Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

К списку победителей

ЕР ЖӘНІБЕККЕ АРНАУ

Жақсыбек Өнербек

Ассалаумағалейкум, алқалы елім,

Ақындыққа бет бұрған балаң менмін.

Өлең арнап,өрнектеп Жәнібекке,

Тарихты бір парақтап алған едім.

Абақ Керей руының бір тарланы,

Қазағымның хас батыры, арланы.

Қол бастаған өр тұлғалы батыр едің,

Қалың елдің үміті едің, арманы.

Қаз дауысты Қазыбегім тәрбиелеген,

Ұлы ханым Абылайым басын иген.

Қол бастаған ұлық едің, ер едің,

Туған елің ардақтаған, киелеген.

Жарма елім,киелі туған өлкем,

Соңғы сәтін киелеген жырмен көркем.

Ортабұлақ мекенің мәңгі сенің,

Әлдилеген жер бесік көркемдікпен.

Биік рухын көкке өрлеп қыраттардан,

Ескерткішің үнсіздікке сыр ақтарған.

Қос төбетің ұйқыңды күзетіп тұр,

Ғасырлармен есімің де ұлықталған.

Ғасырлар алмастырды бірін-бірі,

Өшкен жоқсың, өр тұлғаң сенің тірі.

Дархан далам алдыңда басың иіп,

Жыр арнады Керейіңнің мендей ұлы.

Сен мәңгісің, сен тарихсың, сен биіксің,

Аңыздарда ұлықталған «ор киіксің».

Ер басыңды ұлықтатқан мыс пен тасың,

Мәңгілікке жыр болуға тиістісің.


 © 2024 - Вестник КАСУ