Главная  | О журнале  | Авторы  | Новости  | Конкурсы  | Научные мероприятия  | Вопросы / Ответы

К списку победителей

ЖЫРЛЫ ӨЛКЕ!

Рахат Тамаша

Жарма деген –сырлы өлке,

Ақындар үшін –жырлы өлке!

Қонағы үшін - сыйлы өлке,

Батырлар үшін - дулы өлке!

Баурайында Шығыстың -

Орын тепкен бұл өлке

Тамыры терең тарихын

Жыр ғып жазам сыр шерте!

Киелі Жарма ауылы -

Шетінде Қалба тауының -

«Бірлік» деген болады,

Менің туған ауылым!

Тарихына көз жіберсем,

Туып өскен жерімнің

Ұмытылмастай киесі бар,

Қасиетті Жарма елімнің.

Дарындылар түлеп ұшқан,

Менің Жарма өлкемнен

Қуат алып қыран құстан,

Жарма жері көркейген.

«Жеті үй» деп алғашында

«Бірлік» ауылым аталған.

Бұрдым өлең арнасына,

Том тарихтан жасалған.

Айналайын, «Ақбұзауым» -

Нұшайықов мекені.

Қуаныш қой, топырағыңа -

Әз-ағам аунап өскені.

Әз - ағамның туған жері,

Киелі «Келін сүйегі»

Қадірлейтін Әз-ағамыз

Ақбұзаудың түлегі.

Тұрлыханов бастау болып,

Спорт-мектеп ашылды.

Ұрпақтары білім алып,

Шуақ болып шашылды.

Әр қырынан танылатын

Жарма – өлкем, мекенім!

Тасың, құмың – маған қымбат

Сені мақтан етемін!

Әр ауылдың тарихы, сыры бар,

Алысқа кетсем сағынатын

Жүрекке үміт жалғағын -

Жырлы өлкем - кең далам!


 © 2024 - Вестник КАСУ