Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

К списку победителей

ТУҒАН ЖЕР

Елжас Калымбеков

Елі жайсаң, жері бай,

Туған жер алтын бесігім.

Қойнауы кең өр Алтай,

Айқара ашар есігін.

Сарытау, қызыл Майтерек,

Сәбит шыңы, Шоңтерек.

Қарасеңгір, Сарыөзек,

Арманды жанға не керек?

Жері байдың, елі бай,

Қауыны мен егін жай.

Баурайында қалың мал,

Қиянында бұғы, марал.

Бірігіп малы жайылар,

Жайлауы болған Қаражал.

Етегінде қайың, тал,

Өзегі талған, тойынар.

Ауылда өскен баланы,

Өзіне тартар бүлдірген.

Өзеннен балық ауласаң,

Шаттандырып күлдірген.

Қаратоғай ауылым,

Басылмас кейде дауылың.

Жемісі балдай, қауының,

Тамсандырған ауылым.


 © 2024 - Вестник КАСУ