Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

К списку победителей

ЖАРМА АУДАНЫНЫҢ АШЫЛМАҒАН СЫРЛАРЫ

Қуатбек Жайдарман

Бүгінгі ХХI ғасырдағы Қазақстан азаматы, өзін мемлекеттің өкілімін деп санайтын әрбір адам еліміздің, өзінің өлке тарихын білуі тиіс деп ойлаймын. Сондықтан мен өзімнің туған жерім Жарма өңірінің әлі де ашылмаған сырлары туралы зерттеуге бел шешіп кірістім. Мені ерекше қызықтырғаны Суықбұлаққа жеті шақырым қалғанда тас жолдың батыс жағында Шар өзенінің бойында тұрған «Қыз бейіті немесе Қыз әулие» бейіті. Бұл кісі туралы көптеген аңыздар бар екен. Бұл туралы «Қазыналы Қалба» деген кітапта Қайыртай Керейбаев жазған екен. Өзімді ерекше қызықтырғаны соншалық басқалармен бөліскім келгенін жасырмаймын.

ХIХ –ғасырдың 30- жылдарында бұрынғы Шар ауданы, Киров атындағы кеңшар қазіргі Қоңырбиік ауылдық округі жерінде осы елде Мамажай деген молда өмір сүріпті. Мамажайдың орта жасқа келгенде бір қыз бала көреді. Қыз баланың айрықша белгілері ол үш айға толғаннан кейін ерекше айқындала бастаған. Ел қыстаудан көшіп Шар өзенінің бойына келіп қонған кезі. Әкесі Мамажай біраз демалайын десе бесікте жатқан бала жылап, мазасын ала береді. Тербеткенге де уана қоймайды. Ыза болған Мамажай дауысын шығарып жағың қарыссын деп тербете бастаған екен.

Сол-ақ екен, жылап жатқан қыз жылағанын тоқтата қойып, анық сәби дауыспен: «Сенің жағың қарыссын, Мамажай» - деген екен дейді. Жалма-жан жылап жатқан қызының бетін ашып қараса, қыз кемсеңдеп әкесінің бетіне қарайды. Одан әрі бала мүлдем тіл қатпапты.

Осындай оқиғадан кейін әкесі қызын үшкіріп, бесікті отпен аластайды. Бұдан біршама уақыт өтеді. Бұл оқиға тағы қайталанады. Оқиғаны өзінен басқа ешкім білмейді, айтуға дәті бармайды. Ал қызы отыра бастағаннан бастап тілі шығып сөйлей бастайды.

Үш жасқа келгенде шешесінің атын атап,өзінің туған күні төбеде қызылды-жасылды не ілініп тұрғанын сұрайды. Шешесі ойлана келе қызы туатын күні алаша тоқуға иірген жіпті бояғаны есіне түседі. Қызының сұрап отырғаны сол екен.

Бес жасқа келгенде нақышына келтіріп Құранның ортасын ашып қойып нақышына келтіріп оқып отырған қызын көргенде әкесі мүлдем қорқып жамандыққа жориды. Бақсы – балгерлерді шақырып кітап ашқызып, құмалақ салдырып тексертеді. Баланың денсаулығы жақсы, ақылы есі дұрыс дейді.

Әулие қызды көремін деген маңайдағы елдің адамдары Мамажайдың есігін босатпайтын болды.

Шынымен де қыз өсе келе сол өңірде не болатынын, қай жерде кім ауырып жатқанын, оның емі неден екенін айтып отыратын болыпты. Бірақ қыз жастайынан көз тиіп қайтыс болады.

Өзім де Семей қаласына жол жүріп бара жатып көріп таң қалдым. Шынында да біз білмейтін Жарманың беймәлім жерлері көп екен.

«Қыз бейіті» Суықбұлаққа жеті шақырым қалғанда тас жолдың батыс жағында Шар өзенінің бойында тұр. Зираты жаңартылған. Ары-бері өткен жолаушылар әдейі тоқтап ақтық байлап, құран бағыштайды.


 © 2024 - Вестник КАСУ