Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Вопросы / Ответы


среднее образование за рубежом - частные английские школы стоимость
нужны мнения о магазине tehnolenta.com кто покупал здесь?

Білім беру ж?йесіндегі ?азіргі технологиялар

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2005

Автор: Нагымжанова К.М.

Оқытуды технологизациялау идеясының пайда болуы ең алдымен әртүрлі теориялық және тәжірибелік іс-әрекет аймақтарына техникалық прогрестің енуімен байланысты. А.С. Макаренко бүкіл әлемдік танымал “Педагогикалық поэмасында”: “Біздің педагогикалық өндірісіміз ешқашан технологиялық логикада құрылған жоқ, әрқашан рухани үгіттеу логикасы бойынша құрылған. Тек сол себепті ғана бізде педагогикалық өндірістің барлық маңызды бөлімдері жоқ: технологиялық процесс, операциялар есебі, конструкторлық құралдарды пайдалану, нормалау, бақылау, енгізулер, теріске шығару”.

bВ.П. Беспальконың айтуынша әрбір іс-әрекет не технология; не өнер болуы мүмкін. Өнер интуиция негізінде, технология – ғылым негізінде құрылған. Өнерден бәрі басталады, технологиямен аяқталады, ал педагогикалық іскерлікке онсыз айналып өтуге болмайды. Экспроматқа қарама-қарсы, интуиция бойынша әрекет етуден жоспарланған технологиялық іс-әрекетке көшу болып табылады.

Оқыту технологиясын жаппай ендіруді зерттеушілер 60-шы жылдардың басына жатқызады және оны алғашында американдық, ал одан соң европалық мектептің қайта өрлеуімен байланыстырады. Шет елдегі қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды неғұрлым танымал зерттеушілері: Дж. Кэролл, Л.Н. Ланд, Ю.К. Бабанский, Л.М. Эрдиев, Н.П. Раченко, Л.Я. Зорина, В.П. Беспалько, М.П. Хомерики және басқалардың ғылыми еңбектерінде көрсетілген.

Қазіргі уақытта технологиялар білім берудің бір түрі ретінде қарастырылады және психодидактика, қоғамдық психология, кибернетика, басқару және менеджмент теорияларында бағаланады.

Бастапқыда көрсетілген педагогтар оқыту технологиясы, оқу технологиясы және педагогикалық технология арасында өзгешелік қоймады. “Педагогикалық технология” термині тек қана оқытуға байланысты қолданылады, ал технологияның өзі техникалық құралмен оқытуды түсіндіріледі. Бүгін педагогикалық технологияны, педагогикалық мiндеттердi шешумен байланысты, педагогтің жалғастырмалы жүйедегі іс-әрекеті ретінде немесе алдын-ала жобаланған педагогикалық процестің тәжірибе де тұрақты және жалғастырмалы шығаруы ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық технология туралы бұндай көріністер былай анықталады:

өте жоғары деңгейде теориялық дайындығы және бай тәжірибесі бар мамандардың әр түрлі таңдаулы педагогикалық технологияларды дайындау мүмкіндіктері;

мақсатқа сай педагогикалық технологияларды өзіндік таңдау мүмкіндіктері, мұғалім және оқушылар іскерліктерінің өзара байланысты мүмкіндіктерімен және шарттарымен байланысты.

Педагогикалық технология – педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе принциптерінде құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы принциптерді жалғастырмалы орындау олардың объективті қарым-қатынасында және педагогтің т ұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қарастырылуы мүмкін.

Міне, осында педагогикалық технологияның оқыту әдістемесі және тәрбиелеу жұмысынан айырмашылығы байқалады. Егер “әдістеме” үғымы, оларды орындауға қатысты емес оқытудың әдістері және тәсілінің жиынтығын қолдану көпкейіпкерлік белгілерінде жинақтауын анықтайды. Осыдан келіп, яғни кез-келген педагогикалық тапсырма тек қана белгілі жетілдірілген педагог маманның іс-әрекеті мен негізгі технологиялардың көмегімен тиімді шешіледі.

