Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

ЖЕР САЛЫҒЫ ЖƏНЕ БІРЫҢҒАЙ ЖЕР САЛЫҒЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТКЕ ТҮСУІ

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №4 - 2007

Автор: Турсунбекулы Н.

ШҚО өңіріндегі аудандарынан 2001-2005 жылдар аралығында жер салығы және бірыңғай жер салығы бойынша түсімдерге зеттеулер жүргізіліп, салыстырмалы талдаулар жасалып, ауытқуларға мән беріліп, әрбір жылдардағы болжам бойынша жоспардың орындалу-орындалмауының себептері қарастырылды.

Есептеу мәліметтерінің көрсеткіштері бойынша 2000 жылы бюджеттік қордағы жер салығының түсім мөлшері 701365 мың теңге болды Яғни, осы ағымдағы салық жылы салыстырмалы болжам бойынша жер салығынан 62659 мың теңге көлемінде қаржы түскен, оның ішінде бірыңғай жер салығының түсімі 638706 мың теңгені құрады [1].

2001 жылы бюджеттік қордағы жер салығының түсім мөлшері 685131 мың теңге көрсеткішінде болса, ағымдағы жылы облыста жер салығы бойынша жоспар 100,9% көлемінде орындалған, болжам бойынша - бюджетке 678736 мың теңге түсті, ауытқу 6395 мың теңгені құрады. Талдау көрсеткіші бойынша ағымдағы салық жылында өнеркәсіп жерлерінен 195773 мың теңге (101%), елді мекендер шегінде орналасқан жерлерден 479281 мың теңге (101%), орман қоры жерлерінен 1796 мың теңге (200,4%) мөлшерінде салық төленді. Бұл аталған жерлер бойынша салықтың болжамнан тыс орындалуына өткен жылдан қалған қарыздарды өтеу және жеке меншік жер учаскелерін рәсімдеуден түскен қаржылар себеп болды.

Ал, керісінше ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығы бойынша 535 мың теңге көлемінде болжам орындалмады (болжам бойынша 8816 мың теңге, орындалған көрсеткіш 93,9% құрады) бұған кейбір шаруа қожалықтарының бірыңғай жер салығы бойынша және арендалық төлемге көшуі себеп болды. Жалпы жер салығы бойынша толымсыздық 01.01.2002 жылы 113277 мың теңгені құрады, 01.01.2001 жылмен салыстарғанда толымсыздық мөлшері 7542 мың теңегеге азйғаны анықталды. Жыл басындағы салыстырмалы көрсеткіш бойынша кейбір аудандарда толымсыздықтың орны атап айтсақ: Жарма ауданында 8 мың теңгеге, Зайсан ауданында 87 мың теңгеге, Күршім ауданында 225 мың теңгеге, Көкпекті ауданында 21 мың теңгеге, Тарбағатай ауданында 13 мың теңгеге, Семей қаласында 17,4 мың теңгеге, Курчатов қаласы 324 мың теңгеге өскен [2].

2002 жылы бюджеттік қордағы жер салығының түсім мөлшері 802342 мың теңгені құрап, жоспар 107,3% орындалған, болжам бойынша -739623 мың теңге, ауытқу-63229 мың теңгені құрады.

Ағымдағы салық жылы барлық аудандар мен қалалар болжамды ойдағыдай орындап шыққандарын атап өту керек. Ағымдағы жылда 2001 жылмен салыстырғанда жер салығының түсімі 117721 мың теңгеге өскен. Осы көрсеткіштер арқылы салыстырғанда өнеркәсіп жерлеріне қатысты салық мөлшері 31869,0 мың теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда 119,7 % (болжам бойынша 202411 мың теңге, түсім 234,280 мың теңге). Бұған салық төлеушілердің салықты мерзімінде төлеулері, сондай-ақ өткен жылдардан қалған 1999 жылдан қалған «ЗСК» ААҚ 14,8 млн.теңге, «Казцинк» ААҚ 60,6 млн.теңге (1,3 есе түзету коэффициентімен есептегенде салық мөлшерін 20,0 млн.теңгеге ұлғайту негізінде) көлемдегі салық берешегін қайтарулары себеп болды.

