артында тұрған мотивациялық аясы құрылымының, оған енетін түрткілердің күрделенуі, олардың арасында жаңа, неғұрлым кемелденген, кейде қарама-қайшы қатынастырдың пайда болуы». Осыған сәйкес оқу іс-әрекетінің мотивациясын талдауда тек үстем түрткіні анықтап қана қоймай, сонымен қатар адамның мотивациялық аясының бүкіл құрылымын есепке алу да қажетті. Осы оқуға қатысты мотивация аясын қарастыра отырып, А.К. Маркова оның құрылысының бағыныстылығын атап өтеді. Сонымен оған оқуға деген қажеттілік, оқу маңызы, оқу түрткісі, мақсат, эмоциялар, қатынас пен қызығу енеді. Көптеген зерттеулер тәжірибесінде яғни мақсатты, мағынаны және мотивацияны қалыптастыруды зерттегенде студенттің тұлғалық дамуы, оның танымдық іс-әрекет даму деңгейімен тікелей байланысты негізгі төрт деңгейдің әлеуметтік–психологиялық ерекшелігі зерттеліп, әрбіреуіне субьектінің бастапқа іс-әрекет формасы сәйкес келеді.

Оқу іс -әрекеті мотивациясының ішкі қайнар көзі – студент қажеттіліктерінің аймағы. Студент қажеттіліктерінің қанағаттануы немесе фрустрацияға ұшырауы оқытушының аудиторияда туғызатын обьективті жағдайларға және студенттің жеткен жетістіктеріне, оқы-тушының мінез–құлқына тәуелді болады.

Егер оқу іс -әрекетінің негізгі белгісі ретінде жоғары оқу орнындағы әлеуметтік контексте жүзеге асырылатын танымдық іс -әрекет формасын алсақ онда қажет-тіліктердің 3 тобын қарастыруға болады:

1) танымдық қажеттіліктер – мәселені шешу әдісі немесе жаңа мәліметтерді меңгеру үрдісінде қана-ғаттандырылады;

2) әлеуметтік қажеттіліктер – оқу іс -әрекеті және оның нәтижесімен бай-ланысты қатынастар немесе оқу іс -әрекеті барысында «студент – студент», «оқытушы – студент » өзара әрекет жасау аймағында қанағаттандырылады;

3) «Мен» образымен байланысты қажеттіліктер – оқу тапсырмаларының күр-делілік деңгейіне байланысты актуал-данады.

Оқу үрдісін ұйымдастыру әдісі туындайтын және қанағаттандырылатын қажеттіліктерге әсер етеді.

Типтік мысал ретінде танымдық қажеттіліктерді актуалдандыратын мәсе-лелік оқытуды алуға болады. А.М. Матюшкиннің пікірінше берілген мәселе студент үшін тек теоретикалық сұрақ ретінде қалып қоймай, мәселе болып қалыптасуы тиіс .

Оқу сабақтарын ұйымдастыру формасы аудиториядағы мотивациялық климаттың қалыптасуына және белгілі қажеттіліктердің актуалдану жағдайларына әсер етеді.

Бұндай тәуелділікті жоғары оқу орындарында өткізілген салыстырмалы зерттеулер нәтижесінен көруімізге болады.

Зерттеу барысында студенттердің оқу үлгеріміне қатысты танымдық, әлеуметтік қажеттіліктер деңгейінің қаты-насы қарастырылған. Нәтиже көр-сет-кендей оқу үлгерімі әлеуметтік қажет-тіліктермен, позитивті қатынастар қажет-тілігімен тығыз байланыста болған

Осылайша оқу үрдісін ұйымдастыру әдісі студенттерде қажеттіліктің белгілі бір түрінің қалыптасуына және пайдалы моти-вациялық жағдайлардың туындауына жағ-дай жасайды.

Тек оқыту формасы ғана емес сонымен бірге оқытушы мен студенттер арасындағы интеракция әдісі оқу іс -әрекеті мотивациясының сапасына әсер етеді. Зерттеулер көрсеткендей оқытушы мен сту-денттің өзара әрекетінде үлкен айыр-машылықтар бар:

- студентке қолдау көрсету және ақпейілділік позитивті қарым –қатынас қажеттіліктерінің дамуына жағымды әсер етеді және студенттер арасында кооперация туғызады;

- авторитарлық және пәндік талаптар студент қажеттіліктерінің жоғарылауынан көрінеді.