Қоршаған ортамен оның қарым-қатынастарына қатысты балаға ғылыми негізделген әсер ету. Н.Е. Щуркова бұл жағдайда педагогикалық технология тек қана тәрбиелік жұмысқа қатысты болады және өзімен қолданбалы педагогикалық еңбекті анықтайды. Педагогикалық технология бұл көзқарастан – бұл табиғи және тепе-тең педагогтің іс-әрекеті, жетіліп келе жатқан жағдайды сипаттайды. Психологиялық-педагогикалық және оның жоғары руханилығы деңгейінде қазіргі заман мәдениетімен байланыста болады.

Педагогикалық технологиялар, оқыту технологиялары (дидактикалық технологиялар) және тәрбиелеу технологиялары ретінде қарастырылуы мүмкін. В.В. Ликан бұл технологиялардың неғұрлым маңызды белгісін бөліп көрсетеді:

технология нақты педагогикалық ой түрінде өндіріледі, оның негізінде автордың белгілі әдіснамалық философиялық позициясы жатады. Осылайша, білім беру процесінің технологиясы және жеке тұлғаны дамыту технологиясын айыруға болады;

педагогикалық іс-әрекеттердің технологиялық тізбегі операциялары, қарым-қатынасы күтіп отырған нақты формадағы қорытындысы бар мақсатты ұстанымдарға сәйкес тізбектеледі;

диалогтік қарым-қатынас адами және технологиялық мүмкіндіктерді тиімді іске асыру, даралау және саралау принциптерін негізге ала отырып келісімді түрлі мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасты іс-әрекетін технология қарастырады;

педагогикалық технологияның элементтері бір жағынан кез-келген мұғаліммен өндірілуі қажет, ал 2-ші жағынан қарағанда барлық оқушылардың жобаланған қорытындыларына (мемлекеттік стандарт) жетулерін қамтамасыз етеді;

педагогикалық технологиялардың органикалық бөлігі болып табылатындар – диагностикалық процедуралар, іс-әрекеттер қорытындыларын өлшеудің көрсеткіштері және инструментариялар, белгілі ұстанымдар.

Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара қарым-қатынаста. Педагогикалық технологияны өте жақсы меңгеру дегеніміздің өзі – шеберлік. Технология және шеберлік қатынастарына қарағанда меңгеруге болатын педагогикалық технология басқалар сияқты тек қана орталықтанбайды. Педагогтің тұлғалық ерекшеліктерімен анықталатыны байқалады. Бір ғана технология әр түрлі мүғалімдермен іске асуы мүмкін, бірақ оны іске асыру ерекшеліктерінде олардың осы педагогикалық шеберлігі және кәсіпқорлығы көрінеді.

Дидактикада өзара байланысқан жалпы және жеке технологияларды айыруға болады, жалпыларға конструкциялау технологиясы жатады. Мысалы, қарым-қатынас процесі және оны іске асыру; жеке бұл оқытудың, оқу іс-әрекетін педагогикалық белсендіру, оқытудың қорытындыларын бақылау және бағалау, және неғұрлым нақты – оқу жағдаятын талдау, сабақтың басталуын ұйымдастыру және т.б. типтес міндеттерін шешу технологиясы.

Сонымен, оқыту технологиясы сабақ беру әдістемесімен салыстырғанда, оқушылардың өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері және мазмұнын өндіруді көрсетеді. Олар диагностикалық білім маңыздылығын және оқыту процесінің қасиеттерінің жалпы оқушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған объективті бақылауын қажет етеді.

Қазіргі өндірілген және білім беру тәжірибесінде білімді трансформациялау, іскерліктер мен дағдылар, проблемалық, бағдарламаланған әртүрлі деңгейлік, бейімдік, модульдік оқыту және т.б. технологиялары қолданылады.

Білім, білік және іскерліктерді трансформациялау технологиясы.

Мұндай технологиялдарда оқушылардың өндірістік іс-әрекетке мүғалім тарапынан толық міндеттеме жүктеледі. Алғашқысына орындаушы ролі қалдырылады.

