Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

Ақпаратты технологиялар

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2008

Авторы: Толубаева Қ.Қ., Курманова Д.Т.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауат-тылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығар-машылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында; «... экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру. «және»...кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілеті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болады...» деп атап көрсеткен.

Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің тиімді жолы - білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақ-стан Республикасының «Білім беру» Заңында білім беру жүйесін ақпа-раттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдар-ламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақ-станның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады.

Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүр-гізілгендей, компьютерлік сауаттану жөнін-дегі ауқымды іске азаматтарды тарту қа-жеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондық поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, элек-трондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Білім беруде ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық пен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт.

Жаңа ақпараттық технологияны қолданып оқытуды ұйымдастыруда кедергі келтіретін басқа да негізгі факторларды атамай кетуге болмайды.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп жаңа типті оқыту, әр оқушының қабілетін жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Жаңа мыңжылдық -бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсі-нуге, болашақты барынша дұрыс анақтайтын уақыт.

Үшінші мыңжылдық кезеңінде қоғамның даму көрсеткіші ретінде ақпараттық қоғамға өту ісі ашылды да, ал оның ең анықтаушы рөлін ақпарат түсінігі атқарады.

Ақпарат стратегиялық қорға (ресурс) айналып, бұрынғыдай еңбек пен табиғи қорлар құны негізге алынбай, бұдан білім құны ең негізгі байлық болып саналатын болады. Ақпараттық технология сала-сындағы қатарлы жетістіктерді пайда-ланып, білімнің жаңа деңгейімен сапасына қол жеткізуге ұмтылатын педагогтық және ғылыми қауымдастықтардың түрлі елдерде қарқынды даму үстінде. Қазақстан Респуб-ликасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі-қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Қазіргі таңда жаңа әлеуметтік жағынан қорғанған адам-ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, жан-жақты адам. ХХІ ғасыр ақпа-рат ғасыры болғандықтан адамзатқа ком-пьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауат-тылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабыр ғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін ақпараттық технологияларды пайда-ланудың маңызы зор. Ақпараттық техно-логияның негізгі мақсаты - оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс әрекетінде дербес компьютердің құрал-дарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дара тұлға тәрбиелеу.

Ақпараттық технология-information technology-біріншіден: обьектінің, процес-тің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинақтау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Екіншіден: ақпаратты өңдеу үшін пайдаланатын технологияның, элемент-тердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы.

Ақпаратты жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып, жинақты құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.

Сонымен, ақпараттық технология ұғымы: өңделген, жинақталған ақпаратты пайдаланушыға жинақталған түрде жеткізу әдістері, құрылғыларын, элементтерін қамтитын жиынтық. Яғни, ақпаратты бізге жинақты түрде жеткізу технологиясы болып табылады.

Мемлекеттік бағдарламада оқу үрді-сіне педагогикалық және ақпараттық тех-нологияларды кеңінен пайдалану-жалпы бі-лім беруді дамытудың басты бағыт-тарының бірі делінген.

Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу-бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Осыдан кейін туындайтын мәселелердің бірі-жастарға сапалы білім, саналы тәрбие орта мектепте, колледжде, жоғарғы оқу орындарында білім беру ісін оқытудың жаңа инновациялық әдістерімен толықтыру, оқытудың жаңа технологияларын іздестіру, оқушыны, студентті ақпаратты талдай білуге, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана білуге үйрету. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналады.

Қазіргі білім жүйесінің ерекше-ліктеріне–оның ілгерлігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктерін дамыту ақпараттық - технологияларды қолданумен жүзеге асады.

Ақпараттық технологияларды ғалам-дастыру кезеңінде қазіргі қоғам ақпаратты нақты тұтынушының ұсыныстары мен қызығуына сай ақпарат ағымын қалып-тасытруға, ақпаратқа көлем және жыл-дамдық жағынан ақпарат көзіне, оның ішінде оқу ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік ақпаратық орта жағдайында ақпаратты қоғамдық өнім ретінде белсенді пайдаланумен сипатталады. Бұл болашақ ұрпақты ақпараттық қоғаммен зиялы қатынасқа оқытып, тәрбиелеуге және ақпараттың мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.

Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сан елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуі де байланысты.

Сонымен қатар, әлдебір елде қазіргі технологияның дамуы мен қодануының деңгейі оның материалдық базасының дамуымен ғана емес, негізінен қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады.

Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялардың дамуға және оның қарқынына экономикалық жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауым-дастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқу үрдісінде жаңа технологиялық әдістермен қондырғыларды кең көлемді қолдануды қажет етеді.

Оқушы немесе студенттің ақпа-раттық технологияны пайдалану, оның кейбір элементтерінің жеке шығар-машылық байланысымен сипатталады. Олардың бір-біріне деген әсерінде байқауға болады. Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақты электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптасытруға, шығар машы-лықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айландыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі-оны компьютер жа-дында сақтау мүмкіндігі, оны ком-пьютерлік желелер арқылы тарату болып табылады.

Қоғам өмiрiнде ақпарат ерекше маңызды рөл атқаратыны бәрiмiзге белгiлi. Адам баласы жаратылғаннан берi осылай болып келедi және бола бермекшi. Адам ақпаратты қабылдау, оны өңдеу және басқаларға тарату қызметiн әрдайым атқарып отырады. Егер ерте замандарда бұл аңшылыққа, жер өңдеуге байланысты болса, бертiн келе ауыз әдебиетi дүниеге келiп, аңыздар, ертегiлер ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн болды. Кейiн жазу фольклордың орнын алып, ақпарат алмасу жеңiлдедi. Адамдардың ой-өрiсi, бiлiмi дамып, ақпарат олардың танымының ажырамас бiр бөлiгiне айналды.

Өркениеттiң даму кезеңдерiнде бiрнеше ақпараттық төңкерiстер болып, адамзат жаңа белестерге көтерiлдi. Атап айтсақ, бұл жазудың, кiтап басудың (XVI ғ. ортасы), электр жарығының (XIX ғ. аяғы) және де микропроцессорлық техно-логияның (XX ғ. 2-шi жартысы) пайда болуына байланысты едi. Ал, микропроцессорлық технологияның арқа-сында компьютер, компьютерлiк желiлер және жүйелер жарыққа шықты. Ал, компьютердiң қазiр өмiрiмiзде қандай орын алып отырғанын бiлемiз.

Сол компьютер негiзiнде қазiргi заманда электрондық ақпарат, бағдарлама арқылы басқарылатын құрылғылар пайда болып көптеген үрдiстердiң жеңiлдеуiне мүмкiндiк туғызды. Осылайша негiзi ақпараттық технологиялар болып табы-латын үлкен бiр сала ақпараттық индустрия қалыптасты. Қазiргi замандағы ақпараттық технологиялар компьютерлiк техника мен коммуникация құралдарына иек артады. Осы бағыттың қарыштап дамуы ақпа-раттық қоғам деп аталатын ұғымды тудырды.

Жапон ғалымдарының айтуынша, ақпараттық қоғамдағы компьютерлендiру үрдiсi адамға ақпараттың сенiмдi көзiне ие болуға себiн тигiзедi, өндiрiс пен әлеуметтiк салада ақпаратты өңдеудi автоматтандырып жұмыстың анағұрлым жоғары дәрежеде орындалуын қамтамасыз етедi. Қоғамның қозғаушы күшi бұрын-ғыдай материалдық өнiм емес ақпараттық өнiм болуы керек. Неге десеңiз, алдыңғысы соңғысынан қымбат.

Тағы бiр айта кететiн мәселе, ақпараттық қоғамның өзiндiк ерекшелiгi - адамдардың 50 %-нан астамы ақпараттық қызмет саласына жұмылдырылады.