Оқытушы мен студенттің интеракция әдістерінің негізгі айыр-машылығы – студент жетістіктерінің көрсеткіші. Білімді бағалау барысында топтық норманы қолданатын оқытушылар студенттің іс -әрекетін тар интервал уақытында бағалайды. Олар студенттің жетістіктерін топтың жеткен жетістік деңгейімен салыстырады.

Дамудың төменгі дәрежесіне жеке-дара танымдық іс -әрекеті жатады, ол оған жетудегі индивидуалды іс -әрекетпен мақсат, құралдарды қамтамасыз етеді; келесі деңгей – жеке дара мақсат пен бірлескен құрал арқылы жүзеге асады; келесі бірлескен танымдық жеке дара іс-әрекет, бұл бірлескен мақсат пен жеке дара құралдармен сипатталады; танымдық іс - әрекет дамудағы жоғары деңгей бірлескен мақсат пен іс-әрекет құралдарының негізінде бірлескен танымдық іс -әрекетті қалыптастырады.

Осылайша оқу үрдісінде тұлға дамуы бірлескен танымдық іс -әрекетті қалыптастыру мүмкіндігімен анықталады, ол өз кезегінде педагог пен студент арасындағы тұлғалық қасиеттердің алма-суын қамтамасыз ететін педагогикалық қарым –қатынаспен танымдық өзара әрекет ету құрылымына тікелей байланысты.

Е.И. Савонько, Н.М. Симонованың ойынша қызығушылықтың әр түрлері мысалы, нәтижелі танымдық, про-цессуалды, оқу – танымдық және т.б. мотивациялық бағдарланумен байланыс-тырылуы мүмкін. Б.И. Додоновтың зерттеулерін жалғастыра отырып, бұл авторлар мотивацияны зерттеу материалы бойынша төрт мотивациялық бағдарды айқындады, олар оқу мотивациясының басқа компоненттерімен қатар оқу іс-әрекетінің бағытын, мазмұнын және нәтижесін анықтайды. Олардың пікірінше мотивациялық бағдарлар арасындағы байланыстардың ерекшелігі олардың екі маңызды сипаттамаларын бөлуге мүм-кіндік береді: біріншіден, үрдіс пен нә-тижеге деген бағдарлар арасындағы байла-ныстың тұрақтылығы, бұл бір жағынан және келесі жағынан, «педагогтың бағалауы» мен «келеңсіздіктерді туғыз-бау» деген бағдарлар арасындағы яғни олардың оқыту шарттарынан салыс-тырмалы түрде тәуелсіздігін; екіншіден, байланыстардың оқыту шартына, сағаттар торшасына, оқу бағдарламаларының ерекшелігіне, соның ішінде оның мақ-саттық ұстанымдарына байланысты вариа-белдігі. Осы авторлар тарапынан моти-вациялық бағдар мен студенттердің үлгерімі арасындағы жағымды байланыс орнатылған. Үлгеріммен неғұрлым байла-нысты болған үрдіс пен нәтижеге бағдар болып шықты, аз мөлшерде тығыз болған – педагогтың бағалауына бағдарлану. Келең-сіздіктерді туғызбаудың үлгеріммен бай-ланысы әлсіз.