Білім беру технологиясы келесі процедураларды қамтиды:

оқытушы тапсырмасының негізін, оның мақсатын, операцияларды орындау сатыларын және қорытындысын түсіндіреді;

әрбір операцияны орындауды көрсетеді және оқушылардың зейінін белсендіреді;

әрбір операцияны қайта түсіндіреді, оқушыдан нені ұққанын, нені ұқпағанын түсіндіру арқылы;

оқушы әрбір операцияны, нені орындап жатқанын дауыстап айтып орындауын өтінеді;

оқушыға әрбір операцияны, педагогтің нұсқаулары бойынша орындауды ұсынады;

оқушылардың іс-әрекетіне баға береді және егер қажет болса жөндеулер енгізеді;

оқ ушы операцияларды қате жібермегенше орындай береді;

оқушыны берілген жұмысты орындауымен мадақтайды.

Технология негізінде оқушыға суреттелген өнімді түрдегі берілген әрекетті меңгеруді қамтамасыз ететін, орындаушы функцияларына бөлінген мұғалім іс-әрекеттерді түсіндіру, операцияларды көрсету, оқушылардың оны орындауын бағалау және жөндеумен байланысты.

Ойлау іс-әрекеттерін кезеңдік қалыптастыру технологиясы.

П.Я. Гальперин теориясының негізінде пайда болған. Оны кезеңдер қатары түрінде елестетуге болады.

1-ші кезең оқушылардың ынтасын белсендіруін анықтайды.

2-ші кезең іс-әрекеттің бақылау негізінің сызбанұсқасын түсіндірумен байланысты. Оқушылар алдын-ала іс-әрекет мінездемесімен, оның өту шарттарымен, бақылаушылық, орындаушылық іс-ңрекеттердің өтуімен танысады. Іс-әрекеттер жалпылығының деңгейі, яғни оларды басқа шарттарға ауыстыру, осы іс-әркеттерді бақылау негізінің толықтылығына байланысты. Осындай негіздің 3 типін бөліп көрсетеді:

дайын түрде үлгімен беріледі, бақылаудың толық емес жүйесі, оперативті орындау қажет (мысалы, оқыту техникасы элементтерін меңгеру);

дайын күйінде іс-әрекеттердің нақты бақылау негізінде берілуі;

іс-әрекеттердің бақылау негізі – жалпыланған түрде беріледі.

3-ші кезең – іс-әрекетті сыртқы пішінді орындау материалды немесе материалданған, яғни кез-келген модель, сызба, схемалар және т.с.с. көмегімен орындалады. Бұл іс-әрекеттер тек бағдарлық қана емес, сонымен қатар орындаушылық және бақылаушылық функциялары. Бүл кезеңде оқушылардан олар жасайтын операцияларды және олардың ерекшеліктерін айтқызу қажет.

4-ші кезең – “сыртқы” тілді анықтайды, мұнда іс-әрекет ары қарай тілдік (ауызша немесе жазбаша) көрнекілеу және материалданған құралдардан бөлініп алынған, жалпыламаға ұшырайды.

5-ші кезең – ішкі тілдік кезең, мұнда іс-әрекет ой пішінге ие болады.

Соңында 6-шы кезең іс-әрекетті ойлау жобасында орындаумен байланысты (іс-ңрекетті интериозациялау).

Ойлау іс-ңрекетін кезеңдік қалыптастыру технологиясының жетістігі, оқушылардың жекеше түрде жұмыс жасау жағдайын қалыптастыру, жңне оқу-танымдық іс-әрекетті өзіндік басқаруын себептендіру.

Батыс философтары мен әлеументтанушыларының (К.Кларк, Ф. Махлуп, И. Масуда жене т.б.) советтік және ресейлік (Б.М. Боголюбов, И.И. Маркел жене т.б.), қазақстандық (Ж.М. Жусубалиева жене т.б.) ғалымдар жұмыстарын зерттей келе тиімді оқыту технологиясының бірі деп, үлкен (ауқымды) гуманистік мүмкіншілігі бар жаңа ақпараттық, оның ішінде оқытудың компьютерлік технологиясын атауға болады.