Бұл қоғамда тек өндiрiс қана өзгерiп қоймай, сонымен бiрге жалпы өмiрдiң сипаты мен құндылықтар жүйесi басқадай түрге енедi. Индустриялық қоғамда тауар өндiрiлiп, ол пайдаланылса, ақпараттық қоғамда адамның ақыл-ойы мен бiлiмi басты рөл ойнайды. Яғни, бұл дегенiңiз творчестволық қабiлетке, зердеге және оқып-бiлуге ынта мен қажеттiлiк жоғары деңгейде болады деген сөз. Осы қоғамның материалдық және технологиялық базасы болып компьютерлiк техника мен компьютерлiк желiлер, ақпараттық техно-логиялар және телекоммуникациялық байланыс негiзiндегi түрлi жүйелер қалыптасады. Сонымен қатар, өзiндiк ақпараттық инфрақұрылым түзiледi. Оның негiзiнде озық электрондық техника көмегiмен кешендi түрде ақпарат өндiрiледi, өңделедi, сақталады және пайдаланылады.

Қазiргi заманда барлық елдер саяси, экономикалық, әлеуметтiк және т.б. үрдiстердi дамытып әрi жеңiлдету үшiн жаңа технологияларды қолдана отырып, ақпараттық қоғам жағдайына жетудiң тиiмдi деген жолдарын iздестiруде. Бұл мақсатқа жете алмаған елдер қай жағынан болсын артта қалған болып есептеледi.

Қоғамды ақпараттық жағынан жетiл-дiрудiң аяқ алысы мен сипаты саяси қарым-қатынастарға тәуелдi болмақ. Ақпараттық технологияларды қоғам өмiрiне енгiзудiң саяси тұрғыдан алғанда мынандай негiзгi үш тиiмдi жағы бар.

Бiрiншiсi. Ақпараттық қоғам жағ-дайында адамдардың мiнез-құлқы олардың таптық сана-сезiмiне емес, ой-пiкiрлер мен мүдделерiнiң әр-алуандығына (плю-рализмге) байланысты болады. Бұл деге-нiңiз, әрбiр адам дара тұлға ретiнде өзiнiң әйел ме әлде ер ме, мұсылман ба әлде христиан ба, не болмаса қандай да бiр ұлт өкiлi екендiгiн өзi анықтайды. Бiр сөзбен айтқанда, өзiн таптық саясат ықпалынан қашық ұстайтын болмайды.

Екiншiсi. Адамдардың партиялар мен партиялық топтарға бiрiгуi, топтасуы олардың әлеуметтiк-таптық тегiне тәуелдi болмайды. Бұл жерде жеке тұлға ұсынатын саяси бағдарлама рөл ойнайтын болады.

Үшiншiсi. Компьютер (Интернет арқылы) әрбiр адамға үкiметтiң iс-қимылын бақылауға мүмкiндiк бередi.

Нелiктен ақпараттық қоғамда мұндай өзгерiстер болады. Қазiргi жаһандану зама-нында адамдар саяси мәселелерде бiртiн-деп партияларға сенуден қалып барады. Партиядан гөрi олардың басшы- ларына, яғни адамдарға сенедi, оларға дауыс бередi. Осылайша ақпараттық қоғамда саясат таптық түрден символдық нысанға ауы-сады.

Қоғамды ақпараттандыру және ақпараттық технологияларды қолдану үрдiсiнде 1990-1991 ж.ж. пайда болған Интернет жүйесi World Wide Web (WWW немесе “Бүкiләлемдiк компьютер торы”) аса маңызды рөл атқаруда.

Батыста Интернет өте кең тараған. Мысалы, АҚШ-тағы жанұялардың 65%-ы үйде отырып осы әлемдiк торды қолданады. Ал, ересек адамдардың 55% Интернеттi тұрақты қолданады. Ақпа-раттық қоғамды дамыту кезеңiнде өкiмет құрылымдарының жұмысы туралы ақпа-ратты ашық түрде көрсету маңызды. Сонымен қатар, бұл жағдайда адамдарға керектi ақпаратты алуға, сөйтiп саяси өмiрге белсене араласа отырып таңдау жасауына мүмкiндiк бередi.

