Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

К списку победителей

БҮРКІТ ТАУЫ

Сания Ахметкалиева

Көшпелі халық қазақ жұртының қиыр жайлап, байдың ауылы бұл жайлауға ерте көшкен еді. Көлдің жағасына келіп көш басын тіреді. Көгал қуалай қонған қалың ауылдар жарыса кереге жайып, шаңырақ көтерісті. Айдын көлге сансыз аққу келіп қонғандай болды. Көк шалғыны теңіздей тербеліп, толықсып тұрған дала әп-сәтте төрт түлікке толып кетті. Құлындар шұрқырап, қозы-лақ шулап, аспан асты әуенге толды.

Осы ауылдың Бүркіт деген байы болыпты, оның көздің қарашағындай жолбарыстай айбатты бір ұлы болыпты. Айдай сұлу, көркіне сай ақылды жолдасы болыпты.

Ауылы өте бай екен. Шұрқыраған жылқылары, сай-сайдың іші толған мал болыпты. Бәрі жақсылықта, махаббатта, баршылықта өмір сүріп жатыпты.

Бірақ адамдар осы байлықты көтере алмай бір-бірімен ұрсыса бастапты.

Бір-біріне қастық жасап, малдарын ұрлай бастады. Ауылы бөлініп, ауылдардың арасында соғыс басталды. Балалар әкелерінен айрылып жетім болып, әйелдер ерлерінен айрылды. Бұны көрген Құдай:

- Мен адамзатқа бір сынақ жіберейін - деді.

Өзінің қаһарын аспаннан түсіріп, жер үстіне қара құйын түсіріп, аспанда найзағай ойнап, бұлттар жерге түсіпті. Жерді топан су басыпты, толассыз шелектеп жауған жаңбыр тоқтамапты.

Бай өз елінінің болашағына қатты қынжылыпты. Бүркіт бай халқын құтқару үшін, кешірім сұрауға жолға шығады.

Ол ұзақ жол жүрді, алдынан талай қиындықтар кездесті. Биік-биік таулардан, өзендерден өтті.

Ең биік таудың шыңына шығу керек болды, жарқылдаған найзағай, қатты жауған жаңбыр Бүркітті артқа тартса да, оның көз алдында өзінің халқы тұрды. Таудың шыңына шыққанда оңын көзі жарқыраған күн сәулесінен көзі ашылмады. Құлағына: «Ей адамзат, мында қандай жұмыспен келдің?» - деген дауысты естіді.

Бүркіт ақырын көзін ашса алтын тақта, ақ киімді, басындағы тәжінде жарқыраған күн, екінші жағында ай. Белінде белдігі алтыннан, қымбат тастардан жасалған - екен.

Бүркіт тізерлей сала Құдайдан кешірім сұрады:

- Халқымды құтқарыңызшы. Елімді су басты, халқымды құтқарыңызшы – деп, жалынды.

Оған аспан Тәңірі:

- Бүркіт сен өз басының пайдасын ойлап келген болсаң көмектеспеуші едім, халқыңның болашағын ойласаң көмектесейін –деді.

Сонда Құдай былай дейді:

- Өз елің судың астында қалмасын десең бұлттарды көтеруің керек. Ол үшін тауға айналасың - деді.

Бүркіт бай көп ойланбастан өз шешімін айтты.

Бүркіт өз еліне келіп, елімен қоштасып, аулының үстіне көк аспан түспеу үшін, бұлттарды жоғары көтеру үшін тауға айналады. Аспанның бір жағын, бұлттарды көтере алмаған Бүркітке оның сұлу әйелі келіп көмектеседі. Анасын және әкесін қимаған, өз елі үшін жанын пида етіп жалғыз көздің қарашығындай ұлдары келіп аспанға тірек болады.

Сол ерте кезден бері таудың аты - Бүркіт. Әлі күнге дейін өз халқын қорғап, биік басы ашық аспанды тіреп халқына қарайлап тұр. Оның ауылы Опытное поле.


 © 2024 - Вестник КАСУ