Компьютерлік технологияларды енгізу жұмысы барысында компьютерлік қолдауы бар сабақ құрылымының алгоритмі құрылады. Оның келесі кезеңдері бар.

1. Сценарий қалыптастыру (нақты көрсетілген компьютерлік тапсырмалары бар сабақ құрылымы: экран түрі, мұғалім әрекеті, оқушылар әрекеті, нәтиже);

2. Сабақтың әр кезеңіне уақытты есептеу;

3. Сабақтың мақсатын міндеттерін, жүру барысын, практикалық тапсырмаларды және оларды орындау әдістерін құрастыру; қажет бағдарламалық құралдарды анықтау.

Компьютерлік технологиялардың білім-берудің гуманистік концепциясын іске асыруда үлкен мүмкіншіліктері бар, нақтырақ айтсақ:

пәндік білім бағыттылығынан оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін игеруге ауысуы;

шешімі шоғырландырып ойлауды қажет ететін, вербальды және бейнелі құрылымдық ойлаудың дамуын қалыптастыратын, кешенді мәселелерді шешуге бағыттау;

оқушылардың іс-әрекетін басқаруда оның нәтижелілігін оқудан тыс оперативті бағалау мониторингін жетілдіру;оқушылардың іс-әрекетінің сабақтан тыс нәтижелілігін бақылау үшін дәстүрлі жүйені толықтыратын оқушылардың танымдық қызығушылықтарын және шығармашылық белсенділігін жоғарылататын рейтингтік жүйені қолдану.

Оқыту процесін технологияландыру туралы пікірді осыдан 400 жыл бұрын Я.А. Коменский оның пікірінше оқыту “технологиялық” болуы қажет. Оның мағынасы нені үйретсе де, нені оқытса да оқу процесі табыссыз болмауы керек. Технологияға мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болды.

АҚШ-та үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында техникалық құралдарды пайдаланып оқыта бастағанда “білім берудегі технология” термині пайда болды. Бұл көбіне оқу процесінде техниканы пайдалануға байланысты да болды.

60-шы жылдарда америкалық және батыс Европалық білім берудегі реформаларға байланысты “оқу процесінде межеленген білім нәтижесіне қалай жетуге болады” мағынасын беретін “педагогикалық технология” термині пайда болды. Ал дидактикалық технологияның мәселелері біздің заманымыздың екінші жартысында техника мен технологияның қарқынды дамуы нәтижесінде пайда болды. Оқыту технологиясы, яғни кеңірек айтқанда педагогикалық технология ақпаратты өңдеу, сақтау, беру әдістері мен құралдарының табыстарына байланысты дамудың барлық мүмкіндіктеріне ие бола алатын әлеуметтік технологияның маңызды компоненті болып табылады. Педагогикалық технология ғымының қалыптасуы мен дамуының барысында педагогикалық технология ғылымының мәні түрліше қарастырылады. Педагогикалық технология мәселесіне арналған П.Я. Гальперин, В.В. Давыдов, В.М. Кларин, Ж.А. Қараев, Т.Т. Галиев т.б. ғылымдардың еңбектерінде оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деген ұғынудан бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер айтылған.

Педагогикалық технологияның оқыту әдістемесі және тәрбиелеу жұмысынан айырмашылығы байқалады. Егер “әдістеме” ұғымы, оларды орындауға қатысты емес оқытудың әдістері және тәсілінің жиынтығын қолдану кейіпкерлік белгілерінде жинақтауын анықтайды. Осыдан келіп, яғни кез-келген педагогикалық тапсырма тек қана белгілі жетілдірілген педагог маманның іс-әрекеті мен негізгі технологиялардың көмегімен тиімді шешіледі.

Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Берілген анықтамалардан “технология” technе - өнер, шеберлік және logos - ғылым, заң, яғни технология дегеніміз шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін білуге болады.

