Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

К списку победителей

Қубас ат туралы аңыз

Алдияр Төлеубеков

Боранбай ауылы үстімен

Жол жүрдік атам екеуіміз.

Сол жолда аттың мүсінін

Көріп қалдым абайсыз.

Мынау қандай мүсін деп,

Атамнан жөндеп сұрадым.

Қарап ап маған, күлімдеп

Айтып берді былай деп:

***

«Баяғы өткен заманда

Дін мұсылман аманда

Батыр болған Қабанбай

Серігі жоқ Қубастай.

Қабанбайға ат керек,

Мұны естіген Боранбай

Қабанбайды шақыртты,

Ұланбай мен Бұланбай

Үйір-үйір жылқының

Ішінен арда емгенін

Би Боранбай ұнатып

Қабанбайға береді.

Қабанбайға ұнайды.

Қабанбайдың серігі

Қубас деген ат болды.

Жекпе-жекте батырға

Тұғыр болған Қубас ат,

Шайқасқа түскен батырға

Қуат берген Қубас ат.

Батыр баба айтыпты:

«Мінгенім менің Қубасты,

Қубастай жылқы тумас-ты».

Қубастай мықты жылқымен

Батыр тіпті серттесті.

Қабанбай бабам Қубасты

Серік қылған қырық жыл,

Қабанбай батыр өлген соң

Аманат қып алыпты

Би Боранбай нағашы.

Қартайған Қубас орнынан

Тұра алмай жатқанда

Деген екен Боранбай:

«Қабанбайлап, ұранда!»

Елігіп айғай-ұранға

Кәрі тұлпар жөнелді,

Жағалбайлы тауына

Жетіп жанын тапсырды.

Тарбағатай тауының

Жағалбайлы биігі

«Қубас аттың кезеңі»

Атап кетті ел игі».

***

Атам айтты осылай

Қубас аттың аңызын,

Жақсылап сақтап есіме,

Түсініп алдым маңызын.


 © 2024 - Вестник КАСУ