Осы мәселеде де Интернеттiң атқаратын қызметi аса зор. Мысалға, тағы да АҚШ-ты алсақ, оның үкiметiнiң жұмысын жария түрде көрсетудегi тәжiрибесiн келтiруге болады. Халықты саяси ақпаратпен таныстырып отыру билiктегiлердiң беделiн көтерiп, ел сенiмiне кiрудiң тиiмдi бiр жолы. Керi байланыс жасау арқылы халықтан қосым-ша мәлiмет алуға әбден мүмкiн.

Халық пен мемлекеттiк билiк неғұрлым бiр-бiрiнiң қызметi және қажет-тiлiгi жайында көбiрек бiлетiн болса, сол-ғұрлым өзара сенiм жоғары деңгейде болады.

1990 жылдардың аяғынан бастап Батыс мемлекеттердiң кейбiрiнде Интернет қызметi сайлау мәселелерiне де қатыс-тырыла бастады. Сайлаушылар компьютер жүйесi арқылы дауыс беру тәжiрибесi болды. Оның аса тиiмдi немесе қолайсыз екенiн әзiрге ешкiм тап басып айта алмайды.

Интернет бұл күнде саяси тех-нологияларда тек ақпарат алмасу құралы ғана емес, сонымен қатар, бәсекелестермен күресудiң де оңтайлы әдiсiне айналуда. Осы жолмен бiртiндеп үгiт-насихат жұмыстарын жүргiзудiң нәтижелерi Ресейде өз жемiсiн беруде.

Дегенмен, саяси мәселеде немесе т.б. жағдайларда Интернеттiң пайдалы жақта-рымен қатар зиянды тұстары да бар. АҚШ-та ақпараттың ашық түрде пайдаланылуы, оның iшiнде адамның жеке басына қатысты жағдайлар алаңдаушылық туғызуда. Кейбiр азаматтық құқық және тұтынушыларды қорғау ұйымдары мұндай жағдайларды қатты сынға алуда. Көптеген саясат-танушылар мен сарапшылардың айтуынша, жеке ақпаратты қорғайтын заңдары бар Еуропада осы мәселе жақсы жолға қойылған.

Интернет пен саясаттың бiр-бiрiне арақатысы “аудиторияға”, яғни Интернеттi пайдаланушыларға көп байланысты. Интернеттегi саяси белсендiлiк ерекше аудиторияға бағытталған.

Осы Интернеттiң бiздегi, Қазақ-стандағы, хал-ахуалы қандай дәрежеде?

Әрине Ресей немесе дамыған Батыс елдерiмен салыстырғанда бiздiң елде Интернеттiң пайдаланушылары аз. Actis System Asia (www.actis.kz) компаниясының жүргiзген зерттеулерiне қарағанда, республика бойынша 118-140 мың адам шамасында Интернеттiң тұрақты қолда-нушылары бар. Ақпараттық техноло-гиялардың жылдам дамуының арқасында бұл мөлшер жылдан-жылға артуы сөзсiз. Бұл жерде бiзде ұйымдардың болсын, не болмаса жеке адамдардың болсын Интернет әлемiнде қандай орны (сайттары) бар?

Сайттар бойынша анықтамалық рөлiн атқарып отырған “Бүкiл Қазақстан” порталынынан (www.site.kz) көп мағлұмат алуға болады. Онда әр сала бойынша сайттар топтастырылған, сол себептi iздеу жүйесi жақсы жолға қойылған.

Әңгiменiң өзегi саясат болғандықтан осы бағыттағы сайттардан бастасақ.