Елді мекендер жерлері бойынша салық мөлшері 30436,0 мың теңгеге артық орындалды, өткен жылмен салыстырғанда түсімнің өсу қарқыны 116,9% (болжам бойынша 529875,0 мың теңге, жалпы түсім 560311,0 мың теңге немесе 105%) өсті, бұған «ҮМЗ» ААҚ, «АЭС УК ТЭЦ» ЖШС ірі кәсіпорындардың салық берешегін қайтарулары мен жеке тұлғалардың жер салығын төлеуден 80,3 млн. теңге көлемінде түскен түсім себеп болды.

Орман қоры жері бойынша салық түсімі 123,0 мың теңгеге артық орындалды (болжам бойынша 1439 мың теңге, түскен салық мөлшері 1562 мың теңге немесе 108,5%). Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер бойынша (болжам бойынша 5898,0 мың теңге, салық түсімі 6688,0 мың теңге немесе 113,4%). Салық төлеушілердің салықты уақытында төлеулері мен өткен жылдан қалған берешектерді қайтаруларына байланысты жоспар болжамнан артық орындалып отыр. Патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданушы салық төлеушілерден атап айтсақ: «Серебряный ключ» ЖШС- 12,9 мың теңге, «Нива» ЖШС - 45,2 мың тенге, «Бородино» ЖШС - 44,2 мың теңге, «Опытного хозяйства масличных культур» шаруашылығынан 29,8 мың теңге көлемінде қаржы түсті. 2002 жылы жалпы облыстық бюджетте жер салығы бойынша толымсыздық мөлшері 110948 мың теңгені құрады, 2001 жылмен салыстырғанда толымсыздық мөлшері 2329 мың теңгеге азайған.

2003 жылы бюджеттік қордағы жер салығының түсім мөлшері 854420,3 мың теңгені құраса, 2004 жылы бұл көрсеткіш 865497,5 мың теңгені құрады, ал 2005 жылы бұл көрсеткіш деңгейі 947511,7 мың теңгеге дейін өсті. Бірыңғай жер салығы және салықты төлеуден босатылған - мемлекеттік ұйымдар, түзету мекемелері және т.б. салықтарының сомасын шегергенде 2003 жылы бюджетке нақты 854420 мың теңге көлемінде жер салығы түсті, болжам бойынша (765885 мың теңге) салыстырғанда осы мерзімде нақты жер салығы 88535 мың теңге мөлшерінде көп түскен. Оның ішінде: ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерден 6952,6 мың теңге, елді мекендер жерлерінен 100342 мың теңге, байланыс, көлік, өнеркәсіп жерлерінен 200696 мың теңге, орман қоры жерлерінен 872,2 мың теңге, су қоры жерлерінен 1 мың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінен 0,6 мың теңге, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша 5447,1 мың, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден елді мекендер жерлері бойынша 540108,8 мың көлемінде қаржы түсті. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері 358684,9 мың теңгені құрады.

Жоспардың артық орындалуына Облыстық маслихаттың 19.12.02 жылғы 17 сессиясының шешімі бойынша елді мекен жерлеріне салық салу базасының 30% мөлшерінде жоғарлату коэффициентін қолдануымен, салық базасының ұлғаюы шартты түрде негіз болды [3].