Педагогикалық технологиялар тарихын, оның пайда болуын және маңызды құрылымдық ерекшеліктерін қарастыру педагогикалық құрылымды түсінуге мүмкіндік береді. Ғалымдардың тарихи-педагогикалық зерттеулерін талдау педагогикалық технологияның бірнеше ғасырлар бойында ғылыми пікірталастың басты нысаны болғанын айқындайды.

Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара қарым-қатынаста. Педагогикалық технологияны өте жақсы меңгеру дегеніміздің өзі – шеберлік. Технология және шеберлік қатынастарына қарағанда меңгеруге болатын педагогикалық технология басқалар сияқты тек қана орталықтанбайды. Педагогтің тұлғалық ерекшеліктерімен анықталатыны байқалады. Бір ғана технология әр түрлі мұғалімдермен іске асуы мүмкін, бірақ оны іске асыру ерекшеліктерінде олардың осы педагогикалық шеберлігі және кәсіби іскерлігі көрінеді.

Сонымен, оқыту технологиясы сабақ беру әдістемесімен салыстырғанда, оқушылардың өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері және мазмұнын өндіруді көрсетеді. Олар диагностикалық білім маңыздылығын және оқыту процесінің қасиеттерінің жалпы оқушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған объективті бақылауын қажет етеді.

Педагогикалық технологиялардың көкейтестілігін анықтауда төмендегі қайшылықтарды атауға болады:

қоғамның педагог мамандарға қойып отырған талабының күшеюі мен кәсіби білім беруді жүзеге асыруда кездесетін қиыншылықтар арасындағы;

қайта дамып отырған жекелеген педагогикалық жүйелер мен оларды жылдам өзгеріп отырған еңбек шараларына бейімдеу, білім беру жүйесінің консервативтілігі арасындағы;

ғылымның даму деңгейі мен өндірістің оны іске асыруға мүмкіндік деңгейі арасындағы;

мұғалімнің әлеументтік ролі және қоғамдық ақпараттық-коммуникациялық қызмет арасындағы;

педагогикалық жоғары оқу орындары оқу бағдарламаларының мазмұнының әдістемелік құралдары және қоғам мәдениеті арасындағы болатын қайшылықтар.

Білім ізгілігі – педагогтар мен оқушылардың өз шығармашылық даралығын дамыту субъектісі болатын, педагогикалық процестің мәні мен сипатына деген көзқарасты едәуір өзгертетін, педагогикалық ойлаудың басты бөлшегі. Педагогикалық процестің негізгі мәні, мұндай жағдайда, тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуы ретінде қалыптасады, олардың сапасы мен мазмұны мұғалімдердің, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызды шарттардың бірі болып табылады.

Теорияларды талдау мен қалыптасқан тәжірибелерді жалпылау білім ізгілігінің негізгі жолдарын анықтауға мүмкіндік туғызады.

Соның ішінде ең маңыздылары:

1. Ізгілендірілген білім мазмұнында қаралатындар:

2. Балалардың қабілеті мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеудің тұлғалық бағдарлық технологиясын таңдау (Ойлаудың, есте сақтаудың, назар аударудың негізгі типтері бойынша);

3. Мұғалімнің озық игілік дайындығы: оның оқушылармен ынтымастастығын қалыптастыруға оқушылардың дайындығы, педагогикалық процестегі шығармашылық, өзін-өзі көрсетудің қажеттігі.

Қоғамдық-тарихи тәжірибені игерудің басты әлеуметтік-қызметі – білімді жинақтауда емес, бар білімді қайта қалыптастыруда. Сондықтан қазіргі заманғы мектептер оқушылардың ойлау белсенділігін кеңінен дамытып, білімді өзіндік жаңарту мен толықтыруға, оларды теориялық және тәжірибелік міндеттерді шешкенде сапалы пайдалана білуге үйретуге міндетті. Мұны П.П. Блонскийдің, Л.С. Выготскийдің, С.Л. Рубинштейннің, А.Л. Леонтьевтің, П.Я. Гальпериннің, Н.Ф. Талызинаның, Дж. Брунордың және т.б. зерттеулері дәлелдейді.