Мемлекеттiк құрылымдар бойынша Президенттiң веб - сайтынан (www.president.kz) бастап, Үкiметте (www.government.kz), министрлiктердiң көпшiлiгiнiң Интернетте өз өкiлдiктерi бар. Сонымен бiрге елiмiздiң заң шығарушы органы Парламенттiң (www.parlam.kz), Жоғарғы соттың (www.supcourt.kz), Бас прокуратураның (www.procuror.kz), Орталық сайлау комиссиясы (www.election.kz) сияқты көптеген мемле-кеттiк органдардың әлемдiк компьютер торында сайттарының болуы ақпараттық технологияларды енгiзудiң мемлекеттiк тұрғыда бiрте-бiрте дұрыс жолға қойылып келе жатқандығын көрсетедi.

Ал, саяси партияларды алып қарасақ, Аграрлық партияның (www.agrokaz.kz), “Ақ жол” демократиялық партиясының (www.dpkakzhol.kz), Азаматтық партияның (www.civicparty.kz) және “Отан” Респуб-ликалық саяси партиясының (www.otan.nursat.kz) Интернет жүйесiндегi сайттары олардың қоғамдық-саяси өмiрдегi рөлдерiн арттыруға септiгiн тигiзуде. Бұл ретте жақында болып өткен мәслихаттар сайлауын алсақ та жеткiлiктi. Жоғарыда аталып өткен Орталық сайлау ко-миссиясының сайтынан бастап барлық пар-тиялардың, көптеген бұқаралық ақпарат құ-ралдарының сайттары сайлау науқанына жаппай жұмылдырылды. Әрине әр сайттың өзiндiк ерекшелiгi, саяси ұстанымы бар. Саяси майданда олардың қайсысы қалай қолданылуда - ол өз алдына жеке әңгiме. Мүмкiндiгiмiзше келесi жолдан бастап мемлекеттiк органдардың болсын, қоғам-дық ұйымдардың болсын немесе жеке сайттар болсын әрқайсысына тоқталып, жүйелi түрде таныстырып тұратын боламыз.

Жалпы алғанда, ақпараттық техно-логиялар қоғам өмiрiнiң ажырамас бiр бөлiгiне айналып келе жатыр. Оны игiлiгiмiзге қалай пайдалану өзiмiздiң қолымызда.

Ақпараттық технология белгiлi бiр объектiнiң, үрдiстiң немесе құбылыстың жай-жапсары туралы ақпарат алу үшiн мәлiмет жинаудың, өңдеудiң және тара-тудың құралдары мен әдiстерiн пайдалану үрдiсi.

Ақпараттық қоғам - жұмыс iстейтiн адамдардың көпшiлiгi ақпаратты (оның ең жоғары түрi бiлiмдi) өндiрумен, өңдеумен және iске асырумен айналысатын қоғам.

Қоғамды ақпараттандыру ақпа-раттық қорларды дайындау және пайдалану негiзiнде жеке адамдардың немесе мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi басқару органдарының, ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң ақпараттық қажеттiлiктерiн өтеуге әрi жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасайтын әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық үрдiс.

Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютер-лендірудің педагогикалық психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешіл-мегені.

Білім беру жүйесін ақпаратанндыру қазақстандық білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, коммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндлгі рөлі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Алынған білім мен дағдылар бұдан әрі көптеген жағдайда қоғамның даму жолдарын анықтайды.

Ақпараттандырудың негізі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті техно-логияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне- оның іргелілігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Білім беру жүйесін ақпаратандыру бағыттарының бірі ақпа-раттық технологияларды білім беру сала-сына енгізу жұмыстары болып табылады.

Ақпаратандыру және бұқаралық коммуникацияларды ғаламдастыру кезе-ңінде қазіргі қоғам ақпараты нақты тұтынушының ұсыныстары мен қызығуына сай ақпарат ағынын қалыптасытруға, ақпаратқа көлем және жылдамдық жағынан шектеусіз қол жеткізуді, сондай-ақ кез келген қашықтықтағы ақпарат көзіне, оның ішінде оқу ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік ақпараттық орта жағдайында ақпа-раты қоғамдық өнім ретінде белсенді пайдаланумен сипатталады. Бұл өскелең ұрпақты ақпаратық қоғаммен зиялы қарым-қатынасқа оқытып, тәрбиелеуге және ақпаратық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.

