Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

К списку победителей

ТУҒАН АУЫЛЫМ

Гаухар Қауая

Тұрағымсың Бозанбайым жайнаған,

Бір өзіңсің жүрек жырын қозғаған.

Алыс кетсем сағыныштан кеудемде,

Өзіңді аңсап бота жүрек боздаған.

Бір өзіңсің бақытым да барымда,

Бір өзіңсің шаттығымда бағымда.

Жан ауылым өркендей бер, өсе бер,

Рухани жаңғырудың жолында.

Қыраттарың Алтай таудың сілемдері,

Бетін басқан жасыл шөбі кілемі.

Бозанбайым сенде тұру кейбіреудің

Болып жүр ғой асқақ арман тілегі.

Өзің менің ең ғажайып жұмағың,

Сылдырлайды мөлдір суың бұлағың,

Сені мәңгі қастерлеумен өтемін,

Туған жерім атамекен тұрағым.


 © 2024 - Вестник КАСУ