2004 жылы бұл көрсеткіштің деңгейі 685120 мың теңге болды. Оның ішінде: ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерден 14456,2 мың теңге, елді мекендер жерлерінен 85995,2 мың теңге, байланыс, көлік, өнеркәсіп жерлерінен 208021,1 мың теңге, орман қоры жерлерінен 247,6 мың теңге, су қоры жерлерінен 577,5 мың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінен 3,8 мың теңге, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша 5847,7 мың, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден елді мекендер жерлері бойынша 550348,4 мың көлемінде қаржы түсті. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері 363712 мың теңгені құрады. Ал, 2005 жылы түсім мөлшері 947511,7 мың теңгеге өскен. Оның ішінде: ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерден 15880,4 мың теңге, елді мекендер жерлерінен 84652,7 мың теңге, өндіріс, байланыс және көлік жерлерінен 230272,8 мың теңге, орман қоры жерлерінен 284,5 мың теңге, су қоры жерлерінен 409 мың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінен 27,7 мың теңге, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша 5809,5 мың, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден елді мекендер жерлері бойынша 610175,1 мың көлемінде қаржы түсті. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері 402362,5 мың теңгені құрады.

Мемлекеттік бюджетке түсетін төлемдер мен салықтар көлемі өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 6 408 916 мың теңгеге немесе 14,7 % өсті [4].

Бюджетке түскен салықтардың негізгі бөлігі республикалық және аймақтық мониторингте тіркелген облыстың ірі салық төлеушілерімен қамтамасыз етілген. Сонымен, олар 2005 жыл көлеміндегі 10 айы бойынша салықтар және басқа да міндетті төлемдер (кеден төлемдерін есептемегенде) 14 770 324,7 мың теңге сомасында төленген. Бұл мемлекеттік бюджеттің табысының 39% құрады (кеден төлемдерін есептемегенде). Мемлекеттік мониторингтің ірі салық төлеушілерінен түскен төлемдер мен салықтар өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 1 901 085, 3 мың теңгеге өсті.

Кез келген мемлекеттің салық жүйесінің жұмыс істеуіне ең қажетті жағдай тиімді салықтық бақылау болып табылады. Салықтық бақылаудың мақсаты заңды бұзған тұлғаларды жауапкершілікке тарту. ШҚО салық органдарының 2005 жыл көлеміндегі 9 айдың экономикалық-бақылау жұмыстары бойынша аудит бөлімі 2240 кешенді және тақырыптық тексерулер жүргізілген. Осы жұмыстың нәтижесінде, облыс бойынша 4 842 310.0 мың теңге аударылып, өткен жылмен салыстырғанда түсім мөлшері 3890 353,2 мың теңгеге көбейді [5]№

2005 жылдың басынан бастап аумақтық салық комитеттерінің жұмылдыру топтарымен жалпы тағам саласында қызмет керсететін 1141 жеке кәсіпкерлермен және көліктерге техникалық қызмет көрсету станцияларының жұмыстарына 210 хронометраждық және рейдтік тексерулер жүргізілді. Нәтижесінде, 1108 жалдамалы жұмысшылар қосымша анықталып, олардан жеке табыс салығына 1438,5 мың теңге, әлеуметтік салыққа 376,75 мың теңге сомасы қамтылған. [6]

ШҚО бойынша әрбір аудандар мен қалаларға жеке-жеке тоқтала кететін болсақ, есептеу мәліметтері көрсетіп отырғандай Катонқарағай ауданы бойынша ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерден түсім 2001 жылы 1090 мың теңге болса, 2005 жылы түсім көрсеткіші 2410,7 мың теңгені құрады, ал елді мекендер жерлерінен керісінше түсім 4050,4 мың теңгеден 307 мың теңгеге, өндіріс жерлерінен түсім көрсеткіші 227,2 мың теңгеден 104,8 мың теңгеге дейін төмендегені анықталды. Орман қоры жерлері бойынша 2001 жылға қарағанда 2002 жылы түсім мөлшері 23,5 мың теңгеге өссе, 2003 жылдан бастап түсім күрт азайып 2005 жылы бұл көрсеткіш 0-ге теңескен. Заңды тұлғалардан ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер бойынша 2003-2005 жылдар аралығында түсім мөлшері 194,8 мың теңгеге, елді мекендер жерлері бойынша 86,9 мың теңгеге өссе, 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы бұл көрсеткіш 410,2 мың теңгеге дейін кеміп кеткен. Бірыңғай жер салығы бойынша түсім 2001 жылы 1526,7 мың теңге болса, 2005 жылы бұл көрсеткіш 2568,3 мың теңге болды.

