Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

К списку победителей

Қоянның достығы

Алуа Саудабаева

Ерте, ерте, ертеде,

Ешкі жүні бөртеде.

Күндердің бір күнінде ну орманның ішінде қоян мен тиін өмір сүріпті. Олар ажырамастай дос болыпты. Олардың достығына орманның барлық жануарлары қызығыпты. Олар қайта - қайта ұрысып, бір - бірін ренжіткенмен, ертеңінде қайтадан татуласатын. Үлкен орманның ішінде тек бір ғана тышқан олардың достығын көре алмапты. Ол тышқан қоян мен тышқанды араздастырғысы келетін. Бір күні тышқан қоянның қысқа жинаған бес қап сәбізін алып кетті. Бес қап сәбіз тұрған жерге тиіннің жаңғақтарын қойып кетіпті. Қоян оны көре салысымен сәбізді ұрлаған тиін деп ойлады. Сол сәтте ол тиінге барып мән - жайды сұрайды. Тиін қоянға сәбізді ол ұрламағанын айтса да, қоян оған сенбеді. Солай қоян тиінге ренжіп, енді ешқашан дос болмайтындығын айтып кетіп қалады. Тиін мұңайып орман ішінле келе жатты. Бір кезде алдынан тышқан шықты. Ол қоянға:

- Неге сен мұңайып жүрсің? - деді. Ал қоян болған мән - жайды айтып түсіндіріп берді және ол бес қап сәбіз алқаптағы ең соңғы сәбіз екенін де түсіндіріп берді.

Қоян мен тышқан уақыттың қалай зымырап өтіп кеткенін де байқамай қалған еді. Кеш батты. Екеуі да үйлеріне тарқасты. Таң атқанда, қоян далаға шығуға дайындалып жатқан еді. Далаға шықса, есік алдында бес қап сәбіз тұрғанын көрді. Кім әкелгенін білмей жан - жағына жалтақтай қарады. Бір кезде қаптардың арасынан тышқанның шыққанын көрді. Қоян барлық қаптың тышқан алып кеткенін белмеген еді. Қоян тышқанға алғысын айтып, мәңгілікке тышқанмен дос болып қалады. Ал тиін болса, осы уақытқа дейін жалғыздықта өмір сүрген екен.

Мен осы ертегі арқылы балаларға ешқашан да мән - жайды білмей, ешқандай шешім қабылдамаңдар дегім келеді.


 © 2024 - Вестник КАСУ