Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

К списку победителей

МАРҚАКӨЛ АУЫЛЫ

Равиль Дүсіп

Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға - әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі жерім Марқакөл. Марқакөл - ұшса қыран қанаты талатын қазақ даласының шығысында орналасқан әдемі көлдердің бірі. Суының мөлдірлігі мен көлді айналдыра қоршаған биік таулардың және әсем шыршалардың келбеті табиғатқа керемет көрініс береді. Кішкентай кезімде осы ауылымның таза ауасымен, хош иісі аңқыған гүлдердің иісімен, ауылымның ыстық түтінімен демалып өстім. Әр адамның өз ортасы,өз ауылы ыстық қой?! Менің ауылымда көптеген мәдениет үйі мен мешіт, мұражай, тіптен саябақта бар. Ауылымның кешкі табиғаты мүлдем өзгеше. Өзге ауылға қыдырып бара қалсам, туған ауылымды сағынамын. «Отан - оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде, ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен. Марқакөл өңірі тұнған шежіре. Теректі өзенін жағалай орын тепкен біздің елді «Марқакөл елі» деп атайды. Ауылым деп соққан балалық болған жүрегім мені ауылымның тарихын білу үшін алдымен өзімнің туған жерімнің тарихын білуім керек деп ойлаймын. Бұл менің үлкен өмірге аяқ басқан алғашқы қадамым. Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент.

Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер. Ауыл ата-бабамыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған, маңдай тері төгілген киелі мекен. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Қарап тұрсақ, адамдықтың өзін еңбегінің өтеуін сұрамайтын аңғал даладан үйренеді екенбіз. Туған жер төсінен жырақта жүріп, сағынып келіп құшағына ден қойғанда еріксіз елжіреп, тұла бойыңның шымырлайтыны да туған топырағыңды аңсағаннан ғана емес, оның көкейіңе салған адамдық ұстанымын да сағынғандықтан болар. Ананың әлдиі, аялы алақаны қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі ұясы.

Ауыл - қазақтың алтын бесігі. Марқакөл ауданның тарихының жеке әкімшілік территория ретінде өз тарихы бар. Осыған кішкене тоқталып өтсем. 1928 жылы, қаңтар айында әкімшілік территориялық реформаға байланысты алғаш құрылған. 1939 жылы, 16 қазанда Қазақ ССР-нің жоғарғы кеңесінің шешімі бойынша жаңадан аудандарды құру туралы жарлығы шықты. Орталығы Алексеевка ауылы болды. Территориясының көлемі 12,2 мың шаршы шақырым. Сондықтан достар, мен үшін туған елім, жерім, ауылым туралы жырлауға еш ерінбеймін. «Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас» - деп аталарымыз айтқан ғой. Өз ауылымның көркеюіне өз үлесімді қосамын. «Ауылымның гүлденгені - Қазақ елінің гүлденгені» - деп ойлаймын. «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл», - деп дана халқымыз бекер айтпаған. Себебі, адам баласы туған жерсіз, Отансыз ғұмыр кешпейді. Әр адамның тұрақты үйі, мекені болу қажет. Сонда ғана адам бақытты өмір сүреді. Киіп - кішкентай бұлбұлдың өзі туған жерін іздейді, қайғырады. Отан туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә.

«Әркімнің өз жері - жұмақ», - дегені рас. Осы жөнінде «Шетте сұлтан болғанша, елде ұлтан бол» - деген мақалды дана халқымыз жайдан жай айтпаған болар. Сондықтан да өз туған жерімізді, Отанымыз қастерлеп және бағалауымыз керек!


 © 2024 - Вестник КАСУ