Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

К списку победителей

ҰМЫТ БОЛҒАН АҢЫЗ

Дания Жанабаева

Ұлан деп әнімді айтсам ұлан болып,

Сағыныш жетелейді құрақ болып

Сағындым сылдыр бұлақ, тау тасы да

Арсылдап үрген итті үй маңында.

Сағынышты басқым келет жұмсақ қана

Бір аңызды айтайын жырлап қана

Сол кез жаздың бір гүлі еді.

Жоңғарлармен қан төгіс еді.

Екі елмен бір дүние соғыс еді.

Күніміз шапқындықпен өте берді

Әкем батыр ел үшін өмір сүрген

«Ел үшін де өлуге даяр» - деген.

Әкем маған асқар тау боп көрінетін

Ешқашанда алынбас қорғанмен тең.

Бір күні суық хабар жетіп келді.

Хабаршы - ау деймін кіріп келді,

Ойбайлады ол да тұрды жылап.

Анам байғұс шошып кетті хабардан

Маған қарап жылай берді тағы да.

Ал мен болсам жылап тұрдым іштен ғана.

Бұл хабардың мән - мәнісі бұлай еді.

Қан майданның заңы солай әйгілі

Ел үшін өлуге даяр болған еді.

Қаза болды қайсарлықтың жолында

Қаза болды жауының қолында.

Бұл хабар қайыстырды қабырғаны

Бұдан бастап антымды бердім мәңгі

«Жоңғарларды өлтірем» деп өскенде.

Талай жылдар, өсе бердім ыза менен.

Бала жүрек кетті-ау деймін кекпенен.

Жатталмадым қарау менен жұлдызға

Көп дайындалдым аттану үшін жорыққа.

Сәті түскен болды ғой дейін бұған да.

Ханымыз жинады бәрімізді құрылтайға

«Ешбір батыр қалмасын» деп сырт жақта.

Жиналдық құрылтайға баршамыз.

Нақты шешім қабылдадық бәріміз.

Таң атысымен жиналамыз төбеге,

Шабуыл жасап жоңғарларға шабамыз.

Таң сәріде аттандық біз жорыққа

10мың түмен туымыз биік болды да.

Нақ қадаммен баса бердік алдыға

Белгіленген нүктеге келіп жеттік.

Тосыннан біз шабуылдадық

Екі елдің арасында соғыс жүрді.

Ортасынан таптап өттім барлығын.

Ортаңғы шатырға бет алдым

Қарамадым өзгелерге бұрылып

Ең алдына келіп түстім шатырға,

Қылышты алып беттедім тура ханға

Келдім - дағы ханды өлтіріп тастадым.

Енді шығып туға қарай беттеп едім

Артымнан үш аттылы қарғып шықты

Шауып келіп атымнан құлап түсірді.

Сол жерден өмірден өтіп кете бердім.

Айдала тірі жан жоқ жанымда

Тек қыран келіп қонды үстіме жай ғана.

Айдалада сол құс маған қорған болды

«Әкем бе?» деп күліп қана кете бердім

Кішкентай болса да тауым бар

Бүркітке мен ұқсатқам

Бірақ оны барлығы «шляпа» деп таныған

Осы менің аңызым жалған болса болжамым.


 © 2024 - Вестник КАСУ