Оқу іс -әрекеті ең алдымен, таным-дық қажеттілік әрекеттің жалпыланған тәсілінің өндіруі болып табылатын іс-әрекет затымен «кездескенде» және онда «заттану» барысында анықталынады, яғни оған ішкі түрткі себеп болады және де сонымен бірге ол сан алуан түрлі сыртқы түрткілермен анықталынады, мысалы, өзін - өзі бекіту, абыройлылық, парыз, қажеттілік, жетістік, және т.б. түрткілері. Студенттердің оқу іс - әрекетін зерттеу материалы негізінде көрсетілген ереже, әлеуметтік қажеттіліктердің ішінде тиім-ділікке неғұрлым көп әсер ететін жетістікке деген қажеттілік, оның астарында адамның өз іс -әрекеті нәтижелерін жақсартуға ұмтылуы түсіндіріледі. Оқуға қанағаттану осы қажеттіліктің қанағаттандырылуы дәрежесіне тәуелді. Бұл қажеттілік студенттерді оқуға көбірек ден қоюға мәжбүр етеді және сонымен бірге олардың әлеуметтік белсенділігін арттырады. Қарым – қатынас пен үстемдікке деген қажеттілік оқытуға маңызды, бірақ біржақты әсер етпейді. Интеллектуалдық жоспардағы түрткілер саналы түсінілген, ұғынылған, шынайы. Адам оларды білімге құштарлық, оны өз бойына сіңіру қажеттілігі, ой - өрісті кеңейтуге, білімдерді тереңдетуге, жүйелеуге ұмтылу ретінде сезінеді. Бұл – арнайы адамзаттық танымдық іс -әрекетпен, оның интеллектуалдық қажет-тілігімен, Л.И. Божович сипаттаған жағымды эмоционалдық рең және білімге тойымсыздығымен теңестірілетін түрткілер тобы. Осындай түрткілерді жөн көре отырып, шаршаумен, уақытпен санаспай, басқа түрткілерге және басқа алаңдатушы факторларға қарсылық көрсете отырып, оқушы оқу материалымен дәлірек, оқу міндетін орындаумен тапжылмай әуестене жұмыс істейді. Осы жерде Ю.М. Орлов маңызды қорытынды жасаған: «акаде-миялық табысқа неғұрлым көп әсер ететін жоғары қажеттілікпен үйлескен танымдық – қажеттілік болып табылады».

Студенттердің оқу мотивациялық аясын талдау үшін олардың оқуға деген қатынасының сипатын қарастыру маңызды. Мысалы, А.К. Маркова қатынастардың 3 түрін анықтай отырып, теріс, бейтарап және жағымды қатынастарды, студенттің оқу үрдісіне араласуы негізінде, соңғы қатынастың нақты саралап жіктелінуін келтіреді. Бұл студенттердің оқу іс -әрекетін басқару үшін өте маңызды. Автор оқуға деген жағымды қатынасты төмен-дегідей бөледі:

- жағымды, айқын емес, белсенді, студенттің оқуға кірісуге дайындығын білдіретін

- жағымды, белсенді, танымдық

- студенттің қарым –қатынас субъек-тісі ретінде, тұлға және қоғам мүшесі ретінде араласуын білдіретін жағымды, белсенді, тұлғалық -әуестік.

Басқаша айтқанда оқу –іс-әрекеті субьектінің мотивациялық саласы немесе оның түрткілері тек қана көп компонентті емес, сондай-ақ әртекті және әр деңгейлі, мұның өзі тағы да оның қалыптасуы мен есепке алынуына ғана емес, барабар талдауының өте қиын екеніне көз жеткізеді.

Оқу мотивациясының тұрақтылығын А.К. Маркованың тұжырымдамасы шегін-дегі мектеп оқушыларын зерттеу мате-риалы негізінде зерттелген. Психо-логиялық тұрақтылықты зерттеушілер адамға әсер етуші факторлардың кең түрлендіруінде психикалық белсенділіктің қажетті деңгейін қолдай алу қабілеті ретінде анықтайды. Оқу мотивациясына қатысты оның тұрақтылығы – бұл іс -әрекеттің қалыпты және экстремалды жағдайларда да салыстырмалы түрде ұзақ және жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін оның динамикалық сипаттамасы.

Мотивацияның кәсіби іс-әрекетке және оның нәтижелі болуына тигізетін әсері өте зор. Кәсіби іс-әрекеттің табыс-тылығы психологиялық, әлеуметтік фак-торларға байланысты екендігі мәлім. Кәсіби іс-әрекеттің табыстылығына кәсіби мотивациясы мен оның құрылымының тигізер әсері ерекше.

Осыған орай кезінде Черкс Дедсон өзінің классикалық заңы арқылы іс-әрекет тиімділігі мотивация күшіне тәуелді деп атап көрсетеді. Сонда мотивация күші жоғарылаған сайын іс-әрекет нәтижесі өседі.

