Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

К списку победителей

АБАЙ АТАҒА АРНАУ

Эльвира Бауржанова

Халықтың мұңын жазды әсірелеп,

Біз білеміз, ол - данышпан, Абай ақын.

Көпті көрген, еңбек еткен несібелі,

Бар бауырды өзіне тартты жақын.


Ел мойындап, құрметтеген Абайды,

Сөзбен жеңді, шаң қақтырды талайды.

Рақат алам Абайдың әр сөзінен,

Ыстық отты, жалынды,

Байқаймын мен көзінен.


Шындықты тура айтып, сыйлы болды қауымға,

Жазды өлең қыс, суық, жылы жел, дауылға.

Бұдан мен ақынның қасиетін байқадым,

Адамгершілігі мол, жаман жағын таппадым.


Ғибрат алам Абайдың әр өлеңінен,

Әр өлеңі жазылған шын көңілменен.

Ішкі сырын бар тәніммен жеткізіп,

Үлгі болды халыққа тәрбиелі сөзімен.


Қара өлеңі ғажап сырға толы,

Өлеңдері әсерлі, астарлы да ұғымды.

Ел мақтанар оның ұлы сөзімен,

Мәңгі сөнбес Абай ақын есімің!


 © 2024 - Вестник КАСУ