Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

К списку победителей

КӨКЖАЛ БАРАҚ ТУРАЛЫ АҢЫЗ

Көркем Калимат

Мен Жарма ауданы Бірлік ауылында тұрамын.Қай елді мекеннің болмасын өзінің атақты адамдары болады. Ал мен болсам, Жарма өңірінде туған Көкжал Барақ туралы айтқым келеді. Осындай баhадүр батырдың киелі Жарма жерінде дүниеге келгені кімді болса да таң қалдыратыны анық.

Сонау ерте заманда Шүрек батыр ұлды болуды армандайды. Алайда әйелінің аяғы ауыр кезінде Шүрек жорықта жүріп қаза табады. Содан әйелі босанғанда қатты қиналады да, біраз уақыттан соң қайтыс болады. Ол өлер алдында ұлының маңдайынан бір иіскеп, Абылай ханға тапсырып кетеді. Әйел қайтыс болған соң Абылай оған Барақ деп ат қояды. Барақ өзі алпамсадай, ірі денелі болып келеді. Оның басқа балалардан ең бір ерекшелігі желкесінен бастап қыр арқасына дейін жалы болады және ол түнде көк жалын болып жанады дескен. Содан халық оны Көкжал Барақ деп атап кеткен. Көкжал Барақ 6 жасынан қолына қару ұстап, 20 жасынан қол бастаған. 54 жыл ғұмырында талай жаудың батырын жеңіп, Абылай ханның ақ туының астында ерекше ерлігімен әйгілі болған. Содан ол Шуға құятын кең алқапта Қырғыздармен болған айқаста 69 жасында қаза табады. Ал Барақ Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданындағы Қызылсу мен Шар өзендері бойындағы төбеде дүниеге келген. Сол төбенің Көкжал Барақ төбесі атануының сыры сонда.

Ал мен тұратын Бірлік ауылында «Барақ шыққан» деген төбе бар. Менің ойыма бірден кезінде осы төбеге Барақ батыр шығып тұрып, Малай жеріндегі бір қыздың көзі маған өтіп тұр деген әңгімесі түсті. Бұл аңыз ба кім біледі бірақ үлкендердің аузынан осындай қызықты әңгімелерді естігенде таң қалғанымды жасыра алмаймын.

Күнде таңертең ауыл адамдары сол жаққа қарай мал айдайды, яғни малдың өрісі сол жер. Тіпті мектеп бітіруші түлектер оқу бітіргенде сол киелі төбеге барып күннің шыққанын қарсы алады, армандарын айтады. Демек, киелі топырақ ұлы адамдарды туғызатыны анық. Мен сол жерде өсіп-өніп жатқанымды мақтан етемін.


 © 2024 - Вестник КАСУ