Оқыту тәрбиелеу үрдісінің опти-мизациясының оқытудың жеке бастық индивидуалдық ерекшеліктерін ескере оты-рып және әрбір адамның бойындағы жақсы қасиеттері мен адамның бойындағы жақсы қасиеттері мен қабілеттілктерін, қызы-ғушылықтарын терең зерттеу барысында ғана жетуге болады.

Екіншіден жеке бастың қалыптасу үрдісі студенттің жас ерекшелігіне және логикасына байланысты кезеңдерден тұ-рады. Жеке бастық білімділігі – іс-әре-кеттің негізгі функциясының бірі. Іс-әре-кеттің жемісі – субъектінің дамуы болып табылады.

П.Я. Гальперин: қандай болмасын іс-әрекетті оқу деп атап, оның нәтижесінде адамда жаңа инновациялық үрдіс – педа-гогикалық жаңалықтардың динамикалық бірлігі және ғылыми тұрғыдан тәжірибеде қолданылуы жүзеге асады дейді.

Көптеген адамдар біреудің бақы-лауында жұмыс істей алмайды. Білімділік және интеллегенттік факторлары «ауди-тория эффектісі» барын дәлелдейді.

Жетістік пен жеңілістің әсері адам жетістіктерінің тұрақтылығына және түрткі күшіне көп әсерін тигізеді. Жетістіктер оны қанағаттандырады, ол ылғи нәтижемен қанағаттану іспен қанағаттануға әкеледі, яғни адамда өз ісіне деген оң көзқарасы туады. Жеңілістер фрустрация жағдайын қалыптастырады, және оның екі нәтижесі болуы мүмкін. Бірінші жағдайда қайталана беретін жеңіліс адамды бұл істі тастауға итермелейді, себебі ол бұл іс қолымнан келмейді деп шешуі мүмкін. Ол фрустрацияның интропунитивтік формасы.

Екінші жағдайда экстрапунитивтік формада адамды сыртқы объекттерге деген агрессия туады. Ол ыза, қырсықтық, қолдан келмесе де көздеген мақсатқа жетуге талпыныс. Бұл жағдайда жеңіліс сыртқы жағдайларға байланысты кедейсоқ жағдай ретінде қарастырылады. Бірақ ылғи қайталанатын жеңістіктерге адам тез үйренеді. Осы адамда көтеріңкі көңіл-күйі, өзін-өзі бағалауы пайда болады. Бұл «жұлдызды ауруға» әкеп соғуы мүмкін. «Жұлдызды ауру» көп болған сайын, жеңіліс болғанда ішкі қақтығыстың пайда болуының ықтималдығы көп. Әлеуметтік -психологиялық климат адамның атқаратын жұмысына оның түрткі күшіне көп әсер етеді. Ұжыммен жалпы сұрақтарды шешу, достық атмосфера адамды сол ұжымға жақындастырады. Топта әлеуметтік-пси-хологиялық климатпен қанағаттану-шылық, адамның жұмысымен жалпы қана-ғаттануын, ол жұмысқа деген тұрақты түрткісін тудырады.

Сонымен қорытындылай айтсақ, әртүрлі авторлардың мотивация түсінігіне берген анықтамаларына сүйене отырып, оқу мотивациясы дегеніміз – адамды білім алуға итермелейтін, жалпы бағыт – бағдар беретін, адам мінезіне энергетикалық импульстер беретін, психикалық үрдістер жиынтығы екенін анықтадық.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Алтынбекова Л. Сапалы білім берудің шарты/ Ізденіс – Поиск, 1999, №3.

2. Акопов Г.В. Социальная психология образования. - М.: Флинта, 2000.

3. Дубовицкая Т.Д. Методика диагностики направленности учебной мотиваций. Психологическая наука и образование, 2002. - № 2.

4. Додонов Б.И. Структура и динамика мотивов деятельности / Вопросы психологий, 1984, №4.

5. Реан А.А. Педагогика и психология - Спб., 2001.

6. Кенжеханова А. Мұғалім мен оқушылар арасындағы түсініспеушілік себептері / Ізденіс – Поиск, 1998, №5.

7. Мухитова С. Жеке тұлғаның бағытын дамыту / Қазақстан кәсіпкері – 2006, №1.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2008


 © 2024 - Вестник КАСУ