Бұл жұмыстың қорытындысынан салық органдары бүркемелі қызметтерді жария ету мақсатында кейбір жұмыспен қамтамасыз етушілер бюджетке салық төлеуден және жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналарын аударудан жалтаруға тырысатынын анықталды. Жоғарыда келтірілген деректер есептелінгенге дейінгі салықтар туралы сандар салық мәдениеті және кәсіптілік деңгейінің біздің кәсіпорындардың бухгалтерлерінің бәріне тән қасиет еместігін байқатты. Сондай-ақ, берілген жер тұтынушылардың тарапынан толық көлемде пайдаланылмайды. Мысалы, Тарбағатай ауданы бойынша егіншілік саласындағы алқаптарды игеруде айтарлықтай олқылықтар көрініс беріп отыр, мәселен, 8 мың гектар суармалы алқап шаруашылық айналымынан шығып қалған. Зайсан ауданы бойынша 28 мың гектар суармалы жердің 16 мың гектары пайдалаылмай бос жатыр. Күршім ауданында 20 мың гектар егістік жердің жартысы ғана өңделеді. Пайдаланылмайтын жер - 41274 га немесе жалпы жер көлемінің 17,8%-ын құрайды. Аудан бойынша тіркелген 43 шағын кәсіпорынның 30 ғана жұмыс істейді. Тіркелген 128 шаруашылықтың ішінде негізі орнықты, қалыптасқандары жоқ деуге болады. Осының салдарынан аудан ұсақ шаруашылық нысандарымен ғана шектелініп отыр.

Абай ауданында сумен қамтамасыз ету бүгінгі күнге дейін шешілмей отырған басты мәселе. Үржар ауданында салық салу мен төлем механизмі дұрыс жолға қойылмаған. Сондықтан да салық дер кезінде жиналмайды, бұл салық органдары қызметінің өз міндеттеріне салғырт қарауының салдарынан туындап отыр. Бұл сияқты кемшіліктер мен келеңсіздіктер бюджеттік жоспардың орындалмауына ұшыратады. Зерттеу нәтиженің көрінісі бойынша суармалы жерлердің 30%-ы ғана пайдалану айналымына тартылған болса қалған пайыздық үлесі пайдаға асырылмай жатыр.

Осындай келеңсіздіктің салдарынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден түсетін салық түсімі, 2004 жылғы жер салығы бойынша жоспардың орындалмауына әкеліп соқты. Атап айтсақ: Зайсан ауданыннан небәрі 3,4 мың теңге, Күршім ауданынан 0,4 мың теңге, Ұлан ауданынан 6,5 мың теңге, Көкпекті ауданынан 37,7 мың теңге, Жарма ауданынан 0,3 мың теңге, Үржар ауданынан 1,1 мың теңге көлемінде қаржы түскен. Тарбағатай, Абай, Бесқарағай аудандарынан ешқандай салық кірісі енбеген. Төмендегі кестеде көрсетілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер бойынша салық түсімдерінің арасындағы айырмашылықтың өзі осының дәлелі бола алады:

1 кесте. Шығыс Қазақстан өңіріндегі аудандардан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша жер салығының көрсеткіштері, (мың теңге)

2 кесте. Шығыс Қазақстан Облысы шаруашылық санаттары бойынша ауыл шаруашылығы құралымдарының нақты бары

