Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

К списку победителей

Жалаңаш батыр жайлы

Жұпар Жігер

Менің ата-бабам Қытайдан бізді, яғни ұрпағын өзінің тарихи отанына алып келді. Ол кезде мен кішкентай едім. Өсе келе мені өлкемнің тарихы қызықтыра бастады. Ізденіс кезінде байқағаным, қасиетті Жарма жерінің тарихы өте қызық екен. Семей қаласына барар жолда Ұзынжал деген ауыл бар, сол жерде аруақты батырлар дүниеге келіпті.

«Ұзынжал» елді мекені аудан орталығынан жүз шақырым қашықтықта орналасқан. Бір қарағанда айналасы құмдауыт, жазық болып көрінеді. Табиғаты өте бай. Мал ұстауға қолайлы. Шар өзені түбінен ағып жатыр. Мұның өзі зор байлық емес пе?! Жергілікті халық ертеден өзен суын тиімді пайдаланып, егін егіп, шабындықтарға су жайған. Егіс алқаптарына тартылған үлкенді-кішілі тоғандардың сілемі әлі бар деседі.

Кешегі Бекжан, Жалаңаш батырлар осы елдің мақтанышы, олардың ерлігін халқымыз бүгінгі күнге дейін қастерлейді. Жалаңаш батыр туралы дастан жазылған екен, бірақ оны таба алмадым. Батырдың сүйегі «Қызыл шілік» бөлімшесінен екі шақырымдай жерде жерленген дейді. Жалаңаш батыр ғана емес, аруақты, әулие адам болған.

Бір қызығы, Жалаңаштың жолдасы үш ай бұрын түсіпті де, өзі он екі айдан кейін туыпты дейді. Содан Жалаңаш атаған деседі. Сол батырымыз жоңғарлардан жерімізді тазартудағы ұрысқа қатысқаны анық. Асқан күш иесі айла-тәсілдерді өте тиімді пайдаланған.

Қалмақтың Жырық деген батырымен айқасқа шыққан кезде кеудедегі сауытын шешіп жалаңаш шыққан дейді. Осыдан кейін Жалаңаш батыр атанған деген деректер де бар. Жүрек жұтқан, елінің қамын ойлайтын батырлар көп болғай.


 © 2024 - Вестник КАСУ