Білім берудің сапасын мәнді жоғарылату жолдарын іздестіруде, нақтырақ айтсақ, жоғары білімнің Н. Чебышев пен В.П. Коган пәнаралық байланыстың тұжырымдамасын негіздей отыра оны жоғары білім беру тәжірибесіне енгізудің нақты оқу-әдістемелік механизмін ұсынады. Бұл бағыттағы, инновациялық іс-әрекет мәселесі жалпы білім беру мектептерінде шешілуі қажет.

Сондықтан, әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор. “Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі”, - деп көрсетеді С.В. Селевко.

Қоғам өмірінің барлық салаларында яғни экономикасы мен әлеуметтік қатынастарында көптеген өзгерістер туып отырған жағдайда білім беру ісінде де өзгерістің болуы заңды нәрсе. Себебі, халыққа білім беру немесе мектеп ісін қоғамнан тыс алып қарауға болмайды. Бүкіл қоғам өмірінде бой көрсеткен келеңсіздіктің халыққа білім беру саласына да соқпай өтпегені мәлім. Сонымен, халыққа білім беру жүйесі қоғамдық әрекеттердің басқа салаларымен де қатарлас алға басуы керек.

Ғылым мен халыққа білім берудің дамуы еліміздің техникалық прогресске жеткізері мәлім. Ал техникалық прогресс қоғамдық және жеке бастың өмір сүру деңгейін көтеруші еңбек өнімділігінің жоғарлауына әкеледі. Сонымен, білім беру жүйесін қоғамдық өмірдің өзге салаларының да негізі деп білуіміз керек.

Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен дамытудың стереотипіне қарама-қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға бағытталады.

Шынында бұл мәселенің шешімі ұстаздың кәсіпкерлік шынайы іске асыруға тән сол бір ішкі объективті қайшылықты анықтаумен байланысты.

Ю.Н. Кулюткин кәсіпкер ұстаздың іс-әрекетіндегі “мөлшерлік шығармашылық белсенділіктің” ара қатынасы мазмұны мен мәнінен бөлек, абстрактылы түрде қарастырылмайды дейді. Егер “іс-әрекеттің немқұрайлы іс-әрекеттік құрылымымен бірге ұстаздың шығармашылық белсенділігі де мөлшермен берілсе, жаңа педагогикалық ойлар және оларды шешу ұстаздың өзінен күтіледі.

Педагогикалық жаңалық - жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы.

Дәстүрлі оқу пәндерінде шоғырландырылған мақсат пен міндеттер қойылмайды, пәнді меңгерудің басты міндеті болып, ғылыми міндеттерді фотографиялық түрде меңгерту, көбінесе есте сақтау мен қайта жаңғырту деңгейінде (кей кезде ойлау қабілетінің қатынасынсыз) ғана қалады. Мұғалімдердің жұмыс тәжірибелерін зерттеу, когнитивті ауқымдағы (Б. Блум) білім беру мақсатының технологиясымен сәйкес, мұғалімнің зейіні мен меңгерілген материалды “Білімділігіне” және “Түсініктілігіне” шоғырланады, ал талдау-жинақтауға, оқушылардың әрекетін өздік бағалауына, мұғалім іс-әрекетіне аз деңгейде назар аударылатынын көрсетіледі.

Педагогтың кәсіби даярылығындағы технологиялық принцип болашақ мамандығына бағдар беретін оқытудың мақсат, мазмұн, оқыту әдістерінің бірілігі болып табылады.

Оқыту технологиялары теориялық негізде құрылады: егер, Л.В. Занков әдістемесі Л.С. Выготскийдің дамыту теориясына негізделсе, ол өзінің принципін содан іздеп табады. Оқушылардың теориялық ойлауын дамыту, оқу материалының теориялық күрделілігінің жоғары деңгейі, оқу жұмысының жоғары темпі оқушылардағы жеке тұрғыдағы бағдар.

