Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

К списку победителей

ТУҒАН ЖЕР

Жадыра Еркін

Туған жерім сен қандай көрікті едің,

Мұншалықты сұлулық көріп пе едім?

Жоқ, көрмедім мен мұндай кереметті,

Үнсіз қарап, өзіңе еліктедім.

Қуанамын, қуанам, шаттанамын!

Туған жерім, еліммен мақтанамын.

Туған жерді суреттеп сөзім жетпес,

Туған елге көп менің ақтарарым.

Туған жерім, бір өзің – алтын бесік,

Иісіңді сездірер самал есіп.

Өзің барда сескенбей, тік жүремін,

Сен барда ашылғандай барлық есік.

Көз тоймай, көп қараймын сұлулыққа,

Ғажайыптан жаралған сұлулық па?

Ертегілер елінде жүргендеймін,

Масаттана бөленіп жылулыққа.

Дархан дала, асқар тау, ағынды өзен,

Бәріне кезек-кезек қарап келем.

Қараймын да, тамсанып, таңқаламын,

Тамаша еді, шіркін-ай, мынау неткен!

Құшақ жайып тұрғандай дархан далам,

Қалам алып, жыр жаздым арнап саған.

Қасиетті Туған жер – киелі ана,

Арқау болып, шын шабыт бердің маған.

Небір әсем заттарға толы ғалам,

Жетпейді сұлулыққа сен арнаған.

Туған жер сенің әрбір тасың, тіпті,

Бір уыс топырағың ыстық маған!


 © 2024 - Вестник КАСУ