Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

К списку победителей

Ауылым - алтын бесігім

Айсұлу Кәкімжан

Ауылым айналайын ақ  бесігім,

Ата мекен  ашты маған есігін.

Еркелетіп әнге бөлеп өсірген

Жүрегімде «ауыл» деген есімің,

демекші бірлігі мен ынтымағы жарасқан Бірлік ауылы жайлы айтқым келеді. Әр аймақтың табиғаты мен жер бедерінің өзгешелігі болатыны сияқты, біздің өңірдің де өзіндік ерекшелігі, тарихы бар. Бірлік ауылы – жері мал өсіруге қолайлы, топырағының құнарлығы жақсы өнім алуға қолайлы. Ауылымыз тоғыз жолдың торабында орналасқан.

«Жеті үй» деп аталған ауылымызға тың игеру кезінде бірнеше ұлт өкілдері қоныстанған. Ауыл тұрғындарымен тату-тәтті өмір сүрген олар бүгінде жан-жаққа көшіп кетсе де, өздерінің туған жерлерін сағынышпен еске алады.

Кейіннен ауылымыз - «Красное знамя» колхозы болып аталып, орталығы Вознесеновка болып аталды. Колхоздың құрамына Ақбұзау, Қарақожа, Батуринка, Маршан ауылдары кірген. Өздеріңізге белгілі жазушы - Әзілхан Нұршайықовтың туған жері Ақбұзау ауылы кезінде колхоз орталығы болып, онда мектеп-интернат болған екен.

Бүгінгі таңда ол ауылдағы бала санының аздығына байланысты  бастауыш мектеп жабылып, жеті - ақ отбасы қалған. Ауылдың әлі күнге дейін іргесі сөгілмей, ондағы Әз - ағаның тұрған үйінің әлі күнге дейін сақталып келгені қуантады.

Ал Батуринка ауылы туралы айта кететін болсам, табиғатының әсемдігіне сөз жетпейді. Жағалай өскен қалың тоғай, жеміс ағаштары көз тартады. Ондағы «Голубина» деген үңгір туралы соғыс азық-түліктің сақталуы жайлы әңгімелер бар.

Қарақожа атты ауылда кезінде Қарақожа батырдың өмір сүргені туралы деректер бар. Бұл туралы әлі ізденіс үстіндемін. Ол ауылдың өзі таулардың ортасында орналасқан. Көктем шыға келе әсем табиғатымен көз тартады. Қызыл кітапқа енген «Марьин корень», «Купальница» деген гүлдер ерекше өседі. Алысқа кетсем, ауылымды сағынамын. Бүгінгі таңда ауылымыз өркендеп келеді. Қорыта келе, өсе келе мен де өз ауылымның гүлденуіне үлес қосамын деген ойдамын.


 © 2024 - Вестник КАСУ