Есептеу нәтижелерінің мәліметтері көрсетіп отырғандай ауыл шаруашылық санаттары бойынша 254342 ауыл шаруашылығы құрылымдарының 252144 құрылымы ғана жұмыс істейді, ал қалған 2198 құрылымы тек қағаз жүзінде тіркелген. Бірыңғай жер салығы енгізілгеннен кейін оны төлеушілер - жеке меншіктерінде немесе жер пайдалану құқығында жер учаскелері бар шаруа (фермер) қожалықтары мына салықтарды: өзі өндірген тауарларды өткізуден түскен табыс бойынша табыс салығынан, жер салығынан, өзі өндірген тауарларды (жұмыс, қызмет) өткізу айналымы бойынша қосылған құн салығынан, Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген көлік құралдарына қажетті нормативтер шегінде - көлік құралдары салығынан, Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген мүлікке қажетті нормативтер шегінде - мүлік салығын төлеуден босатылған болатын.

2000-2005 жылдар аралығында бірыңғай жер салығына талдау жүргізу барысында, аудандарда шаруашылық қожалықтарының саны мен олардан түсетін түсім көрсеткіштерінің жылдан-жылға өсіп келе жатқанын байқадық. Бұл жерде айта кететін бір мәселе, құрылған шаруашылықтардың іс-әрекеттерін пайыздық есепке шаққанда 2000 жылы - 12,8%, 2001 жылы - 20,2%, 2002 жылы - 13,0%, 2003 жылы – 18,1%. 2004 жылы - 6,3%, 2005 жылы – 5,7% тек қағаз жүзінде тіркелумен шектелген.

Егер шаруа қожалықтары шаруашылықтарын тұтасымен жұмыла жүргізген жағдайда, бюджетке түсетін түсімнің үлес салмағы қазіргі көрсеткіштен әлдеқайда жоғары болатыны күмән тудырмайды. Мәселен: 2000 жылы облыс бойынша жұмыс істеген шаруа қожалықтарының санына шаққанда, түсім деңгейінің үлесі бір шаруа қожалыққа 3,2 мың теңгеден келді. Қағаз жүзінде ғана тіркеліммен шектеліп отырған шаруа қожалықтарының барлығы толыққанды жұмыс істеген кезде түсім көрсеткіші 3098,6 мың теңгеге, 2001 жылы бір шаруа қожалыққа шаққанда түсім 5,1 мың теңгені құрады, 7329,2 мың теңгеге, 2002 жылы - бір шаруашылыққа шаққанда 3,6 теңгені құрады, түсім көрсеткіші - 4199 теңгеге, 2003 жылы - бір шаруашылыққа шаққанда 3,1 мың теңге, түсім - 6386,3 мың теңгеге, 2004 жылы - бір шаруашылыққа шаққанда 3,2 мың теңге, түсім - 1938 мың теңгеге, 2005 жылы - бір шаруашылыққа шаққанда 2,7 мың теңге, түсім 1070,7 мың теңгеге дейін артар еді. Бұл көрсеткіштен шаруашылықтардың жұмыстарын оңды дамып келеді деп айта алмаймыз. Себебі 2000 жылы жұмыс істеп тұрған шаруашылықтардың саны 6736 болса, 2005 жылы олардың саны 13394 құрады, бір шаруашылыққа шаққандағы түсім көрсеткіштерін салыстыра отырып 2000 - 2005 жылдар аралығында 0,7% азайғанын байқадық.