«Мультимедиа» термині латын тілінің «multy» (көп) және «media» (орта) сөздерінің бірігуінен құралған.

Мультимедиалық жүйеге арналған оқулықтарды, ғылыми еңектерді саралай келе мультимедиа терминіне «ақпараттық орта» деген мағына беруге болады. Ал, «ақпараттық орта» түсінігін белгілі бір ортада ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ақпаратты ұсыну мен өңдеуге бағытталған арнайы ұйым-дастырылған процесс деп қабыл-дауымызға болады.

Мультимедиа-компьютерлік графи-камен, суреттермен, қозғалыстағы бей-неқаптармен, анимациямен, мәтін дермен, жоғары сапалы дыбыстармен жұмыс іс-теуді қаматамасыз ететін итерактивті жүйе.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етеді. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, теле-конференция, видео-конфе-ренция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда.

Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қодану айтар-лықтай нәтижелер беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығарма-шылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықтың оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады.

Бұл нұсқаның жетістігі, оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оны компьютерлік желілер арқылы тарату болып табылады.

Ақпараттық технологияларды пайда-ланудың ғылыми-педагогикалық, әдісте-мелік негіздері қалыптасу үстінде.

«Қазіргі таңда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стан-дартқа сай мүделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Ақпараттық технология құралдары тек ғылыми зерттеулер мен әр түрлі әлеуметтік, экономикалық және саяси процестерді басқаруда ғана емес, білім жүйесінде де кең қолданыла бастады. Ақпараттық технологиямен компьютерлік желілерді пайдалану арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа формаларының ауқымы кеңейіп келеді.

Ақпараттық технологияның қазіргі оқыту жүйесінде кеңінен пайдалану кезеңінде білім мәселелері негнізінде білікті мамандардан ақпараттық құралдар кешенінен, құжаттар, айналымынан, мәліметтер базасынан және басқа да ақпараттық қаматамасыз ету элемент-терінен тұратын біртұтас жүйе қажеттілігі туындайды. Осындай жүйе құру кезінде бір жағынан, уақыт барысында тұрақты өзгеріп отыратын объект екенін, екінші жағынан мұндай жүйе білім мекемесінің барлық түрлерін сүйемелдеуді қамтамасыз ете алатынын есепке алып отыру керек.

Ақпараттық технологияны білім жүйесінде пайдаланғанда, еспке алынатын ең негізгі фактор адам болуы тиіс. Жоғары білім жүйесіндегі (қазіргі кезеңдегі) оқыту процесіне ақпараттық технологияларды енгізу мынадай фактор-ларды есепке ала отырып жүргізіледі:

Қолданбалы программалар: WordPad, MS Word, MS Excel, Paint т.б. мектеп курсында пайдалану тиімді. Қазіргі қоғам сұранысына сай оқушы білімді, жан-жақты, шығармашылық қабілетін дамытуда қол-данбалы бағдарламаны меңгеру жет-кіліксіз.

Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз. Осы міндетті басшылыққа ала отырып оқушының бәсекеге қабілетті жан-жақты болуын «болашақ» деп белгіледім.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа ақпараттық технологияны жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интегралды өткізу немесе қаа-тамасыз ету қажеттілігі туындап отыр.

Қазіргі замандағы ақпараттық технология әрбір оқушының білім алу үрді-сінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дәл осы ақпараттық технология мен әрбір оқушының өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол беретін анық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгермелі бейім-делінуі есебінен оқу үрдісінің біртұ-тастығын сақтай отырып оны дара-ландыруға мүмкіндік беретін кмпьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде оқушылардың оқу үрдісінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа білім алу технологиясын түбегейлі өзгертуді тығыз байланыстырады.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2008


 © 2024 - Вестник КАСУ