Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

К списку победителей

Алтай

Наргиз Токтажанова

Ертеде бір Қазақ деген кедей малшы болған. Бір кезде оның әйелі ұл сыйлады. Ұлдарының атын көп ойлап Алтай деп есім берді. Алтай сөзінің мағынасы байлық және алтын. Соған байланысты сәбилері шаңыраққа байлық әкелсін деп ырымдап қойды. Тұрған жерлері құрғашылық, жел, жасыл шөп жоқ, сексеуіл өсіпті, кепкен қаңбақ желмен жарыса ұшыпты. Олардың жейтін тамақтары болмады. Қысқа құрт жасап  күндерін көрді.Теріні илеп киім  тігіп киеді.

Күндер өтіп жатты. Алтай он екіге келді. Әкесіне болысып мал жайды. Көзін ашқаннан бастап тұрған жерлерінің сұлу табиғатын көрген жоқ.

Алтай мал жайып жүріп, алыстан елік көрді. Еліктің баласы орнынан тұра алмай жатқаның көріп жақындады. Еліктің баласына тіл бітіп: «Алтай сен мені алысқа шөбі көп, суы мол, табиғаты әдемі, биік тауға арапшы», - деп өтінді. Алтай: «Мен ондай жерді білмейді екенмін», - деді. Мен саған жол сілтеймін.

Алтай көп ай-күндер жүріп жасыл шұрайлы жерді тапты. Елік Алтайға рахметін айтты. Осындай мекенді тапқаны үшін халық таудың атын Алтай деп атап кетті. Алтай тауының етегіндегі созылып жатқан елді әкесінің атымен ҚАЗАҚ деп атап кетті. Қазіргі кезде Алтай тауының шыңдары аспанмен тіресіп, халқына жылдар бойы қарап, тыныштығын сақтап келеді.


 © 2024 - Вестник КАСУ