Оқыту технологиясының генетикалық дерекнамасы педагогикалық эвристикадан алынған дейді Д. Пойа. С.Л. Рубинштейннің, А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориялары қазіргі оқытудың инновациялық технологияларының әдіснамалық негізі.

Педагогикалық технология үш аспектіде қаралады:

ғылыми;

процессуалды-сипаттамалы;

процессуалды-әрекеттік.

Осындай жолмен педагогикалық технология оқытудың рационалды жолдарын зерттеуші ғылым ретінде қызмет етеді, сонымен қатар тәсілдер жүйесі ретінде, принциптер мен оқытуды зерттеуші қызметін атқарады.

Кез-келген педагогикалық технология философиялық негізде қаралады. Философия жалпы реттеуші білім беру технологияларын әдіснамалық қамтамасыз етеді. Философиялық тұрғы білім беру мазмұнында, пән мазмұнында басшылыққа алынады. Бірақ, идеологиялық бағдарда бірізіділік жоқ, сондықтан мектептегі білім мазмұны әлемнің бүтіндей картинасын бере алмайды. Әдістер мен тәсілдердің философиялық негізін байқау қиын, ал технология бөлігі бір философиялық негізді ұстанушы ретінде қызмет ете алады.

Көптеген педагогикалық технологияларда кездесетін философиялық бағыттар:

материализм және идеализм;

диалектика және метафизика;

гуманизм және антигуманизм;

антропософия және теософия;

прагматизм және экзистенциализм.

Педагогикалық технология дерекнамасы педагогика, психология және әлеументтік ғылымдар, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе, халықтық педагогика, отандық және шетел педагогикасындағы озық идеялар болып табылады. Кез-келген қазіргі педагогикалық технологиялар педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктері дғстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені, әлеументтік прогрестің жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация мен демократия жемісін жинақтаушы болады.

Бір технологияның өзі әр орындаушыда әр түрлі сипатта болуы мүмкін, өйткені, шебердің тұлғалық компетенттілігі, оқушылар контингенті, сыныптағы психологиялық ахуал, көңіл-күй әр түрлі болуы мүмкін. Бір технологияны қолданғандағы әр педагог алған нәтиже әр түрлі болғанымен, бірі-бірімен ортақ технологияның сипатына сай белгілері болады.

Педагогикалық технология М.В. Клариннің анықтауында: “Педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық, дара, инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді. Ғалым-академик В.М. Монахов оқыту технологияларының практикадағы қолданыс аясын тереңірек зерттей келіп, оны жаңаша қырынан танытады. Ғалымның пікірінше: “Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі”.

Педагогикадағы ғылыми ой-тұжырымдардың негізінде В.П. Беспалько: “Оқу технологиясы – тәжірибеде жүзеге асырылатын, белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы”, - деп көрсетеді. Мұнда ғалым педагогикалық ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде қарастырады.

Педагогикалық технология білім алу іс-әрекетіндегі амалдардың негізінде таңдалған кәсіптік қызметтің тәсілдерін, қабылдаушылардың танымдық іс-әрекеті деген анықтама береді. Сонымен, технология деп белгіленген мақсатты тиімді орныдау үшін материалдарды түрлендіру процестері мен әдістердің жиынтығы және бір ізділігін, кешенді бірлігін айтуға болады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Кукушкин В.С. Современные педагогические технологии. Начальная школа. Пособие для учителя. (Серия “ Учение с увлечением”). – Ростов н/Д: изд-во “Феникс”, 2004.- 384 с.

2. Подласый И.П. Педагогика начальной школы: Учебное пособие .- М.: Гуманит. Изд.центр ВЛАДОС, 2000.- 400 с.

3. Ш.Т.Таубаева, С.Н.Лактионова Педагогическая инноватика как теория и практика нововедений в системе образования.- Алматы, Научно-издательский центр “Ғылым”, 2001 г., 296 с.



К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2005


 © 2014 - Вестник КАСУ