Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

К списку победителей

Бекжан батыр жайлы әңгіме

Тамаша Рахат

Жарма жері өзінің бай тарихын орынды мақтан етеді. Ауданның өткені, өркендеу кезеңі бүкіл Қазақстанның даму тарихымен тығыз байланысты. «Жалынды менің өр Жармам» деп ақындар жырлағандай, ауданымыздан даңқты тұлғалардың шығуы таңқаларлық жағдай емес.

Ауданымыздан билер мен батырлар, шешендер мен ақындар көп шыққан. Сол тұлғалардың бірі - Бекжан батыр. Бекжан батырдың туған жері - Жарма ауданы Қарасу ауылы. Табиғаты ерекше жаратылған өте сұлу өлке.

Бекжан Құттымбеттің немересі. Бәйбішесі Құндыздан туған екі ұлдың бірі. Ағасы Берназар қалмақтармен болған бір айқаста қатты жараланып, содан көз жұмады. Сол кездің өзінде әмеңгерлік дәстүрі бойынша «аға өлсе, іні мұрагер» деп жастай жесір қалған Ақбикешті Ерназарға қосады.

Атадан балаға көшіп отырған торкөз «Қаншықпас» сауытты енді Ерназар киеді. Ағасының атын өшіргісі келмей, екінші жағынан өте ақылды жеңгесі Ақбикештің құрметіне «Қаншықпасты» «Ақбикеш» деп атайды. Ерназар да аты шыққан батыр атанып, кейіннен оның есімі ел арасына кеңінен тарайды. Батыр туралы әңгіме болғанда «Ақбикеш» сауыт қоса аталған. Осы Ерназар мен Ақбикештің махаббатынан дүниеге Бекжан келеді.

Сәби алты жасқа келгенде, әкесі өмірден озып, бала жетім қалады. Бұл мөлшері 1710-1715 жылдар аралығы. Енді Бекжанның тәрбиесіне Ақбикештің өзі араласып, соғыс өнеріне баулытқызады. Жаттығу кезінде келешек ел қорғаушы өзінің керемет күшімен, ептілігімен көзге түседі. Сөйтіп, ержеткен Бекжан қалмақтармен болған қанды айқастарда, жекпе-жек ұрыстарда сан ерлік көрсетіп батыр атанған. Ұлы батыр бабаның есімі ұрпақтан-ұрпаққа аңыз болып қала бермек.

Қорыта келе, кешегі ата-бабаларының, аға буынның ерлігі мен өнегелі істерін, ізгі дәстүрлерді бойыма сіңіріп, өз өлкеме мақтанышпен, оның өркендеу жолында бар білімім мен күш-жігерімді аянып қалмасым анық.


 © 2024 - Вестник КАСУ