Қорыта келе, Қазақстандағы салық жүйесін талдау, салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің көп болуы республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыруда, ең төменгі әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуде айтарлықтай рөл атқарады. Салық жүйесінің тым қолайсыздығы, нарық тұрғысынан тиімсіздігі, ауыл шаруашылығындағы өндірістік қатынастардың дамуына тежегіш болды. Қызметтің барлық салаларын салықпен қамту, соның арқасында бюджеттің табыс көзін арттыруға әрекет ету жоспарланған салық төлемдерін тұрақты түрде, өз уақытында, толық көлемде алып тұруды қамтамасыз ете алмады. Салық жүйесінің басты кемшілігі - ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының табысын салық түрінде «алып қою» арқылы олардың бюджет тапшылығын жоғарылатып жіберуінде және салық жүйесінің экономикалық дамуы мен кәсіпорындардың арасындағы үйлесімділіктің жоқтығында. Сондықтан да ауыл шаруашылық кәсіпорындары жоғары мөлшерде салық төлеуден қашып, төменгі мөлшерде табыс алуға мүдделенеді, дағдыланады, салықтан жалтару жолдарын іздеп, жер телімдерін заңды түрде құжаттамай жасырын қосалқы түрде шаруашылықтарын жүргізіп пайда табу көздерін іздейді. Мысалы, Семей қаласында - есепке алынбаған қосалқы шаруашылыққа қатысты 531 жер телімі, бау-бақша қоғамдары бойынша 28488 саяжай учаскелерінің 13482-і пайдаланылмайтыны анықталды. Ал 15006 меншік жер телімдерінің 39%-ында ғана құқынғын куәләндыратын құжаттары бар. Тұрғын үй құрылысына бөлінген жерлердің де жағдайы осындай. Облыс бойынша мемлекеттік жер кадастры автоматты ақпараттық жүйесіне жер телімдері иелерінің 42,8%-ы ғана енгізілген. Өскемен қаласы бойынша бұл көрсеткіш 39,8%-ы құрайды [8].

Талдау жұмыстарының нәтижелерінен Шығыс Қазақстан облысында салық түсімдері бойынша жоспардың орындалмай отырғаны осының дәлелі бола алады. Оның орындалуы мынандай деректермен дәлелденеді: 2000 жылы - 94,4%; 2001 жылы - 92,4%; 2002 жылы- 96,7%; 2003 жылы - 96,9%; 2004 жылы -96,3% көрсеткіштерін берді. Мұндай жағдайларға тосқауыл қойылмайынша бюджет түсімдері бойынша жоспар ойдағыдай орындалады деп айту мүмкін емес, өйткені, экономикалық дағдарыс, ақша қаражаттарының жетіспеуі, салық төлеуден жалтарушылық, саналы түрде салық салу обьектілерін декларацияға енгізбеу, салық қызметі органдарының жұмыс сапасын төмендететін, салық заңдарын тұрақсыздыққа ұшырататын факторлар деп қараған жөн.

2005 жылы ШҚО-да егіс алқабы есебінің қорытындылары бойынша меншіктің барлық нысандарындағы 320 ауылшаруашылық құрылымында 6,0 мың шаруа қожалығы мен 200 мыңнан астам жұртшылықтың жеке меншік қосалқы шаруашылықтарында (бақшасы бар шаруашылықтарды, саяжай және жалға алынған телімдерді қосқанда) дала жұмыстары жүргізілді. Ауыл шаруашылық дақылдарының егіс алқабы бар ауыл шаруашылық кәсіпорындарының саны өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 20 бірлікке, ауыл шаруашылық дақылдарының егіс алқабы ауыл шаруашылық кәсіпорындарында 28,0 мың гектарға (8,5%) артып, жоғарыда аталған келеңсіздіктердің салдарынан шаруа қожалықтарының саны 0,8 мың шаруашылыққа, ауыл шаруашылық дақылдарының егіс алқабы 27,4 мың гектарға (4,5%) азайған [9].

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасының 2000 -2005 жылдардағы есептік көрсеткіштерінен, Өскемен. 2000-2005 жж.

2. Қазақстан Республикасының статистика агенттігі.// Алматы, 2006. 58-59 б.

3. Облыстық Дидар газеті // Өскемен, 6 желтоқсан 2005 жыл.

4. Облыстық Дидар газеті №19 ( 15770) // Өскемен, 24 ақпан 2007 жыл.

5. Облыстық Дидар газеті №18 (15769) // Өскемен, 20 ақпан 2007 жыл.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №4 - 2007


 © 2024 - Вестник КАСУ